Кіріспе 3 І бөлім. ОҚыту заңдылықтары мен принциптері және оларға сипаттама



бет8/15
Дата21.05.2022
өлшемі67,66 Kb.
#144436
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
stud.kz-68713

Оқытудың ғылымилық қағидасы.


Бұл қағида табиғат, қоғам, мәдениет және ойлау дамуының заңдылықтарын білуді талап етеді. Ғылымилық қағидасы оқу бағдарламаларын, оқулықтарды жасағанда еске алынып, оқыту процесінде жүзеге асырылады. Ғылымилық қағида оқушылардың таным қабілетінің дамуына, дүниеге көз- қарасының және жоғары адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді.
Оқыта отырып тәрбиелеу – бұл баланың өмірге, білімге қатысы, ақыл- ойының қабілеттілігі, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы.
Сонымен, білім беру, тәрбие оқытудың бірыңғай процесінде іске асырылады. Бұл үш категория бірін-бірі өзара нығайтады, толықтырады.
  1. Түсініктілік қағидасы.


Түсініктілік қағидасы оқытуды оқушылардың дайындық деңгейіне сай ұйымдастыруды талап етеді.
Түсініктілік қағидасынан оқыту ережелері туады. Мысалы: 1. Жеңілден қиынға көшу. 2. Қарапайымдылықтан күрделілікке көшу. 3. Белгіліден белгісізге көшу деп оқушылардың өткен сабақтан алған біліміне сәйкес жаңа сабақ материалын меңгеруін, яғни, сабақ үстінде білімді терең түсініп, игеруін айтады.
  1. Жүйелілік және бірізділік қағидасы.


Оқыту процесінде оқу бағдарламалары мен тақырыптық жоспарда көрсетілген тақырыптар бойынша теориялық және практикалық мәселелер бірізділікпен белгіленеді.
Бұл қағида жалпы пәндерді оқыту жүйесінде қолданылады. Мысалы, көркем әдебиет пәндері бойынша бастауыш сыныптарда жай мақалалар мен әңгімелелер оқытылса, жоғары сыныптарда әдебиет шығармалары, әдебиет тарихы өтіледі.
  1. Саналылық және белсенділік қағидасы.


Оқушылардың дүние танымын тереңдетуге белсенділік сезімін оятуға ғылыми-техникалық даму кезеңіндегі оқытудың жаңа үдемелі әдістерімен формалары ықпал жасайды. Сонымен бірге, саналылық және белсенділік принципін іске асыруды мұғаліммен шәкірттердің бірлесіп істейтін шығармашылық жұмыстарыда игі әсер етеді.
  1. Көрнекілік қағидасы


Көрнекілік – балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды. Көрнекілік абстрактылы ұғымды игеруге әсер етеді. Сонымен, көрнекілік қағидасының
оқыту материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді терең оқуда, берік есте сақтауда алатын орын ерекше.
Көрнекілік түрлері: табиғи көрнекілікке коллекциядағы кептірілген өсімдіктермен, хайуандардың, құстардың тұлыбы, минералдар және тағы басқалар жатады.
Заттар және бейнелеу көрнекілігі: муляж, геометриялық фигура, макет, портреттер, архитектура, кескіндеме және мүсін үлгілер жатады.
Символикалық көрнекілікке – карталар, картограммалар, схемалар, диаграммалар, кестелер жатады.
Олар: хронологиялық, синхрондық, тақырыптық, графикалық кестелер. Әкранды – динамикалық көрнекілік шындық дүниені бейнелейді. Олар –
диапозитивтер, диафильмдер, әпипроекциялар, оқу киносы, оқу-теледидары.
Дыбысты-техникалық көрнекілікке грампластин-калар, магнитофильмдер, радиоқабылдағыштар жатады.
Көрнекі құралдар оқу материалдарын, әсіресе, теория ережелерді есте жақсы сақтау және жеңіл түсіну үшін қолданылады.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет