«Кім заттарды көбірек жинайды»қимылды ойыны
Ережесі:
Тегіс алаңға көлемі шағын бүршіктер, текшелер, кішкентай
шарлар секілді заттарды шашып тастайды.Ойнаушылар берілген
белгіден кейін бір түрдегі заттарды ғана жинай бастайды.
«Тоқта!» деген белгіден кейін заттарды жинау тоқтатылады.
Затты көбірек жинаған бала жеңімпаз атанады.
Мақсаты:
Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.
«Балықтар» қимылды ойыны
Ережесі:
Балалар екі қолдың алақанын беттестіріп, балықтың басын
кескіндейді. Ал, саусақтарын балықтың құйрығы ретінде
қолданып ойынды бастайды. Бөлменің ішінде иректеле
жүргізіп, бір бағытқа жиналуын, жыртқыштардан жан-жаққа
қашуын көрсетеді.
Мақсаты:
Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |