Сабақтың типі: сабақтан тыс іс-шара
Сабақтың түрі: Сайыс, интеллектуалдық ойын
Сабақтың әдіс –тәсілдері: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, ұжымдық
Жүру барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды шақыру, сәлемдесу.
II. Сайыс бөлімдерімен, шартымен таныстыру. 1-тур : Ойлы болсаң,озып көр
2-тур : Тапқыр болсаң, талас жоқ 3-тур : Геометрияға саяхат
4-тур : “Жаңылмаймын”
5-тур : Сандар сөйлейді
III. Қорытынды. Марапаттау Жүргізуші: Армысыздар, қымбатты төрешілер,
Сайысын әрбір топтың көрерсіздер.
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздерде әділ баға берерсіздер-
дей келіп сайыскерлердің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен танысып өтейік:
Жүргізуші:Ғылымдардың патшасы атанғансың,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа !
Жасықтан емессің сен, қаталдансың
«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін»
Нағыз пән математика атанғансың! – дей келе интелектуалдық ойынымызды ашық деп жариялаймыз!!!