Кинематика



бет1/5
Дата03.02.2022
өлшемі1,28 Mb.
#130622
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Тексерілген окончат есептер (3)


Механика

  1. Автомобиль жолдың бірінші жартысын υ1=10м/с, ал екінші жартысын υ2=15м/с жылдамдықпен жүріп өтті. Автомобильдің орташа жылдамдығы (Ж:12м/с)

  2. Автомобиль жолдың бірінші жартысында 72 км/сағ жылдамдықпен, ал екіншісінде 30 км/сағ жылдамдықпен қозғалды. Автомобильдің барлық жолдағы орташа жылдамдығы (Ж:42,4 км/сағ)

  3. Пойыз жолдағы t уақыттың жартысын 70 км/сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын 30 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Орташа жылдамдығы(Ж:50 км/сағ)

  4. Катер көл бойымен солтүстік-шығысқа қарай 2км, сонан соң солтүстік бағытта тағы 1км жол жүзді. Катердің көл бойымен орын ауыстыруы: (Ж:2,8км)

  5. Спортшы 400 м қашықтықты жүгіріп өтіп қайтадан мәреге оралғандағы жолы мен орын ауыстыруы (Ж: 800 м; 0)

  6. Жылдамдығының проекциялары υх=4м/с және υу=3м/с болатын дененің қозғалыс жылдамдығы (Ж:5м/с)

  7. Автомобиль жылдамдығының уақытқа тәуелділігі υх=0,8t теңдеуімен берілген. Автомобильдің 5сек кейінгі жылдамдығы (Ж: 4м/с)

  8. Жылдамдықтары υ1=10м/с және υ2=-20м/с болатын, автобус пен мотоциклшінің арақашықтығы 600м. Олардың кездесу уақыты (Ж:20с)

  9. Жүк автомобилінің қозғалыс теңдеуі х1= -270+12t, ал осы тас жолдың жиегімен келе жатқан адамның қозғалыс теңдеуі х2=-1,5t. Олардың қозғалу жылдамдықтары.(Ж:12м/с;-1,5м/с)

  10. Жүк автомобилінің қозғалыс теңдеуі x1=-270+12t, ал осы тас жолдың жиегімен келе жатқан адамның қозғалыс теңдеуі x2=-1,5t. Олардың кездесу уақыты және орны

(Ж: 20с; -30м)

  1. Екі велосипедшінің қозғалысы х1=5t және х2=150-10t теңдеулерімен берілген. Олардың кездесетін жері және және кездесу уақыты (Ж: 50м;10с)

  2. Екі мотоциклшінің қозғалыстары х1= 15+t2 және х2=8t теңдеулері арқылы берілген. Олардың кездесу уақыты (Ж: 3с;5с)

  3. Материалық нүктенің қозғалыс теңдеуі х=-0,2t2. Нүктенің жылдамдық теңдеуі және 5с-та жүрген жолы ... (Ж:υх=-0,4t; 5м)

  4. Автобус маршрутқа шығып, кешке қайтып келді.Осы уақытта есептегішінің көрсеткіші 500 км-ге артты. Автобустың жүрілген жолы мен орын ауыстыру модулі (Ж:500 км; 0)

  5. Спортшы стадион жолымен 1200 км ара қашықтықты жүгіріп өтіп, бастаған сөре орнына қайтып келді. Спортшының жүрілген жолы мен орын ауыстыру модулі

(Ж:1200 м; 0)

  1. Тік ұшақ 200 км түзу ұшып, 900 бұрышқа бұрылып,тағы да 150 км ұшты. Тік ұшақтың жолы мен орын ауыстыруы (Ж:350 км; 250 км)

  2. Жасанды серіктің айналу периоды 1тәул., радиусы R дөңгелек орбита бойымен Жерді айналып қозғалады. Серіктің 24 сағаттағы жолы мен орын ауыстыруы (Ж:2πR; 0)

  3. Футболшы футбол алаңында солтүстікке қарай 40 м, сосын 10м шығысқа, одан 10 м оңтүстікке, сосын 30 м шығысқа жүгіріп өтті. Футболшының толық орын ауыстыру модулі (Ж:50 м)

  4. Егер Жерден жіберілген жарық сәулесі 2,56 с-тан кейін қайтып оралса,Жерден Айға дейінгі ара қашықтық (c= 3·108 м/c) (Ж:3,84·108 м)

  5. Шығыны 20 л/с болу үшін, радиусы 15 см түтікшеде қозғалған сұйықтықтың жылдамдығы (Ж:28,3 см/с)

  6. Екі автомобиль қарама-қарсы бағытта қозғалып келеді. Бірінші автомобильдің жылдамдығы 54 км/сағ, ал екіншісінікі 108 км/сағ. Автомобильдердің салыстырмалы жылдамдығы (Ж:45 м/с)

  7. 0,5 сағат уақытта 250 км ара қашықтықты ұшып өткен ұшақтың жылдамдығы

(Ж:138,9 м/с)

  1. 80 км жолды 160 км/сағ жылдамдықпен жүріп өткен дененің қозғалыс уақыты

(Ж:1800 с)

  1. Дененің қозғалыс теңдеуі x=4-3t түрінде берілген. Дененің бастапқы координатасы мен қозғалыс жылдамдығы (Ж:x0=4 м, υх=-3 м/с)

  2. 54 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан поездың терезесі алдында отырған жолаушы, 36 км/сағ жылдамдықпен қарсы қозғалып келе жатқан ұзындығы 150 м. поезды көру уақыты (Ж:6 с)

  3. Жүрілген жолдың тәуелділік графигінде t=3 с уақыттағы велосипедшінің жылдамдығы

(Ж:2,5 м/с)



  1. Екі өзара перпендикуляр шоссе жолдарында жылдамдықтары 54 км/сағ және 72 км/сағ жүк және жеңіл автомашиналар бірқалыпты қозғалып келеді. Жол торабындағы кездесуден 10 мин өткен соң, олардың ара қашықтықтығы (Ж:15 км)

  2. Поезд t уақытының жартысын υ1 = 72 км/сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын υ2 = 36 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Поездің орташа жылдамдығы (Ж:54 км/сағ)

  3. 18 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан велосипедші таудан түсе бастайды. Егер оның үдеуі 0,8 м/с2 болса, 6 с-тан кейін велосипедшінің жылдамдығы (Ж:9,8 м/с)

  4. Тең үдемелі қозғалған автомобильдің жылдамдығы 4 с уақытта 45 -тен 5 м/с-ке дейін кемиді. Автомобиль үдеуінің модулі (Ж:10 м/с2)

  5. Автомобильдің жылдамдығы 10 с уақытта 10-нан 6 м/с-ке дейін кемиді. Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік формуласы және 20 с кейінгі жылдамдығы

(Ж:υх(t)=10-0,4t; υ=2 м/с)

  1. Материялық нүктенің жылдамдық проекциясы мына түрде өзгеретіндей болып қозғалады: υx = 2 - 3t, оның үдеуі (Ж:-3 м/с2)

  2. Материялық нүктенің жылдамдық проекциялары мына түрде өзгеретіндей болып қозғалады: υx = 3 + 3t; υy = 4 + 4t, оның үдеуі (Ж:5 м/с2)

  3. Дене кемімелі жылдамдықпен түзусызықты қозғалады. Үдеуі 4 м/с2 -қа тең. Уақыттың кейбір кезінде дененің жылдамдық модулі υ0=20 м/с-ке тең. Дененің 4 с-тан кейінгі жылдамдығы және дененің тоқтаған кездегі уақыты... (Ж:4 м/с; 5 с)

  4. Дененің қозғалыстың басынан 4 с өткеннен кейінгі жолы

(Ж:60 м)


  1. Түзу сызықты қозғалған дененің үдеуі

(Ж:1,5 м/с2)

  1. Дененің үдеуі

(Ж:1 м/с2)



  1. Ұшақ 216 км/сағ.жылдамдықпен ұшып,сосын 20 с уақыт бойы 9 м/с2 үдеумен қозғалады. Ұшақтың осы уақытта ұшып өтетін ара қашықтықтығы... (Ж:3000 м)

  2. Поезд 20 м/с жылдамдықпен қозғалады. Тежелгеннен соң,толық тоқтағанға дейін ол 200 м ара қашықтықты жүріп өтті. Тежелудің жүрген уақыты.. (Ж:20 с)

  3. Қозғалыстағы дененің жылдамдығының теңдеуі υ = 5 + 4t.Орын ауыстырудың теңдеуі s(t) және бастапқы жылдамдық пен үдеу...

(Ж:s(t)=5t+2t2; υ0=5 м/с; =4 м/с2)

  1. Материялық нүктенің қозғалыс теңдеуі мына түрде x=-3t2. Нүктенің 2с кейінгі жылдамдығы мен орын ауыстыруы...

(Ж:υ =-12 м/с; s=-12 м)

  1. Мылтықтың ұңғысының ортасында оқтың жылдамдығы ұңғыдан ұшар жердегі жылдамдығынан (Ж: есе кем)

  2. Бір пункттен бір бағытта шыққан екі автомобиль бірдей а=0,2 м/с2 үдеумен қозғалады. Екінші автомобиль біріншісінен 10 секундқа кеш шығады. Екінші автомобильдің шыққан уақытынан санағанда, екі автомобильдің ара қашықтығы 70м болатын уақыт (Ж:30 с)

  3. Екі автомобиль бір жерден бір бағытта жолға шығады. Екінші автомобиль бірінші автомобильден 20 секунд кеш шығады. Екі автомобильде бірдей а=0,4 м/с2 үдеумен үдемелі қозғалады. Бірінші автомобильдің қозғалысы басталғаннан кейін олардың ара қашықтығы 240м болғандағы уақыты: (Ж. 40с)

  4. Орнынан қозғалған автомобиль 6 с ішінде жылдамдығын 36 м/с-ке жеткізді. Автомобильдің үдеуі (Ж:6 м/с2)

  5. Дене ОХ осіне қарама-қарсы 36 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалады. Бастапқы координатасы 20 м. Дененің 4 с-тан кейінгі координатасы және осы уақытта жүрген жолы (Ж:-20 м, 40 м)

  6. Биіктігі 4 м-ге лақтырылған тас қабырғадан 3 м қашықтыққа түссе, тастың орын ауыстыруы (Ж:5 м)

  7. Екі дененің қозғалыс теңдеулері және . Олардың кездесетін орны мен уақыты (Ж:140 м; 10 с)

  8. 2 м/с тұрақты жылдамдықпен 5 с, сонан соң 0,4 м/с2 тұрақты үдеумен 5 с қозғалған катердің жүрген жолы (Ж:25 м)

  9. Жер бетінен 1 м биіктегі доп тағы 2 м вертикаль жоғары лақтырылып, жерге құлады. Доптың жолы мен орын ауыстыруы (Ж:5 м; 1 м)

  10. 39,2 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары атылған жебенің көтерілу биіктігі және 5 с кейінгі орын ауыстыруы мен жүрген жолы (g = 9,8м/с2 ) (Ж:78,4 м; 73,5 м; 83,3 м)

  11. 5 м/с жылдамдықпен мұздың бетінде лақтырылған тас бастапқы нүктесінен 25 м қашықтықта тоқтады. Қозғалыстың бастапқы 2 с-ғы тастың жолы (Ж: 9 м)

  12. 6 км/сағ жылдамдықпен жүзген салда перпендикуляр бағытта 8 км/сағ жылдамдықпен адам жүріп келеді. Жағамен байланысқан жүйедегі адам жылдамдығы (Ж:10 км/сағ)

  13. 0,3 м/с жылдамдықпен жүкті вертикаль жоғары көтерген кранның өзі рельспен бірқалыпты 0,4 м/с жылдамдықпен қозғалады. Жермен байланыстырған жүйедегі жүктің жылдамдығы (Ж:0,5 м/с)

  14. Түзу сызық бойымен бірінші автомобиль жылдамдықпен, екіншісі жылдамдықпен қозғалса, салыстырмалы қозғалыс жылдамдық модулі (Ж: )

  15. Меншікті жылдамдығы 25 км/сағ катердің ағыс бағытымен 2 сағатта, ағысқа қарсы 3 сағатта жүріп өткен қашықтығы (Ж:60 км)

  16. Велосипедшінің жылдамдығы 36 км/сағ, ал желдікі 5 м/с. Велосипедшімен байланысқан санақ жүйесіндегі желдің қарсы және қуалай соққандағы жылдамдықтары (Ж:15 м/с, 5 м/с)

  17. Қуалай соққан жел суға қатысты қайықтың жылдамдығын 8 км/сағ жеткізеді. 16 км/сағ жылдамдықпен соққан желдің қайыққа қатысты жылдамдығы (Ж:8 км/сағ)

  18. 250 км қашықтықты 0,5 сағатта өткен ұшақтың жылдамдығы (Ж:500 км/сағ)

  19. Мотоциклшінің жылдамдығы 54 км/сағ, ал адамдікі 2 м/с болса, мотоциклшінің жылдамдығының адам жылдамдығына қатынасы (Ж:7,5)

  20. 6 м/с жылдамдықпен бірінші велосипедші жолды 3 с жүріп өтті. Сол жолды 9 с жүріп өткен екінші велосипедшінің жылдамдығы (Ж:2 м/с)

  21. Ұзындығы 200 м поезд 36 км/сағ жылдамдықпен ұзындығы 400 м көпірді жүріп өту үшін кеткен уақыт (Ж:1 мин)

  22. Арақашықтығы 90 м A және B нүктесінен бір уақытта бір бағытта 5 м/с және 2 м/с жылдамдықпен шықса, бірінші дененің екіншіні қуып жету уақыты (Ж:30 с)

  23. Кинетикалық энергиясы, 800 м/с жылдамдықпен қозғалған массасы 10 кг зеңбірек оғының энергиясына тең, 2 т автомобильдің қозғалыс жылдамдығы (Ж:57 м/с)

  24. Ұзындығы 200 м поезд бірқалыпты 10 м/с жылдамдықпен қозғалып, ұзындығы 300 м тоннельден толық шығуына кеткен уақыт (Ж:50 с)

  25. графигінде жылдамдығы үлкен дене



1

2

3

(Ж:1)


  1. 1 м/с2 үдеумен қозғалған поездың жылдамдығы 72 км/сағ-қа жетуге қажет уақыт (Ж:20 с)

  2. Ұзындығы 2 м көлбеу жазықтықтан сырғанап түскен арбашаның жолдың соңындағы жылдамдығы 4 м/с. Осы арбашаның үдеуі (Ж:4 м/с2)

  3. Толық тоқтағанға дейінгі 1 км жол жүрген, қону жылдамдығы 80 м/с ұшақтың, тежелу кезіндегі үдеуі (Ж:3,2 м/с2)

  4. 120 м қашықтықта спортшының жылдамдығы 7 м/с-тан 9 м/с-қа дейін өзгерсе, спортшының қозғалыс уақыты (Ж:15 с)

  5. Тұрақты 2 м/с2 үдеумен қозғалған автомобильдің жылдамдығы 20 м/с-қа жеткенге дейінгі жүрген жолы (Ж:100 м)

  6. Жылдамдығын 1 м/с-тан 7 м/с-қа дейін өзгертіп, 24 м жол жүрген материалық нүктенің үдеуі (Ж:1 м/с2)

  7. 10 м/с бастапқы жылдамдықпен қозғалған үдеуі 1 м/с2 автомобильдің 192 м жол жүргендегі соңғы жылдамдығы (Ж:22 м/с)

  8. 20 м/с жылдамдықпен қозғалған автомобиль 5 с кейін кенеттен тоқтады. Автомобильдің тежелу жолы (Ж:50 м)

  9. 72 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан поезд станцияға жақындағанда тежеле бастады. Үйкеліс коэффициенті 0,005 болса, поездың толық тоқтауына кеткен уақыты (Ж:6,7 мин)

  10. Ұзындығы 50 м таудан бала шанамен 20 с түсіп тоқтағанға дейін горизонталь жолмен 25 м жүргендегі шананың үдеуі (Ж:0,5 м/с2)

  11. Қозғалыстағы дененің жылдамдық проекциясының уақытқа тәуелділігі (м/с). Осы дененің координатасының теңдеуі (Ж: (м))

  12. Велосипедшінің жылдамдығының уақытқа тәуелді графигі бойынша бастапқы 4с-тағы үдеуі


(Ж:3 м/с2)

  1. График бойынша дененің үдеуі мен 10 с-тағы орын ауыстыруы


(Ж:-0,2 м/с2; 30 м.)

  1. Материалық нүктенің қозғалыс теңдеуі . 2 с-тан кейінгі нүктенің жылдамдығы мен орын ауыстыруы (Ж:υ = 12 м/с, S = 12 м.)

  2. Қозғалыстағы дененің жылдамдығы теңдеуімен берілген. Қозғалыс түрі және орын ауыстыру теңдеуі (Ж: , үдемелі)

  3. Екі поезд бірдей уақыт аралығында бірдей жол жүрді. Бір поезд үдемелі қозғалып, жолды 0,03 м/с2 үдеумен жолды жүріп өтсе, екіншісі 18 км/сағ жылдамдықпен бірінші жартысын және 54 км/сағ жылдамдықпен екінші жартысын жүреді. Әр поездің жүрген жолы (Ж:3,75 км)

  4. Аялдамадан шыққан автобус үдемелі қозғала үшінші секундта 2,5 м жол жүрсе, оның бесінші секундтағы жүрген жолы (Ж:4,5 м)

  5. Бастапқы жылдамдықсыз 20 м биіктіктен суға секірген адамның, 10 м тереңдікке сүңгіп кеткенде, тоқтағанға дейінгі суда қозғалған уақыты (Ж:1с)

  6. Жоғары лақтырылған дененің максимал биіктігін 4 есе арттырғанда бастапқы жылдамдығының өзгерісі (Ж:2 есе)

  7. Велосипедшінің қозғалыс теңдеуі х =15–10t, 5 сек ішіндегі велосипедшінің орын ауыстыру модулі (Ж:50м)

  8. Егер бастапқы координат векторы (12;5 см), соңғы (4;11 см) болса координат осьіндегі вектордың проекциясы (Ж:Sх=8cм; Sy=6cм )

  9. Тікұшақ горизонталь ұшу барысында оңтүстікке 12 км, содан соң шығысқа тағы 16 км ұшты. Тікұшақтың жолы мен орын ауыстыруы (Ж:28км, 20км)

  10. Жоғары лақтырылған тас 10 м биіктікке көтеріліп, лақтырылған жерден қайтадан сол нүктеге құлады. Тастың жүрген жолы мен орын ауыстыру (Ж:20м, 0)

  11. Жүргізуші автомобиль мен гараждан шықты да 150 км жол жүріп 3 сағаттан кейін қайтып келді. Дұрыс тұжырымды анықта.

(Ж:автомобильдің орын ауыстыруы нолге тең, жолы 150 км.)

  1. Материялық нүкте 20м/с бастапқы жылдамдықпен және бастапқы жылдамдыққа қарсы 0,5 м/с2 үдеумен қозғалады. 0,5 мин ішіндегі жолы мен орын ауыстыруы (Ж:375м; 375м)

  2. Жүк көтергіш оңтүстіктен солтүстікке 40 м және бір уақытта жүк көтергішпен бағыттас шығыстан батысқа 30м қозғалса, жүктің Жерге қатысты орын ауыстыруы (Ж:50м)

  3. Қайық ені 50 м өзенді көлдеңінен жүзіп өтті. Ағысы қайықты 300-қа өзен жағасына бұратын болса, қайықтың өзен жағасына қатысты орын ауыстыру (tg 300=1,75) (Ж:87м)

  4. Қайық ені 50 м өзенді көлдеңінен жүзіп өтті. Өзеннің ағысына қайықты 300 бұрышқа бұрып жіберді. Қайықтың жағадан жағаға қатысты орын ауыстыруы (sin 300 = 0,5 cos 300 = 0,87) (Ж:100м)

  5. Велосипедшінің жылдамдығы 36км/сағ, желдің жылдамдығы 2м/с. Желмен бағыттас қозғалған велосипедшімен байланысқан санақ жүйесіндегі желдің жылдамдығы (Ж:8 м/с)

  6. Ұшақтың ауаға қатысты жылдамдығы 900 км/сағ. Егер қуалай соққан желдің жылдамдығы 50 км/сағ болса, ұшақтың Жерге қатысты жылдамдығы (Ж:950 км/сағ)

  7. Бір автомобиль оңтүстіктен солтүстікке 80 км/сағ, ал екінші батыстан шығысқа 60 км/сағ жылдамдықпен жүріп келеді. Екінші автомобильдің біріншіге қатысты жылдамдығы (Ж:100 км/сағ)

  8. Ағыс жылдамдығы 3,24 км/сағ. Ені 120м өзенді жүзгіш суға қатысты 5км/сағ жылдамдықпен, ағысқа перпендикуляр бағытта қозғалады. Жүзгіштің жағаға қатысты орны ауыстыруы (Ж:143 м)

  9. Катер екі пункттің арасын өзеннен төмен ағыс бойынша 8 сағатта, кері 12 сағ жүріп өтті. Катердің тынық судағы дәл сондай қашықтықты жүзіп өту уақыты (Ж:9,6 сағ)

  10. Автомобиль батыс бағытта 80 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келеді. Оған басқа автомобиль қарсы, сондай жылдамдықпен қозғалуда. Біраз уақыттан соң автомобильдердің ара қашықтығы 10 км-ге тең болады. Олардың кездесу уақыты (Ж:225 с)

  11. 72 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан поезд терезесінің алдындағы жолаушы 32,4 км/сағ жылдамдықпен қарсы өткен поезды 10 с бойы көреді. Қарсы кездескен поездың ұзындығы (Ж:290м)

  12. Ұзындықтары 800 м және 200 м екі поезд бір-біріне қарама-қарсы 72 км/сағ және 108 км/сағ жылдамдықтары мен өзара параллель темір жолда қозғалып келеді. Бірінші поездың екіншісінің жағынан өту уақыты (Ж:20с)

  13. Қозғалмай тұрған жолаушы метрополитен экскалаторымен 1 мин, ал қозғалмайтын эсклатор арқылы жолаушы 3 мин көтеріледі. Қозғалыстағы эксалатор арқылы жолаушының көтерілу уақыты (Ж:45 с)

  14. Автомобиль жолға қатысты 15 м/с жылдамдықпен қозғалады. Осы жол бойымен, дәл сол бағытта 5 м/с жылдамдықпен велосипедші жүріп келеді. Автомобильдің велосипедшіге қатысты жылдамдығы (Ж:10м/с)

  15. Автомобиль жолға қатысты 15 м/с жылдамдықпен жүріп келеді. Осы жолмен,дәл сол бағытта 5м/с жылдамдықпен велосипедші жүріп келеді. Автомобильдің велосипедшіге қатысты 10 мин ішінде жүрген жолы (Ж:6000 м)

  16. Автомобиль Жерге қатысты 15м/с жылдамдықпен жүріп келеді. Автомобилдің 10 мин ішіндегі Жерге қатысты жүрген жолы (Ж:9000 м)

  17. Жүргізуші уақыттың бірінші жартысында 60 км/сағ жылдамдықпен жүреді. Барлық бөліктегі орташа жылдамдық 65 км/сағ. Жолдың екінші жарты бөлігіндегі орташа жылдамдығы (Ж:70 км/сағ)

  18. Поезд бірінші 10 км-ді 36 км/сағ орташа жылдамдықпен, екінші 10 км-ді 40 км/сағ орташа жылдамдықпен, үшінші 10 км-ді 60 км/сағ орташа жылдамдықпен жүріп өтті. Жолдың барлық бөлігіндегі поездің орташа жылдамдығы (Ж:43,2 км/сағ)

  19. Автомобиль жолдың бірінші жартысын 72 км/сағ жылдамдықпен, екінші жартысын 30 м/с жылдамдықпен жүріп өтті. Барлық жолдағы автомобильдің орташа жылдамдығы (Ж:24 м/с)

  20. Поезд жолдың бірінші ширегін 60 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Барлық жолдағы орташа жылдамдық 40 км/сағ. Жолдың қалған бөлігіндегі поездің жылдамдығы (Ж:36 км/сағ)

  21. Екі дененің теңдеулері х = 5 - t және х = -10 + 0,5t берілген. Денелердің кездесуге дейінгі координаты мен уақыты (Ж:-5м; 10с)

  22. Екі дене бір түзу бойымен қозғалғанда олардың қозғалыс теңдеулері х= 40 +10t және х =12 + 12t берілген. Денелердің кездесуге дейінгі орны мен уақыты (Ж:14 с, 180 м).

  23. Автомобиль өз сапарында уақыттың төрттен бір бөлігі 36 км/сағ, ал қалған уақыт бөлігін 54 км/сағ жылдамдықпен қозғалса, оның орташа жылдамдығы (Ж:49,5 км/сағ)

  24. Поезд орнынан 0,75 м/с2 үдеумен қозғалды. 15 км-ді жүріп өткен уақыты (Ж:200 с)

  25. Дене қозғалыс басталғаннан соң сегізінші секундта 30 м жолды жүріп өтті. Дененің үдеуі (Ж:4 м/с2)

  26. Ғарыштық ракета ғарыш айлағынан 45 м/с2 үдеумен ұшты. 1000 м ара қашықтықты ұшып өткен соң, оның жылдамдығы (Ж:300 м/с)

  27. Қозғалыстағы дене уақыт өтуіне қарай х = – 2 + 4t – 3t2 заңымен өзгереді. Бастапқы координатасы, бастапқы жылдамдық проекциясы мен үдеу проекциясы (Ж:-2м, 4м/с, -6м/с2)

  28. Қозғалыстағы дененің координатасы уақыт өтуіне қарай х = –2 + 4t –3t2 Берілген дененің жылдамдық теңдеуін жазыңыз. (Ж:υ = 4 – 6t)

  29. Ұзындығы 30 м жүгіру алаңында спортшы 2,5 м/с2 үдеумен жүгірді, содан соң бірқалыпты қозғалады. 100 м қашықтықтағы спортшының уақыты (Ж:10,6 с)

  30. 10 с ішінде автомобиль 400 м жол жүріп өткенде жылдамдығын 3 есе арттырды. Егер автомобильдің қозғалысы бірқалыпты үдемелі болса, онда оның үдеуі (Ж:4 м/с2)

  31. Cурет бойынша 5 c ішіндегі дененің орын ауыстыруы

(Ж:15 м)


  1. Бірқалыпты қозғалысқа сәйкес келетін график


(Ж:2)

  1. 4 с ішіндегі дененің жүрген жолы

(Ж:8 м)


  1. Қозғалыс басталғаннан 4 с өткендегі дененің орын ауыстыруы

(Ж:12м)


  1. График бойынша түзусызықты қозғалатын дененің үдеуі

(Ж:3 м/с²)



  1. Дене 0,05 м/с2 үдеумен қозғалады. Егер бастапқы жылдамдығы 20 cм/с болса, 20 с ішіндегі дененің орын ауыстыруы (Ж:14 м)

  2. Автомобиль тұрақты 0,5м/с2 үдеумен тыныштық күйден таудан түсе бастайды. 20с ішіндегі автомобильдің орын ауыстыруы (Ж:100 м)

  3. Автомобиль 10м/с бастапқы жылдамдықпен қозғала отырып 2,5м/с2 үдеумен тежелсе оның тежелу жолы (Ж:20 м)

  4. Шаңғышы тыныштық күйден 0,5 м/с2 үдеумен таудан сырғанайды, 20с уақыт өткен соң 2 м/с2 үдеумен тежеле бастайды. Толық тоқтағанда дейінгі шаңғышының тежелу қашықтығы (Ж:25 м)

  5. Автобус 20 м/с жылдамдықпен бірқалыпты қозғала отырып тежеле бастайды, оның 5 с-тан кейінгі тежелу жолы (Ж:50 м)

  6. Арбаша көлбеу жазықтықпен бірқалыпты үдемелі қозғалады. Арбашaның орын ауыстыру проекциясы Sx = 2t2 заңы бойынша өзгереді. Осы кезде aрбашаның үдеуі (Ж: 4 м/с2-қа тең).

  7. Еркін құлаған кезде дененің 3 секундта жүрген жолы (g=10м/с2) (Ж:45м)

  8. Еркін түскен дененің 6 с-тан кейінгі жылдамдығы (g = 10 м/с2)(Ж:60 м/с)

  9. Дене 20 м/с жылдамдықпен вертикаль тік лақтырылды. Дененің құлау уақыты (g = 10 м/с2) (Ж:4 с)

  10. Еркін түскен дене Жермен соғыларды жылдамдығы 30 м/с болса, құлау биіктігі (g = 10 м/с2)(Ж:45 м)

  11. 49 м/с бастапқы жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылған дененнің 10 с кейінгі жүрген толық жолы мен орын ауыстыруы (g = 9,8 м/с2 ) (Ж:245 м; 0 м)

  12. Биіктігі 80 м көлбеу мұнарадан бастапқы жылдамдықсыз тасталған тастың құлау уақыты (g = 10 м/с2) (Ж:≈ 4 с)

  13. Дене 80 м биіктіктен еркін құлайды. Оның құлауының соңғы секундындағы орын ауыстыруы (g = 10 м/с2) (Ж:35 м)

  14. Дене 30 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылған. Ауаның кедергісін ескермегенде , дененің Жерге құлайтын жылдамдығы... (Ж: 30 м/с)

  15. 2000 м биіктіктен құлаған дененің, соңғы 100 м ұшып өтетін уақыты (Ж:0,5 с)

  16. Дене Жерге 20 м/с жылдамдықпен құлайды. Оның құлау биіктігі. (Ж:20 м)

  17. Доп жерге соғылып, 2 h биіктікке ыршып көтерілу үшін, h биіктіктен түсіретін (υ0) алғашқы жылдамдығы (соғылу абсолют серпінді; g =10 м/с2)

(Ж:υ0 = )

  1. 100м биіктікпен құлаған дененің жерге соғылғандағы жылдамдығы мен құлау уақыты ( ) (Ж:45 ; 4,5с)

  2. Алғашқы жылдамдығы 44м/с тік жоғары лақтырылған дененің көтерілу биіктігі ( ) (Ж:100 м)

  3. Тік жоғары 44м/с жылдамдықен лақтырылған дененің 100м биіктікке көтерілу уақыты (g=9.8м/с2) (Ж:4,4 с)

  4. Тас құдық түбіне 4 с-те құлап түсті. Құдықтың тереңдігі ( ) (Ж:80 м)

  5. Тік жоғары лақтырылып, 8с-тан соң жерге құлаған дененің көтерілу биіктігі ( ) (Ж:80 м)

  6. Соңғы 2 секундта 60 м жол жүріп, жерге құлаған дененің құлау уақыты ( ) (Ж:4 с)

  7. Соңғы 2 с 60м еркін құлаған дененің түсу биіктігі ( ) (Ж:80 м )

  8. Еркін құлаған дене жолдың бірінші жартысын 3,4 с өтсе, құлау биіктігі ( )(Ж:115,6 м)

  9. Садақтан тік жоғары атылған жебе 10с өткенде жерге түсті.Жебенің көтерілу уақыты (Ж:5с)

  10. Садақтан вертикаль жоғары атылған жебе 5,6 с кейін кері қайтып оралды. Садақ жебесінің көтерілу биіктігі және атылған жылдамдығы (g = 9,8 м/с2) (Ж:38,4м,27,4м/с)

  11. Биіктігі 6 м ағаштан алма құлап түсті. Оның құлау уақыты және жерге түсу жылдамдығы (Ауа кедергісін ескермеңдер) (g = 10 м/с2) (Ж:1,1с,11м/с)

  12. Бастапқы жылдамдықсыз мұнарадан құлаған дене жолдың екінші жартысын 1 с жүріп өтсе, мұнараның биіктігі (Ж:≈58 м)

  13. Еркін құлаған дене А нүктесін 9,8 м/с жылдамдықпен өтсе, одан 14,7 м төмен орналасқан В нүктесінен өтетін жылдамдығы (g = 10 м/с2) (Ж:19,6 м/с)

  14. Жер бетінен 300 м биіктікте орналасқан нүктеден бір мезетте екі тас 20 м/с жылдамдықпен, біреуі – вертикаль төмен, екіншісі – вертикаль жоғары, лақтырылады. Екеуінің арасындағы қашықтық 200 м болу үшін кеткен уақыт (Ж:5 с)

  15. Шатырдан құлаған мұз жолдың бірінші бөлігін 2 с ұшып өтті. Мұздың жерге дейінгі ұшу уақыты (g = 10 м/с2) (Ж:2,82 с)

  16. 100 м биіктікте аэростаттан тас құлайды. Егер аэростат бірқалыпты 5 м/с жылдамдықпен көтерілсе, тастың жерге түсу уақыты (g = 10м/с2) (Ж:5 с)

  17. Денені вертикаль жоғары 15 м/с жылдамдықпен лақтырды. Егер ауа үйкелісін ескермесек, онда құлау мезеттігі жылдамдық модулі (Ж:15 м/с)

  18. Биіктігі 6 м ағаштан алма құлады. Құлау уақыты (g = м/с2) (Ж:1,1 с)

  19. Төбеден арасына 1с салып бірінен кейін бірі екі тамшы тамады. Екінші тамшы тама бастағаннан кейін 2с өткенде тамшылардың ара қашықтығы (Ж:25м)

  20. Материалдық нүкте радиусы 2 м шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалғанда, айналымның бөлігінде жүретін жолы мен орны ауыстыруы (Ж: м, 2 м )

  21. Вентилятор қалақшаларының бұрыштық айналу жылдамдығы 6,28 рад/с.30 минуттағы айналым саны (Ж:1800)

  22. 8π с-1 бұрыштық жылдамдықпен айналған маховиктің 1000 айналымды жасайтын уақыты (Ж:250 с)

  23. Радиусы 4 м бір қалыпты айналған дөңгелектің бетіндегі материялық нүкте 4 м/с жылдамдықпен қозғалады. Материялық нүктенің үдеуі (Ж:4 м/с2)

  24. Шеңбер бойымен қозғалыстағы сызықтық және бұрыштық жылдамдықты байланыстыратын формула: (Ж: = ωR)

  25. Шеңбер бойымен қозғала отыра ұзындығы 109 км жолды автомобиль екі рет жүріп өтті. Автомобильдің жүрген жолының ұзындығы, орын ауыстырудың модулі (Ж:218 км; 0)

  26. Радиусы 30 м шеңбер ұзындығының жартысын велосипедші белгілі бір уақытта жүріп өтті. Осы уақытта жүрген жолы мен орын ауыстыруы (Ж:94,2 м; 60 м)

  27. Радиусы 0,5 м, 10 Гц жиілікпен қозғалған дененің сызықтық жылдамдығы (Ж:31,4м/с)

  28. Диаметрі 15 метр цирк аренасын мотоциклші тұрақты жылдамдықпен 15 мин жүріп өтеді. Мотоциклшінің центрге тартқыш үдеуі. (Ж:3,65∙10-4 м/с2)

  29. Катушкаға 10 секунд ішінде 6,28 м жіңішке сым оралды. Катушканың орташа айналу жиілігі 20 айн/с болса, шеңбердің радиусы (Ж: 5мм)

  30. Дене бірқалыпты шеңбер бойымен 2 с қозғалып 5 м жол жүреді. Айналым периоды 5 с болса, центрге тартқыш үдеу (Ж: 3,14 м/с2)

  31. Жердің жасанды серігінің орбитасының радиусын 2 есе арттырса айналым периоды 4 есе артады. Осы жағдайдағы жасанды серіктің жылдамдығының өзгерісі (Ж: 2 есе кемиді)

  32. 5 с ішінде бір айналым жасаған нүктенің, шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысындағы, бұрыштық жылдамдығы (Ж: ≈1,26 рад/с)

  33. Велосипед доңғалағының диаметрі d=70см, жетекші дөңгелектің тіс саны z1=48, ал жетектелуші дөңгелектің тіс саны z2=18. Педальдардың айналу жиілігі ν=1 айн/с болса, велосипедшінің жылдамдығы (Ж: 5,9м/с)

  34. Бу турбинасына қарағанда, гидротурбинаның жұмыстық қалақтарының радиусы 8 есе артық, ал айналу жиілігі 40 есе кем. Турбина қалақтарының сызықтық жылдамдықтары мен үдеулерін салыстырыңдар. (Ж: 1/5; 1/200)

  35. Балалардың бұрамалы автомобилі бірқалыпты қозғала отырып, t уақытта s ара қашықтықты жүріп өтті. Доңғалақтың диаметрі d болса, бұрыштық жылдамдығы және доңғалақ құрсауындағы нүктелердің центрге тартқыш үдеуін табыңдар.

(Ж: ; )

  1. Жердің жасанды серігінің дөңгелек орбитасы радиусын 4 есе арттырғанда, оның айналу периоды 8 есе артады. Ал оның орбита бойымен қозғалыс жылдамдығы

(Ж: 2 есе кемиді)

  1. Жердің жасанды серігінің 20 км биіктіктегі айналу жылдамдығы ( ) (Ж:7,9 )

  2. Жердің өз радиусындай биіктіктегі бірінші ғарыштық жылдамдық (G=6,67·10-11 ; Rж = 6400 км; Мж = 6·1024кг; ) (Ж:5,59 )

  3. Жердің жасанды серігінің 300м биіктіктегі айналу периоды ( ) (Ж:≈1,4 сағ)

  4. Бірінші ғарыштық жылдамдықтың өрнегі (Rж - Жер радиусы) (Ж:υ = )

  5. Дене жердің жасанды серігі болу үшін оған берілетін жылдамдық (Ж:≈8 км/с)

  6. Дөңгелек араның диаметрі 600 мм-ге тең. Электр двигателі білігіне өткізілген, диаметрі 120мм шкивтен қайысты беріліс арқылы айналымға келетін диаметрі 300мм шкив ара осіне кигізілген. Егер двигатель білігі 1200 айн/мин жасайтын болса, ара тістерінің жылдамдығы (Ж:15м/с)

  7. Ценрге тартқыш үдеу еркін түсу үдеуіне тең болу үшін, радиусы 40м болатын дөңес көпірдің ортасынан автомобиль өту жылдамдығы (g=10м/с2) (Ж: 20м/с)

  8. Бірінші орбиталық ғарыш станциясының айналу периоды 88,85 мин және Жер бетінен орташа биіктігі 230км. Станция қозғалысының орташа жылдамдығы (Rжер=6400км) (Ж: 7,8км/с)

  9. Массасы 2т автомобиль қисықтық радиусы 40м дөңес көпірден 36км/сағ жылдамдықпен жүріп өтеді. Автомобильдің көпірдің ортасына түсіретін қысым күші (Ж: 15кН)

  10. Комбайн барабанының диаметрі 600мм. Барабанның айналу периоды 0,04с болса, оның центрге тартқыш үдеуі (Ж: ≈7,4км/с2)

  11. Жер айналасымен радиусы 2R орбитада қозғалатын жасанды серіктің айналу периоды, радиусы R орбита бойымен қозғалатын серіктің айналу периодынан

(Ж: есе артық)

  1. Ауырлық күші оның Жер бетіндегі мәнінің 36%-н құрайды. Оның Жер бетінен биіктігі (Жердің радиусы 6300км) (Ж: 4200км)

  2. Ай массасы m, Жер массасы М, Жер центрінен Ай центріне дейінгі қашықтық R. Дөңгелек орбитамен Жерді айнала қозғалғандағы Айдың жылдамдығы. (G-гравитациялық тұрақты) (Ж: )

  3. Ұшақ радиусы R=255 м «өлі тұзақ» жасап жүр. Ұшқыш креслосына бекітілген белдігіне асылып қалмас үшін,тұзақтың ең жоғарғы нүктесінде ұшақтың ие болатын ең аз жылдамдығы (Ж:≈ 50 м/с)

  4. Егер Айдағы еркін түсу үдеуі 1,6 м/с2 болса, ал Айдың радиусы 1700 км болса, онда Айдағы бірінші ғарыштық жылдамдық (Ж:1,65 км/с)

  5. Жіпке ілінген жүктің айналу периоды 2 с. Егер жүк радиусы 40 см шеңбер бойымен айналса оның сызықтық жылдамдығы (Ж: = 1,3 м/с)

  6. Алғашқы «Восток» ғарыш кемесінің Жерді айналу периоды 90 мин. Жерден көтерілу биіктігі 320 км. Жердің радиусы 6400 км. Ғарыш кемесінің жылдамдығы

(Ж:7,8 км/с)

  1. Жерден Күнге дейінгі орташа ара қашықтық 1,5∙108 км, айналу периоды 365 тәул. Жердің Күннің орбитасын айналу жылдамдығы (Ж:30 км/с)

  2. Ұзындығы 0,6 м жіп 1800 Н күшке шыдайды. Жіпте массасы 3 кг тас айналуда. Горизонталь жазықтықта жіп үзілмейтіндей тасты айналу жиілігі (g = 10м/с2) (Ж:5 Гц)

  3. Қайрақ дөңгелегі 10 см радиусымен 0,2 с ішінде бір айналым жасайды. Айналу осінен көбірек алыстаған нүктенің жыдамдығы (Ж:3,1 м/с)

  4. Шеңбердің радиусын 4 есе азайтып, сызықтық жылдамдығын 2 есе арттырса, онда оның центрге тартқыш үдеу (Ж:16 есе артады)

  5. Диаметрі 16 см, 0,4 м/с жылдамдықпен жүкті көтергендегі барабан білігінің айналу жиілігі (Ж:0,8 Гц)

  6. Горизонтқа 450 бұрыш жасай дене 10м/с бастапқы жылдамдықпен лақтырылған. Лақтыру нүктесінен 6м қашықтықта бір тас жатыр. Құлаған дененің таспен ара қашықтығы (g=10м/с2) (Ж: 4м)

  7. Горизонтқа бұрыш жасай лақтырылған дене, жерге лақтыру нүктесінен 10м қашықтықта түскен.Ең жоғары көтерілу биіктігі 5м. Дененің лақтыру нүктесінен жерге құлау нүктесіне дейінгі орын ауыстыруы (g=10м/с2) (Ж: 10м)

  8. Оқтың бастапқы жылдамдығы 600 м/с, массасы 10 г. Егер траекториясының ең жоғарғы нүктесінде оның кинетикалық энергиясы 450 Дж болса, мылтық ұңғысынан көкжиекке қандай бұрышпен ұшып шыққан (Ж:600 )

  9. Көкжиекке 300 бұрыш жасай 10м/с жылдамдықпен лақтырылған дененің көтерілу биіктігі мен ұшу қашықтығы ( ) (Ж:1,3 м; 8,66м)

  10. Горизонтқа бұрыш жасай лақтырылған дененің ең үлкен кинетикалық энергиясы оның ең аз мәнінен 2 есе үлкен.Дененің горизонтқа лақтырылған бұрышы. (Ж:450)

  11. Биіктігі 80 м мұнарадан денені 20 м/с жылдамдықпен горизонталь лақтырды. Дененің мұнарадан Жерге құлау қашықтығы (Ж:80 м)

  12. Белгісіз биіктіктен дене 10 м/с бастапқы жылдамдықпен горизонталь лақтырды. Дененің жылдамдық векторы көкжиекке 450 бұрышпен бағытталатын уақыты (Ж:1 с)

  13. а = 3g үдеумен тік жоғары көтерілген зымырандағы массасы 10 кг дененің салмағы ( ) (Ж:400 Н)

  14. Дөңес көпірдің ең биік нүктесінде бірқалыпты қозғалып келе жатқан автомобильдің салмағы (Ж: азаяды)

  15. Лифт 1м/с2 үдеумен жоғары көтерілуде. Лифтінің ішіндегі массасы 2 кг дененің салмағы (Ж: 22Н)

  16. Динамометр Жер полюсінде 10 Н күш көрсетіп тұр. Жер бетінен Жер радиусындай биіктікте орналасса, оның көрсетуі (Ж:2,5 Н)

  17. Тастың салмағы 2 есе арту үшін қажетті үдеу (Ж:а = g)

  18. Тастың салмағы 2 есе кему үшін қажетті үдеу (Ж:а = )

  19. Жер бетінен тік жоғары 20 м/с2 үдеумен көтерілген ғарыш зымыранының ішіндегі массасы 80 кг ғарышкердің салмағы ( ) (Ж:2,4 кН)

  20. Жылдамдығын 1 с ішінде 10 м/с-тан 50 м/с-қа арттырған парашютшінің асқын салмағы (Ж:5P)

  21. Останкино телемұнарасының лифті 15с ішінде 7 м/с жылдамдыққа үдетіледі. Қозғалыстың соңындағы массасы 80 кг адам салмағының өзгерісі ( )

(Ж:37 Н-ға кемиді)

  1. Жолаушы бір сәт салмақсыздық күй кешу үшін, автомобиль радиусы 40 м дөңес көпірдің ортасынан өтуге қажетті жылдамдық (Ж:20 )

  2. Жылдамдығы 20 м/с қозғалыстағы автомобилдің жолаушысы бір сәт салмақсыздықта болатын дөңес көпірдің радиусы (Ж:40 м)

  3. Дөңес көпірдің үстімен қозғалып бара жатқан автомобилдің салмағы (υ – жылдамдығы, R – көпірдің қисықтық радиусы)

(Ж: )

  1. Қисықтық радиусы 100м дөңес көпірдің үстімен 60 км/сағ жылдамдықпен өткен, массасы 2 т автомобиль салмағының өзгерісі (Ж:5600 Н-ға кемиді)

  2. Салмағы 380 Н жасөспірім балықшыны су бетінде ұстап тұру үшін, массасы 7 кг үрленетін қайықтың алатын ең кіші көлемі ... (Ж:0,045 м3)

  3. Салмағы, Н су көлігінің ватерсызығына дейін суға батырылғанда, ығыстыратын су көлемі 15000 м3 болса, жүктің салмағы (Ж: Н)

  4. Салмағы 200 Н, ауданы 4 м2, кілемнің еденге түсіретін қысым (Ж:50 Па)

  5. Еденге 50 Па қысым түсіретін, ауданы 4 м2, кілемнің салмағы ... (Ж:200 Н)

  6. Еденге 50 Па қысым түсіретін, салмағы 200 Н кілемнің ауданы... (Ж:4 м2)

  7. Еденнің 4 м2 ауданына 50 Па қысым түсіретін кілемнің массасы ... (Ж:20 кг)

  8. Массасы 50 кг, аяқ киімінің табандарының ауданы 800 м2, адамның еденге түсіретін қысымы (g = 10 м/с2 ) (Ж:0,625 Па)

  9. Еденге 10 кПа қысым түсіретін, массасы 50 кг адамның аяқ киімінің табанының ауданы (Ж:0,05 м2)

  10. Қар үстінде тұрған шаңғышының массасы 45 кг. Оның әр шаңғысының ұзындығы 1,5 м, ал ені 10 см. Шаңғышының қар бетіне түсіретін қысымы ... (Ж 1,5 кПа)

  11. Массасы 5 кг, табанының ауданы 100 м2 кубтің еден бетіне түсіретін қысымы (g = 10 м/с2 ) (Ж:0,5 Па)

  12. Массасы 5 кг, табанының ауданы 100 см2 куб тіреуімен бірге 2 м/с2 үдеумен үдемелі жоғары қарай қозғалатын болса, оның тіреуге түсіретін қысымы... (g = 10 м/с2 ) (Ж: 6 кПа)

  13. Массасы 5 кг, табанының ауданы 100 см2 куб тіреуімен бірге 2 м/с2 үдеумен үдемелі төмен қарай қозғалатын болса, оның тіреуге түсіретін қысымы (g =10 м/с2 )

(Ж:4 кПа)

  1. Массасы 5 кг, табанының ауданы 100 см2 куб тіреуімен бірге бірқалыпты төмен қарай қозғалатын болса, оның тіреуге түсіретін қысымы (Ж:5 кПа)

  2. Массасы 10кг денені жер бетінен 6м/с2 үдеумен тік жоғары көтеру үшін жұмсалатын күш. (g=10м/с2) (Ж: 160Н)

  3. Массасы 10 кг денені 8 м/с2 үдеумен жоғары көтеру үшін қажет күш (g = 10 м/с2) (Ж:180 Н)

  4. Массасы 60 кг жүргізуші 200 см/с2 үдеумен қозғалған автомобиль орындығының арқасын қысатын күші (Ж:0,12 кН)

  5. Массасы 1 кг денені Жер бетінен 3 м/с2 үдеумен жоғары көтеру үшін жұмсалатын күш (g= 10 м/с2 ) (Ж:13 Н)

  6. Бір нүктеге түсірілген екі күштің арасындағы бұрыш 900, теңәсерлі күшінің модулі 5 Н, ал F1=3 Н болса, F2 мәні (Ж:4 Н)

  7. 4Н күштің әсерінен 0,5 м/с2 үдеу алған дененің массасы (Ж:8 кг)

  8. Массасы 8 кг дене 0,5 м/с2 үдеу алғандағы әсер күші (Ж:4 Н)

  9. Бір нүктеге түсірілген F1=3Н және F2=5Н күші векторлары арасындағы бұрыш 1800. Осы күштердің теңәсерлі күші (Ж:2 Н)

  10. 0,78 Н күштің әсерінен 1 м/с2 үдеумен қозғалған көлемі 100 см3 дененің тығыздығы (Ж:7800 кг/м3)

  11. 12Н күштің әсерінен 10 м қашықтықта 8 м/с бастапқы жылдамдықпен қозғалып келе жатқан,массасы 5кг дененің соңғы жылдамдығы (Ж:10,6 м/с)

  12. Массасы 5 кг денегі қарама-қарсы бағытта F1 және F2 күштер әсер етеді. Егер күштер Ғ1 =12 Н және F2 =8 Н болса, дененің алатын үдеуі және қозғалыс бағыты

(Ж:0,8 м/с2 ;F1 бағытымен)

  1. Жылжымайтын екі блок арқылы жіптің үштарына массалары m=5 кг бірдей екі жүк ілінген. Блоктардың арасына, тепе-тендік кезіндегі бұрыш 1200 болу үшін жіпке ілінген жүктің массасы (Ж:5 кг)

  2. Бірқалыпты қозғалыстағы тепловоздың рельстегі қысым күші 25∙106Н, үйкеліс коэффициенті 0,03 болса, тарту күші (Ж:750 кН)

  3. Массасы 60 кг спортшы 10 метр биіктіктен секіріп, суға 10 м/с жылдамдықпен сүңгігендегі ауаның орташа кедергі күші ( ) (Ж:300 Н)

  4. Массасы 1 кг , үдеуі 9 денеге әсер ететін ауаның орташа кедергі күші ( ) (Ж:0,8H)

  5. Диномометрдің көмегімен массасы 200г кеспекті горизонталь тақтада орын ауыстырғындағы оның көрсетуі 0,6Н болса, үйкеліс коэффиценті ( ) (Ж:0,3)

  6. Үйкеліс коэффиценті 0,3 болатын дененің тежелу кезіндегі үдеуі ( ) (Ж:3 )

  7. Автобус доңғалақтарының жолмен сырғанау үйкеліс коэффиценті 0,25, жылдамдығы 36км/сағ болса, горизонталь жолдан бұрылу доғасының ең кіші радиусы ( ) (Ж:40 м)

  8. Ауыр жүк тартатын жылқы тұқымдарының жарысында олардың бірі бірқалыпты қозғалып, массасы 23 т жүкті жеткізді. Аттың тарту күші 2,3кН болса, үйкеліс коэффиценті (Ж:0,01)

  9. Әрқайсысының массасы 1кг екі ағаш білеушелер тақтай үстінде жатыр. Астыңғы білеушенің екі жағындағы үйкеліс коэффиценті 0,3 болса, оны бірқалыпты суырып алу үшін жұмсалатын күш (Ж:9 H)

  10. Ит жеккен шанаға қар үстінде жұмсалатын күш 0,5кН. Үйкеліс коэффиценті 0,1 болса, жегілген иттердің бірқалыпты қозғалып, сүйрей алатын, жүк тиелген шанасының массасы ( ) (Ж:500кг)

  11. 400 м/с жылдамдықпен ұшқан оқ валға тиіп, аялдамаға дейін 0,5 м жүріп өтеді. Массасы 24 г оқтың қозғалысына валдың жасаған кедергі күші. (Ж:3,8 кН)

  12. Массасы скафандрымен 170кг астронавтың табанының Ай бетімен арасындағы үйкеліс коэффиценті 0,5 болғандағы үйкеліс күші ( ) (Ж:136 H)

  13. 25м биіктіктен ағаш сынығы 2,5с ішінде құлап түскендегі ауаның орташа кедергі күшінің ауырлық күшіне қатынасы ( ) (Ж:0,2)

  14. Массасы 65кг спортшы он метрлік мұнарадан секіріп, 13м/с жылдамдықпен суға енгендегі ауаның орташа кедергі күші ( ) (Ж:1200 H)

  15. Массасы 2,4т ғарыш кемесіне, жер маңында әсер еткен ауырлық күші (Ж:2,4· Н)

  16. Екі дене арасындағы арақашықтық 2 есе кемісе, тартылыс күші (Ж:4 есе артады)

  17. Екі дене арасындағы арақашықтық 2 есе артса,тартылыс күші (Ж:4 есе кемиді)

  18. Екі дене арасындағы арақашықтық 3 еселенсе, тартылыс күші (Ж:9 есе кемиді)

  19. Массалары бірдей екі дене R қашықтықта F күшпен тартылады. Ара қашықтықты өзгертпей, бірінші дененің массасын 2 есе кемітсе тартылыс күші (Ж:F = 0,5F )

  20. Ғарышкеменің Жер бетінен жер радиусына тең қашықтыққа алыстағандағы, жерге тартылу күші (Ж:4 есе кемиді)

  21. Ғарышкеменің Жер бетінен 5RЖ қашықтығына алыстағандағы тартылыс күші

(Ж:36 есе кемиді)

  1. Ғарышкеменің Жер бетінен жердің 9RЖ қашықтығына алыстағандағы, жерге тартылыс күші (Ж:100 есе кемиді)

  2. Шолпанның орташа тағыздығы 5200 кг/м3, радиусы 6100 км. Шолпан бетіндегі еркін түсу үдеуі (G = 6,67·10-11Н·м2/кг2) (Ж:8,8 )

  3. Меркурий ғаламшарының орташа радиусы 2420 км, еркін түсу үдеуі 3,72м/с2 болса,массасы (Ж:3,27·1023кг)

  4. Шексіз ортада центрлерінің арақашықтығы 20см екі шар орналасқан. Көлемдері 20см3 және 40см3, ал тығыздықтары 1000кг/м3 және 2000кг/м3 осы шарларға әсер ететін күш (Ж:2,7 пН)

  5. Көлемі 200 см3 суға батырылған денеге әсер ететін кері итеруші күш ( ; ) (Ж:2 Н)

  6. Ғарышкердің скафандрымен бірге көлемі 120дм3.Оған ауа тарапынан әсер ететін кері итеруші күш ( ; ) (Ж:1,548Н)

  7. Төмен 0,8 м/с2 үдеумен қозғалатын лифт еденіне массасы 70 кг адамның түсіретін күші ( ) (Ж:644 Н)

  8. Массасы 15 кг жүкті 0,3 м/с2 үдеумен көтеру үшін қажет күш (g = 10 ) (Ж:154,5 Н)

  9. Бірдей қалыңдықтағы бес пластинаның тығыздықтары бірдей (сурет). Ең үлкен массалы пластинка

(Ж:4)


  1. Арқан тарту жарысына 4 адам қатысады. Олардың екеуі F1=250 Н және F2=200 Н күштерді түсіріп оң жаққа,қалған екеуі F3=350 Н және F4=50 Н күштерді түсіріп, сол жаққа тартады. Тең әсерлі күш және арқанның қозғалу бағыты: (Ж:50 Н, оңға)

  2. 20 Н күш әсер еткен дене 2,5 м/с2 үдеумен қозғалады. Дененің массасы (Ж:8 кг)

  3. Массасы 4 кг, 2 Н күш әсер ететін дененің қозғалысы мен жылдамдығы:

(Ж:Тең үдемелі, 0,5 м/с2 үдеумен)

  1. F1, F2, F3, F4 (суретте) күштерін қосудың ОX осіне проекциясы

(Ж:2 кН)


  1. Жылдамдығы 200 м/с массасы 160 г оқ бөгетке тиді және тоқтағанға дейін

16 см өтті. Оқтың кедергі күші (Ж:20 кН)

  1. Дене үш күштің әсерінен тепе-теңдік қалпын сақтап тұр. 6 Н –ға тең бір күш шығысқа, 3 Н –ға тең екінші күш солтүстік – шығысқа қарай 600 бұрыш жасай әсер етеді. Үшінші күштің модулі мен бағыты (Ж:7,9 Н, оңтүстік батысқа )

  2. Массасы 1500 кг автомобиль 0,5 м/с2 удеумен горизонталь бағытта қозғала бастады. Қозғалысқа кедергі жасайтын күш 500 Н –ға тең. Қозғалтқыштың өндіретін тарту күші (Ж:1250 Н)

  3. Массасы 200 г денені 1,5 м/с2 үдеумен қозғалысқа түсіретін күш (Ж: 0,3 Н)

  4. Массасы 1,5 т автобус орнынан 1,5 кН тарту күшінің әрекетінен қозғалады. Егер автобусқа әрекет ететін кедергі күш 450 Н болса, онда оның үдеуі (Ж:0,7 м/с2)

  5. Массасы 50 кг хоккейші массасы 2 кг шарды өзінен 20 Н күшпен итереді. Бұл кезде адам мен шардың алатын үдеулері (Ж:- 0,4 м/с2; 10 м/с2)

  6. Лифт табанында массасы 20 кг жүк жатыр. Лифт 2 м/с2 үдеумен жоғары қарай қозғалады. Жүктің лифт табанына түсіретін күші (g = 10 м/с2) (Ж:240 Н)

  7. Суға батырылған дененің бөлігі судың бетіне шығатын болса, дененің тығыздығы ( ) (Ж:750 кг/м3)

  8. Дененің бөлігі сұйықтық бетінде болса, сұйықпен дене тығыздығының қатынасы

(Ж: )

  1. Аралық бұрыштары 1200 болатын, бір нүктеге түсірілген модулі 10 Н-ға тең, екі бірдей күштердің әсері, үшінші күштің әсерімен теңеседі. Үшінші күштің модулі

(Ж:10 Н)

  1. Бір нүктеге түсірілген модулдері 120 Н-ға тең екі бірдей күштердің әсері, модулі 207,6 Н үшінші күштің әсерімен теңеседі. Алғашқы екі күштің аралық бұрыштары мәні (Ж:600)

  2. 50 Н күш 900 бұрыш арқылы екінші күшпен әсерлесіп, модулі 130 Н болатын үшінші күштің әсерімен теңеседі. Барлық күштер бір нүктеге түсірілген. Екінші күштің модулі (Ж:120 Н)

  3. Массасы 5 кг снаряд 800м/с жылдамдықпен ұзындығы 3,2 м қару ұнғысынан ұшып шықты. Снарядқа берілетін қысым күшінің мәні (Ж:500 кН)

  4. Массасы 1,5 кг дене қозғалыс теңдеуімен қозғалады. Денеге әсер ететін күш (Ж:1,2 Н)

  5. 24 Н күштің әсерінен қозғалатын дененің қозғалыс теңдеуі берілген: Осы дененің массасы (Ж:40 кг)

  6. Массасы 400 г тыныштықтағы доп 2кН күштің әсерінен 15 м/с жылдамдық ала қозғалды. Соққының созылу уақыты (Ж:3 мс)

  7. Массасы 60 кг дене екі түрлі күштің әсерінен қозғалады: Шамасы 60 Н, бірінші әсер етуші күш дененің орын ауыстыруына қарсы, екінші 150 Н күш орын ауыстыру бағытымен 600 бұрыш жасай бағытталған. Осы дененің үдеуі (Ж:0,25 м/с2)

  8. Көлемі 0,02 м3 денеге 20 Н күш әсер етіп 0,5 м/с2 үдеу береді. Дененің тығыздығы

(Ж:2000 кг/м3)

  1. Тығыздығы 2500 кг/м3 дене суға толығымен батырылған. Осы дененің үдеуі ( ) (Ж:6 м/с2)

  2. Глицеринге батырылған дененің үдеуі 2м/с2.Осы дененің тығыздығы( ) (Ж:1575 кг/м3)

  3. Тығыздығы 2700 кг/м3 дене 6,3 м/с2 удеумен сұйықтыққа батырылған. Сұйықтың тығыздығы ( ) (Ж:1000 кг/м3)

  4. Плутонның Күннен арақашықтығы жердікіне қарағанда 40 есе үлкен болса, Плутон мен Күннің арасындағы тартылыс күшінің Жер мен Күннің арасындағы тартылыс күшіне қатынасы. Плутон мен Жердің массасын жуықтап бірдей деп есептеңдер.

(Ж:1600 есе)

  1. Массалары m, 2m және 3m үш дене суретте көрсетілген ара қашықтықпен бір түзудің бойында орналасқан. Денелер арасындағы гравитациялық тартылыс күші

(Ж:2 және 3 минимал)



  1. Массасы 8 т ғарыш кемесі массасы 20 т орбиталық ғарыш бекетіне 100 м ара қашықтыққа жақындайды. Олардың өзара тартылыс күші (G = 6,67∙10-11 ) (Ж:1 мкН)

  2. Өзара әсерлескен, массалары екі есе артқан екі дененің тартылу күші (Ж:4 есе артады)

  3. Өзара әсерлескен екі дене арасындағы қашықтықты 2 есеге арттырған кездегі денелердің тартылу күші (Ж:4 есе кемиді)

  4. Юпитердің массасы Жердің массасынан 317 есе артық, ал радиусы жер радиусынан 11 есе артық. Юпитердегі еркін түсу удеуі ( ) (Ж: 26,2 м/с2)

  5. Жердің центрінен бастапқы арақашықтықтағы жерге тартылу күші 36 есе кем болатын қашықтық (Жер радиусы – Rж) (Ж:6 Rж)

  6. Массасы 1 кг дене Ай бетіне 1,63 Н күшпен тартылады. 20,375 м биіктіктен дененің Ай бетіне құлау уақыты (Ж:5 с)

  7. Массалары кг және кг денелер 13,34 мН күшпен тартылады. Осы денелер арасындағы ара қашықтық

( ) (Ж:200 м)

  1. 10 м арақашықтықтан массалары бірдей денелердің өзара тартылыс күші

26,68 мН. Денелердің массалары ( ) (Ж:200 т)

  1. Жерге тартылу күші алғашқы мәнінен 81% -ға өзгеретін биіктік (Ж: )

  2. Жерге тартылу күші бастапқы жағдайынан 0,25Rж биіктіктегі құрайтын бөлігі

(Ж:64%)

  1. Екі дененің ара қашықтығын 100 м –ге арттырғанда тартылыс күші 1,44 есе кеміді. Денелер арасындағы бастапқы ара қашықтықтың мәні (Ж:500 м)

  2. Екі дененің ара қашықтығы 60 м –ге кемігенде тартылыс күші 69% -ке артады. Денелер арасындағы бастапқы ара қашықтықтың мәні (Ж:260 м)

  3. Белгілі бір ара қашықтықта массалары бірдей денелер өзара тартылады. Егер бір дененің массасын 200 кг-ға артырсақ, олардың тартылыс күші 3 есе артады (сол ара қашықтықта). Бастапқы массасының мәні. (Ж:100 кг)

  4. Белгілі бір ара қашықтықта массалары бірдей денелер өз-ара тартылады. Егер бір дененің массасын 300 кг-ға кемітсек, олардың тартылыс күші 15%-ке кемиді (сол ара қашықтықта). Бастапқы массасының мәні (Ж:2000 кг)

  5. 100 м ара қашықтағы екі дененің тартылыс күші . Егер ара қашықтықты 50 м-ге арттырсақ, онда тартылыс күшінің мәні

(Ж: )

  1. Екі дене 400 м қашықтықта өзара тартылады. Егер қашықтықты 100 м-ге артырсақ, онда оның тартылыс күші (Ж:36%-кемиді)

  2. Массалары 400 кг екі дене өзара тартылады. Егер біреуінің массасын 100 кг-ға арттырса, сол қашықтықтағы олардың тартылыс күші (Ж:1,25 есе артады)

  3. Массалары 2500кг екі дене өзара тартылады. Егер біреуінің массасын 500 кг-ға кемітсе, сол қашықтықтағы олардың тартылыс күші (Ж:20%-ке кемиді)

  4. Массасы 50 кг жүкті 2 с-та арқанның көмегімен 10 м биіктікке вертикаль жоғары тең үдемелі көтереді. Арқанның тартылу күші (g = 10 м/с2) (Ж:750 Н)

  5. Массалары 150 кг жолаушылардың лифт еденіне түсіретін қысым күші. Лифт 0,6 м/с2 үдеумен төмен түсіп келеді. (g = 10 м/с2) (Ж:1410 Н)

  6. Массалары 150 кг жолаушылардың лифт еденіне түсіретін қысым күші.

Лифт 0,6 м/с2 үдеумен жоғары көтеріліп барады. (Ж:1590 Н)

  1. Массалары 150 кг жолаушылардың лифт еденіне түсіретін қысым күші.

Лифт бір қалыпты қозғалады. (g = 10 м/с2) (Ж:1500 Н)

  1. Қалыпты атмосфералық жағдайдағы сынаптың түтікшедегі көтерілу биіктігі (Ж:0,76 м)

  2. Шыны түтік 0,68м тереңдікке суға батырылғанда, бір жағындағы жабылған пластинка түсіп қалу үшін, түтікке құйылған сынаптың биіктігі ( , ) (Ж:0,05м)




  1. Массасы 175 кг, әрбір бәтеңкесі табанының ауданы 410см2 астронавтың ұшар алдындағы Жер бетіне түсіретін қысымы ( ) (Ж:2·104 Па)

  2. Массасы 5,4т трактордың әр табанының ауданы 0,75м2. Шынжырларына түсіретін қысымы (Ж:3,6·104 Па)

  3. Шынжыр табанының ауданы 1,5 м2 массасы 60 т танктың Жерге түсіретін қысымы (Ж:4·105 Па)

  4. Ауданы 50 см2 цилиндр пішінді 2 л су құйылған ыдыстың түбіне түсіретін судың қысымы ( )(Ж:4·103 Па)

  5. Столда сіріңке қорабы жатыр.Оны аударып қырынан қойды. Осы кезде қораптың беттескен ауданы 2,2 есе кемиді.Оның столға түсіретін қысымы (Ж:2,2 есе артады)

  6. Бөлменің еденіне түсетін атмосфералық қысым 400 кПа.Бөлменің төбесі мен қабырғасына түсіретін атмосфералық қысым. (Ж:400 кПа қабырға мен төбеге)

  7. Тығыздығы 1000 кг/м3 сұйықтықтың ішіндегі, 200 мм тереңдіктегі қысымы. (Ж:2000 Па)

  8. Әр түрлі пішінді төрт ыдыста су құйылған, судың деңгейлері бірдей (сурет). Сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымын салыстыр.

(Ж:Төрт ыдыста бірдей)




  1. Суретте көрсетілген гидравликалық машинаның кіші поршеніне 50 Н күш әсер етеді. Үлкен поршеннің әсер ету күші.

(Ж:10000 Н)



  1. Атмосфералық қысым 750 мм.сын.бағ. тең. Торричелли түтікшесіндегі сынап бағанының биіктігі. (Ж:750 мм)

  2. Платформадағы барометр 863 мм.сын.бағ, метроға кіре берістегі қысым 760 мм.сын.бағ. көрсетіп тұрса, метро бекетінің орналасу тереңдігі. (1 мм. сын.бағ – 12 м) (Ж:1236 м)

  3. Ұшының ауданы 0,0003см2 ине күй табақ инесі ойнағанда 0,27 Н күш түсіреді. Иненің түсіретін қысымы (Ж:9МПа)

  4. Салмағы 45кН асфальт төсеуге қолданылатын каток жерге 300кПа қысым түсіреді. Каток тірегінің ауданы (Ж:0,15м2)

  5. Сұйықтың екі қимасы аудандарының қатынасы S1:S2=5:6 айнымалы құбырмен аққандағы, ағыныны жылдамдықтарының (υ12)-ге қатынасы (Ж:6:5)




  1. Су құбырында қимасы 4 мм2 пайда болған тесіктен вертикаль шапшып шыққан су 80 см-ге көтерілсе, тәулік бойы болған су шығыны ( ) (Ж:1382 л)

  2. Құбырдың кең жеріндегі судың ағыс жылдамдығы 10 болса, осыдан 4 есе тар жеріндегі ағыс жылдамдығы (Ж:40 )

  3. Егер сумен араласқан топырақ көлемі, топырақ көлемінен 10 есе артық болса,

және топырақ сорғыш 1 сағатта 500 м3 топырақты жерден шығара алса, диаметрі 0,6 м құбырдағы сумен араласқан топырақтың қозғалыс жылдамдығы (Ж:5 )

  1. Су электростанциядағы плотинаның биіктігі 12 м, су ағынының қуаты 3 МВт. Плотинадан 1 минутта құлайтын су көлемі. ( ) (Ж:1500 м3)

  2. Бақылаушы биік таудың баурайынан 200 м қашықтықта тұр. Өзінің қатты дауыстаған сөзінің жаңғырығын еститін уақыты (дыбыстың таралу жылдамдығы 340 м/с) (Ж:≈1,2с)

  3. Аңшы мылтық даусының жаңғырығын 4,5 с өткен соң естиді.Мылтық даусын шағылдыратын бөгеттің орналасу қашықтығы (дыбыстың таралу жылдамдығы 340 м/с) (Ж:765м)

  4. Жақын орналасқан екі жартастың ортасында тұрған адам қатты дауыстады. Ол екі жаңғырық естіді – біріншісін 1 с, екіншісін 1,5 с өткен соң. Жартастардың ара қашықтығы (дыбыстың таралу жылдамдығы 340 м/с) (Ж:425м)

  5. Серіппеде жүк 9 с–та 180 тербеліс жасайды. Тербеліс периоды мен жиілігі

(Ж:0,05с,20Гц)

  1. Массасы m болат құйманы судан қатаңдығы k арқанмен а үдеумен көтереді. Болаттың тығыздығы ρ1, судың тығыздығы ρ2. Арқанның х ұзаруын табыңдар. Судың кедергі күші ескерілмейді. (Ж: )

  2. Балалар пистолетінің серіппесін 3см-ге жиырған кезде 20Н күш жұмсалады. Сығылған серіппенің потенциалдық энергиясы: (Ж: 0,3Дж)

  3. Оқушы резеңкені 45 Н күш жұмсай отырып 9 см-ге ұзартты. Егер 110 Н күш жұмсаса, резеңкенің ұзаруы (Ж:22 см)

  4. 10 Н күштің әсерінен серіппе 0,1 м-ге ұзарды. Серіппенің қатаңдығы (Ж:100 Н/м)

  5. Горизонталь ағаш тақта бойымен массасы 2 кг ағаш кеспекті қатаңдығы 100 Н/м серіппенің көмегімен тартады. Үйкеліс коэффициенті 0,3 болса, серіппенің ұзаруы ( ) (Ж: 0,06 м)

  6. Динамометрге ілінген салмағы 4Н жүк оның серіппесін 10см-ге созса, серіппенің қатаңдығы (Ж:40 )

  7. Қатаңдығы 40 динамометр серіппесінің салмағы 2,4 Н жүктің әсерінен созылуы (Ж:0,06 м)

  8. Серіппелі тапаншаны атуға дайындағанда, қатаңдығы 1 кН/м серіппені 3 см-ге жиырғанда массасы 45 г «снарядтың» горизонталь бағытта ие болатын жылдамдығы (Ж:4,5 м/с)

  9. Серіппелі тапаншаның горизонталь бағытпен атылған кездегі серіппесінің қатаңдығын 2 есе арттырғандағы жылдамдығы (Ж: есе өседі)

  10. Серіппелі тапаншаның горизонталь бағытпен атылған оқтың массасын 2 есе арттырғанда, жылдамдығы (Ж: есе кемиді)

  11. Серіппесінің қатаңдығы k –ға тең, ал сығылуы Δх болғандағы, жоғары тік атылған, массасы m снарядтың ұшып шығу жылдамдығы (g =10 м/с2)

(Ж:υ = )

  1. Серіппелі тапаншаны атуға дайындағанда, массасы 162 г снаряд горизонталь бағытта 8,6 м/с жылдамдық алу үшін қатаңдығы 5200 Н/м серіппенің жиырылуы (Ж:48 мм)

  2. Серіппелі тапаншаны атуға дайындағанда, массасы 0,097 кг снаряд горизонталь бағытта 11,1 м/с жылдамдық алу үшін қатаңдығы 5200 Н/м серіппенің жиырылуы (Ж:48 мм)

  3. Динамометрге ілінген, салмағы 2,4 Н жүктің әсерінен 10 см–ге созылған серіппенің қатаңдығы (Ж:24 Н/м)

  4. Динамометрге ілінген, салмағы 2,4 Н жүктің әсерінен қатаңдағы 24Н/м серіппенің созылуы (Ж:10 см)

  5. Жоғарғы жағы бекітілгенен, массасы 18 кг дене ілінген серіппенің ұзындығы 10 см, ал 30 кг дене ілінгенде ұзындығы 12 см болса, серіппені 10 см-ден 15см-ге созғандағы сыртқы күштердің жұмысы (Ж:37.5Дж)

  6. Серіппесінің қатаңдығы 10 кН/м динамометрді созған бала, максимал күшті 400 Н-ға жеткізгенде істеген жұмысы (Ж:8 Дж)

  7. Қатаңдықтары бірдей екі серіппенің бірін 5 см-ге созғанда, екіншісін 5 см-ге сыққандағы, осы серіппелердің потенциалдық энергиялары (Ж:E1 = E2)

  8. Қатаңдағы 400 Н/м серіппені 10 см-ге созғандағы дененің потенциалдық энергиясы (Ж:2 Дж)

  9. Қатаңдығы 104 Н/м, бекітілген, 400 Н күштін әсерінен сығылған, серіппенің потенциалдық энергиясы (Ж:8 Дж)

  10. Бекітілген, 400 Н күштің әсерінен сығылған, потенциалдық энергиясы 8 Дж серіппенің қатаңдығы (Ж:104 Н/м)

  11. Жерді айнала қозғалған автоматты станциядағы динамометрдің көрсетуі (Ж:0)

  12. Қатаңдық коэффициенті 100 Н/м серіппені 0,01 м-ге созатын күш (Ж:1 Н)

  13. F=3 Н күштің әсерінен 6 см-ге ұзарған серіппенің қатаңдығы (Ж:50 Н/м)

  14. Қатаңдығы 300 Н/м серіппе 50 мм-ге созылды. Осындай деформацияға ұшыратқан жүктің массасы (g = 10 ) (Ж:1,5 кг)

  15. Горизонталь жолда бір қалыпты қозғалған тепловоздың тартылыс күшін анықта, үйкеліс коэффициенті 0,003. Тепловоздың рельске түсіретін қысым күші 25·106 Н. (Ж:75 кН)

  16. Массасы 0,1 кг білеушені динамометрдің көмегімен столдың горизонталь бетінде бір қалыпты тартамыз. Динамометрдің көрсетуі 0,4 Н. Сырғанаудың үйкеліс коэффициенті (g = 10 м/с2) (Ж:0,4)

  17. Автомобиль горизонталь жолмен қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициенті 0,2. Двигательді өшіргеннен кейін 4 с өткен соң, оның жылдамдығы екі есе кемиді. Автомобильдің бастапқы жылдамдығы. (Ж:16 м/с)

  18. Қатандығы 400 Н/м металл сымға ілінген, массасы 3 кг дене вертикаль жоғары 2 м/с2 үдеумен қозғалады. Сымның созылуы ( ) (Ж:9 см)

  19. Қатандығы 0,3 кН/м трос массасы 2 кг денені тең үдемелі вертикаль жоғары көтерілгенде 4 см – ге созылады. Дененің үдеуі ( ) (Ж:-4 м/с2)

  20. Көтергіш кран тросы массасы 600 кг денені, 3 м/с2 үдеумен вертикаль жоғары көтерілгенде 10 см – ге созылады. Тростың қатаңдығы ( ) (Ж:78 кН/м)

  21. Қатандығы 20 кН/м көтергіш кранмен жүкті 2 м/с2 үдеумен көтерілгенде трос 12 см – ге созылады. Жүк массасы ( ) (Ж:200 кг)

  22. Қатаңдықтары бірдей k тізбектей жалғанған 4 серіппенің жалпы қатаңдығы (Ж: )

  23. Массасы 50 кг жүкті вертикаль жоғары үдемелі көтергенде, оның салмағы 100 Н-ға артты, трос 6 см –ге созылды. Тростың қатаңдығы ( ) (Ж:10 кН/м)

  24. Массасы 120 г хоккей шайбысы 15 м/с жылдамдықпен қақпа торына соғылды.Тор шайба бағытымен 5 см – ге созылды. Қақпа торында пайда болған серпімділік күшінің мәні ( ) (Ж:270 Н)

  25. Массасы 160 г хоккей шайбысы 20 м/с жылдамдықпен қақпа торына соғылды.Тор шайба бағытымен 8 см – ге созылды. Қақпа торының қатандығы ( ) (Ж:10 кН/м)

  26. 4,05 м биіктіктен массасы 3 кг дене вертикаль орналасқан серіппеге құлағанда 10 см-ге сығады. Серіппеге қатандығы ( ) (Ж:24,3 кН/м)

  27. 3,2 м биіктіктен массасы 2 кг дене вертикаль орналасқан серіппеге құлағанда, орташа мәні 0,8 кН серпінділік күшін тудырады. Серіппенің сығылуы ( ) (Ж:16 см)

  28. Серіппеге ілінген массасы 3 кг жүк, оны 1,5 см созады. Егер 4 кг жүк ілінсе, онда оның созылуы (Ж:2 см)

  29. Серіппеге массасы 20 кг жүк ілгенде, оның ұзындығы 12 см, ал 50 кг жүк ілгенде 15 см болса, онда оның бастапқы ұзындығының мәні (Ж:10 см)

  30. Нүкте тербелісінің қозғалыс теңдеуі Нүктенің орын ауыстыруы тербеліс амплитудасының жартысына тең болу уақыты (Ж:0,5 с)

  31. Синусоидалы тербеліс жасаған нүкте π/6 фазасында 2 см –ге орын ауыстырады. (Тербеліс тепе-теңдік жағдайдан басталады). Тербеліс амплитудасы (Ж:4 см)

  32. Дене 4 мин-та 60 тербеліс жасайды. Тербеліс периоды мен жиілігі

(Ж:4 с және 0,25 с-1)

  1. Амплитудасы 4 см дене 2 с период бойы тербеледі. Дененің тербеліс теңдеуі

( )

  1. Нүкте қозғалыс теңдеуімен тербеледі. Тербеліс басталғаннан соң 0,01 с уақыттан кейінгі нүктенің жылдамдығы (Ж:0)

  2. Нүктенің тербелісінің қозғалыс теңдеуі берілген: Тербелістің периоды (Ж:0,04 с)

  3. Нүктенің тербелісінің қозғалыс теңдеуі берілген: Нүктенің орын ауыстыруы тербеліс амплитудасының жартысына тең болу фазасы (Ж: )

  4. Нүктенің тербелісінің қозғалыс теңдеуі берілген: Тербеліс периоды (Ж:0,02 с)

  5. Массасы 2 кг пружинаға ілінген жүктің қозғалыс заңының теңдеуі берілген: Пружинадағы серпінділік күштің өзгеріс заңдылығы: (Ж: )

  6. Жүк серіппеде тербеліп тұр, оның қатандығы 1200 Н/м. Тербеліс амплитудасы 4,8 см. Жүктің жылдамдығы нөлге тең болған мезеттегі оған әрекет етуші күш модулі (Ж:57,6Н)

  7. Серіппеге ілінген жүк 2 мин ішінде 60 тербеліс жасайды. Егер серіппенің қатаңдығы 4,9 Н/м болса, онда жүктің массасы (Ж:0,5кг)

  8. Егер Айда ұзындығы 1 м маятниктің тербелістерінің периоды 4,9 с болса, ондағы еркін түсу үдеуі (Ж:1,6 м/с2)

  9. Серіппеге ілінген жүктің массасын 9 есе артты. Серіппеге маятниктің жиілігі (Ж:3 есе кемиді)

  10. Математикалық маятниктің тербеліс периодын есе арттыру үшін, жіптің ұзындығын (Ж:2 есе артады)

  11. Серіппеге маятниктің жиілігін есе кемітсе, жүктің массасы (Ж:3 есе артады)

  12. Салмақсыз жіпте ілінген дене тербеліс заңы бойынша қозғалады. Жіптің ұзындығы ( ) (Ж:160 см)

  13. Қатаңдығы 200 Н/м серіппеге ілінген жүк тербеліс теңдеуімен тербеледі. Жүктің массасы (Ж:8 кг)

  14. Массасы 100 г серіппеге ілінген жүк тербеліс теңдеуімен тербеледі. Серіппеге қатаңдығы (Ж:10 Н/м)

  15. Қатандығы 20 Н/м серіппеге ілінген 50 г жүктің 20 тербеліс жасайтын уақыты (Ж: с)

  16. Массасы 400 г серіппеге ілінген жүк Гц жиілігімен тербеледі. Серіппенің қатандығы (Ж:360 Н/м)

  17. Қатандығы 160 Н/м серіппеге ілінген жүк 1,2 с периодымен тербеледі. Жүктің массасы (Ж:≈5,8 кг)

  18. Ұзындығы 2,5 м математикалық маятник секунд уақытта жасайтын тербеліс саны ( ) (Ж:40)

  19. Жиілігі Гц математикалық маятниктің ұзындығы ( ) (Ж:40 см)

  20. Математикалық маятник секундта 60 тербеліс жасайды. Жіп ұзындығы ( ) (Ж:62,5 см)

  21. Ұзындығы 160 см математикалық маятниктің 10 тербеліс жасайтын уақыты ( ) (Ж: с)

  22. қозғалыс теңдеуімен тербелетін математикалық маятник жүгі үдеуінің амплитудасының модулі (Ж:1 м/с2)

  23. Серіппеге ілінген жүк қозғалыс теңдеуімен тербеледі. Жүктің жылдамдық амплитудасы (Ж:1,5 м/с)

  24. Математикалық маятник қозғалыс заңымен тербеледі. Маятник тербелісінің периоды (Ж:0,4 с)

  25. Серіппеге массасы 40 г ілінген жүк қозғалыс теңдеуімен тербеледі. Серіппе қатаңдығы (Ж:16 Н/м)

  26. Серіппеге ілінген жүк қозғалыс теңдеуімен тербеледі. Жүктің тербеліс жиілігі (Ж:125 Гц)

  27. Математикалық маятник қозғалыс заңымен тербеледі. Маятник тербелісінің жиілігі (Ж:300 Гц)

  28. Серіппеге жүк ілгенде, ол 4 мм ұзындыққа созылады. Серіппелі маятниктің тербеліс периоды (g = 10м/с2) (Ж:0,04 πс)

  29. Серіппеге ілінген жүк Гц жиілігімен тербеледі. Серіппенің ең үлкен созылуы ( ) (Ж:25 мм)

  30. Серіппеге ілінген жүк, жиілігімен тербеледі. Серіппенің ең үлкен созылуын анықтайтын формула

(Ж: )

  1. Егер математикалық маятник жібінің ұзындығын 30 см-ге ұзартсақ, оның тербеліс периоды 2 есеге артады. Жіптің бастапқы ұзындығы ( ) (Ж:10 см)

  2. Егер математикалық маятник жібінің ұзындығын 32 см-ге кемітсек, оның тербеліс периоды 40%-ға кемиді. Жіптің бастапқы ұзындығы (Ж:50 см)

  3. Ұзындығы 40 см математикалық маятник жібін, тағы 120 см-ге ұзартсақ, оның тербеліс жиілігі (Ж:2 есе кемиді)

  4. Ұзындығы 60 см математикалық маятник жібін, 45 см-ге кемітсек, оның тербеліс периоды (Ж:50%-ке кемиді)

  5. Егер маятник серіппе, қатаңдығы 400 Н/м –ге артық серіппемен өзгертсе, оның тербеліс периоды 3 есеге кемиді. Алғашқы серіппенің қатаңдығы (Ж:50 Н/м)

  6. Серіппелі маятник жүгінің массасын 1,5 кг-ға кемітсе, онда тербеліс жиілігі 4 есе артады. Жүктің бастапқы массасы (Ж:1,6 кг)

  7. Серіппелі маятник жүгінің массасын 3,12 кг-ға арттырса, онда тербеліс периоды 60 %-ға артады. Жүктің бастапқы массасы (Ж:2 кг)

  8. Айнымалы токтың жиілігі 50 Гц-ке. Айнымалы ток жүйесінің тербелісі периоды (Ж:0,02с)

  9. Массасы m жүкті тыныштық күйінен h биіктікке тұрақты а үдеумен көтереді. Орын ауыстырғандағы күштің жұмысы: (Ж: A=m(a+g)·h)

  10. 40Н-ға есептелген динамометр серіппесінің қатаңдығы 500Н/м. Серіппені шкаланың ортасынан бастап соңғы бөлікке дейін созу үшін атқарылатын жұмыс (Ж: 1,2Дж)

  11. Жерде жатқан ұзындығы 2м және массасы 100кг біртекті таяқшаны вертикаль қалыпқа келтіріп қою үшін атқарылатын жұмыс (Ж: 1кДж)

  12. Массасы 0,01 кг атылған оқ, 600м/с жылдамдықпен ұшты. Оққа әсер ететін газдың серпімділік күшінің жұмысы. (Ж:1800Дж)

  13. Жоғарыдан сырғанап түскен шананың кинетикалық энергиясы 240Дж. Егер горизонталь бөліктегі тежелу жолы 12м болса, тежелу кезіндегі үйкеліс күші (Ж: 20Н)

  14. Массасы 2т автомобиль авариялық тежелуде 50м жүріп барып тоқтады. Егер үйкеліс коэффициенті 0,4-ке тең болса, үйкеліс күшінің жұмысы (Ж: 400кДж)

  15. Көтергіш кран салмағы 1000 Н жүкті 20 м биіктікке көтергенде, атқарылатын жұмыс (Ж:20 кДж)

  16. Ұзындығы 5 м, көлденең қимасы 100 см2 болат бөренені көтергіш кран горизонталь жатқан күйінен 12 м биіктікке көтергендегі пайдалы жұмысы (ρб=7,8 ·103 кг/м3; g =10 м/с2) (Ж: ≈47 кДж)

  17. Еркін түсіп келе жатқан дененің түсу уақытының 1-ші жартысындағы және 2-ші жартысындағы жұмыстарының қатынасы (Ж: = )

  18. Бала массасы 100 г допты бір нүктеден тік жоғары лақтырып, осы нүктеде қайтадан ұстап алды. 5 м биіктікке көтерілген доптың барлық жолындағы ауырлық күшінің жұмысы (g = 10м/с2 ) (Ж:0)

  19. Массасы 5 кг жүк белгілі бір биіктіктен еркін құлап Жердің бетіне 2,5 с жетеді. Ауырлық күшінің жұмысы. (g = 10 м/с2) (Ж: ≈ 1,6 кДж)

  20. Бала массасы 100 г допты бір нүктеден тік жоғары лақтырып, осы нүктеде қайтадан ұстап алды. 5 м биіктікке көтерілген доптың жоғары көтерілгендегі модуль бойынша ауырлық күшінің жұмысы (g = 10м/с2) (Ж:5 Дж)

  21. Бала массасы 100 г допты бір нүктеден тік жоғары лақтырып, осы нүктеде қайтадан ұстап алды. 5 м биіктікке көтерілген доптың төмен түскендегі ауырлық күшінің жұмысы (g =10м/с2) (Ж:5 Дж)

  22. 15 м биіктіктен еркін құлап түскен, массасы 300 г дененің жерден 5 м қашықтықтағы ауырлық күшінің жұмысы (g =10 м/с2) (Ж:30 Дж)

  23. Массасы 65 кг адам сатымен 3 қабатты үйдің үшінші қабатына көтерілгенде ауырлық күшінің жұмысы (Үйдің әр қабатының биіктігі 2,5 м , g =10м/с2) (Ж:4875 Дж)

  24. 15 л керосинді 6 м биіктікке көтергендегі ауырлық күшінің жұмысы

кер= 0,8 ∙103 кг/м3, g = 10 м/с2 ) (Ж:720 Дж)

  1. Қатаңдығы 40 кН/м серіппені 0,5 см –ге созу үшін қажетті атқарылатын жұмыс

(Ж:0,5 Дж)

  1. Серіппені 4 мм-ге созу үшін 0,02 Дж жұмыс істелсе, осы серіппені 4 см-ге созу үшін атқарылатын жұмысы (Ж:2 Дж)

  2. 2 км биіктіктен түсіп келе жатқан массасы 20 мг жаңбыр тамшасына әсер ететін ауырлық күшінің жұмысы (g=10 м/с2) (Ж:0,4 Дж)

  3. Массасы 2 кг денені 1 м биіктікке 3 м/с2 үдеумен көтерген кездегі адамның істеген жұмысы (g=10 м/с2) (Ж:26 Дж)

  4. Тереңдігі 5 м судағы көлемі 0,6 м3 тасты судың бетіне көтергендегі істелген жұмыс (ρт = 2500 кг/м3; ρсу = 1000 кг/м3; g = 10 м/с2) (Ж:45 кДж)

  5. Әр метрдің массасы 400 г арқанмен массасы 8 кг суы бар шелекті тереңдігі 10 м құдықтан көтергендегі істелген жұмыс (g = 10 м/с2) (Ж:1 кДж)

  6. Өзара перпендикуляр, 30 және 40 Н күштердің әсерінен дене 10 м қашықтыққа қозғалса, тең әсерлі күштің істеген жұмысы (Ж:500 Дж)

  7. Массасы 50 кг жүк 10 с ішінде еркін құлағандағы, ауырлық күшінің жұмысы

(g = 10м/с2) (Ж:2,5·105 Дж)

  1. 0,2 м/с2 тұрақты үдеумен, қозғалыстың алғашқы 4с ішінде массасы 10т лифті көтеретін, арқанның керілу күшінің жұмысы (g = 10м/с2) (Ж:163 кДж)

  2. Массасы m үйкеліс коэффициенті μ тұрақты υ жылдамдықпен қозғалатын аэрошананың радиусы r «өлі тұзақтағы» бір айналыс кезіндегі үйкеліс күшінің жұмысы

(Ж:A= 2π μ m g R)



  1. Массасы 5 кг денені 10м биіктікке көтергенде әсер ететін ауырлық күшінің жұмысы (g = 10 м/с2) (Ж:500 Дж)

  2. Массасы 103 кг 15 м/с жылдамдықпен қозғалған локомотивтің 1 с уақыт ішіндегі жұмысы (үйкеліс коэффициенті 0,01) (Ж:113 кДж)

  3. Массасы 80 кг адам массасы 20 кг жүкті 10м биіктікке көтергендегі жұмысы (g=10 м/с2) (Ж:10 кДж)

  4. Денеге 30 Н күш әсер етіп, ол күштің әсер ету бағытында 2 м орын ауыстырады. Күштің жұмысы. (Ж:60 Дж)

  5. Двигателінің тарту күші 80 кН электровоздың жылдамдығы 36 км/сағ болса, қуаты (Ж:800 кВт)

  6. Ұшу жылдамдығы 2340 км/сағ, дыбыс жылдамдығынан жоғары ұшатын ұшақтың тарту күші 220 кН болғандағы двигателдерінің қуаты (Ж:143 МВт)

  7. Штангист штанганы көтергенде 2 с-та 5 кДж жұмыс жасайды. Осы кезде қуат.(Ж:2,5 кВт)

  8. Тарту күші 6 кН трактор жер жыртқанда 1,5 м/с жылдамдықпен қозғалады. Трактордың қуаты. (Ж: 9000 Вт)

  9. Екі ер бала бір бірін қуып,баспалдақпен жүгіріп үйдің екінші қабатына бірдей көтерілді. Бірінші баланың массасы екіншісінің массасынан кіші. Олардың қуаттары. (Ж:екінші баланың қуаты үлкен)

  10. Ұшақтың массасы 1т, екпін алу жолы 300м, ұшу жылдамдығы 30м/с, кедергі коэффициенті 0,03 болса, оның жылдамдық алардағы орташа пайдалы қуаты

(Ж: 27кВт)

  1. Тарту күші 3 кН, 6 с ішінде 100 м жол жүретін дененің қуаты (Ж:50 кВт.)

  2. 2 с ішінде 5 кДж жұмыс жасайтын дененің қуаты (Ж:2,5 кВт.)

  3. Қуаты 0,25 кВт электр двигателі 1000 Дж жұмыс жасау үшін кеткен уақыт (Ж:4 с).

  4. Әрбір 2 с-та 6 м жол жүріп, 500 Н күшпен жүкті көкжиекке 450 бұрыш жасай қозғалтатын дененің қуаты (Ж:1060 Вт).

  5. Массалары бірдей екі автомобиль бір уақытта орнынан жүріп, үдемелі қозғалады. Бір мезетте бірінші автомобильдің υ жылдамдығы екіншісінен 2 есе көп болса, автомобильдің орташа қуаттарының қатынасы N1/N2 (Ж:4)

  6. Плотина әр секунд сайын 45000 м3 суды шығарады. Биіктігі 25 м плотинадан шыққан су ағанының қуаты (g = 10 м/с2 ; ρ = 1000 кг/м3) (Ж:11,25·106 кВт)

  7. Қуаты 60 кВт, 90 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалған, автомобиль двигателінің тарту күші (Ж:2,4 кН).

  8. 10 кН күшпен соқаны тартып, 10 мин ішінде 1200 м жол жүрген трактор двигателінің қуаты (Ж:20 кВт)

  9. Массасы 2 т автомобиль горизонталь жолмен 72км/сағ жылдамдықпен қозғалып келеді. Қозғалыста кедергі күші оның салмағының 0,05–ін құрайды. Қозғалтқыштың өндіретін қуаты. (g = 10 м/с2) (Ж:20 кВт)

  10. Двигателінің куаты 8 кВт-қа тең көтергіш кран жүкті тұрақты 6 м/мин жылдамдықпен көтереді. Жүктің массасы (g = 10 м/с2) (Ж:8 т )

  11. Тегістеп өңдейтін станок тасының жұмыстық бетінің жылдамдығы 30м/с өңделетін деталді тасқа 100 Н күшпен қысады, үйкеліс коэффиценті 0,2. Станок двигателінің механикалық қуаты (Ж:0,6 кВт )

  12. Адам бір жұмысты бірінші рет 15 минутта, екінші рет 45 минутта орындады. Өндіретін қуаттарын салыстырыңыз (Ж: N1=3N2)

  13. Салмағы 600Н адам вертикаль баспалдақпен 3 м-ге 2 с- та көтерілді. Адамның көтерілу кезіндегі қуаты (Ж:0,9 кВт)

  14. Куаты 3 кВт-қа тең қозғалтқыш 5 с ішіндегі атқарған жұмысы (Ж:15 кДж)

  15. Массасы 1,5 т автомобильдің кедергі күші 700 Н автомобильдің жылдамдығын 36 км/сағ -тан 108 км/сағ-қа 10 с ішінде өзгерту үшін қажетті қуат (Ж:74 кВт)

  16. 0,2 кН күштің әсерінен дене 10м – ге орын ауыстырғандағы атқарылған жұмысы (Ж:2000 Дж)

  17. Мотоциклші жүріп келе жатқанда 60 Н кедергі күшіне ие болады. Мотоциклші 50 м орын ауыстырғанда кедергі күшінің атқарған жұмысы (Ж:3000 Дж)

  18. Дене шамасы 40 Н күш әсерінен вертикаль жоғары 2 м қашықтыққа орын ауыстырды. Күштің атқаратын жұмысы (Ж:80 Дж)

  19. Денеге әсер ететін тең әрекеті 50 H-ға тең күшпен горизонталь бағытталған. Дене координатасы х = 24 + 10t - t2 заңымен өзгерді. 10с ішінде күштің атқарған жұмысы (Ж: 0)

  20. Жәшікті 300 бұрыш жасай отырып горизонталь жолмен тартқандағы күші 60 Н-ға тең. 0,5 км қашықтыққа орын ауыстырғанда атқарылған жұмыс (Ж:26 кДж)

  21. Автомобиль двигателінің массасы 1,3 т. алғашқы 75 м жолды 10 с ішінде өткендегі кедергі коэффициенті 0,05-ке тең. Автомобиль двигателінің жұмысы (Ж:195 кДж )

  22. Бірқалыпты горизонталь жазықтықта қозғалып бара жатқан массасы 2 кг денеге 450 бұрышпен тұрақты күш әсер етеді. Дене мен жазықтық беттерінің үйкеліс коэффиценті 0,1 ге тең. Жолдың 1 м бөлігінде үйкеліс күшінің жұмысы (g = 10м/с2, cos 450 ≈ 0,7) (Ж:-2 Дж )

  23. Су станциядағы генератордың орташа қуаты 2,5 MВт. Оның бір сағат ішіндегі атқарған жұмысы (Ж:9∙109 Дж)

  24. Бірқалыпты күштің әсерінен 4с ішінде дененің импульсінің өзгерісі 20кг∙м/с-қа тең болады. Бүл күштің мәні. (Ж: 5Н)

  25. Массасы 0,1кг арбаша үстелдің горизонталь бетінде 5м/с жылдамдықпен қозғалады. Арба импульсінің проекциясы (Ж: 0,5кг·м/с)

  26. Массасы 10г ұшу жылдамдығы 600м/с оқ қабырғаны тесіп өткен соң 200м/с жылдамдықпен қозғалады. Оқтың қозғалыс мөлшерінің өзгерісі (Ж: 4кг·м/с)

  27. Массасы 150г доп беті тегіс қабырғаға 300 бұрыш жасай соғылды да, жылдамдығын жоғалтпастан кері қарай ұшады. Доптың жылдамдығы 10м/с, ал соқтығысу мерзімі0,1с. Қабырға тарапынан допқа әсер етуші күштің орташа мәні (Ж: 15Н)

  28. Массасы 10т вагон 2м/с жылдамдықпен қозғалды. Оны 3м/с жылдамдықпен келе жатқан массасы 15т вагон қуып жетеді. Егер соқтығысу серпімсіз болса, соқтығысқаннан кейінгі вагондардың жылдамдығы (Ж: 2,6м/с)

  29. 8км/с жылдамдықпен айналатын массасы 3т жер серігінің импульсі (Ж: 2,4·107кг·м/с)

  30. Үстелде массасы 600г ағаш кесегі жатыр. Үстел бетіне параллель 500м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан массасы 9г оқ ағаш кесегіне тиіп, сонда тұрып қалды. Ағаш кесегінің қозғалыс жылдамдығы (Ж: 7,5м/с)

  31. 2м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 60т темір жол вагоны массасы 30т қозғалмай тұрған вагонға тіркеледі. Тіркелгеннен кейінгі вагондардың жылдамдығы (Үйкелісті ескермеңдер) (Ж: 1,33м/с)

  32. 8м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 50кг хоккейші массасы 0,5кг шайбаны хоккей таяғымен өз қозғалысының бағытына қарай ұрады. Соққыдан кейін шайба 100м/с жылдамдықпен қозғалады. Хоккейшінің шайбаны соққаннан кейінгі жылдамдығы (Ж: 7м/с)

  33. Массасы 0,5 кг денеге 0,5 минут бойы 15 Н күш әсер етті. Күш импульсі. (Ж:450 Н·с)

  34. Массасы 8 кг мылтықтан массасы 16 г оқ 600 м/с жылдамдықпен ұшып шықты. Мылтықтың кері қозғалу жылдамдығы. (Ж:1,2 м/с)

  35. Массалары 7 кг және 3 кг, ал жылдамдықтары сәйкесінше 3 м/с және 2 м/с екі дене бір-біріне қарсы қозғалып, серпімсіз соқтығысады. Соққыдан кейінгі денелердің жалпы жылдамдығы (ОХ осі оңға бағытталған) (Ж:1,5 м/с)

  36. 72 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан массасы 1000 кг автомобиль двигательді сөндірген соң тежеліп тоқтайды. Егер кедергі күші 0,20 кН болса., тежелу уақыты (Ж: 100с)

  37. Егер массасы 1500т поезд 150кН тежеуші күш әсерінен тежеліп, 500м жол жүріп барып тоқтады. Оның бастапқы жылдамдығы (Ж: 10м/с)

  38. Ұзындығы 36м горизонталь жол бөлігінде, велосипедші жылдамдығын10м/с-тан 8м/с-қа дейін азайтты. Кедергі коэффициенті (g=10м/с2) (Ж: 0,05)

  39. Автомобиль 72 км/cағ жылдамдықпен қозғалады, дөңгелектерінің жолмен үйкеліс коэффициенті 0,7. Ең аз тежелу жолы (g=10 м/с2) (Ж:≈29м)

  40. Авариялық тежелудегі үйкеліс коэффициенті 0,4 жылдамдығы 12 автобустың тежелу уақыты ( ) (Ж:3 с)

  41. Мұз бетіне жіберілген шайба 40 м–ге жетіп тоқтаса, онда оның бастапқы жылдамдығы (шайбаның мұзбен үйкеліс коэфффициенті 0,05; ) (Ж:6,3 )

  42. Пойыздың жылдамдығын 2 есе кеміткенде, оның тежелу жолы (Ж:4 есе кемиді)

  43. Пойыздың жылдамдығын 4 есе кеміткенде, тежелу жолы (Ж:16 есе кемиді)

  44. 12 м/c жылдамдықпен қозғалған автомобильдің тежелу уақыты 3 с болғанда, толық тоқтағанға дейінгі жүрген жолы (Ж:18 м)

  45. 0,5 м/с2 тұрақты үдеумен қозғалған автомобильдің жылдамдығы белгілі бір уақыттан кейін 10 м/с болады. Автомобильдің осы уақытта жүрген жолы (Ж:100 м)

  46. Жылдамдығы 20 м/с автомобиль 4 м/с2 үдеумен тежеле бастады. Автомобильдің толық тоқтағанға дейінгі жолы (Ж:50 м)

  47. Жылдамдығы 36 км/сағ автобустың үдеуі 1 м/с2 аспау үшін, автобустың аялдамаға дейінгі тежелу жолы (Ж:50 м)

  48. 72 км/сағ жылдамдықпен қозғалған поезд станцияға жете бере 1м/с2 үдеумен тежеле бастады. Толық тоқтағанға дейін жүрген жолы (Ж:200 м)

  49. Дене тыныштықтан 5 м/с2 үдеумен қозғалып 1000 м жол жүргендегі соңғы жылдамдығы (Ж:100 м/с)

  50. 2 м/с2тұрақты үдеумен қозғалған автомобильдің сол мезеттегі жылдамдығы 10 м/с. Осыған дейінгі 4 с-та жүрген жолы мен жылдамдықтың өзгерісі (Ж:24 м, 8 м/с –қа)

  51. Массасы 10 кг, жылдамдығы 36 км/сағ дененің кинетикалық энергиясы (Ж:500 Дж)

  52. Массасы 100 кг, 60 км/мин жылдамдықпен қозғалатын зымыранның кинетикалық энергиясы (Ж:5∙107 Дж)

  53. Қатаңдығы 1000Н/м болатын серіппе өзіне бекітілген денеге 400Н күшпен әсер етеді. Осы серіппенің потенциалдық энергиясы: (Ж: 80Дж)

  54. Қатаңдығы 500Н/м болатын серіппе өзіне бекітілген денеге 200Н күшпен әсер етеді. Серіппенің потенциалдық энергиясы (Ж:40Дж)

  55. Массасы 0,4кг допты 20м/с жылдамдықпен тік жоғары лақтырды. Доптың ең жоғарғы биіктіктегі потенциалдық энергиясы (Ж: 80Дж)

  56. Жоғарыдан сырғанап түскен шананың кинетикалық энергиясы 240Дж. Егер горизонталь бөліктегі тежелу жолы 12м болса, тежелу кезіндегі үйкеліс күші (Ж:20Н)

  57. Деформацияланбаған серіппе 0,1м-ге сығылды. Серіппенің қатаңдығы 90Н/м. Серіппенің потенциалдық энергиясының өзгерісі (Ж: 0,45Дж)

  58. Массасы 400г, 2м биіктіктен құлап түскен дененің жерге соғылғандағы кинетикалық энергиясы (g=10м/с2) (Ж: 8Дж)

  59. Массасы 100г, тік жоғары қарай 10м/с жылдамдықпен лақтырылған дененің ең жоғарғы нүктедегі потенциалдық энергиясы (Ж: 5Дж)

  60. Массасы 50г, тік жоғары қарай 30м/с жылдамдықпен атылған жебенің, 2с-тан кейінгі потенциалдық және кинетикалық энергиясының мәндері (g=10м/с2)

(Ж: 20Дж; 2,5Дж)

  1. Массасы 80кг парашютші әуеде қозғалыссыз тұрған тікұшақтан 200м-ге құлап, 50м/с жылдамдыққа ие болды. Ауаның кедергі күшінің жұмысы (Ж: 60кДж)

  2. Массасы 2т ұшақ горизонталь бағытта 50м/с жылдамдықпен ұшып барады. 420м биіктікте ол двигателін өшіріп, төмендей бастады да, 30м/с жылдамдықпен аэродром жолына келіп жетті. Ұшақ қалықтап төмен түскенде ауаның кедергі кұшінің жұмысы (g=10м/с2) (Ж: 10МДж)

  3. Үстіндегі адамды қоса есептегендегі массасы 100кг қолшана биіктігі 8м, ұзындығы 100м төбешіктен сырғанап түсті. Егер төбешіктің етегінде шананың жылдамдығы 10м/с және бастапқы жылдамдығы нөлге тең болса, қозғалыстың орташа кедергі күші (g=10м/с2) (Ж: 30Н)

  4. Массасы 3т автомобиль горизонталь жолда 2м/с2 үдеумен қозғала бастады. Үйкеліс коэффициенті 0,02. Двигательдің 2с ішінде істейтін жұмысы. (g=10м/с2)

(Ж: 26,4кДж)

  1. Кітаптың массасы 500 г, үстелдің биіктігі 80 см. Еденге қатысты кітаптың потенциялық энергиясы (g = 10 м/с2) (Ж:4 Дж)

  2. Салмағы 40 Н денені 120 см биіктікке көтеру атқарылатын жұмыс (Ж:48 Дж)

  3. Массасы 1 кг арбаша 3 м/с жылдамдықпен қозғалады. Оның энергиясын 2 есе арттыру үшін атқарылатын жұмыс (Ж:4,5 Дж)

  4. Жұмысшы горизонталь 600Н күш жұмсай отырып, жәшікті 3 м-ге жылжытқанда істейтін жұмысы (Ж:1800Дж)

  5. Массасы 3 кг дененің Жер бетінен 1 м қашықтықтағы потенциалдық энергиясы (g = 10 м/с2) (Ж:30 Дж)

  6. Массасы 3 кг еркін түсіп келе жатқан дененің Жер бетінен 2 м қашықтықтағы потенциалдық энергиясы (g=10 м/с2) (Ж:60 Дж)

  7. Массасы 3 кг еркін түсіп келе жатқан дененің Жер бетінен 3 м қашықтықтағы потенциалдық энергиясы (g =10 м/с2) (Ж:90 Дж)

  8. Массасы 3 кг еркін құлаған дененің Жер бетінен 4 м қашықтықтағы потенциалдық энергиясы (g =10 м/с2) (Ж:120 Дж)

  9. Массасы 0,1 кг, тік жоғары 10 м/с жылдамдықпен лақтырылған дененің, көтерілгендегі ең жоғарғы нүктесіндегі потенциалдық энергиясы (g=10м/с2)

(Ж:5 Дж)

  1. Массасы 500 г, 4 м/с жылдамдықпен тік жоғары лақтырылған дененің ең жоғарғы биіктіктегі потенциалдық энергия өзгерісі (g=10 м/с2) (Ж:4 Дж)

  2. Массасы 50 г, 30 м/с жылдамдықпен тік жоғары атылған жебенің 2 с өткеннен кейінгі потенциалдық энергиясы (g=10 м/с2) (Ж:20 Дж)

  3. 20 Н күштің әсерінен балалар пистолетінің серіппесін 3 см-ге жиырған кездегі потенциалдық энергиясы (Ж:0,3 Дж)

  4. Массасы 6,6т, 7,8 м/с жылдамдықпен қозғалған «Союз» сериялы ғарышкеменің кинетикалық энергиясы (Ж:200 кДж)

  5. Жылдамдығы жолдың бір бөлігінде 2 м/с -тен 8 м/с –қа артқан, массасы 4 кг еркін түсіп келе жатқан дененің, осы жолдағы ауырлық күшінің жұмысы (g = 10м/с2) (Ж:120 Дж)

  6. Футбол добының массасы хоккей шайбасының массасынан 3 есе көп, жылдамдығы 3 есе кем, болса кинетикалық энергияларының қатынасы Wф /Wш (Ж:1/3)

  7. Кинетикалық энергиясы 16 Дж, импульсі 8 кг м/с дененің жылдамдығы (Ж:4 м/с)

  8. Ұзындығы 40 см, вертикальмен 600 жасай горизонталь жазықтықта шеңбер сызатын жіпке ілінген массасы 100 г шардың кинетикалық энергиясы (g = 10 м/с2, sin 600 = 0,8660) (Ж:0,3 Дж)

  9. Өзі түсіргіш машинаның массасы жеңіл автомобилдікінен 18 есе артық, ал жылдамдығы 6 есе кем болса, кинетикалық энергияларының қатынасы Wт/Wж (Ж:1/2)

  10. Жерден биіктігі 20м «американ тауының» ең жоғарғы нүктесінен алғашқы жылдамдықсыз науамен қозғалысын бастаған арбаның бірден төмен түскендегі, 2м биіктіктегі жылдамдығы (g=10м/с2) (Ж:≈19 м/с)

  11. 4 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 3 кг дененің кинетикалық энергиясы (Ж:24 Дж)

  12. Дененің жылдамдығын екі есе азайтып, массасын 2 есе арттырғанда кинетикалық энергия (Ж:2 есе азаяды)

  13. Бастапқы жылдамдығы нөлге тең, массасы 1 кг, 3 Н күштің әсерінен қозғалған дененің 2 с-тан кейінгі кинетикалық энергиясы (Ж:18 Дж)

  14. Бастапқы жылдамдығы 8 м/с, массасы 2 кг денені тоқтату үшін атқарылатын жұмыс (Ж:64 Дж)

  15. Жылдамдықтың уақытқа тәуелділігінің графигі арқылы, массасы 20 т автобустың,

кедергі коэффициенті 0,05-ке тең болған жағдайда 20 с ішіндегі кинетикалық энергияның өзгерісі

(Ж:3 МДж)



  1. Массасы 2 т, үйкеліс коэффициенті 0,4-ке тең, авариялық тежелуде 50 м жүріп, барып тоқтаған автомобильдің үйкеліс күші жұмысы (Ж:-400 кДж)

  2. Кинетикалық энергиясы 16 Дж, импульсі 8 кг·м/с дененің массасы (Ж:2 кг)

  3. Массасы 400 г, 300 см биіктіктен құлап түскен дененің жерге ұрылғандағы кинетикалық энергиясы (g=10м/с2) (Ж:12 Дж)

  4. 4 м/с жылдамдықпен тік жоғары лақтырылған массасы 0,5 кг дененің ең жоғарғы биіктікке көтерілгендегі кинетикалық энергиясының өзгерісі (g=10 м/с2) (Ж:-4 Дж)

  5. Жылдамдығы 4 м/с, массасы 0,5 кг тік жоғары лақтырылған дененің ең жоғарғы биіктікке көтерілгендегі ауырлық күшінің жұмысы (g = 10 м/с2) (Ж:-4 Дж)

  6. 5 м биіктіктен, массасы 3 кг дененің Жер бетінен 2 м қашықтықтағы кинетикалық энергиясы (g=10 м/с2) (Ж:90 Дж)

  7. 5 м биіктіктен, массасы 3 кг дененің Жер бетінен 3 м қашықтықтағы кинетикалық энергиясы (g=10 м/с2) (Ж:60 Дж)

  8. 5 м биіктіктен, массасы 3 кг дененің Жер бетінен 1 м қашықтықтағы кинетикалық энергиясы (g =10 м/с2) (Ж:120 Дж)

  9. 20 м биіктіктен еркін түсетін массасы 20 кг дененің Жер бетінен 1 м қашықтықтағы потенциалдық және кинетикалық энергиялары (g = 10 м/с2)

(Ж:200Дж,3800Дж)

  1. Массасы 100 кг арбаша горизонталь бетте бір қалыпты қозғалады.Оған массасы 10 кг құмы бар қап құлайды. Арбашаның жылдамдығы (Ж:1,1 есе кемиді)

  2. Серпімді деформацияланған серіппенің ұзындығын 2 есе арттырсақ, онда оның потенциалдық энергиясы. (Ж:4 есе артады)

  3. Қатаңдығы k серіппе F күштің әсерінен x -ке созылды. Серпімді деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы. (Ж:kx2/2)

  4. Массасы m денені Жерден h биіктікке көтерді. Дененің потенциалдық энергиясы.(Ж:mgh)

  5. Массасы m дене Жер бетінен h ара қашықтықта тұрды. Сосын ара қашықтық ∆h-қа кеміді.Дененің потенциалдық энергиясы. (Ж:mg∆h-қа кеміді)

  6. Отынсыз массасы 400 т зымыран, отын жанғанда 125 м биіктікке көтеріледі. Отын массасы 50 т. Отынды бірден жанып кетеді деп есептеп, зымыраннан газдың ұшып шығу жылдамдығы. (Ж:400 м/с)

  7. Суретте горизонтқа бұрыш жасап лақтырылған дененің қоғалыс траекториясы берілген. Кинетикалық және потенциалдық энергиялардың қосындысы (Ауаның кедергісін ескермеңдер.)

(Ж:Барлық нүктеде бірдей)



  1. Зеңбіректен ату кезінде снаряд 280м/с жылдамдықпен тік жоғары ұшады. Дененің кинетикалық энергиясы потенциалдық энергиясына тең болатын биіктігі. (g=10м/с2) (Ж:1960 м)

  2. Массасы 0,5 кг жүк 10 м биіктіктен құлайды. Түсе бастағаннан 1с өткеннен кейінгі потенциалдық энергиясын (g=10м/с2)

(Ж:25 Дж)

  1. Массасы 2 кг дененің 10 м биіктікте 20 м/с жылдамдықпен қозғалғандағы толық механикалық энергиясын (Ж:600 Дж)

  2. Массасы 100г,тік жоғары қарай 10м/с жылдамдықпен лақтырылған дененің,көтерілгендегі ең жоғарғы нүктедегі потенциалдық энергиясы. (Ж:5 Дж)

  3. Бастапқы жылдамдығы нөлге тең, массасы 2,5 кг жүк 10 м биіктіктен құлайды. Түсе бастағаннан 1 с өткенде оның потенциалдық энергиясының өзгерісі (g=10м/с2) (Ж:125 Дж)

  4. Серіппесінің қатаңдығы 10000 Н/м динамометрді бала созып, өзінің тарта алатын ең үлкен күші 400 Н-ға тең екендігін анықтады. Баланың серіппені созғанда атқаратын жұмысы (Ж:8 Дж)

  5. Жоғарғы ұшы бекітілген серіппеге массасы 18 кг дене ілінген. Сондағы серіппенің ұзындығы 10 см. Оған массасы 30 кг денені ілгенде, оның ұзындығы 12 см болды. Серіппені 10 см-ден 12 см-ге дейін созу үшін атқарылатын жұмыс (g=10м/с2) (Ж:≈ 14 Дж)

  6. Массасы 250 г дене 15 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырған кездегі кинетикалық энергиясы (Ж:28 Дж)

  7. Массасы 40 кг бала шаңғымен (тыныштық күйден) h1 =2 м ойға сырғанап түсіп, биіктігі h2 = 1 м қарама қарсы жағына көтеріледі (сурет). h2 биіктікке көтерілген кездегі баланың кинетикалық энергиясы. ( Қозғалысқа кедергіні ескермеңдер. g = 10 м/с2 ).



(Ж:400 Дж)

  1. Жебенің бастапқы жылдамдығы 40 м/с. Садақтан вертикаль жоғары жіберілген жебенің ең жоғарғы көтерілу биіктігін есепте. (Ауаның кедергісін ескермеңдер. g = 10 м/с2) (Ж: 80 м)

  2. Бастапқы кинетикалық энергиясы 49 Дж массасы 0,25 кг допты вертикаль жоғары лақтырғанда, кинетикалық және потенциалдық энергияларының теңесетін биіктігі (g = 10 м/с2) (Ж:10 м).

  3. Бастапқы жылдамдықсыз 30 м биіктіктен құлаған массасы 4 кг дененің потенциалдық энергиясы 3 есе кеміген кезде кинетикалық энергиясы (g = 10 м/с2) (Ж:800 Дж.)

  4. Массасы 2 кг 4 м/с жылдамдықпен қозғалған шардың, массасы 2 кг тыныштықта тұрған шармен абсолют серпімсіз соқтығысқанда, толық кинетикалық энергиясы (Ж:8 Дж)

  5. 50 Н күштің әсерінен жер бетінен 10 м биіктіктегі 4 кг дененің кинетикалық энергиясы (g = 10 м/с2) (Ж:100 Дж.)

  6. Жылдамдығы 10 м/с автомобильдің кинетикалық энергиясы 2 есе кемігенде пайда болған жылдамдық (Ж: м/с).

  7. Массасы 500 г вертикаль жоғары лақтырылған дененің кинетикалық энергиясы 200 Дж болу үшін дененің жер бетінен көтерілу биіктігі (g = 10 м/с2) (Ж:40 м.)

  8. 4 м/с2 үдеумен 4 с қозғалған 2 кг дененің кинетикалық энергиясы (Ж:256 Дж).

  9. 36 км/сағ жылдамдықпен қозғалған массасы 1000 кг дененің кинетикалық энергиясы (Ж:5∙104 Дж).

  10. Вертикаль жоғары лақтырылған дененің 1 м биіктікте кинетикалық энергиясы 25 Дж-ға артса, ауырлық күшінің жұмысы (Ж:-25 Дж.)

  11. 400 м/с жылдамдықпен тосқауылға тиген массасы 24г оқ 0,5 м жол жүріп тоқтау үшін қажетті кедергі күші (Ж:3,8 кН.)

  12. Кинетикалық энергиясы 16 Дж, импульсі 8 кг·м/с дененің массасы мен жылдамдығы (Ж:2 кг; 4 м/с).

  13. Шегені 3м/с жылдамдықпен қабырғаға қаққан массасы 0,4 кг балғаның кинетикалық энергиясы (Ж:1,8 Дж).

  14. Жылдамдығын 36 км/сағ-тан 54 км/сағ-қа арттырған массасы 60 кг дененің кинетикалық энергиясының өзгерісі (Ж:3,75 кДж).

  15. 8 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылған массасы 500 г доптың ең жоғарғы нүктесіндегі толық энергиясы (Ж:16 Дж)

  16. Потенциалдық энергиясы 4 кДж, 8 см-ге сығылған серіппенің қатаңдығы (Ж:800 кН/м).

  17. Бастапқы ұзындығы ℓ0 серіппені біріншісінде А1 жұмыс жасап 2 ℓ 0 дейін созса, екіншісінде 2 ℓ 0 – дан 3 ℓ 0 – ге дейін созу үшін А2 жұмыс жасалса, А12 (Ж:3/5).

  18. 10 см-ден 15 см-ге дейін созылған қатаңдығы 300 Н/м серіппенің потенциалдық энергиясының өзгерісі (Ж:1,875 Дж.)

  19. 15 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылған массасы 500 г доптың ең жоғарғы нүктесіндегі потенциалдық энергиясы (Ж:56,25 Дж)

  20. Ойыншық серіппелі пистолеттен атылған массасы 0,01 кг шар вертикаль жоғары 1 м биіктікке көтеріледі. Қатаңдығы 400 Н/м серіппенің деформациясы (g = 10 м/с2) (Ж:≈2,2 см).

  21. Серіппесі 4 см-ге созылған, қатаңдығы 50 Н/м динамометрдің потенциалдық энергиясы (Ж:4·10-2 Дж).

  22. Мылтықтан атылған оқ 1000м/с бастапқы жылдамдықпен, содан соң 500 м/с жылдамдықпен жерге құлады. Егер оқтың массасы 10г болса, онда кедергі күшінің жұмысы (Ж:3750 Дж )

  23. Тыныштық күйден жылдамдыққа дейін қозғалатын автомобиль двигателі 1000Дж жұмыс атқарады. жылдамдықтан 2 жылдамдыққа жету үшін двигательдің атқаратың жұмысы (Ж:3000 Дж)

  24. Автомобиль 72 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Кинетикалық энергиясын екі есе арттыру үшін оның қозғалу жылдамдығы (Ж:20 м/с )

  25. 36 км/сағ жылдамдықпен қозғалған массасы 1т автомобильдің кинетикалық энергиясы (Ж:50 кДж)

  26. Массасы 2 кг тас вертикаль жоғары лақтырылған, оның бастапқы кинетикалық энергиясы 400 Дж, 15 м биіктікте оның жылдамдығы (Ж:10 м/с )

  27. Массасы 3 т жүк 2 м/с2 үдеумен жоғары көтеріледі. Алғашқы 1,5 с ішінде көтерілгендегі жұмысы ( g = 10 м/с2) (Ж:8100Дж )

  28. Көлемі 0,25 м3 бетон плитаны 6м биіктікке көтереді, осы кездегі атқаратын жұмыс (ρ = 2г/см3) (Ж:30000 Дж )

  29. Көлемі 0,25 м3 бетон плитаны 6 м биіктікке көтерді, оның 3 метрін судан көтерді. Осы кездегі атқарылатын жұмыс ( ) (Ж:22,5 кДж)

  30. Ұзындығы 30 см серіппе 22 см-ге дейін сызылған, серіппенің ұзындығын 1см кішірейту үшін 0,2 кH күш қажет.Серіппенің потенциалдық энергиясы (Ж:64 Дж)

  31. Стақандағы судың массасы 300г, столдың биіктігі 80 см. Cтақандағы судың еден деңгейіне қатысты потенциалдық энергиясы (g = 10 ) (Ж:2,4 Дж)

  32. Столдың биіктігі 80 см, стақандағы судың массасы 200 г. Суы бар стаканның еденге қатысты потенциалдық энергиясы (g = 10 ) (Ж:1,6 Дж)

  33. Дене 10 м биіктіктен еркін құлайды. Жер бетінен 6 м биіктіктегі дененің жылдамдығын (g = 10 ) (Ж:8,9 м/с)

  34. Ойыншық автомобильдің моторының қуаты 1,5Вт. Бірқалыпты қозғалғандағы алған жылдамдығы 0,5м/с. Қозғалысқа әсер ететін күш 2Н. Автомобильдің ПӘК-і (Ж:67%)

  35. Қозғалтқышының қуаты 10 кВт және ПӘК-і 80% көтергіш кран массасы 5т жүкті 15 м биіктіке көтеруге жұмсайтын уақыты (g = 10м/с2) (Ж:94 с)

  36. Қозғалтқышының қуаты 25 кВт сорғы 100 м3 мұнайды 8 мин. ішінде 6 м биіктікке жеткізетін қондырғының ПӘК-і (g = 10м/с2 ; ρм = 800 кг/м3) (Ж:40 %)

  37. Масссасы 2 т жүкті 50 м биіктікке қуаты 10 кВт көтергіш кранның көмегімен көтеруге жұмсалған уақыт (қозғалтқыштың ПӘК-і 75 %, g = 10 м/с2) (Ж:≈130 с)

  38. Қозғалтқышының қуаты 3 кВт су сорғыш құдықтан 20 м тереңдіктен 2 сағатта көтеретін судың массасы (қозғалтқыштың ПӘК-і 70%, g=10 м/с2) (Ж:77 т)

  39. Биіктігі 30 м су станциясында әрбір секундтта құлаған, 17т судың беретін электр қуаты 10 МВт болса, механикалық энергияның электр энергиясына айналу ПӘК-і (g = 10м/с2) (Ж:51 % )

  40. Рычагтың ұзын иініне 2,5 кН күш түсіріп, рычагтың қысқа иініне ілулі тұрған массасы 1 т жүкті көтереді. Жүкті 0,8 м биіктікке көтергенде,күш түсірілген нүкте 4 м биіктікке түсті.Рычагтың ПӘК-і. (g = 10 ) (Ж:80 %)

  41. Егер судың шығыны секундына 6 м3, плотина биіктігі 20 м, ал станцияның қуаты 900 кВт болса, ГЭС-тің ПӘК-і. ( ) (Ж:0,75)

  42. Көлбеу жазықтық көмегімен жүкті көтерген кездегі пайдалы жұмыс 800 Дж, ал толық жұмыс 1000 Дж. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-і. (Ж:80 %)

  43. Көлбеу жазықтық көмегімен жүкті белгілі бір биіктікке көтереді. Егер үйкеліс болмаса,онда көлбеу жазықтықтың ПӘК-і. (Ж:100 %)

  44. ПӘК-і 40% көлбеу жазықтықпен 400 Дж жұмыс жасап көтерілген дененің пайдалы жұмысы (Ж:160 Дж).

  45. ПӘК-і 60 % көлбеу жазықтықпен 300 Дж пайдалы жұмыс жасап жүкті көтергенде жұмсалған толық жұмыс (Ж:500 Дж.)

  46. Пайдалы жұмысы 4000Дж, атқарған толық жұмысы 6 кДж қондырғының ПӘК-(Ж:≈67%).

  47. 5 кДж толық жұмыс жасаған ПӘК-і 75% қондырғының пайдалы жұмысы (Ж:3,75 кДж).

  48. ПӘК-і 60 % көлбеу жазықтықмен салмағы 3,5 кН жүкті 1,4 м биіктікке көтеру үшін атқарылған жұмыс (Ж:8,2 кДж).

  49. ПӘК-і 70% және двигателінің қуаты 9 кВт кранның, массасы 5 т жүкті 20 м биіктікке көтеру уақыты (g = 10 м/с2) (Ж: ≈159 с).

  50. Қуаты 30 МВт, 900 км/сағ жылдамдықпен 1 сағат ұшқан, масасы 5 т ұшақтың ПӘК-і (g = 10 м/с2) (Ж:42 %).

  51. Массасы 500 кг денені 3 минуттың ішінде 15 м биікттікке көтеретін двигателінің қуаты 2 кВт, кранның ПӘК-і (g = 10 м/с2) (Ж:21 %).

  52. 100 м3 суды 4 м биіктікке 10 мин ішінде көтерген, двигателінің қуаты 20 кВт насостың ПӘК-і (ρ = 1000кг/м3 ; g = 10 м/с2) (Ж:33 %)

  53. Жылжымалы блоктың көмегімен массасы 3 т жүкті 6 м биіктікке көтергенде, тростың керілу күші 16 кН. Блоктың ПӘК-і (Ж:94%.)

  54. Ұзындығы 0,6 м көлбеу жазықтықпен 20 см биіктікке 400 г жүкті бірқалыпты көтеру үшін 2,5 Н күш әсер етілсе, көлбеу жазықтықтың ПӘК-і (Ж:53 %).

  55. Гидравликалық престің кіші поршеніне түсірілген күш 400 Н, ал үлкеніне түсірілген күш – 36 кН. Осы престің күштен беретін ұтысы ... (Ж:90 есе)

  56. Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы 5 м2, үлкенінің ауданы – 500м2. Осы престің күштен беретін ұтысы ... (Ж:100 есе)

  57. Егер кіші поршеннің ауданы 1,2 м2, үлкен поршеннің ауданы – 1440 м2, кіші поршеньге әсер ететін күш 1000 Н болса, гидравликалық көтергіштің көмегімен көтеруге болатын дене массасы (Үйкеліс ескерілмейді) (Ж:120 т)

  58. Көлденең қималары әртүрлі екі қатынас ыдыстар сумен толтырылған. Олар поршеньмен жабылған. Жіңішке ыдыстың көлденең қимасының ауданы кең ыдыстікінен 100 есе кіші. Кіші поршеньге салмағы 10 Н жүк қойылды. Екі жүк те тепе-теңдікте болу үшін үлкен поршеньге қойылатын жүктің салмағы (Поршеньдердің салмағы ескерілмейді). (Ж:1 кН)

  59. Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы 10 м2. Оған әсер етуші күш 200 Н. Үлкен поршеннің ауданы 200 м2. Осы жағдайда үлкен поршеньге әсер ететін күш ...

(Ж:4 кН)

  1. Гидравликалық престің ауданы 180 м2 үлкен поршеніне 180 кН күш әсер етеді. Кіші поршеннің ауданы 4 м2. Осы жағдайда кіші поршень престегі майға әсер ететін күш... (Ж:4000 Н)

  2. Кіші поршеннің ауданы 10 см2 үлкен поршеннің ауданы 0,1м2. Массасы 1000 кг автомобильді гидравликалық көтергіш көмегімен көтеру үшін кіші поршеньге түсірілетін күш (Ж:100 Н)

  3. Гидравликалық престің кіші поршені 500 Н күштің әсерінен 15 см-ге төмендеді. Ал үлкен поршень 5 см-ге көтерілді. Ол үшін үлкен поршеньге әсер ететін күш (Ж:1,5 кН)

  4. Гидравликалық престің ауданы 2 м2 кіші поршені 200 Н күштің әсерінен 16см-ге төмендеді. Үлкен поршеннің ауданы 8 м2 . Осы жағдайда жүктің көтерілген биіктігі

(Ж:4 см)

  1. Гидравликалық машинадағы қысым 400 кПа. Кіші поршеньге 200 Н күш әсер етеді. Үлкен поршеннің ауданы 400 м2 . Кіші поршеннің ауданы (Ж:5 ∙10-4м2)

  2. Гидравликалық престің ауданы 1 см2 кіші поршеніне 10 Н күш әсер етеді. Ауданы 0,1 м2 үлкен поршеньге әсер ететін күш.(Ж:10000 Н)

  3. Металл білеушені сұйықтыққа батырамыз (сурет). Білеушенің 1, 2, 3 жағдайындағы кері итеруші күштерін салыстыр.


(Ж:F3 < F1; F2 = F1)

  1. Кіші поршеньге 40 Н күш әсер етеді. Гидравликалық машинаның күштен 20 есе ұтыс беретін үлкен поршеніне әсер ететін күш.(Ж:800 Н)

  2. Суға батырылған шыны шарға 2500 Н Архимед күші әсер етеді.Осы шардың көлемі.... (ρсу = 1000 кг/м3; g = 10 м/с2 ).(Ж:0,25 м3)

  3. Мына жағдайда ауа шарына әсер ететін кері итеруші күш үлкен

1)Жердің бетінде ; 2) 100 м биіктікте; 3) 200 м биіктікте.(Ж:1)

  1. Шаңғышы көлбеу жазықтық табанындағы 15 м/с жылдамдығымен, жолдың қалған бөлігін 20 с уақытта сырғанайды. Шаңғышының қармен сырғанау коэффициенті ( ) (Ж:0,075)

  2. Үйкеліс коэффициенті 0,3, массасы 20 кг жүкті көкжиек жазықтық бойымен 100 Н күш әсер ете қозғайды. Жүк үдеуінің мәні ( ) (Ж:2 м/с2)

  3. Үйкеліс коэффициенті 0,46, массасы 20 кг жүкті көлбеулік бұрышы 300 жазықтық бойымен 0,6 м/с2 үдеу бере тартса, қозғалыс бағытымен әсер ететін күштің мәні ( ; ) (Ж:≈200 Н)

  4. Үйкеліс коэффициенті 0,2 дене, көлбеулік бұрышы 300 көлбеулік жазықтық бойымен 2 с сырғанай түседі. Дененің көлбеу жазықтық табанындағы жылдамдығы (g = 10м/с2; sin300 = 0,5; cos300 = 0,87) (Ж:6,54 м/с)

  5. Көкжиеке 450 бұрыш жасай орналасқан көлбеу жазықтық бойымен 152 Н күш жұмсай бірқалыпты сүйрей қозғаған жүктін массасы

(үйкеліс коэффициенті 0,3; g = 10м/с2; sin450 = 0,7; cos450 = 0,7) (Ж:≈46 кг)

  1. Массасы 174 кг жәшікті еденмен жіп арқылы көкжиекке 300 бұрыш жасай бірқалыпты тартады. Жүктің еденмен үйкеліс коэффициенті 0,25. Жүкті тарту күші

( ; sin300 = 0,5; ) (Ж:≈500 Н)

  1. Массасы 1,5 т автомобиль көлбеулік бұрышы 300 жолмен жоғары қарай 15 кН тарту күші әрекетінен 0,5 м/с2 үдеу алып қозғалды. Автомобиль дөңгелегінің жолмен үйкеліс коэффициенті ( ; ) (Ж:0,52)

  2. Массасы 4 т автомобиль 0,2 м/с2 үдеумен тауға көтеріліп барады. Егер = 0,02 және кедергі коэффициенті 0,04 болса, тарту күшінің мәні ( ) (Ж:3,2 Н)

  3. Рычаг иіндері ℓ1 = 60 см, ℓ2 = 240 см. Осы рычагтың көмегімен массасы m = 240 кг тасты көтеру үшін үлкен иіндікке түсірілген күш (g = 10 Н/кг) (Ж:0,6 кН)

  4. Жүктерді теңестіру үшін, рычагтың А нүктесіне түсірілген күш. (g = 10 Н/кг)

(Ж:100 Н)



  1. Рычаг тепе теңдік күйде тұр (сурет). Егер рычагтың қысқа иінінің ұзындығы

20 см болса,онда оның жалпы ұзындығы. (g = 10 Н/кг)

(Ж:60 см)



  1. Рычаг тепе теңдік күйде болу үшін,рычагтың сол жақ шетіне түсіретін күш.

(g = 10 )

(Ж:50 Н)


  1. Рычаг тепе теңдік күйде тұр. Егер F1 = 12 Н болса, рычагтың А нүктесіне түсірілген күш.

(Ж:24 Н)


  1. Көлбеу жазықтық күштен 3 есе ұтыс береді. Осы көлбеу жазықтық қашықтықта

(Ж:3 есе ұтылыс береді)

  1. Рычаг күштен 3 есе ұтыс береді.Осы рычаг ара қашықтықта.

(Ж:3 есе ұтылыс береді)

  1. Сурет бойынша рычагтың ара қашықтықтан беретін ұтылысын анықта, мұнда: АО = 0,5 м, ОВ = 1,5 м.

(Ж:3)


  1. Иінтіректің кіші иіні -5 см, үлкен иіні - 30 см. Кіші иініне 12 Н күш әсер етеді. Иінтіректі тепе-теңдікте ұстау үшін үлкен иінге түсірілген күш (Ж:2 Н)

  2. Иінтіректің үлкен иіні 20см, кіші иіні 5 см. Үлкен иініне 10 Н күш әсер етті. Иінтіректі тепе-теңдікте ұстау үшін кіші иініне түсірілген күш (Ж:40 Н)

  3. Тістегіш пен шегені жұлғанда, тістегіштің айналу осінен шегеге дейінгі арақашықтығы 2 см, қол түсіретін күштің нүктеге дейінгі қашықтығы 16 см. Егер қол тістегішті 200H күшпен қысса, шегеге әсер ететін күш (Ж:1,6 кН)

  4. Иіндіктің кіші иініне 300 Н күш, үлкеніне 20 Н күш әсер етті. Кіші иінінің ұзындығы 5см болса , үлкен иінінің ұзындығы (Ж:75 см)

  5. Иіндік ұштарына 2H және 18 Н күштер әсер етеді. Иіндік ұзындығы 1м. Егер иіндік тепе-теңдікте болса, онда оның тіреу нүктесінің орналасуы (Ж:18 Н күштен 10 см қашықтықта)

  6. Иіндік ұштарына 40 H және 240 Н күштер әсер етеді, тіреу нүктесінен кіші күшіне дейінгі арақашықтығы 6 см. Егер иіндік тепе-теңдікте тұрса, онда оның ұзындығы (Ж:7 см)

  7. Жүкті көлбеу жазықтықта 300 бұрышпен орын ауыстырғанда жұмысшы (Ж:күштен 2 есе алады)

  8. Көлбеулік бұрышы 300 көлбеу жазықтық бойымен жүкті көтергенде, жұмысшы орын ауыстырудан (Ж:2 есе ұтылыс алады)

  9. Жылжымалы блоктың салмағы 20 Н. Егер жіптің бос ұшына 210 Н күш түсірсе, онда оның көмегімен көтерілген жүктің массасы (Ж:40 кг)

  10. Жылжымалы блоктың салмағы 10 Н. Егер жіптің бос ұшына 105 Н күш түсірілсе, онда оның көмегімен көтерілген жүктің массасы (Ж:20 кг)

  11. Ұзындығы 10 м көлбеу жазықтық бойымен жүкті 5 м биіктікке көтереді. Бұл кезде жұмыстан (Ж:ұтыс жоқ)

  12. Ұзындығы 10 м көлбеу жазықтық бойымен жүкті 5м биіктікке көтереді. Бұл кезде күштен (Ж:2 есе ұтыс аламыз)

  13. Ұзындығы 10м көлбеу бойымен жазықтық бойымен жүкті 5м биіктікке көтерді. Бұл кезде орын ауыстырудан (Ж:2 есе ұтыламыз)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет