«Аюлар мен аралар » қимылды ойыны
Ережесі:
Ойыншылар тең емес екі топа бөлінеді. 3-4 бала аю болса, қалған
балалар аралар болады.Барлық аралар ұяларынан ұшып кеткенде
аюлар келіп бал жей бастайды. Сол кезде тәрбиеші белгісімен аралар
ұшып келеді. Олар аюларды талай бастайды. Аюлар қашуы тиіс.
Қашып үлгермеген аю ойыннан шығады.
Мақсаты:
Ептілікке, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа үйрету. Зейінін дамытып,
шапшаңдыққа баулу.
«Гүлдер» қимылды ойыны
Ережесі:
Балалар әуен ырғағымен жердегі гүлдерді жинайды. Әуен
тоқтағанда кім көп жинаса, сол жеңімпаз атанады.
Мақсаты:
Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |