Кіріспе бөлім. ҚАрым-қатынастың ҚҰрылымы мен психологиялық функциялары



бет1/7
Дата05.02.2020
өлшемі0,73 Mb.
#57201
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дип.-Оқушыларының-қарым-қатынасты-зерттеу-мен-қалыптастыру



Оқушыларының қарым-қатынасты зерттеу мен қалыптастыру



МАЗМҰНЫ




КІРІСПЕ................................................................................................................3



1 бөлім. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАРЫ


    1. Тұлғааралық қарым-қатынас теориялары..............................................5


1.2. Жеткіншек жасындағылардың қарым-қатынасының түрлері..........13


    1. Қарым-қатынас мәдениетін зерттеу бағдарламасын жасау ...............22



2 бөлім. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НЫТИЖЕЛЕРІ


    1. Жеткіншек жасындағы оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктерін диагностикалау нәтижелері...........................................37




    1. Қарым-қатынас мәдениетін коррекциялау тренингін жүргізу реті....................................................................................................................48


ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................63
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................................................65
ҚОСЫМШАЛАР................................................................................................68

КІРІСПЕ



Зерттеудің көкейкестілігі. Жеке тұлғаның барлық адамдық қасиеттері басқа адамдармен қарым-қатынас барысында қалыптасады. Білімді меңгеру, мамандық даярлықтан өту және мамандық шеберлікті шыңдау қарым-қатынас барысында басқалардың тәжірибесін үйренудің нәтижесінде орын алады. Сондықтан қарым-қатынас мәселесін зерттеу және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру психологияда үлкен орын алатын проблемалардың бірі болып табылады. Қарыс-қатынас мәселелерінің көкейкестілігі жеткіншек жасындағы оқушыларға психологиялық қызмет көрсетуде тереңдей түседі.

Жеткіншек жасындағы оқушылардың қарым-қатынас проблемасының әртүрлі аспектілерін Л.С.Выготский /1/, Б.Г.Ананьев /2/, Е.И.Головаха /3/, А.Б.Добрович /4/, А.А.Бодалев /5/, И.С.Кон /6/, Л.А.Петровская /7/, В.В.Столин /8/, Н.И.Шеврандин /9/, Л.Д.Стрляренко /10/, Қ.А.Айдарбеков /11/, Т.М.Шалғынбаев /12/ т.б. ғалымдар зерттеген. Қарым-қатынастың бұзылу себептерін анықтап оны түзету жолдарын ұсынғандар Э.Берн, Дж.Морено, Д.Карнеги. Олар әлеуметтік ортаға адамның икемделуіне негіз болатын себептер және факторларды анықтап, қарым-қатынас функциялары мен түрлерін сыныптастырып жүйеге келтірген. Сонымен қатар «Трансактілік талдау», «Социометриялық талдау», «Ұйымдастырушылық және коммуникациялық қыбілетті анықтау», «Басқа адамдарға әсерлілікті бағалау» т.с.с. көптеген әдістемелер жасалған. Психодиагностикалық әдістемелердің қалыптасуымен байланысты қазіргі кезде жеке тұлғаның психофизиологиялық ерекшеліктерін, оның қарым-қатынасының қалыптасуын толық және жан-жақты талдап шығуға мүмкіндік туды.

Мектепте жеткіншек жасындағы оқушылар өмірде жаңа орын алып келе жатқан есею сезімінің негізінде өзіне улкендердің жасаған қамқорлығын ауырсынып, ата-анасымен, мұғалімдермен қарым-қатынасты теңдік негізінде құрғысы келеді. Психологтар осы ерекшеліктерді ескере отырып әр адамның қарым-қатынасындағы кездесетін қиындықтардан шығу жолдарын анықтауға көмек көрсетуі керек. Сондықтан мектеп психологиялық қызметінің күрделі міндеттерінің бірі ретінде – оқушылардың жекелік қасиеттерін, таным процестерін зерттеумен қатар олардың көпшілікпен тіл табысуы, ортаға лайықты мінез-құлық көрсетуі, өз қатарлары және оқытушылармен қарым-қатынас жасау ерекшеліктері зерттеп, осы психодиагностикалық жұмыс нәтижесі бойынша психокоррекция жұмыстары ұйымдастырылуы қажет. Осы мәселенің өте күрделі екенін ескере отырып, дипломдық жұмыстың тақырыбын: «Жеткіншек жас кезеңіндегі оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары» - деп анықтадық.

Зерттеудің ғылыми болжамы: жеткіншектердің үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынасында түсінбеушіліктер орын алағанда балалармен топтық коррекция ұйымдастыру арқылы олардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға болады.

Зерттеу объектісі: оқушыларға психологиялық қызмет көрсету жұмысының мазмұны.

Зерттеу пәні: жеткіншек жасындағы балалардың қарым-қатынасы.

Зерттеу мақсаты: мектеп психологиялық қызметін ұйымдастыру барысында жеткіншек жасындағы жасындағы оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Зерттеу міндеттері:


  • қарым-қатынас және тұлғааралық қатынас проблемалары бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектеді талдау;

  • мектеп психологиялық қызметінде жеткіншек жасындағы оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін зерттеу және қалыптастыру әдістемелерін жинақтау;

  • мектеп оқушыларының тұлғааралық қарым-қатынасында ауытқу байқалған балаларға көмек көрсету жолдарын анықтау;

  • жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін диагностикалау және зерттеу нәтижелерін талдау;

  • қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру іс-шараларын жүргізуге арналған әдістемелерді пайдалана отырып психокоррекция жүргізу.

Ғылыми зерттеу әдістері. Зерттеу барысында келесі психологиялық ғылыми зерттеу әдістері қолданылды: психологиялық ғылыми еңбектерді теориялық талдау, Э.Берннің трансакциялық талдауын меңгеру, зерттеу бағдарламасын жасау, қарым-қатынас мәдениетін зерттеу тестерімен диагностикалау, олардың көмегімен психодиагностикалық зерттеу жүргізу, психокоррекция жүргізу, жиналған мәліметтерді талдау.

Зерттеу кезеңдері. Жоспарланған зерттеу жұмысы екі кезеңде ұйымдастырылды.

Бірінші кезеңде жеткіншектердің даму заңдылықтарына байланысты қарым-қатынастарының ерекшеліктерін, мазмұны және әдіс-тәсілдерін анықтау үшін ғылыми әдістемелік әдебиеттер талданды, дипломдық зерттеу тақырыбы мен ғылыми аппараты анықталды.

Екінші кезеңде мектеп оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеп, нәтижелері талданды, балалардың сынып ұжымындағы және отьасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері зерттелінде. Сонымен қатар, психологиялық қызметтің орта буын оқушыларына психологиялық қызмет көрсетуге негіз болатын психодиагностикалық әдістемелер жинақталып, олар жүйеге келтірілді. Қарым-қатынасында проблемасы бар балалармен психокоррекциялық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Диплом жұмысы кіріспе, екі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.




1 бөлім. Қарым-қатынастың құрылымы мен психологиялық функциялары
1.1. Тұлғааралық қарым-қатынас теориялары
Мектеп психологиялық қызметі үшін балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу және оны өңдеу көкейкесті проблема болып табылады. Өйткені бала өзін-өзі анықтаудың күрделі проблемаларын жалғыз өзі шешпейді, ата-анасының, құрбы-құрдастарының, мұғалімдердің қолдауымен шешеді. Дегенмен бала жеткіншек жас шағынан бастап өзінің есеюін сезіне бастағанымен байланысты үлкендердің қамқорлығын теріс бағалау феномені орын ала бастайды. Олар ата-аналарынан және басқа үлкендерден қарым-қатынасты теңдік негізінде жүргізуді талап етеді. Бұл тенденция жеткіншектік жас кезеңінде де жалғасады.

Қарым-қатынас проблемасының әртүрлі аспектілерін Б.Г.Ананьев, А.Б.Добрович, Я.Л.Коломинский, И.С.Кон, Г.М.Андреева, Дж. Брунер, Э.Фром, Л.А.Петровская, В.В.Столин, Н.И.Шеврандин т.б. ғалымдар зерттеген. Қарым-қатынастың бұзылу себептерін анықтап оны түзету жолдарын ұсынғандар Э.Фромм /13/, Дж.Морено /14/, Д.Карнеги /15/. Олар әлеуметтік ортаға адамның икемделуіне негіз болатын себептер және факторларды анықтап, қарым-қатынас функциялары мен түрлерін сыныптастырып жүйеге келтірген. Е.Мелибурданың тұжырымы бойынша балалық шағында қарым-қатынасы дұрыс қалыптаспаған балаларда жалғыздық сезімі орын алып, оның жалпы дамуына бұл сезім теріс әсерін тигізеді /16/.

Көп жағдайда адамдардың бір-бірімен қабылдануы «әлеуметтік перцепция» ретінде белгіленеді. Бүл сөз дәлме-дәл қолданылмаған. «Әлеуметтік перцепция» термині алғаш рет 1947 жылы Дж. Брунер «мен» қабылдауға «жаңа көз қарасты» (New Look) зерттеу барысында енгізген /17/.

Жеткіншектік жас кезеңінде «ұрпақтар дау-дамайын» туғызатын кездер аз болмайды. Әкелер мен балалар арасындағы түсінбеушілік олардың өзара қарым-қатынасының қалыптаспағанын және бала өміріндегі әлеуметтік өзгерістерді үлкендердің ескермегенінен туып отырады. Қалыптасып келе жадамның өз ұмтылыс-талаптарына себепсіз тежеу қою, авторитарлық жүйеде қарым-қатынас құру отбасында дау-жанжалдар туғызады.

Есейген балалрдың өз өмірінде орын алған мәселелердің басым көпшілігін үлкен адамдарға тәуелсіз шешу қажеттілігі орын алатындығы психологияда дәлелденген. М.И.Лисина т.б. ғалымдардың зерттеулерінде бұл мәселені автономия қажеттілігі және оның түрлері деп белгілейды /18/. Жеткіншектерде көрініс беретін автономия сезімінің келесі түрлері анықталған:


  • мінез-құлқ автономиясы (жеткіншектердің жеке өзіне қатысты мәселелерді өзі дербес шешкісі келетіні және оған праволылығы);

  • эмоционалдық автономия (тек педагогтар мен ата-анасының дегенімен ғана емес, өз проблемаларының біршамасын тәуелсіз өзі шешуге құқықтылығы және оны қажетсіну);

  • моралдық және құндылық автономиясы (өз көзқарастарының болуына құқығы мен қажеттілігі және осындай көзқарастарының шын мәнінде болуы).

Эмоционалдық автономияның баланың болашағына тигізетін үлкен теріс әсері бар. Жеткіншектер ата-аналарының бала өмірінде болып жатқан өзгерістерді байқамаған, немесе байқағысы келмеген болып көрінеді. Сондықтан олар кей кездерде қырсық мінез көрсетіп, болмашы нәрсеге ашуланып, ешкімге сырын айтпай ұзақ уақыт түйіліп қалуы, немесе басқа қырсық мінездер көрсетуге де баруы мүмкін. И.С.Конның айтуынша осындай жағдайлар мұғалімдер мен оқушылар арасында немесе оқушылардың құрбы-құрдастары арасында орын алуы мүмкін /19/.

Тәртіп тұрғысынан жеткіншектік кез қиын жас кезеңіне жатады. Бұл жас кезеңінде балаға әкеден гөрі шешесі жақынырақ болып, әкемен қарым-қатынас күрделіленіп кетулері жиі кездесетінін көптеген зерттеулер көрсетеді /20/. Ақыл айту, моралдық нұсқаулар мен құндылық бағдарлар құруға үлкендердің араласуы саласында жеткіншектер өздерінің автономиялы болу правосын барынша қорғайды. Кейде ерекше болсам деген талабын тиянақтай түсу үшін әдейі ұшқары көзқарастар айтады.

Қанша бас бостандықты іздегенімен, балалар өз бетімен күн көруге мүмкіншілігі жоқ болғандықтан іс жүзінде ата-анасының ықпалы бұл кезде басым болып қала береді. Балалардың осы кездегі барлық үлкендердің айтқан сөздерін електен өткізгендей сынап, мінеп отыруы, өзінің ересек болғанын дәлелдегісі келгенінен. Сән, талғам, көңіл көтеру тәсілдері секілді бірсыпыра жеңіл-желпі мәселелерде балалар мен үлкендер арасындағы айырмашылық әжептеуір болады. Сондықтан осы кезде үлкендер балаларды сынағанда олардың киімінің фасоны, опа-далаптарды пайдалануы, жүріс-тұрысы туралы өткір сөздер айтылады. Дегенмен күрделі проблемалар бойынша ой-пікір құрғанда ата-аналардың сөздері, олардың ақылы достарының, құрбы-құрдастарының ықпалын жеңіп кетеді.

Оқушылар жеткіншектік кезеңде оқытушылардың білімін, киінуін, олардың басқалармен қарым-қатынасын ұлкен сынға бөлеп отырады. Дегенмен олардың өздерінің алдында тұрған барлық проблемаларға терең саяси көзқарастары, дүниетанымының молдығы, кәсіби шеберлігі, оқушыларға дер кезінде қажетті көмек көрсетуге даярлығы мұғалімдердің беделді болуын қамтамасыз етеді.

Осы кезде мектеп психологиялық қызметі үшін балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу және оны өңдеу көкейкесті проблема болып табылады. Өйткені бала өзін анықтау, қарым-қатынас ерекшеліктерін меңгеріп алу, басқа балалар ортасында абыройлы болу, үлкендермен қарым-қатынас жасау барысында қалыптасады. Басқаларға әсерлі болудың қыр-сырын әлі түсінбеген бала оны дөрекілікпен, немесе ерекше қылжыңдықпен көрсеткісі келеді. Мінез-құлық мәдениетін меңгерудің қажеттілігін түсінгенімен ол қандай болуы керек және оны қалай сақтау керек екенін әлі түсіне алмағандығынан балалар көптеген қателіктер жібереді. Сондықтан қарым-қатынас құруда сауатсыздықты жоюға бірінші көмекші болатын адам - мектеп психологі.

Балаларға ұжым өміріне қатысуы, басқалармен бірге болуы, құрбы-құрдастарының оны қабылдауы, топқа өзін қажет деп сезінуі, онда белгілі бір бедел мен құрметке жетуі осы жас кезеңінде ерекше қажет болады. Ұжымдағы статусының төмен болуы жеткіншектерді алаңдатады, оның топтағы психологиялық жағдайы нашар болып кетеді.

Әлеуметтік ортадағы күнделікті қатынаста болып жүрген адамдарды топ мүшелерінің қабылдауы немесе қабылдамауы әлеуметтік перцепция мен бағаланады. Әлеуметтік перцепцияны адамның сыртқы белгілерін қабыддау, оларды оның жекелік мінездемелерімен ара қатынасын белгілеу, осының негізінде оның қылықтарын интерпретациялау және болжау ретінде анықтайды. Әлеуметтік перцепцияда міндетті түрде басқа адамның бағасы және эмоционалды, жүріс-түрыстық түрғыда оған деген қатынастың қалыптасуы қатысады. Жүріс-түрыстың сыртқы жағының негізінде бір адамның ішкі дүниесін «оқимыз», оны түсінуге және де қабылданушыға өзінің эмоционалды қатынасты тудыруға тырысамыз. Әлеуметтік перцепцияның барысында мыналар іске асырылады: басқа адамның эмоционалды бағасы, оның қылықтарының себептерін түсінуге және оның жүріс-тұрысын болжамдауға әрекеттену, жүріс-түрыстың өз стратегиясын күру.

Қарым-қатынас барысында бір адам (бақылаушы) басқа адамды (бақыланушыны) қабылдау процесі жалпы түрде қалай өрістеу ерекшеліктерін қарастырушылар оны келесіше түсіндіреді. Бақыланушыны қабылдауда біз тек сыртқы белгілеріне қол жеткізе аламыз. Олардың ішінде ең мағүлматтысы сыртқы кейіпі (физикалық сапалар мен сыртқы келбетінің безендірулуі) және жүріс-тұрысы (істеп тұрған әрекеттерімен экспрессивті реакциялары) болып табылады. Бүл сапаларды қабылдай отырып. Бақылаушы белгілі амалмен оларды бағалайды және қарым-қатынастағы партнердің ішкі психологиялық қасиеттері жайлы кейбір ой тұжырымдарын жасайды(көп жағдайда санасыз түрде) /20/. Бақыланушыға тіркеген қасиеттердің жалпы саны, өз кезегінде оған белгілі қатынасты қалыптастыру адамға мүмкіндік береді (бүл қатынас көбінесе эмоционалды сипатта болады және «ұнайды-ұнамайды» деген континиумның шегінде орналасады). Жоғарыда атап өткен феномендер әлеуметтік перцепцияға жатқызылады.

Зерттеушілер әлеуметтік перцепцияның төрт негізгі қызметтерін анықтаған /21/:

І. Өзін тану;

2. Қарым-қатынастағы партнерді тану;

З. Өзара түсінушіліктің негізінде бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру;

4. Эмоционалды қатынастарды құру.

Қарым-қатынастың перцептивті жағы бір адамның басқа адамды жеке адам аралық қабылдау процесін қосады. Басқа адам жайлы елестер өзіндік сана-сезімнің даму деңгейіне, өзінің «Мені» жайлы елестертеріне (Мен- концепциясы) байланысты. Басқа адам арқылы өзін жете түсінудің екі жағы бар: идентификация (өзін басқа адамға үқсату) және рефлексия (адам өзін қарым-қатынастағы партнермен қалай қабылданатындығын ұғынуы).

А.С.Золотнякова жеке адамаралық перцепцияны зерттегенде қарым-қатынастың маңызды (қабыддаудың субъекті мен объектінің сипаттамалары, олардың қасиеттері және т.с.с.) және процессуалды (қабыддау механизмдарі мен эффектілерінің анализі) қүрамдарын бөліп зерттеруді ұсынады /22/. Бірінші жағдайда бір-біріне әр түрлі ерекшеліктерін қосып жазуды (атрибуциялар), қарым - қатынастағы партнердің жүріс-түрысының себептерін, бірінші әсердің қалыптасуында нүсқаудың ролі және т.с.с. зерттеледі. Екіншіде, адамдар бір-бірін қабылдауда пайда болатын әр түрлі эффекттері зерттеледі. Мысалы, ореол, проекция, орта қате, тәртіп және т.с.с. эффекттер.

Басқаша айтқаңда, жеке адам аралық перцепция процесін зерттеудің екі негізгі аспекті бөлініп көрсетіледі. Біріншісі, қабыддау субъектімен объектінің психологиялық және әлеуметтік ерекшеліьсгерін зерттеумен байланысты, ал екіншісі жеке адам аралық бейнелеудің механизмдерімен эффектерінің анализімен байланысты.

Қабылдау объектінің психологиялық қасиеттерің зерттеу келесі сүрақтарға жауап беруге әрекеттену болып табылады:

Бақыланушының психологиялық және басқа қасиеттерінің қайсысы бақылаушымен оны тану процесіне маңызды әрі мағлүматты болып табылады?

Қарым-қатынастағы партнерді бағалай отырып, ең аддымен адамдар неге көңіл аударады?

Бақыланушының маңызды қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: оның бет - әлпетінің көріністері (мимика), сезімдерді көрсету төсілдері (экспрессия), жесттері мен дене түрысы, жүрісі, сыртқы көрінісі (киімі, сәнді шашы), дауысы мен сөйлеуінің ереьапеліктері. Европалық мәдениетте әмбебап баян етуі бар экспрессивті жесттердің үлгілерін көрсетуге болады:

- саусақтардың үштары бір-бірімен біріккен - үят, көнгіштік, мойындау;

- саусақты басқа қолдың алақанында қысу - өзін-өзі жігерлендіру;

- басты түрліше «қасыну» - батылсыздық, дайын еместік.

Перцепцияны зерттеу қабылдау процесінің өзін және басқа адамды бағалауды қамтамасыз ететін, сыртқы қабылдаудан бағалауға, қатынасқа және болжамға өтуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бір қатар әмбебап психологиялық механизмдерді бөлуге болатынын көрсетеді.

Жеке адам аралық перцепцияларының механизмдеріне төмендегілер жатқызылады:


  1. Адамдардың бір-бірін тану және түсіну (идентификация, эмпатия, аттракция).

Идентификация-бұл басқа адамды тану тәсілі. Мүнда басқа адамның ішкі жағдайы жайлы болжау қарым-қатынастағы партнердің орнына өзін қоюға әрекеттенулердің негізінде қүрылады. Яғни, өзін басқа адамға үқсату пайда болады. Басқа адаммен идентификациясында оның нормалары, қүндылықтары, жүріс -түрысы, мәнері мен әдеттері танылады.

Эмпатия дегеніміз басқа адамға эмоционалды сезіну немесе уайымдау. Эмоционалды үн қату арқылы біз басқа адамның ішкі жағдайын түсінеміз. Эмпатия басқа адамның ішінде не болып жатқанын, нені бастан кешіріп жатқанын өзінің көз алдына дүрыс елестету ептілігіне негізделеді. Эмпатия жоғары болған сайын, адам бірдей жағдайларды әр түрлі адамдармен қабылданатынын өзінің көз алдына елестету қабілеті жоғарылай түседі және де осы әр түрлі көз қарастардың болу қүқығын түсінуге ол қабілетті болады.

Аттракция (сөзбе-сөз аударғанда - тарту) басқа адамға түрақты позитивтік сезімнің қалыптасуына негізделген басқа адамды тану формасы болып саналады. Тап осы жағдайда, қарым-қатынастағы партнердің түсінуі оған деген әбден беріліп кетудің, достық немесе шексіз интимді - жекелік қатынастардың қалыптасуы арқасында пайда болады.


  1. Рефлексия - қарым-қатынас процесінде өзін-өзі тану механизмі болып табылады. Оның негізінде адам өзін қарым-қатынастағы серігімен қалай қабылданатыны жайлы пікірінің қалыптасқандығы, өзінің әсерін болжамдау, елестету қабілеті жатады.

  2. Қарым-қатынастағы партнердің жүріс-түрысын болжамдау (каузалды аттрибуция).

Каузальды аттрибуция (себептер жүйесі) - басқа адамның қылықтары мен сезімдерін өзінше түсіндіру, интерпретациялау механизмі (каузалды аттрибуция дегеніміз адамның іс-әрекетінің сәтті немесе сәтсіз болғанының себептерін анықтауы). Каузальды аттрибуцияны ерттеушілердің айтуы бойынша, әрбір адамда өзін ұнайтын себептер үлгілері бар. Ол бірнеше түрде болады. Осы түрлерін топтастырып келесідей етіп көрсетеміз.

  1. Жеке аттрибуциясы қалыптасқан адамдар болған оқиғаның, сәтсіз істің айыпкерін табуға, оны нақты бір адамның жеке тұлғалық қасиетіне немесе соның іс-әрекетінің нәтижесін себеп ретінде анықтап жүктеуге, сол адамға барлық жаланы жабуға бейім келеді.

  2. Жағдайлар аттрибуциясында әділетсіздік болған жағдайда сол жағдайға себепкер болған айыпкерді іздестірумен өзін мазаламай адамдардың бәрінен бұрын сыртқы ортамен байланысты жағдайларды айыптайды.

  3. Стимулды аттрибуциясы анық байқалатын адам болған оқиғаның себебін іс-әрекет бағытталған заттарға жабады (құмыра нашар тұрғаннан құлады) немесе зардап шегушінің өзінен (машинаның астына түскеніне өзі кінәлі, көшеден өткенде бағдаршамға қарамаған) көреді.

Каузалды аттрибуция процесін зерттеу барысында әр түрлі заңдылықтар айқындалды. Мысалы, көп жағдайда адамдар табысты болғанының себебін өзінің біліктілігі мен іскерлігінің салдары деп түсіндіреді, ал сәтсіздікті – жағдайлардың әсерінен болды деп есептейді.

Қарым-қатынаста әлеуметтік перцепция үлкен орын алады. Бұл проблеманы зерттегендер, олардың ішінде А.Б.Добрович перцепцияның маңызды құрамды бөлігі ретінде адамдардың бір-біріне алғашқы кездескенде тигізген әсері деп табады. Адам туралы алғашқы әсерінің қалыптасуы 3 типтік нұсқа бойынша жүреді. Әрбір нұсқа бір-бірімен танысу барысында қарым-қатынасқа түскендердің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты белгілі бір фактор жетекші болады. Ол факторлар артықшылық, тартымдылық, бақылаушылық деп аталады /23/.

Артықшылық факторы қарым-қатынасқа түскендер теңсіздік жағдайында болғанда орын алады. Ол қарым-қатынасқа түсушілердің біреуі өзінің қандай да бір маңызды параметрі бойынша партнерден өзінің артықшылығын сезгенде, яғни ақылы, бойы, материалдық жағдайы не басқа көрсеткіштері бойынша өзін жоғары сатыдамын деп есептеуімен сипатталады. Қарым-қатынас себебі немесе мәнісі бойынша бір немесе бірнеше көрсеткіштер бойынша өзін өзгелерден артық санаған адам өз партнерін онша сыйламастан үстемлік көрсетуі мүмкін. Мұндай қарым-қатынас барысында қатынасқа түсушілердің бір жағы екінші жағына тәуелді болып, өзіне деген сенімі төмендейді. Сондықтан бұл нұсқа бойынша жүрген қарым-қатынас үстемдік көрсеткендердің айтқанының бәрі дұрыс болады да, екінші жағы экстремалды жағдайда болып, нәтижесінде мазасызданып, өктемшілге сенім білдіруге дайын тұрады.

Тартымдылық факторы бойынша жүрген қарым-қатынаста партнерлер бір-бірін тыңдап, айтқан сөздеріне түсініп, сырттан қарағанда өте тартымды сияқты қабылдауымен байланысты схемалар бойынша іске асырылады. Бүл жағдайда қарым-қатынасқа түскендердің біреуінің жіберген қатесі сырттай тартымды адамды да өздеріне маңызды психологиялық және әлеуметтік параметрлері бойынша қайта бағалауы мүмкін.

Бақылаушылық факторы негізінде қарым-қатынас жасап жатқан партнерді қабылдау схемаларының барлығының бір-біріне әсерін реттейді. Бұл жағдайдағы жақсы қарым-қатынас және бір-бірін жақсы қабылдау маңызды идеяларымен бөлісетін адамдар арасында орын алады. Идеясы ортақ адамдар бір-бірін позитивті қабылдауға бейім болатындығымен түсіндіріледі.

Қарым-қатынас барысында партнерлардың бір-бірін қабылдауына стереотипизациялау процесі үлкен әсерін тигізеді. Әр адамның өзінің өмір тәжірибесіне байланысты әлеуметтік стереотипі, әлеуметтік топтың өкіліне тән деп түсінетін бейнесі тұрақты қалыптасады. Танысқан адам қай әлеуметтік топтың өкілі болғанына байланысты қандай да бір адамдар жайлы қалыптасқан пікірге, мінездемеге, қалыптасқан үлгіге сай келуі керек деп түсініледі. Сондықтан стереотипке онша сай келмейтіндер теріс белгіде қабылданады, ал стереотипке сай келгендерге туралы оң баға беріледі.

Стереотипизацияның жиі кездесетін түрі - этникалык стереотиптер. Әр халық өкілдері көңіл аударарлықтай сырт келбеті, мінез ерекшеліктерімен сипатталады. Мысалы, ұлт өкілдері туралы сөз болғанда ағылшындардың тәкаппарлығы, француздардың жеңіл мінезділігі, итальяндықтардың таңғажайыптылығы, немістердің тәртіптілігі жайлы стереотиптер елестетіледі. Өз тобының стереотиптерін меңгерген адам ол ортада өзін ыңғайлы сезінеді және бұл стереотиптер ұлт өкілін өздерін басқа этникалық топта қабылдау процесін жеңілдету және ықшамдау қызметін орындайды. Стереотиптер адамға психологиялық ресурстарды «үнемдеуге» мүмкіндік беретін және «дөрекі түрде жөнге салу» қүралы болып табылады. Олар әлеуметтік ортада «рүқсат етілген» мінез-құлық үлгілерінен тұрады. Мысалы, стереотиптер адамның топтық, ұлттық немесе кәсіптік тиістілігін бағалауда үлкен роль атқарады.

Мұғалімнің оқушыларды қабылдауындағы стереотипизациялауының нәтижелерінің бірі - оның санасында өте жақсы окушының модельдерінің қалыптасуы болып табылады. Мұндай оқушы мүғалімнің пікірінше келесі жағымды қасиеттермен сипатталады: ынтымақтастыққа дайын, білім алуға ұмтылатын, тәртіпті. Балаға қатысты мүғалімде қалыптасатын үміттер оның ақиқат табыстарын шынында да анықгайтыны елеулі. Осындай үміттердің әсерінен мұғалімнің баланы өзіндік қабылдау үлгісі қалыптасады.

Педагогикалық тәжірибедегі үміт стереотипінің көрініс беруін бірнеше мысалдарын Н.И. Козлов көрсекен /24/. Олар:

1. Оқушылардың сабақта беретін жауаптарына байланысты стереотип педагогикалық процесте келесі көріністерде болады. Мұғалімдер жақсы окушыларды жиі тақтаға шақырады және белсенді түрде қолдап отырады. Ал «жаман» оқушыға мүғалім өзінің көзқарасымен, ескертулерімен, ымдарымен, кейде ешқандай көңіл аудармауымен ол оқушыдан ешқандай жақсылық күтпейтінін түсіндіреді.

2. Оқушы туралы қалыптасқан стереотиптің екінші көрінісі жауап беріп жатқан оқушыға көмектесуінің сипатында орын алады. Мұғалім өзінің үміттерін растау үшін «жақсы» оқушыларға барынша көмек көрсетіп, оның білмей қалған жерлерін білдірмей айтып береді, түсінбегенін түсіндіріп тұрады және басқа түрде көмектеседі. Бірақ ол жаман оқитын оқушыны алға тартып жатқан жерлері, оған сенім білдіргені сирек кездеседі.

3. Қалыптасқан стереотиптің үшінші түрі оқушыларды үлгеруші және үлгермеуші деп сыныптастыруға алып келеді және осы тұрғыда сипатталған пікірлерді тудырады. Мұғалімдер үлгермейші стереотипіндегі оқушыларды мынандай сөздерді қолдана отырып көп сынайды: «Тағы да жаттамай келдің бе?», «Өмір бойы сен сыныпты артқа тартасың», «Шашымды ағарттың», «Қашан ата-анаңның сенімін ақтайсың және т.б. сөздермен сыныптастарының алдында абыройын төгеді.

Қарым-қатынастың үш жағын зерттеу олардың өзара байланысты екенін көрсетеді. Осы көрсеткіштерінің әр қайсысы адамдардың бір-біріне әсер етудің белгілі тәсілдерін анықтайды. Олар бағыну, сендіру, өзін-өзі иландыру, еліктеу, құмарлану.

Мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында іскерлік қарым-қатынасты (функционалдық-рольдік) ұйымдастыру арқылы оқушылардың бір-бірімен тіл табысқыш, ұйымшыл, басқалардың пікірімен санасу және сыйлау қабілетін қалыптастырады. Психолог осы міндеттерді шешу үшін оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдарын анықтап, әр оқушының басқаларға және өзіне ыңғайлы,жайлы болуына жағдай жасауы қажет. Қарым-қатынас мәдениеті қалыптаспаған балалардың арасында бәсекелестік, өктемшілдік көрсету, бір-бірін жәбірлеу орын алған кезде балалардың мазасыздануы жоғарылап, өзгелерге қорқыныш сезіммен қарау орын алады. Мұндай жағдай орын алған кезде оқушылар қарым-қатынас мәдениетін түзету мәселесі актуалданады. Жеткіншек жасындағы балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу нәтижесі оларға психологиялық көмек көрсетіп, тұлғааралық қатынаста өздерінің құрбыларымен, үлкен және кішілермен қандай қатынаста болуы керек екенін үйрету қажет екенін көрсетті.

Бұл мәселені талдауға белгілі ғалым В.А.Яров /25/ үлкен мағна берген. Ғалым тұжырымы мінез-құлықты диспозициялық реттеу, яғни белгілі жерге орналастыру деп аталады. Осы концепсияға байланысты субьект мінез-құлығына психологиялық реттілік жасау жеке адамның диспозициялық-ұстаным жүйесі негізінде анықталынады. Диспозициялық құрылу сатылы жағдайда қалыптасады. Сатының төменгі деңгейінде элементарлы бағыт-бағдар көрсетілсе, екінші деңгейде әлеуметтік бағдар берілуі тиіс екен.

Үшінші деңгейде адам өмірі мақсатындағы құндылық бағдар жүйесі құрылады және осы мақсаттарға қол жеткізу құралы жасалады. Яғни қарым-қатынас процесін реттеу үш деңгейде өтілуі шарт.

Қарым-қатынасты зерттеген ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып қарым-қатынас мәдениетіне келесі анықтама бердік. Қарым-қатынас мәдениеті дегеніміз адамдардың өз мінез-құлқын басқару арқылы басқалармен тіл табысу және алдына қойған мақсатына жетудің тиімді жолын табуға қабілеттілігі.

Қарым-қатынас мәдениеті қалыптасу деңгейін, оның сапасын өлшеп көрсету өте қиын. Өйткені тек қана іскерлік, қолданбалы, тәжиребелік мәселелердің тиімді шешлгені қарым-қатынастың барлық қатынасқан субъектілері үшін оң, жағдайда жүргенін көрсетуі мүмкін. Сондықтан іс-шаралар нәтижесі гуманистік, адамгершілікті сақтау негізінде, басқаларға психологиялық қысым, зорлық көрсетпей жүргізуге байланысты болғанда ғана қарым-қатынас мәдениеті сақталғаны анық байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет