«Торғайлар мен автомобильдер» қимылды ойыны
Ережесі:
Балалар екі топқа бөлінеді. 3-4 бала көлік болады, қалған
балалар торғайлар. Белгі бойынша балалар көшеге қарай
жүгіреді, ал, «автомобильдер» оларды қуады.
Мақсаты:
Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.
«Тоғанда балықтар жүзеді» қимылды ойыны
Ережесі:
Балалар әуенмен балықтардың қимылын салып жүреді.
Белгі берілгенде «балықтар» сол қимылда тоқтап қалады.
Байқаусызда қозғалып қойған «балық» ойыннан
(судан) шығады..
Мақсаты:
Елестету арқылы баланы өз бетінше бейнелей алуға үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |