Киіз үй қазақ халқының бір шегесіз жиналып, бір шегесіз құрылатын, қыста жылы, жазда салқын, көшіп-қонуға ыңғайлы тұрмыстық үй


Сланбекова А.Е., Каменова Ш.К., Аманкелди Д.Б



бет13/19
Дата17.05.2020
өлшемі0,82 Mb.
#69118
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
Киіз үй

Сланбекова А.Е., Каменова Ш.К., Аманкелди Д.Б.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан

КИІЗ ҮЙДІҢ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ СЫЗБАСЫ

ЖӘНЕ МОДЕЛЬДЕРІ

 

Компьютерлік модельдеу – қазіргі заманғы ғылыми танымның басқарушы принципі. Қазіргі таңда кез-келген адамның қызмет ету облысында қай дәрежеде болмасын модельдеу тәсілдері қолданбайды деп айтуға болмайды. Әсіресе, ол әртүрлі өндірістермен және жүйелермен басқару негізіне, яғни онда келіп түсетін ақпараттардың негізінде қабылданатын шешімдер жатады. Сондықтан, ғылыми-практикалық зерттеулерде компьютерлік модельдеу танымның негізгі құралдарының бірі болып табылады. Ол инженер мамандардың білуге тиісті жобалау, талдау, сараптау іс-әрекетінде маңызды міндет атқаратын таным құралдарының ең қуаттыларның қатарына жатады. Компьютерлік модельдеудің мән-мағынасы, маманның нақты объектіні практикада толық зерттеу мүмкін емес жағдайда, оны есептеу алгоритмдерінің көмегімен компьютер арқылы іске асыратын, сол нақты объектіні математикалық модельмен алмастыру болып табылады.



Қазіргі кезде ғылым мен техникалық даму деңгейі әрбір адамға сапалы терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Арғы - бергі тарихымыз бен мәдениетімізді зерделей қарасақ киіз үйдің атқарған рөлі өте зор екеніне көз жеткіземіз. Біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады. Басқа елдердегідей емес, бұл ағаш, киіз, ши, әрі көшпелі (жылжымалы) құрылыс түріне жатады.

Киіз үйдің өзін, оның негізгі сүйегінің әрқайсысын алып қарасақ, барлығынан геометриялық бейнелерді көруге болады. Оның негізгі бөліктері, тіпті ішіндегі жиһаздары геометриямен тығыз байланысты. Алдымен киіз үйдің құрылымы мен түрлеріне қысқаша тоқталайық.

Киіз үйдің даму сатысы бойынша айтсақ. Киіз үйдің алғашқы үлгілері - қостар конус тәрізді, одан кейін қиық конус тәрізді, кейінгі үлгісі төменгі бөлігі цилиндр, ал жоғарғы бөлігі қиық конус тәрізді болған [1].

Шаңырақтар әр түрлі (1 - сурет) болғанымен, олардың шеңберлерін (1) айқасқан үш параллель доғалар керіп тұр. Бұл параллель доғалар шаңырақтың күлдіреуіштері (3) деп аталады. Параллель күлдіреуіштердің қиылысуынан пайда болған төртбұрыштар ромбыны құрайды. Күлдіреуіштер кепілдіктермен (2) бекітілген. Бұл кепілдіктер бір түзудің бойында жататын нүктелер тәрізді.



 

1 – сурет Шаңырақ көрінісі



 

Киіз үйдің көп тараған, мейлінше жетілдірілген үлгісі - ақ боз үй. Ол биіктігі 135 - 140 см - дей 15 басты алты керегеден, күмбезін құрайтын ұзындығы 240-250 см - дей, 80 - 90 уықтан, диаметрі 180 - 190 см - дей шаңырақтан, босаға, маңдайша, табалдырыққа бекітілетін қос қанатты ағаш есіктен (сықырлауық) құрастырылады.

Шаңырақ деп жоғарғы жағынан бірнеше күлдіреуішпен бекіткен дөңгелек ағашты айтады. Үйдің төбесіне жаңбыр іркілмес үшін 45 градус шамасында иілген ағаштан күлдіреуішпен орнатады.

Уық – кереге мен шаңырақты байланыстыратын шатыры. Кереге – уықтың төменгі басын бекітіп, үйдің барлық салмағын көтеретін іргесі, қабырғасы. Керегенің жайылған кездегі формасы - тік төртбұрыш, ал айқасқан ағаштары параллель және қиылысушы түзулер құрайды. Ал қиылысудан пайда болған тор көздер ромбыны береді. Яғни керегенің тор көздері - қабырғалары тең, қарама - қарсы қабырғалары параллель төртбұрыш.

Киіз үйдің сықырлауығынан бастап шаңырағына дейінгі әрбір бөлшегі, тіпті оның ішіндегі жиһаздары да геометриялық фигураларға, геометриялық денелерге ұқсайды. Киіз үйдің жабу әбзелдері де геометриялық фигураларды береді.

Киіз үй сан мен сапаны қамтыған тағылымы биік, танымы терең, табиғи көркем туынды. Енді осы геометрияны компьютерлік модельдеу технологиямен байланысы жайлы айтасақ. Қазіргі уақытта компьютер – модельдердің іске асырудың барлық белгілі тәсілдерін қамтитын, әмбебап құрал. Ақпараттық технологиялардың екпінді дамуының, модельдеуге ұшыратылуы мүмкін процестердің күрделілігі деңгейін күрт жоғалтқанына күмән жоқ. Компьютерлік моделдеудің мәні құбылыстың, объектінің, жүйенің процестің сандық және сапалық сипаттамаларын практикалық қызметте пайдалану үшін жарамды түрде алудан тұрады.

Модель – нақтылы объекттің немесе объектті құрайтын бөлшектердің өзгеру заңдарын, олардың байланыстарын бейнелейтін құбылыстардың тұрпайланған аналогы болып саналады. Модельді құру және оны талдау – модельдеу деп аталады. Модельдеу барысында экономикадағы, өндірістегі, қаржы салаларындағы, қызмет көрсету жүйелеріндегі көптеген проблемалардың шешімдері табылады. Модельдеу арқылы жасалған жоспарларды, жобаларды, ұсыныстарды тексеруге, өзгертуге болады.

Модельдеу (моделирование; simulation) - кез-келген құбылыстардың, процестердің немесе объект жүйелерінің қасиеттері мен сипаттамаларын зерттеу үшін олардың үлгісін құру (жасау) және талдау; бар немесе жаңадан құрастырылған объектілердің сипатын анықтау немесе айқындау үшін олардың аналоктарында (модельде) объектілердің әр-түрлі табиғатын зерттеу әдісі. Объектіні құру үшін Line сплайны пайдаланылады. Line құрылғаннан кейін оны ерекшелеп, Modify қойылмасында Line жанындағы + белгісін шертеміз және әрбір объект жасағанда осы әрекетті орындаймыз.



Объектінің көрінісін 3D max ортасында әртүрлі терезелерде көруге болады. Яғни жасалған объектіні үстінен, алдынан, сол жағынан және perspective терезелерінен көре аламз. Бұл бізге объектінің моделі түзу, өлшемдері нақты шығу үшін қажет.

2 – сурет. 3D max ортасындағы көрінісі

Рендерингтің негізгі мақсаты өмірдегі бейнеге максималды ұқсас моделін құру. Яғни top, front, left терезелерінде жасалған бейнені көрнекі етіп корсету үшін рендерингті пайдаланамыз. Сонымен қатар рендеринг терезесінде жасалған объектіге фон қоюға және оны jpeg, bmp форматтарында сурет ретінде сақтауға болады [2].

Render батырмасын басқанда Rendering орындалады да, процессті көрсететін терезе пайда болады. Rendering әрекеті орындалған соң perspective терезесінің көрінісі (3 – суретте) көрсетілген. Рендеринг батырмасын басқанда барлық орындалған жұмыстың процесі көрсетіледі. Рендеринг – бұл этапты екі түрге бөлуге болады: 1. Сурет рендерлеу. 2. Видео рендерлеу. Сурет рендерлеу бұл модельдерді текстуралап болған соң оны белгілі бір ракурстан (бір камерадан) суретке түсіру. Ал видео рендерлеуде модельдерді бірнеше, немесе одан да көп камерелар көмегімен түрлі ракурстан қимылдап жатқан кезінде бейне түсірілім жасау. Бұл соңғы этап компютерге аса үлкен ауырлықтар түсіреді, сондықтан ең ұзақ этап болып естептеледі. Біздің жағдайымызда суретті рендерлеу.



3 – сурет. Rendering әрекеті

Киіз үйдің моделін ұсынудағы мақсатымыз жас ұрпаққа баба мирасының көне көзін жаңа түрде ұсыну. Ақпараттық технологияның дамыған заманында киіз үйдің моделін дәл осындай көріністе ұсыну жас ұрпаққа ақпарат жеткізудің ұтымды түрі деп санаймыз.

 

Ғұламалар айтып кеткендей,осы киіз үйден қазақ халқының аспан әлеміне, есептеу жүйе-сіне, физикалық заңдылықтарына, табиғат заңдылықтарын біліп, олармен тұрмыс-тірші-лікте санасу жолдарын білу,экономикалық біліктілігіне,мәдениет пен өнердегі талғамы-жалпы өмір тәжірибесіндегі іске бейім ділігі аңғарылады.Арғы-бергі тарихымыз бен мә-дениетімізді зерделей қарасақ киіз үйдің атқарған рөлі өте зор екеніне көз жеткіземіз. Біз-дің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады. Басқа елдердегідей емес, бұл ағаш, киіз, ши, әрі көшпелі (жылжымалы) құрылыс түріне жатады.Сонғы 7 – 8 ғасыр бойына киіз үйге өзгеріс енгізілмей, қазақтар үшін ең қолайлы баспана болып қалды. Киіз үй әлемге белгілі,яғни әлемдегі ең тез құрастырылып, тез жығылатын үй. Және де киіз үйіміз басқа халықтардың үйлерімен салыстырғанда бір де бір шеге пайдаланбай – ақ құрастырылатын үй деп танылады. Ол ауа райының қандай жағдайында да пайдала-нуға өте ынғайлы, ішіне жарық жақсы түседі,ауа алмасу талапқа сай, жел – дауылға шай-қалмайды,берік,төбесі жадағай емес,күмбез болып келеді.

Киіз үй өлшемдері.
Киіз үй негізгі 3 бөліктен тұрады:
1. Үйдің сүйектері (ағаштан тұратын бөліктері)
2. Киіздері (ши де осыған кіреді)
3. Бау шылаулары (баулары мен басқұр арқандары)Киіз үй бөліктерін дайындағанда эко-логиялық таза, табиғи материалды қолданған, яғни ешқандай денсаулыққа зиян келтіре-тін синтетикалық қоспалары жоқ.

Киіз үйді тіккенде алдымен керегелерді бір – біріне қосып, оның екі жағын есік босаға-сына таңғыштар арқылы бекітіледі. Кереге басын бас арқанмен орай тартып, маңдайша-ның екі жақ басына мықтап байлайды. Үйдің берік тұруының себебі оның салмағы осы бас арқанға түсетінімен түсіндіреледі. Содан соң бақан арқылы шаңырақ көтеріліп,оның жан- жағынан уық шаншылады.Уық тегіс шаншылып біткеннен кейін, ірге киіз жабыла-ды. Оның биіктігі жарты метрдей, онымен үй айнала орала жабып , түсіп кетпес үшін әр жерінен керегеге байланады. Ірге киіз желді күні шаң, топырақтан, қыста суықтан қор-ғайды.Осыдан кейін туырлық жабылады да,ол туырлық бау (құр) арқылы уықтан асып, қарсы керегеге байланады. Үй көлеміне қарай туырлық 3,4 бөлік болуы мүмкін.Туырлық екі босаға жақтан бастап жабылып, ол да бау арқылы белдеуге байланады.Ең соңында түндік жабылады.Киіз үйдің бөліктерін өлшеу жұмыстарын жүргізгенімді айта кетейін. Қазақтың киіз үйінің өзі тұнып өлшем ғой !!

А) биіктігі 135 – 140 см;
В) бас кереге – 1,5 м. 4 кереге (4 қанатты үй де) – 12 ш/м;
С) уық ұзындығы 3 – 5 метрге дейін, 6 – 8 қанатты үйде 100 – 120 шейін уық болған;
Д) Қазақ даласының шиі 2 – 2,5 м болған (үй қанқасын қоршаған);
Е) Бас құр, ояқұр 4 қанатты үйде 9, 9, 5,10 метрге дейін ұзындығы болған;
Ж) Желбеу – шаңырақтан ілініп, жер қазыққа жел, боран болғанда ілінеді. Кіші үйдің желбауының ұзындығы – 5 м;
З) жел – арқан 10 – 15 метрдей;
И) диаметрі – 5 м – ден 20 м – ге дейін.

Киіз үйдің бетінің ауданы мен көлемі. Киіз үйдің қазақ өмірі мен әлеуметтік жағдайына үйлесімдігі сондай, оны үлкейтіп,кішірейтіп, тіпті бірі – біріне қо-сып, 2 – 3 бөлмелі етіп тігуге де болады.Физика тұрғыдан қарастырсақ, үйдің көлемін табанының ауданын, қала-уымызша өзгерте беруімізге болады.

Үйдің табаны шеңбер болып келетіндіктен ауданының формуласы бойынша есептеп табуға болады S=π r2, мұндағы r шеңбердің радиусы.

Киіз үй екі геометриялық фигурадан құралады – цилиндр және қиық конустан. Киіз үй материалдарының физикалық қасиеттері.Киіз үй қанқасын түгел ағаштан – берік ағаштан (қайыңнан, талдан) жасалады. Киіз үйдің ағаштарын (уық, кереге, шаңырақ,күлдіреуіш) деформациялайды.

Деформация – дене пішінің немесе көлемінің өзгеруі. Қайын мен тал басқа ағаштармен салыстырғанда деформациялауға, яғни июге, бұруға, қысуға,созуға ыңғайлы, бір жағы-нан берік, қатты жақсы ма-териал болып табылады.

Үйшілер кептірілген ағаштарды алып қидың малмасына (диффузия процессі жүреді) не-месе ыстық шоқ араластырылған күлге (жұмсарту,балқыту) салып балқытады, яғни ағаш-тарды пластикалық деформацияға ұшыратады.Пластикалық деформация – сыртқы күш-тердің әсері тоқтағаннан кейін жойылмайтын деформация,яғни ағаш берген қалыпты сақтап қалады.Үйшілер ағаштарды тезге салып түзетіп алады, кейін морға салып кереге, уыққа, күлдіреушке лайықтап ырғаққа салынып, белгілі бір үлгі, жобаға келтіреді.Ағаш-тардың қызыл түсті жосамен бояйды және өсімдік майымен майлайды. Ағаш – кеуек де-не, суды,ылғалды жақсы сіңіреді.Ылғалданған ағаш беріктік қасиетін жоғалтады. Судың жұғу қасиеті ағашқа зиян. Май қабаты ағашты судың ылғалдықтың сіңіуінен сақтайды. Қазақ бабаларымыз судың майлы беттерге жұқпайтынын білген.Судың майлы бетке жұқ-пау себебін ғылыми түрде былай дәлелдейміз:сұйықтың молекулалары бір – біріне май-дын молекулаларынан гөрі, күштірек тартылады.

Киіз үйдің негізгі құрылыс материалы – киіз болып табылады.Синтетикалық материал айналасына оң зарядталған өріс тудырады.Ол өріс адамның ағзасына қолайсыз әсер ете-ді.Ал киіз – табиғи материал. Қой жүнін сабалап, біріктіріп жасайды.Жүннің бір талшы-ғын микроскоп арқылы қарастырғанда,қылдың қуыс каналы бар екенін анықтауға бола-ды. Жүнге ыстық су құйып және механикалық әрекет нәтижесінде ширатады, көлемі V кішірейеді, тығыздығы артады .Киіз басудың ең жоғарғы тығыздығы р =0,55 г/ см3.

Енді киіздің жылу өткізгіштігіне тоқталайық.

Жүннің жылу өткізгіштігі нашар, өйткені қалай сабаласа да ,жүн талшықтарының ара-сында бірталай ауа болады. Ауаның жылу өткізігіштігі нашар болады,өйткені ауа моле-кулалары бір – бірінен алыс орналасады да, энергияның бір молекуладан екіншісіне бе-рілуі қиынға соғады. Сондықтан киіз үй-дің аптап шілдеде сая, ызғырықта жылы баспана болады.

Киіздердің , баулардың жиектерінің беріктік шегін арттыруға шүберекпен,түйенің шүйда жібімен арнайы әдіптейді. Жылқының қылы, түйенің шүйдесі ең беріктік шегі максимал материалдар. Металл материалдардан жасалған арқандар ат қылынан жасалған арқандар-дан беріктік шегінен кем болып жатады. Баулар қысыммен киіздерді ұстап тұратын бол-ған.

Үй киіздерін әзірлеп болғаннан, оны ақ бормен немесе күйген сүйекпен борлайды. Бұл әдемі ақ түс береді, әрі киіздердің берік болуына, су, жылу, суық өтпеуіне едәуір әсер етеді.Киіз үй ақ түсті болуы жарық шағылдыру қабілеті өте жоғары болатынын бабала-рымыз білген .Ақ түс қара түстен 13 есе, сары, көгілдір түстерден – 2,5 есе артық. Қазақ көшпелі халық болғандықтан уақытының көбін ашық аспан астында өткізеді. Ал, күн сәулесінің ультракүлгін бөлігі атмосфераның жоғарғы қабаттарында нашар жұтылатын-дығынан адам ағзасына елеулі әсер етеді .Мөлшері нормадан асса әсері денсаулыққа қа-уіпті.Ал ақ киіз атмосферадағы түрлі сәулелердің, магнит,электр өрістердің,жылу алма-суының т.с.с зиянды әсерінен қорғайды.

Киіз үйдің бір бөлшегі – кәдімгі ши. Оны жүнмен орап безендіріп тоқиды. Оны шым ши дейді, орау-сыз шиді – ақ ши деп атайды.Ши кереге мен туырлықтын екі ортасына келеді. Шым ши жылылыққа әсері мол. Ши тұрғанда сырттан құрт – құмырсқа, жылан кіре ал-майды. Ши кәдімгі фильтр ролін ойнайды десе де болады.

Кереге үйдің барлық салмағын көтеретін іргесі, қабырғасы. Қабырғаға түсетін күш кере-гелер арқылы тең үлестіріледі.Қазақ атамыз көшпелі халық болғандықтан,үй салмағы кө-шіп – қонуға жеңіл болған. Үйді жығып үй сүйектерімен, киіздерін жылқы, түйлерге ар-тып, жер ауыстырып отырған. Малмен күн көрген қазақ жазда жайлауға ,қыста қыстауға , малға шөбі шүрайлы жерлерге орналасып, қоңыс теуіп отырған.

Қандай ыстық болса да киіз үйдің ауасы таза, салқын болуы конвекцияға байланысты. Конвекция – (латын сөзі конвекцио – тасымалдау деген сөзінен) жылудың газдың ағыны арқылы тасымалдануы. Бауымен керіліп туырлық көтерілсе сырттан үйге кірген ауа қай-тадан жоғары өрлейді, өйткені жылы ауа ұлғайяды.Ұлғайған ауаның тығыздығы суық ауаның тығыздығынан кем болады, сондықтан жылы ауа қабаты өрлей жоғары көтері-леді. Жылы ауаға суық ауа тарапынан жоғары қарай әсер ететін архимедтік күш жылы ауаға төмен қарай әсер ететін ауырлық күшінен артық болады.Сонымен конвекцияда жы-лы ауа ағыны жоғары көтеріліп, салқын ауа оның орнын басады. Ошақтың дәл үйдің центріне орналасатының түтін тарту күші сол центрде көп болатындығымен түсіндіріле-ді.

Киіз үйдің салқын,жарық болуы оның түндігіне байланысты. Түндік қазіргі үйдегі терезе-нің ашпалы көзінің (форточка) және мұржаның ролін атқарады. Түндіктен кірген салқын ауа төмен түсіп, жылы ауа мен суықта от жаққандағы түтін түндік арқылы сыртқа шыға-ды.

Қазіргі уақытта кез – келген құрылыс, үй – жайын салғанда оның орнықтылығын есептеу ең басты мәселе. Ал киіз үйдің орнықтылығы барынша жетілдірілген, барлық тепе – тең-дік шартына жауап береді. Механикада дене орнықты болу үшін ауырлық центрінен жүр-гізілген тік сызық тіреу бетін қиып өтуі тиіс және ауырлық центрі неғұрлым төмен бол-ған сайын дененің орнықтылығы арта түседі. Киіз орнықтылығы біріншіден киіз үйдің тіреу беті өте үлкен, екіншіден ауырлық центрінен жүргізілетін тік сызықты ұзындығы тіреу бетінің радиусынан әлдеқайда кіші болғандықтан киіз үй төбесі уықтармен сыр-ғауылдар жоғары сақина шаңыраққа бекітілгенде, күмбезденіп жасалады. Үй жел-да-уылдарға төзімді, шайқалмайтын екенін білеміз, басқа елдің баспанасымен салыстыр-ғанда киіз төбесі жадағай емес, аққыш пішінді етіп жасалған, яғни ата – бабаларымыз күмбездің аэродинамикалық қасиеті жоғары екенін білген.

Дауылды күндері үй шайқалмас үшін оған салмағы бар зат байланады. Жел-бауға диір-мен тастары, бөшке байлаған. Шаңыраққа салмақты зат ілулі тұрғасын бүкіл үй сүйек-теріне қосымша салмақпен әсер етеді.Дауылда үйдің орнықтылығы, мықтылығы артады.

Киіз үйдің төбесіне жаңбыр іркілмес үшін 450 шамасында иілген ағаштан күлдіреуіш ор-натады. Жаңбыр – шашын тамшылары төбесінде кідірмей ,оп – оңай жүн талшықтармен сырғып түседі. Ешқандай өлшеу құралсыз сүйекшілер 450- тай ағашты игені де даналық.

Айта кететін жәйт, қазақтар киіз түндіктің көмегімен үйге түсетін жарықтың бағытын қа-лауынша реттеп отыратын болған. Түндік толық ашылса үйге біркелкі,мол жарық түсетін болған.Ыстық күндері күннің ащы сәулелерінен түндікті күн түскен бетін жартылай жа-уып, сәулелерден қорғанған. Түн-діктің 4 ұшы бар. Күннің көкжиекте аууына байланыс-ты кезекпен әр ұшы шешіліп, күннің бағыты бойынша байланған.Керісініше,салқындау күндері жарық жақсы беру үшін үйге сәулелері кіретіндей түндікті ашып отырған.

Сыздан қорғану үшін еденді жеңіл ағаш қалқандардан құрастырады,оның үстіне киіз кі-лемдер– теке-меттер мен сырмақтар төселеді. Жер қыртысында қисапсыз көп каппиляр-лар болуының нәтижесінде су жоғары көтеріліп, интенсивті түрде буланады. Сондықтан үйлердің табанын дымқылдануынан изоляциялаған. Қазіргі кезде целлофан, линолиум сияқты заттар төсеп барып ,текеметтер жаяды. Үй іргесін шөппен бітеп, айналасын қа-мыспен шалылап қоралайды. Көбінесе қопалы, қамысты жерді паналайтындықтан жел де көп болмайды.Әрқашан қоныс аударғанда таза жерге тігілген үйдің саф ауасы аспан, жер, сумен астасып, қасиетті қара шаңырақтың киесі адамның көкірегіне нұрлы сәулесін құй-ған.

Киіз үй –көшпелі обсерватория болған.Байыптап қарасақ киіз үй қанқасы мен құрылысы-нан көшіп-қонуға ыңғайлы обсерваторияның қарапайым сұлбасын байқайсың.Бұл туралы Еуропа және орыс ғалымдары тамсана отырып айтса даланың тыныс-тіршілігінен бейха-бар олар тұжырымды ештеңе дей алмайды. Сондықтан киіз үйдің қарапайым құпиясын өзіміз шешуге әрекет жасап көрелік.

Суреттің жоғары бөлігінде қазіргі астрономия саласында қолданылатын аспанның жыл-жымалы картасы бейнеленген.Ал суреттің төменгі бөлігінде жуық түрде шеңберлік өл-шемі сәйкес келетін –киіз үй салынған. Енді сырт қарағанда бір-біріне ұқсастығы жоқ екі бөлікті сәйкестіндіріп көрейік.




  1. Киіз үйдің ортасында отырған адам «шаңырақ» арқылы наурыз және көкек айларында аспанның солтүстік жартышырында біздің жерімізге көрінетін ең басты жұлдыздар мен шоқжұлдыздарды көре алады.




А) Солтүстік нүктеде –Темірқазық,Жетіқарақшы,және Айдаһар.


Ә) Шығыс нүктеде- Егіздер,Орион,Персей,Возничий,Торпақ және Үркер.


Б) Батыс нүктеде –Бүркіт,Лира,Аққу,Геркулес,Волопас
В) Сотүстік нүктенің төменгі жағы-Кассиопея,Пегас,Тоқты,Балықтар,Суқұйғыш, Ешкі-мүіз,Кит шоқ-жұлдыздары.

Жыл маусымдарымен бірге айлар да орын ауыстырған сайын бізге көрінетін шоқжұлдыз-дардың орны да өзгеріп отырады. Мұның себебін жұлдыздардың тұрақты орнын сақта-майтындығынан емес ,керісінше,Күн мен Күнді айналған Жер мен Айдың осы шоқжұл-дыздар арасында қозғалып жүретіндігінен деп түсінуіміз керек.

2 . Астынғы ұшы керегенің торкөзіне байланып,үстінгі ұшы шаңыраққа шаншылатын уықтар киіз үйдің ішінде отырып көрінетін аспан жарты шарын градустарға бөлініп қа-растыруға қолайлы. Аспан жарты шары 360 градус деп белгілеп ,оны шаншылған уық са-нына бөлсе,екі уықтың арасындағы градус мөлшерін білуге болады.Осы мөлшер арқылы түнде- түнгі уақытты,күндіз-күндізгі уақытты, сондай –ақ Айдың өзгермелі фазаларын ажыратуға мүмкіндік туады.

3. Киіз үй әдетте алты қанат немесе он екі қанат болады.Қазақстан жерінде жыл маусым-дары 6 ай қыс және 6 ай жаз болып болып екіге бөлініп есептелген. Алты ай жазда халқы-мыз-жайлауда,алты ай қыста –қыстауда болады.

Киіз үйдің үш қанаты 6 ай жазды(наурыз,көкек,маусым,мамыр,шілде,тамыз) немесе 2 маусымды (көктем және жаз) қамтыса ,қалған үш қанаты 6 ай қысты(қыркүйек,қазан, қа-раша ,желтоқсан қаңтар,ақпан) немесе 2 маусымды (күз және қыс) қамтиды.

4. Киіз үйдің есігі 7 қанат болып есептелмегенімен,шеңбердің ауқымын сәл кеңейтуге септігі тиді. Киіз үйде есік қандай қызмет атқарады.?


А) 30күн *3 ай =90 күн* 2 маусым =180 күн* 2 =365 күн


Ә) 360 күн + 5 «қонақ»= 365 күн

Яғни,киіз үйдің есігі жыл санатынан тыс қосылатын «Бес қонақ» күндерінің мөлшерін білдіреді.



ИКАСЫ

 

Табиғаттағы тіршілік атаулының өсіп-өнуі, даму көзі – оның тамыры, адам баласының даму көзі-тілі, діні, салт-дәстүрі.Біз осы уақытқа шейін ғылым мен білімге тек еуропалықтардың көзімен қарап келгенімізге мән бере бермейміз. Әсіресе отаршылдық саясаттың арқасында : дінімізбен күресіп-дінсіз, тектілерімізбен күресіп-тексіз, ұлтжандыларымызбен күресіп-ұлтсыз, білімділерімізбен күресіп-білексіз, салт –дәстүрімізбен күресіп-санатсыз қала жаздаған елміз. Сондықтан ендігі жерде ғылымның қай саласында болса да осы кемшіліктеріміздің орнын толтыруға ат салысқан жөн.

Қоғамымыздың ертеңгі болашағы- мына мен сияқты мектеп жасындағы жеткіншектер. Ғасырлар бойы қалыптасқан тілімізді, дінімізді, тәрбиемізді, ұлттық салт-дәстүрлер, үлгі-өнеге үйреніп, бойыма сіңіріп, күнделікті тіршілігіме пайдаланғым келеді.

Олай болса туған халқымыздың тарихи дамуы барысындағы, атам заманнан өмірмен бірге жасасып, біте қайнасып, өзінің айшықты бояуын солғындатпай, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан бай қазыналардың бірі- киіз үйдің физикасы жөнінде дүниетанымымен таныстырғым келеді. Киіз үй құрылысының физикасын тану арқылы халқымыздың данышпандығын таныту, даналықтың қыр-сырына үңілу, дәлелдеу осы жұмысымның шығармашылық мәселесі.

Физика пәні-табиғатты, табиғат құрылыстар мен заңдарын пайдалануды зерттеітін ғылым.Ғұламалар айтып кеткендей, осы киіз үйден қазақ халқының аспан әлеміне, есептеу жүйесіне, физикалық заңдылықтарына, табиғат заңдылықтарын біліп, олармен тұрмыс-тіршілікте санасу жолдарын білу, экономикалық біліктілігіне, мәдениет пен өнердегі талғамы-жалпы өмір тәжірибесіндегі іске бейімділігі аңғарылады.Арғы-бергі тарихымыз бен мәдениетімізді зерделей қарасақ киіз үйдің атқарған рөлі өте зор екеніне көз жеткіземіз. Біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады. Басқа елдердегідей емес, бұл ағаш, киіз, ши, әрі көшпелі (жылжымалы) құрылыс түріне жатады. Сонғы 7 – 8 ғасыр бойына киіз үйге өзгеріс енгізілмей, қазақтар үшін ең қолайлы баспана болып қалды. Киіз үй  әлемге белгілі, яғни әлемдегі ең тез құрастырылып, тез жығылатын үй. Және де киіз үйіміз басқа халықтардың үйлерімен салыстырғанда бір де бір шеге пайдаланбай – ақ құрастырылатын үй деп танылады. Ол ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға өте ынғайлы, ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасу талапқа сай, жел – дауылға шайқалмайды, берік, төбесі жадағай емес, күмбез болып келеді. Осының бәрінің себебін ғылыми жұмысымда қарастырайық және физика тұрғыдан түсіндірейік.

 Киіз үй өлшемдері.

Киіз үй негізгі 3 бөліктен тұрады:



  1. Үйдің сүйектері (ағаштан тұратын бөліктері)

  2. Киіздері (ши де осыған кіреді)

  3. Бау шылаулары (баулары мен басқұр арқандары)   Киіз үй бөліктерін дайындағанда  экологиялық таза, табиғи материалды қолданған, яғни ешқандай  денсаулыққа зиян келтіретін синтетикалық қоспалары жоқ.

Киіз үйді тіккенде алдымен керегелерді бір – біріне қосып, оның екі жағын есік босағасына таңғыштар арқылы бекітіледі. Кереге басын бас арқанмен орай тартып, маңдайшаның екі жақ басына мықтап байлайды. Үйдің берік тұруының себебі  оның салмағы осы бас арқанға түсетінімен түсіндіреледі. Содан соң бақан арқылы шаңырақ көтеріліп, оның жан – жағынан уық шаншылады. Уық тегіс шаншылып біткеннен кейін,  ірге киіз жабылады. Оның биіктігі жарты метрдей, онымен үй айнала орала жабып , түсіп кетпес үшін әр жерінен керегеге байланады. Ірге киіз желді күні шаң, топырақтан, қыста суықтан қорғайды. Осыдан кейін туырлық жабылады да, ол туырлық бау (құр) арқылы уықтан асып, қарсы керегеге байланады. Үй көлеміне қарай туырлық 3,4 бөлік болуы мүмкін. Туырлық екі босаға жақтан бастап жабылып, ол да бау арқылы белдеуге байланады. Ең соңында түндік жабылады.Киіз үйдің бөліктерін өлшеу жұмыстарын жүргізгенімді айта кетейін.Қазақтың киіз үйінің өзі тұнып өлшем ғой !!

А) биіктігі 135 – 140 см;

В) бас кереге – 1,5 м. 4 кереге (4 қанатты үй де) – 12 ш/м;

С) уық ұзындығы 3 – 5 метрге дейін, 6 – 8 қанатты үйде 100 – 120 шейін уық болған;

Д) Қазақ даласының шиі 2 – 2,5 м болған (үй қанқасын қоршаған);

Е) Бас құр, ояқұр 4 қанатты үйде 9, 9, 5,10 метрге дейін ұзындығы болған;

Ж) Желбеу – шаңырақтан ілініп, жер қазыққа жел, боран болғанда ілінеді. Кіші үйдің желбауының ұзындығы – 5 м;

З) жел – арқан 10 – 15 метрдей;

И) диаметрі – 5 м – ден 20 м – ге дейін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет