Кіріспе 3 І бөлім. ОҚыту заңдылықтары мен принциптері және оларға сипаттама



бет5/15
Дата21.05.2022
өлшемі67,66 Kb.
#144436
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
stud.kz-68713
еркек, Қуандыққызы Анеля кіріспе СРС2, Қуандыққызы Анеля кіріспе СРС2, Тауартану, receipt878639827
Принцип (латын сөзі) - басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида. Дидактикалық принциптер -оқытудың мазмұнның, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі. Оқыту принциптері дидактиканың категорияларына жатады. Олар оқыту заңдарын және заңдылықтарын пайдалану әдістерін сипаттайды.
Дидактика тарихында зерттеушілер оқыту принциптерін, негізгі қағидаларды белгілеуге көп күш салды.
Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты. Қоғамның оқытуға қойылатын талаптары өзгеріп отырғандықтан, кейбір принциптер ескіріп (табиғатқа сәйкестік, партиялылық), кейбіреулері жаңадан пайда болады (кіріктіру, ізгілендіру). Кейбір авторлар оқыту принциптерінің санын қысқартуды ұсынса, басқалары, керісінше, кеңейтуді ұсынып келеді. Заманауи принциптер оқу процесінің барлық құрамдас бөліктеріне (логикасына, мақсатына, міндеттеріне, мазмұнын қалыптастыруға, түрлері мен әдістерін таңдауға, ынталандыруға, нәтижелерді жоспарлау мен талдауға) өз талаптарын ұсынады.
Оқыту процесінде кез келген мұғалім дидактиканың принциптерін басшылыққа ала отырып оқытудың мазмұнын, амал-тәсілдерін және ұйымдастыру формаларын талдап, шәкірттерін жоғары нәтижелерге жеткізуі

шарт. Мұғалім дидактикалық принциптерді дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса сабақ тиімді және нәтижелі болары даусыз.
Дидактикалық принциптердің қызметі: олардың негізінде оқушыларда оқытудың мақсатына сәйкес берілетін білім мазмұнын жүйелі, саналылықпен белсенді түрде меңгеруге деген қызығушылықтар пайда болады. Дидактика принциптері оқыту процесінің негізгі буыны ретінде бірімен-бірі логикалық өзара байланыста болады.
Сонымен, ең негізгі, ғасырлар бойы педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық принциптер жүйесі:

    • ғылымилық,

    • саналылық пен белсенділік,

    • көрнекілік,

    • жүйелілік пен бірізділік,

    • беріктілік,

    • тиімділік,

    • теория мен тәжірибенің байланыстылығы.

Осы принциптерді талдаудан алдын принциптер мен ережелер байланысына тоқталайық. Педагогикалық ереже

    • жалпы принциптерге негізделген белгілі жағдайдағы белгілі мақсаттағы педагогтық қызметтің бейнеленуі.Ережелер оқыту принциптерін қолданудың тәжірибелік жақтарын көрсетеді, теориядан тәжірибеге көшу жолдарын айқындайды. Зандылықтармен, принциптермен салыстырғанда ережелер мұғалімге нақты педагогтық жағдайда қандай нақты шараларды пайдалану қажеттілігін ұсынады.

Осы жерде айта кететін жайт: ережелерді қатаң, мүлтіксіз орындау ұстаздың қолын байлап қояды; ережелерге немқұрайлы қарау оқыту сапасын төмендетеді. Сондықтан, әрбір мұғалім дидактикалық ережелерді типтік, стандарттық жағдайларда тиімді пайдаланса, күрделі педагогтық жағдайларда дидактикалық принциптерге сүйеніп шығармашылық танытса қойылған мақсатына жетері сөзсіз[6].
Ережелер принциптерге сүйенеді, принциптер ережелер арқылы жүзеге асады. Ережелер педагогтық тәжірибенің қорытындысы ретінде дидактика принциптерін қолдану құралы болады. Сонымен, педагоггар оқытудың принциптеріне сай қалыптасқан белгілі ережелерге сүйеніп мақсат-міндеттерін іске асырады.
Біздің оқулықта арнайы қарастырылмаған принциптер көп, мысалы, мұғалімнің басшылық рөлі, ынталандыру, проблемалық оқыту, дамыту, оқыту және тәрбиелеу бірлігі, ізгілендіру, жас және дара ерекшеліктерін назарға алу, кіріктіру принциптері.
Біреулері: бұл мектепті демократияландырудың дұрыс жолы деп қараса, ал екінші біреулері керісінше, бұл сабақтар еріншек, еңбектенбейтін және еңбектенгісі келмейтін жалқау оқушылардың кесірінен мұғалімдердің педагогикалық принциптерді бүзуына әкеліп соқтырады деп санайды.
Қазіргі таңда педагогика ғылымы дәстүрлі оқу мен дәстүрлі емес жаңаша оқытудың айырмашылығына мынадай анықтама береді: дәстүрлі оқыту үрдісінде мұғалім сынып оқушыларын толық қамти отырып оқытады. Дәстүрлі оқытуда мұғалім мен оқулық маңызды қызмет атқарады, олар оқушыларды білімге жетелейді, соған сәйкес оқушылардың жауаптарында сол мазмұнды есте сақтап және бұрмаламай айтып беруі маңызды болады. Мұғалім білімді оқушыларға дайын күйінде меңгертеді.
Ал жаңаша оқытуда оқушы мұғалімнің түсіндіргендерін ғана меңгеріп қоймай, мұғаліммен тікелей пікірталасқа көшеді. Оқушы белсенді рөл атқарушы ғана емес, жетекші бағытты үстайды. Ол әлемді тануға, белсенділікті анықтауға өзі жауап іздейді, шешімдері де әр оқушыда әртүрлі болады. Тапқан шешімін нақты ақиқат деп қабылдамай, ізденісті әрмен қарай жалғастырады. Мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс қалыптасады, екеуі де бірлік одақта қызмет істейді.
Оқытудың кейбір формалары, мәселен, сабақ сияқтысы адамзатқа ұзақ та сенімді қызмет етіп келеді. Мұның өзі оқытудың формасы ретінде сабақ ғасырлар бойында өзгермеді деген сөз емес. Алғашқыда балаларды оқыту, негізінен алғанда, жеке-дара жолмен жүзеге асырылды. Бірақ мұндай жолмен оқушылардың шағын ғана мөлшерін оқытуға болатын еді. Қоғамның дамуы барған сайын сауатты адамдарды көп мөлшерде керек етті, осы қажеттіктің көрінісі ретінде оқытудың басқа да формалары туа бастады. Жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады Тіпті қазіргі кезде Қазақстанда бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Мектептердің оқу үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу белсенді түрде қолға алынып отыр. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс- әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.[7].


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет