Негізгі бөлім: 1.Алтын Орда дәуріндегі әдеби мұралар Сөз өнерінің көрнекті туындылары халықтың мыңдаған жылдар кезеңдерінде қалыптасқан дүниетаным болмысын танытады. Рухани мәдениет қазынасы арқылы халықтың өркениеттер жүйесіндегі көрнекті тұлғасы айқындалады. Қазақстанның жаңа тарихындағы ұрпақтардың ұлттық және жалпы адамзаттық рухани құндылықтарды игеруі мемлекетіміздің басты мұраты болып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасына байланысты айтқан пікірі осы талаптың орындалуын бағдарлайды: “…ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп,келер ұрпаққа аманаттау – “Мәдени мұра” бағдарламасының басты мақсаты болуы тиіс”.Қазақ әдебиетінің қалыптасуы, даму тарихында түркі өркениеті және ислам діні мәдениеті ықпалдаса, тоғыса дамыған кезеңдер ұлттық сөз өнерінің кейінгі дамуына берік негіз болды. Ислам діні кең тараған Қарахан мемлекеті (X-XІІІ ғ.ғ.) және Алтын Орда-Қыпшақ (XІІІ-XІV ғ.ғ.) дәуірлеріндегі әдеби мұралар қазіргі заманғы көзқарастарға сай жаңаша бағалауды қажет етеді. Аталған кезеңдердегі түркі әдебиеті мен ғылымының аса көрнекті өкілдері Әбу Насыр әл-Фарабидің, Махмұд Қашқаридың, Жүсіп Баласағұнның, Қожа Ахмет Ясауидің, Ахмет Йүгінекидің, Сүлеймен Бақырғанидың, Насреддин Рабғузидің, Құтыбтың, Хорезмидің, Хұсам Кәтибтің, Сәйф Сараидың әдеби мұралары ұлттық мәдениетіміздің көп ғасырлық шынайы болмысын бейнелейді. Мұхтар Әуезов ислам дінінің таралуының сөз өнеріне жасаған игі ықпалын атап көрсетеді: “…ең әуелі әдебиет жұрнақтары шығады. Құдайға дұға айтып шұбыртқан тақпақ өлеңдер шығады. Діни мейрамдар сияқты әдеттер туады. Құдайлар мен әруақтар
туралы толып жатқан әңгімелер тарайды. Бұл дәуір тілді байытты. Әлгі әңгімелер себеп болып, сөйлер сөз көбейді” “Мұсылманшылыққа ауысқан соң қазақ белден асып кеткендей болды”.\Демек, ислам діні,қасиетті Құран кітабы қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірінен бастап кейінгіғасырларға ұласуында тұрақты тірек-желі болды. Бұл орайда Құран кітабының қазақ әдебиеті тарихындағы аса елеулі ықпалы да айқындала түседі.Құран кітабындағы сюжеттер әлемдік сөз өнері және қазақ әдебиетімұраларының гуманистік мұраттар жолындағы дамуында эстетикалық,тәлім-тәрбиелік негіздердің бірі болды.