Ойлы болсаң,озып көр Айгерімнің әкесінде 3 қыз бар: Гүлсая, Жансая және …..? Айгерім
“Арифметика” сөзінің мағынасы? (грекше – арифмос, сан деген мағына)
“Математика” сөзінің мағынасы? (матем, грекше ілім, ғылым).
100-ді екіден бірге бөлгенде нешеге тең? 200
Күн көзі жылына неше рет шығады? 365
Ең үлкен екі таңбалы сан ?-99
Астанадан Қарағандыға жету үшін 2 сағат 30 минут қажет. Ал Қарағандыдан Астанаға қайтуға 150 минут керек. Неге олай? 150 минут = 2 сағат 30 мин
Қай сөз әрдайым дұрыс болып естіледі? Дұрыс .
Автобус ауылға жүріп келе жатыр. Ол қарама-қарсы бағытта келе жатқан 3 автокөлікті көрді. Ауылға неше көлік бара жатыр? 1
Саябақтың ішінде 6 орындық тұр. Оның екеуін бояп қойды. Саябақта неше орындық қалды?6
Оқушы мектепке 15 минутта жетеді. Ал 3 оқушы бұл жолды қанша уақытта өтеді? 15
Термометр 15 градусты көрсетіп тұр. Дәл осындай екі термометр нешен градусты көрсетеді?15
Төрт бұрыштан 1 бұрышын алып (қиып) тастасақ неше бұрыш қалады 5
12 қабатты үйде лифт бар. Үйдің 1 қабатында 2 адам, 2 қабатта 4 адам тұрады. Жоғарылаған сайын адам саны осылай екі есе арта береді. Сұрақ қай қабаттағы лифттің шақырғыш түймешесі ең көп басылады?Бірінші қабаттың түймешесі көп басылады. Өйткені барлық тұрғындар үйіне көтерілу үшін бірінші қабаттағы түймені басады
А мен В құбырға отырды. А шетелге кетті, Б түшкіріп ауруханаға кетті. Құбырда не қалды? (В әрпі, мен ауруханаға бардым)
Ең кіші үш таңбалы сан 100
Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)
«Тапқыр болсаң, талас жоқ» бөлімі Нәрселерді санауға
Керек сан өзі негізгі
Басы бар да, шеті жоқ
Таң қалдырады ол бізді. (натурал сан)
Сан ол сызықпенен бөлінген
Үсті алым,асты бөлім деп аталып,
Әсем түрде керілген
Математиканы ұқпас адамға
Құбыжық боп көрінген
Дұрыс,бұрыс ,аралас деп
Түрлері оның берілген /Бөлшек сан/
Оң сандарға қол шатырдай
Калпақ болған беделі
Квадраттасаң егер оны
Белгісі оның кетеді (квадрат түбір)
Бүтін сан, бөлшек сандар
Құрамына кіреді
Бұл R белгіні көрсетсеңіз
Қай сан екенін біледі (рационал сандар)
Үлкен, кіші сандар арасына
Таңбаларды қойған кезде
Алынады қандай өрнек
Білейікші оны бізде/теңсіздік/
Бүтін, бөлшек бөліктерден
Үтір айырып тұрады,
Осы санның кім біледі
Аты қандай болады? (ондық бөлшек)
Шар емес, дөңгелек емес
Бірақ осылардың бөлігі
Радиус,диаметрін іздегенде
Онсыз болмайды келісі(шеңбер)
Екі бұрыш ежелден
Тату көрші болған екен
Бірін – бірі толықтырып
Бір түзуде жатады екен(сыбайлас)
Екі түзу қатар жүріп
Үшіншісін қияды
Сонда шыққан бұрыштарды
Кімдер айтып жияды.(айқыш, тұтас, сәйкес)
Қарама-қарсы қабырғалары
Параллель боп қосылған
Оқыңызшы аталуында
Параллель , грамм сөзі қосылған (параллелограмм)
Нүктеден, екі сәуледен
Фигура ол құралды.
Айтыңдаршы канекі
Қалай ғана аталды (бұрыш)
Шелекке ұқсайтын дене
Біліңдерші сіз қане?(Цилиндр)
Айқасқан екі таяқ ,
Тұрады жоқты сұрап. (Икс)