Тышқан сағаты (0-2), сиыр (2-4), барыс (4-6) , қоян (6-8), ұлу (8-10), жылан (10-12), жылқы (12-14), қой (14-16), мешін (16-18 ), тауық (18-20), ит (20-22), доңыз (22-24). Мысалы, таңертеңгі сағат 9:00- ді «Ұлу сағаты» дейді. «Жылқы» десе – сағ 12:00, т.с.с. Бұл есепті жүргізу үшін уықтар қолданылады. Уықтың ұзындығы 12-16 қарыс мөлшерінде жасалады. Ал , саны бір үйде 45-120 болады, үйдің қанат санына қарай 45,60,72,90,120 уық болады. Уақыт өлшемін білдіретін «сүт пісірім», «бие сауым» , «ет пісірім» деген сөздер мен «күн тұсау бойы» , «шідер бойы», «арқан бойы» көтерілді деп айтамыз.
Сөз тіркестері уықтың бойына түскен күн сәулесінінің жолынан көрінеді. Мысалы, уақыт (1-5мин.) дейінгі дәлдікпен өлшеуге болады. Егер, үйдегі уықтың саны 72 болса, әрбір екі уықтың арасы 5 градусқа тең. Сонда Күн сәулесі екі уықтың арасын 20 минутта жүріп өтеді. Ал үш уықтың арасын жүріп өтсе 40 минут, яғни, «бие сауым» дегеніміз осы.
Аспан әлемінің кішірейтілген бейнесі немесе обсерватория деп отырғанымыз осы. Шаңырақтан түскен Күн сәулесі ең төменгі нүктеге келуі , яғни, Күннің ең шырқау биікке ( зинит) шығуы, шілде айының 22-күніне келеді. Суреттердегі бұрыштардағы ай бейнелері 6 және 2 сандары. Әдеттегі бақан шаңыраққа көлбей тіреледі. Көлбеу бұрышы – 62 градус, яғни, аспан экваторының галактика экваторына көлбеу бұрышы. Түңдіктің төрт бұрышы әлемнің төрт бағытын нұсқап тұр. Жабылған түңдіктің пішіні айналу пораболоиды, яғни көк күмбезінің кішірейтілген бейнесі. Сөйтіп, киіз үйдің кез келген бөлігі аспан әлімінің бейнесі болып шығады.
«Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды» деген мәтел де осы суретте айқын көрсетілген. Қой жылы мен тоқты жұлдызы суреттері екі шеңбердің бойында. Екі арасы, бір жағында-5, екінші жағында-7 бөлік. Ошақты центр деп алса екі бөліктің бұрыштары 5х30=150 градус, 7х30=210 градус.Бұл өз алдына үлкен бір әңгіме болатын астрономиялық және атомдық құрылыс көрінетін математикалық есеп.Әбжад есебі бойынша 150 – ҚН-қаф, Канон. 210 – РИ. Рәйун. ҚН деген канон(заң). Рәйун— шырын, нәрлі. Кереге жоғары жағына қарай тартыла береді де, уық арқылы күмбезге айналып кетеді. Уықтарды конустың жасаушылары деп есептесек, төбесіндегі бұрыш 108 градусқа тең. Киіз үйдің негізгі өлшемдері ерекше пропорциялы болып келеді.
Үйдің биіктігінің диаметріне қатынасы жуық мөлшерде 0,62 – ге тең. Бұл сан 26 киіз үйдегі негізгі коэффицент болып шығады. Киіз үй пішінінің айналу беттерін, яғни, дөңгелек болуы бұрыштардың болмауы киіз үйдің көркемдігін арттыра түседі. Ендеше, бұрышы жоқ киіз үйдің ішіндегі ауа тұрақты түрде алмасып (вентиляция) отырады. Киіз үйді ойлап шығарудың өзі ақиқат ғылымға негізделген. Міне, даналық!
Достарыңызбен бөлісу: |