Әлеуметтік психологиядағы тұлға мәселесі
Тұлғаны қарастыратын екі мәселе әлеуметтену мен әлеуметтік бағдар –тұлғаның әлеуметтік контекстті тіршілік етіунің екі жағын ашады.
В.А.Петровский тұлға зерттеуін үш аспектіге бөлген, яғни, былай қарастырған:
* Кеңістікке кіоген субъектінің индивидуалды өмірі, қасиеті ретінде;
* Кеңістікте тіршілік ететін индивидтер арасындағы байланыстар қасиеті ретінде;
* Интериндивидті кеңістіктің ар жағында тұрған қасиет ретінді;
Тұоғаның әлеуметтік психологиялық қасиеттері. Тұлғаның әлеуметтік психологиялық қасиеттерінің басты ерекшеліктерін келесідеі жіктеп көрсетеміз:
* Жалпы психологиядағы тұлға ұғымының трактовкасын айыру керек. Егер «тұлға» бұл «адам» терминінің синонимі болса, онда ол өзінде адамның барлық қасиеттерін енгізу қажет;
* Қолданылатын «тұлғаның әлеуметтік қасиеттері» және «тұлғаның әлеуметтік психологиялық қасиеттері» деген ұғымдар әлеуметтік және биологиялық қатынаста болады;
Адамды жүйелі зерттеу сұрақтарын қарастырғанда психологияның өзіндік түсініктері қалыптасады. Б.Г.Ананьев бойынша адам ұйымдасуының төрт деңгейі ғылыми зерттеулер үшін қызығушылық тудырады. Олардың қатарына индивид, іс-әрекет субъектісі, тұлға, жеке даралық жатқызылған. «Тұлға» ретінде адамды әлеуметтік тіршілік иесі деп сипаттайды. Осы ұғымның аясында тұлғаның мынадай психологиялық қасиеттері қарастырылады. Олар: мотивация, темперамент, қабілеттік және мінез.
Адамды тануда Б.Г. Ананьев бөліп қараған тағы бір ұғым «іс-әрекет субъектісі». Бұл ұғым өзінің мазмұны бойынша «индивид» және «тұлға» ұғымының ортасында. Іс-әрекет субъектісі адамның биологиялық бастауы және әлеуметтілігін біріктіреді.
Қорытынды
Қорытындылай келе, әлеуметтік психология отбасының, ұжымның, таптың, ұлттың тағы да басқа адамдардың тұрған жеріне, кәсібіне, қоғамдағы алатын орнына қарай жіктелетін топтарының психологиясын зерттейді. Әлеуметтік психология қоғамда болып жатқан саяси - әлеуметтік құбылыстардың сырын түсінуге, олардан қорытынды шығарып, қоғамның даму бағытын айқындауға, ірі топтарды және тұтас қоғамды басқаруға, бағыттарды, шараларды айқындай отырып, оны стратегиялы дұрыс жолға салып отыруға көмектеседі. Сондықтан ғалымдар бұл ғылымның болашағы зор, ХХІ ғасырда жетекші орындарға шығады деп есептейді. Әлеуметтік психологияда негізгі үш тұрғы: психоанализ, бихевиоризм және гештальттеория бағыттары анық көріне бастады. Әсіресе, эксперементтік пәнді тұрғызудың негізі болатын бихевиористік тұрғыға көбірек көңіл бөлінді. Әлеуметтік психология адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-катынастағы психологиялық кұбылыстардың сырын зерттейді.
Әдебиеттер:
1. Ахтаева Н.С., Әбдіғаппарова А.І., Бекбаева З.Н. Әлеуметтік психология: Жоғарғы оқу орындары студенттіне арналған оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 244б.
2. Реан А.А. Самоактуализация и самотрансценденция личности // Психология личности в трудах отечественных психологов. — Спб., 2000. — 480 с.
3. Коростылева Л.А. Психология самореализации личности: затруднения в профессиональной сфере. — СПб.: Изд-во «Речь», 2005. – 222 с.
Достарыңызбен бөлісу: |