Курстықжұмыстыңмақсаты: Оқыту заңдылықтары мен принциптеріне түсінік
Зерттеупәні: Педагогика
Зерттеуәдістері: Курстық жұмыстың мазмұнын аша түсу үшін көптеген әдебиеттер пайдалана отырып, зерттеу саластыру, саралау мен қорытындылау.
Курстықжұмыстыңқұрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
І Бөлім. Оқыту заңдылықтары мен принциптері және оларға сипаттама
Оқыту заңдылықтары мен принциптері
Заңдар, заңдылықтар және принциптер мен ережелер жөнінде түсінік
Оқу теориясының негізгі құрылым бірліктері – бұл ғылым тарапынан анықталған заңдар мен заңдылықтар. Заңдар мен заңдылықтар құбылыстар, процестер мен олардың нәтижелері арасындағы жалпы, объектив, тұрақты және қайталанып келетін байланыстар мен тәуелділіктердің мәнін ашады. Дидактикалық процестің негізін құрайтын аса маңызды және негізгі заңдылықтар мен заңдар оқу принциптері немесе дидактикалық принциптер деп аталады. Бұл принциптер арқасында оқу процесіне қатысы бар көптеген заңдылықтардың мән-мағынасы ашылады, мұғалімдер мен оқушылардың қызметтері реттеледі, барлық оқу пәндерін өтуде және оқудың барша кезеңдерінде олар өздерінің жалпы мәнін сақтайды. Принциптер дидактикалық процестің біртұтас концепциясын құрай отырып, табиғи бірлікте әрекетке келеді. Қазіргі кезеңдегі оқу жүйесінің ірге тасын Я.А. Коменский қалаған. Ғұлама- педагог пікірінше, оқудың негізі – табиғи сәйкестік принципі, ал барша қалған принциптер осы табиғи сәйкестікке сай бірізді іске асырылып барады. А.Дистервег бұл жүйені жаңа талаптарға негізделген нақты ережелермен толықтырды. Бұл ережелер 1) оқу мазмұнына; 2) оқытушыларға; 3) оқушыларға қатысты болды. К.Д.Ушинский тиімді оқуға қажет келесі шарттарды белгілеп берді: уақытқа сай болуы, бірізділік, табиғилық, тұрақтылық, игеру беріктігі, анықтығы, оқушылардың дербестік әрекеті, жүктемелердің аса ауыр не өте жеңіл болмауы, дұрыстық.
Қазіргі заман гуманистік дидактикасында оқу принциптері табиғи сәйкестік басты принципінің төңірегінде жүйелі біріккен. Бұл жүйедегі дидактикалық принциптер төмендегідей: 1) саналылық және белсенділік; 2) көрнекілік; 3) жүйелілік және бірізділік; 4) беріктік; 5) түсіністік; 6) ғылымилық; 7) көңіл-күй; 8) теория мен практиканың байланысы.
Біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі- оқыту процесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тектәрбие және даму процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондыктан оған толық та жан- жақты анықтама беру қиынға соғады.Оқыту процесі әр текті және табиғаты жағынан әртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын камтиды. Процес аныктамаларының көптігі де осыдан болар.
Ежелгі және отрағасырлык ойшылдардың шығармаларында «оқыту»,
«оқыту процесі» ең алдымен максаты- оқушы болған оқыту қызметін біл- дірген. Ғасырымыздың басында оқу ұғымы енді осы процесті кұрайтын екі
ікті-оқыту қызметі мен оқып-үйренуді камтитын болды. Оқыту оқу материалын игеруге ынталандырушы мұғалімдердің қызметін, ал оқып -үйрену ұсынылған білімдерді игеруге бағышталған оқушылар іс-әрекетін танытады.
Кейінгі жылдары «оқыту» ұғымы оқушылардың танымдық іс-әрекет тәсілдерін калыптастырушы мұғалімнің басқару іс- әрекетін де, мұғалімдер мен оқушылардың бірлікті іс-әрекетін де аңдататын болды.Мұғалім мен оқу- шының бірлікті іс-әрекеті болған оқыту процесінің мәні оқыту мен оқып үйренудің бірлігін аңдатады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқыту келесі белгілерімен сипатталады:1) екі тараптылық; 2) мұғалым мен оқушының бірлікті әрекеті; 3) басқарым мұғалім тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу және басқару; 5) біртұтастык және бірлік; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына сәй-кестік; 7) оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне жетекшілік.
Оқыту процесі-білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушыларың дүниетанымын, күш-кайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы.Оқыту барысында оқушының сана- сезімі, адамгершілік кәсиеттері, әстетикалық талғамы, түлғалық қасиеттері калыптасып дамиды.
Оқытудың психологмялык, педагогикалық ерекшеліктеріне назар аударйық[4].