Кіріспе бөлім. ҚАрым-қатынастың ҚҰрылымы мен психологиялық функциялары


Жеткіншек жасындағылардың қарым-қатынасының түрлері



бет2/7
Дата28.01.2018
өлшемі1,69 Mb.
#34252
1   2   3   4   5   6   7

1.2. Жеткіншек жасындағылардың қарым-қатынасының түрлері
Жеткіншек жасындағылар қарым-қатынасқа өте құмар келеді. Олардың жолдастарымен, құрдастарымен, сыныптастары, қарым-қатнасы төменгі сыныптардағы балалардың қарым қатнастарынан гөрі күрделірек, көп салалы әрі мазмұны тереңірек болады. Тұлғааралық қарым-қатынасты жан-жақты зерттеген А.А.Бодалев оның жас кезеңдеріне байланысты өзгеру динамикасын көрсеткен /26/. Жеткіншектік кезең де жақындық дәрежесі жөнінен әр түрлі қарым-қатынастар қалыптасады, оларды жеткіншектер әншейін жолдастар, жақын жолдастар, жеке дос, деп нақпа-нақ саралайды. Қарым-қатынас жасайтын адамдары тек мектеп шеңберіндегі оқу әрекетімен шектелместен, барған сайын мектептен тыс шыға береді, жаңа мүделерді, кәсіптерді, қарым- қатынастарды қамтып, жеткіншек өмірдің дербес және өте маңызды саласы болынып бөлінеді. Бұл қарым-қатынастарда әр түрлі оқиғалармен, күрес пен қақтығысулар, жеңістер мен жеңілістер, жаңалықтар мен өкініштер, күініштер мен қуаныштар кездесіп, осының бәрі жинақталғанда жеткіншектің нағыз өмірін құрайды. Ол осы ортада іс- әрекет жасап, ойланып толғанады, көп уақыты мен рухани күш-жігерін жұмсайды. Жолдастарымен қарым-қатынас жеткіншек үшін ерекше құдылыққа ие болады. Л.Я.Гозман көрсеткендей, бұл қатынастардың бала үшін маңыздылығы соншалықты жоғары бағаланатындығынан олар ата-ана, туғандарымен қарым-қатынастардың тартымдылығын едәүір азайтып, оқудың өзін екіші қатарға ығыстырады /27/. Әдетте мұны бірінші болып анасы сезеді. Ұлының (не қызының) өзінен алшақтап, қайсыбір өзгеше өмір сүре бастағанын, бұл туралы айтпай, үйден жолдастарына баруға асығып тұратынды шығарғанын байқайды. Жеткіншек үшін құрдастарымен қарым-қатынасы оның жеке басының қатынас сферасы болып сараланып, бұл бағытта ол дербес іс-әрекет етеді. Ол бұған хақым бар деп санайды, өзінің правосын қорғайды, нақ осы себептен де ересектердің бұл салаға араласуын жәбірлеу деп санап, оған қарсы шығады.

Л.Я.Гозман эмоционалдық қарым-қатынасты жолдастық, достық, сүйіспеншілік, қастандық түрлерге бөліп көрсетеді. Олардың әрқайсысының жеткіншек өмірінде өз орны бар. Жеткіншекте, бір жағынан, құрдастарымен қарым-қатынас, бірлесіп іс-әрекет жасауға ұмтылу, ұжымда өмір сүргісі келіп, жақын жолдас, дос тауып алуға ұмтылу өте айқын көрінеді, екінші жағынан, жолдастарының арасында қабылданып, танылуға, олардың мұны сыйлауына жетуге ұмтылу одан кем түспейді. Мұның өзі аса маңызды қажеттілікке айналады. Сыныптастары мен қарым-қатынастардағы қолайсыздықтар, жақын жолдасының, досының болмауы немесе достарының одан ажырасып кетуі барынша күйзелтіп, баланың жеке басының драмасы деп қабылданады. Жеткіншек үшін ең қолайсыз жағдай - ұжымның, жолдастарының оны шындап кінәлауы, онымен қарым-қатынас жасағысы келмеуі болады, ал ең ауыр жаза өзіне ашықтан-ашық немесе жасырын бойкот жасауы болмақ. Өзінің жалғыздығын сезіну жеткіншек үшін төзгісіз, ауыр жағдай. Сыныптастарымен қатынастардың қолайсыздығы оны өз мектебінен басқа жерден жолдас, дос іздеуге итермелейді. Әдетте, оларды тапқанымен, бұлар әр кезде бірдей жақсы болып шыға бермейді. Мұндай фактілерндің күйінішті зардаптары болатын жағдайлары көп кездеседі.

Жеткіншектің жолдастарының назарын өзіне аударуға, олардың ынтасын туғызып, жақсы көрінуге ұмтылуы түрліше болып көрінуі мүмкін: бұлардың өз қасиеттерін тікелей көрсетуде ересектер қоятын талаптарды орындамау да болуы, сондай-ақ қиқаңдап, сайқымазақтану, күлдіруге тырысқан іс-әрекеттер, өтірік-шыны аралас әр түрлі жайларды айту болуы мүмкін. Е.Я.Мелибурданың жүргізген зерттеуінде жеткіншектердің қырсық мінез көрсетунің бір себебі өз жолдастарының назарын аудару екендігін дәлелдеген /28/.

Жеткіншектер жеке басының қасиеттері жағынан қоғамшыл болып келеді. Балаларға өмір мен іс-әрекеттің ұжымдық әдістері ұнайды, олар қоғамдық жұмыстарға ұмтылып, жақсы көреді. Бұл жұмыстар жеткіншектердің қарым-қатынасы үшін мазмұнды негіз жасап, ынта көрсетіп, белсенділік, дербестік білдіруге мүмкіндік береді. Кез келген іс-әрекетте олар әншейін қарап тұрушы болмай, белсене қатысушы болғанды жақсы көреді.

Жолдасттық қарым-қатынас жеткіншектер өмірінде үлкен орын алады. Жеткіншектердің өзара және топтасқан қарым-қатынастары көбінесе ересектермен қарым-қатынастарға тәуелсіз тіпті олардың дегендері мен ықпалдарына қарсы болып та қалыптасады. Бұл қарым-қатынастардың өз мазмұны мен даму логикасы болады. Егер төменгі сыныптарда ұжымтегі алатын орны негізінен оқу үлгеріміне, тәртібі мен қоғамдық белсенділігіне, яғни баланың ересектер қоятын талаптарды қалай орындайтынына байланысты болса, жеткіншектер үшін басқа қасиеттер: досы мен жолдасының қасиеттері, зеректігі мен білімділігі (тек оқу үлгерімі ғана емес), батылдығы өзін- өзі ұстай білуі неғұрлым маңызды бола бастайды. Әр түрлі сыныптарда (жеткіншектер топтарында) бұл жақсы жақтардың құндылық дәрежесінің түрлі баспалдағы бар, бірақ олардың біреуі- жолдастық қасиеттер әрқашан бірінші орынға қойылады. Жеткіншектер әншейін танымал болып қана қоймай, олардың ризалығы мен құрметіне бөлену үшін ең алдымен жақсы жолдасы болуы керек. Осыған байланысты жеткіншектік кезеңнің басында бұрын танымал болған балалардың тобында өзгеріс болатыны жиі кездеседі: біріншіден, бұрынғы беделділер, кетіп, олардың орнына жаңалары шығады, екіншіден, сыныпс активінің неғұрлым сыйлы әрі беделді жеткіншектер тобы болмауы жиі байқалады, өйткені көптеген мұғалімдердің активті құрғанда олардың жолдастық қасиеттерін ескермей, үлгерімі жақсы және тәртіпті балаларды алатыны жиі кездеседі. Сыныптастары үшін беделі аз актив-ұжым құрудағы және сыныптағы пионер жұмысын ұйымдастырудағы қиындықтардың мәнді себептерінің бірі. Мұның мәні одан кем түспейтін тағы бір себебі - мұғалімде басқарудың авторитарлық деп аталатын стилінің сақталуы және активте де сыныптастарымен қарым-қатынастың осындай әдістерінің тәрбиеленуі. Жеткіншектер мұны әсте қабылдамайды, өйткені олар ересектердің де, жолдастарының да қарым-қатынастарына сол бір негізгі талап тұрғысынан қарайды - адамшылық қадір-қасиет пен жеке басты құрметтеуді талап етеді.

Бұл талап жеткіншектердің жолдастық кодексінің өзегі болып табылады, оның нормалары әр түрлі негіздерден: ересектерден, жасы үлкенірек балалардан, кітаптар мен кинофильмдерден (олар бұл нормаларды көрсетіп, түсіндіруде маңызды роль атқарады) ұғынылып, қабылданады. Жеткіншектердің жолдастық кодексінің ең маңызды нормалары қадір- қасиетті сыйлау, теңдік, шын берілгендік, жолдасына көмектесу, адалдық. Жеткіншектердің ортасында әрбіреуінің өз жолдасына, тобына, сыныпына қатысты іс-әрекеттері ескерусіз қалмайды және бұл нормаларға сай келетіні-келмейтіні бағаланып отырады. Сондықтан жеткіншектер жолдасына, тобына «опасыздықты», уәде бұзуды, көмектеспей қоюды, өзімшілдік пен сараңдықты, бірінші болсам, басқарсам деген ниеттерді, менменсіп, өзін-өзі дәріптеуді, жолдасының пікірімен санасқысы келмеуді, сөзімен, күш көрсетіп,айламен, көзінше немесе сыртынан, тікелей не жанамалап болсын жолдасының қадірін түсіруді бірауыздан айыптайды. Мұндай қылықтар жәбірлесу, қақтығыстар, жанжалдар туғызады. Жолдасының өзін-өзі сыйлаушылығы, өз пікірі болмауы, өзінің айтқанынан қайтпай, жәбірлеушіге қарсыласа алмауы да айыпталады, ал «жағымпаздар», алуан түрлі бейімделгіштер мүлдем жеккөрінішті болады. Бұл айтылғандарға қарама-қарсы қасиеттер жеткіншекте қалыптасатын этикалық мұраттың негізі болып, жолдасының қасиеттерімен қарым-қатынасқа осы тұрғыдан талап қойылады.

Бұл нормалар мен талаптардың ересектердің жолдастық, достық шынайы ынтымақ қарым-қатынастарының аса маңызды нормаларымен үйлесетіндігі өте маңызды. Жеткіншектердің жолдастық кодексінің моральдық-этикалық мазмұнының ересектердің осындай қарым- қатынасының қағидаларымен үйлесуінің арқасында құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жеткіншектің әлеуметтік-моральдық ересектігінің айрықша мектебі болады. Бұл қарым-қатынас ұжымтегі ересектер морлінің қағидаларына негізделген әлеуметтік қарым- қатынастың жаңа әдістерін меңгерупрактикасы болып табылады. Нақ осы жолдастарымен қарым-қатынас практикасында бұл мораль ең алдымен игерледі.

Жеткіншектердің құрдастары алдында танымал және сыилы болсам деген қажеттілігі өте жоғары болады. Себеі әр бала өз жолдастарының пікірі мен бағаларына ерекше сергек қарайды. Жолдастарының ескертулері, наразылықтары мен өкпелері оны олардың себерптері жайлы ойлантады өзіне назарын аударады, өз кемшіліктерін көріп білуіне көмектеседі, ал олармен жақсы қарым қатнаста араларында сыилы болуға ұмтылу түзеліп олар қоятын талаптарға саи болаиын деген ниет туғызады. Жеткіншек жаста қарым қатынас үшін өте маңызды ерекшелік - құрдастарының талаптарын есепке ала білу дамиды. Қарым-қатнас жақсы болу үшін бұл қажет нәрсе. Мұндай қаситтің болмауын жеткіншектер инфантілділіктің көрінісі деп бағалайды.

Л.Я.Гозман, Н.И.Ажгихина өз зерттеулерінде шектеулі балалардың басым көпшілігінде қарым–қатынастың болмауына себептердің бірі ретінде олардың өзін-өзі асыра бағала деп көрсеткен /29/. Мұның салдарына жеткіншек жолдастарының айтқан сыны мен талаптарына ден қоимайды. Нақ осы себепті жолдастары одан безеді. Сыныбында беделсіз болып, бәрі одан безген жеткіншектер көбіне өзін-өзі осындай асыра бағалаушылар болады. Қарым-қаынастың жақсы болуына жолдастары бағалаитын қасиеттер жөнінен өзін-өзі лайықты немесе тіпті төмен бағалау қолайлы жағдай жасайды. Өзін-өзі бағалаудың сипаты – онымен қарым–қатынас жасау үшін өте маңызды нәрсе. Сондықтан мен-мендік, эгоцентризм, дезадаптивтік мінез көрсету жеткіншектер ортасында төмен бағаланатын қасиеттер болып саналады. Оқшау жүретіндер деп аталатын жеткіншектерде әр түрлі жағымсыз ерекшеліктер болуы мүмкін, бірақ олардың бәріне тән кемшілік – жақсы жолдас болу қасиеттерінің жоқтығы. Сыныптастары оны осылай деп санайды, ал жеткіншектер бұл кемшіліктің есесін еш нәрсемен де толтыруға болмайды деп біледі. Сондықтан үздік оқушы да оқшау қалуы мүмкін.

Жеткіншектер өз құрдастарының іскерлігін жоғары бағалап, олармен іскерлік қатнасқа түскенде барлық берген нұсқауларын ризашылықпен, сыиластықпен орындайды. Олар іскер басшы құрдастарына бағына біледі, жолдастарымен қатар тұра алады, өз міндеттерін үлгілі атқарады, ортақ табысқа жанын салады, басқалар үшін қиын не жағымсыз жұмысқа бірінші болып кіріседі, жолдастарын құрметтеп, айғай шусыз мазасыз ақыл үйрете бермей, сабырлықпен қарайды, қажет бола қалса көмекке келеді жолдасын сыйлай білу жеткіншектермен іскерлік қарым- қатынасжасау үшін қажетті қасиет. Жеткіншектерді іскерлік қатнастарында мінез құлықтың дұрыс формарарына баулу мұғалімен пионервожатыидың жұмысының маңызды мінднті болуға тиіс.

Жеткіншектік жас кезеңінде балалар арасында достық қатынас ерекше орын алады. Жеткіншектердің достығын зерттеген И.С.Кон /30/ оны терең мазмұнды, асыл қазна ретінде бағалайтынын атап өтеді. Жеткіншектің жеке басының әлуметтік-моралдық ересектігінің дамуында қарым-қатнастың ерекше түрі – жақын жолдастармен және досы мен қарым қатынас маңызды роль атқарады. Жылдар өткен сайын олар неғұрлым қажет бола түседі. Жеткіншектер сыйлы, беделді, қайсы бір салада озық сыныптастарымен қарым-қатынас жасауға ұмтылады. Мұндайда жолдастық қасиеттер, білімділік қолынан бәрі де келетіндіктер батылдық, спортаға жетістіктер, сырт пішінің ересек болып көрінетіндігі, өзін-өзі ұстау мәнері романтикалық сипаттағы қарым-қатнастардағы тәжірибе, қатынастардағы дербестік секілді алуан түрлі жайлар тартымды болуы мүмкін. Жеткіншекке мүдделері қарама-қарсы өте-мөте әр қыилы балалар тартымды болуы жиі кездеседі. Аз ба, көп пе, уақыт бойы жеткіншектің қарым-қатынас жасайтын ортасы өте кең, бірақ тұрақсыз болуы мүмкін; бір шама тығыз болғанымен уақытша қарым-қатынас орнығады, жақын дос іздеу басталады. Барлық жағдайларда да қарым-қатынастың тартымдылығы, екі түрлі: мүдделер жағынан және қарым-қатынастың сипатымен қанағаттану дәрежесі жөнінен тіл табысушылық сыннан өтеді. Достарының неғұрлым ересек болғаны жеткіншекке ұнайды, бірақ нақ осының өзі жақындасуға кедергі болуы мүмкін, өйткені неғұрлым ересек жолдасына мұнымен қарым-қатынас жасау қызықсыз болуы мүмкін. Дегенмен әдетте досы естияр болса ол қарым-қатынаста жетекші болып, әрбір іс-әрекетте бастауыш болады.

Балалардың жақындасуы үшін олардың алдыларына қойып отырған мақсаттары мен сүйікті әрекеттерінің ұқсастығының, әңгімелесудің тартымдылығының үлкен маңызы бар. Жеткіншек өзіне ұнаған құрдасының ден қойған нәрсесіне оңай елігеді, өзі де оны өз ісіне ортақтастыруға ұмтылады. Достарымен қарым-қатынастың кейде тартымды болатыны соншалық, жеткіншек онымен бірге өзін бұрын қызықтырмаған, қазір де қызықсыз іспен шұғылдана бастайды. Алайда кейін ол бұған шындап қызығып кетуі мүмкін. Сондықтан жолдастары мен достары арасындағы қарым-қатынас жеткіншектердің жаңа мүдделердің пайда болуының қайнар көзі. Біріне-бірі ұнайтын балалар әр түрлі істерде ынтымақтасуға ұмтылып, әр қайсысының айтқанын көбіне екеуі бірігіп істейді. Бірлесіп жұмысты жақсы істей білуді жеткіншектер өте бағалайды.

Өзіне ұнаған құрдасының қасиеттері көбіне жеткіншектің өз басында жоқ екенін көріп, ұғынуға мәжбүр етеді. Сол сияқты, тіпті одан да жақсы болсам деген ниет туады. Жолдасы жеткіншекке үлгі болады. Ол оған немесе әншейін еліктейді, немесе өзінде белгілі бір қасиеттерді, мәселен, күш пен батылдық немесе өзін-өзі ұстай білу, әрқашан уәдесінде тұру т.б. қасиеттерді дамыта бастайды.

Жақын жолдастардың қарым-қатынасында әңгімелесу үлкен орын алады. Әр түрлі істе де, серуен кезінде де әңгіме үзілмейді, бірлесіп сабақ дайындауға бөгет жасайды, өйткені жеткіншектердің пікірінше «ең қызықтысы-әңгімелескен!» Кейбір жағдайларда жеткіншектер бірге болған уақыттың бәрі әңгімелесумен өтеді, шындап келгенде оларды осы әңгімелесу ғана байланыстырады. Мұндай достық тұңғыш рет жеткіншектік шақта болады. Балалар өздері ден қойған хабарлар мен алмасады, сынып өмірінің оқиғалары, сыныптастарының қылықтары, өзара қарым-қатынастары талқыланады; басқаға айтуға болмайтын бүтіндей жеке бастың мәселелері - жоспарлар, армандар, оларды жүзеге асыру, бірлескен ой-ниеттер, романтикалық ұнамды жайлар туралы сөз болады, осының өзінде жеткіншектердің «құпиясы» нақ осы мәселелерге, сондай-ақ жыныстық жетілуге байланысты интимдік мәселелерге қатысты болады.

Маңызды әрі жеке адамға қатысты деп ұғынылатын мазмұнныың ұлғайып, тереңдеуі ақылдасуға, қолдау мен көмек алуға болатын досқа зәрулік туғызады. Сондықтан достық қарым-қатынастықтарға - өзара сыр жасырмау және түсіністік, сергектік пен сезімталдық, бірлесе толғану, сыр сақтай білу сияқты ерекше талаптар қойылады. Бір–біріне жан дүниесін, бар сырын жайып салған қарым–қатынас екеуін де байытады, өз жан-дүниесінде болып жатқанның бәрін жақсы түсініп, ұғынуға мүмкіндік береді. Нағыз дос тауып, оған өзі де жалғыз досы болу – әрбір жеткіншектің ер баланың да, қыз баланың да арманы. Олар досы не жолдасының басқа кейбір балаларға іш тартуына өте–мөте қызғанышпен қарайды, өздерінің достығын бөгде біреудің арасылуынан мұқият қорғайды. Алайда достасқан жұптың әрбір мүшесінің әдетте тағы да азды – көпті жақын жолдастары болады, сөйтіп жеткіншектің бәрінен көбірек араласатын ортасы болады. Сыныпта топтардың құрылуының негізі осылар. Жеткіншектік шақта олардың арасында күрделі де қиын қаым-қатынастар қалыптасуы мүмкін.

Жеткіншектер достығыныңа мұраты - «қашан да бірге болып, бәрін бірдей бөлісу!» Бұлай дегенде жолдастық кодексі мен достық қарым-қатынастарға қойылатын қосымша талаптардың бұлжымай сақталуы ғана ұғынылмайды, екіншісінің өмірінің барлық жақтарына біріншісінің түгелдей араласып, бәрінде бірлесіп іс-әрекет етуі ұғынылады. Жеткіншектер дос–жолдасымен ортақ өмірге ұмтылады. Өсе келе «жан-дүнисінің жақындығы»-ішкі өмірдің ортақтығы, өзара түсіністиік, жеке адамның маңызды мәселелер жөніндегі құндылықтарының, ұмтылыстарының, көзқарастарының ортақтығы барған сайын маңызды бола түседі /30/. Толып жатқан өмірлік, этикалық, эстетикалық проблемаларды талқылау, кейде ұзаққа созылып, барынша эмоциялы болатын таластар арқылы осындай достық қалыптасады. Бұл талқылаулар мен таластар этикалық даму үшін өте маңызды, өйткені әркім өз пікірін дәлелдеп, қорғауды ғана емес, оның қате екенін білуді де үйренеді. Таластар мен олардың кейінгі ойлану процесінде жеткіншекте өзінің жеке көзқарасы, яғни сенімі қалыптасады. Сонымен қатар достарда әртүрлі мәселелер жөнінде ортақ көзқарастар қалыптасып,бұл іштей жақындыққа негіз болады.

А.Н.Лутошкин жеткіншектер достығының ұжымның қалыптасуына, балалардың мамандық таңдау мотивтерінің орын алуына тигізетін әсері мол екенін көрсеткен /31/. Достасудың себептері кәсіптік ниеттермен, өзін-өзі тәрбиелеумен, өздігінен білім алумен байланысты ортақ әрі әрқайсысы үшін өте маңызды мақсаттар мен міндеттер пайда болған кезде қарым-қатынастар дамудың жаңа, неғұрлым жоғары деңгейіне көтеріледі. Достар оларды ортақтаса күш салып жүзеге асыра бастайды: білімді, іскерліктерді бірлесіп меңгереді, әртүрлі қасиеттерін дамытып, бір-біріне көмектеседі. Бұл достықтың жеке адамның дамуы үшін өте бағалы түрі. Достықтың қарама-қарсы түрі жеткіншектердің сырттай ересектікке ұмтылуына, уақыт өткізіп, көңіл көтеру мәндерінде ересектерге еліктеуіне енгізделген. Мұндай әдетте неғұрлым ересегі басшы болады: бьағынушы біраз уақыт оған келісуі мүмкін, бірақ кейін көбі жолдасының өктемдік жүргізбек ниетіне қарсы шығады. Теңсіздікке негізделген қатынастарды жеткіншектер нағыз досытқ деп санамайды.

Нағыз достықтың бірден шығуы сирек болады. Әдетте оның алдында ізденіс, сәтсіздіктер, уақытша қатынастар болады. Осындай тәжірибенің негізінде достық пен достың жекелей мұраты қалыптасып, шыңдалады. Қатынастардың нығайып тереңдеуінен гөрі басталуы оңай. Бұл үшін жақсы көру мен мүдделердің бірдей болуы жеткіліксіз. Әрқайсысының жолдастық кодексінің қағидалары мен достық талаптарын орындауы қажет. Әсіресе бас кезінде нақ осы қиын болады, өйткені жолдасының қарым–қатынасына жеткіншек енді үлкен әрі нақты талаптар қояды, өзіне ондай талап түгел және әрқашан қоя бермейді: басқаның кемшіліктерін көргенімен өз кемшіліктерін көрмейді, не бірден қоймайды. Осыдан барып өкпе, қақтығыс жанжалдар, уақытша ажырасу шығады, тіпті қатынас үзілуі де мүмкін. Жеткіншектер достықты қадірлегенмен, оған көп талап қояды әрі өкпелегіш болады. Қ.Жарықбаевтың айтуынша жақын жолдастың досқа айналуы - өте интимдік процесс /32/. Ол жеткіншектің құрдасымен қарым-қатынасқа өзінің қанағаттанғанын ұғынумен, бұл қарым-қатынастың қазіргі уақытта басқа ешкім қанағаттандыра алмайтын қажетке, қажетсінуге айналумен байланысты. Нақ осы себепті жеткіншектердің достығы эмоцияналды, жеке қарым-қатынастың сипатына қатысты көптеген толғаныстарға толы болады.

Жақын жолдасымен, досымен қарым-қатынас туралы жеткіншек көп ойланып, толғанады. Ол осы қарым-қатынаста, өзіне жолдасының несі ұнап, несі ұнамайтынын білуге тырысады, өзінің оған, бұған қатынасын салыстырады, жәбірлейтін қылықтарды анықтап, олардың себептерін білуге тырысады. Ойланумен бірге жеткіншек өзін жолдасымен салыстырады. Осындай ойланумен бағалау процесінде қатынастарға көңіл толмаудың себептері, кімнің кінәлі екендігі, одан әрі не істеу керек, мәселен, кешірім сұрау, немесе достасуды қою қажет пе деген түсінік қалыптасады. Қатынастардың дамуының барлық кезеңдерінде жеткіншектер бір-біріне қатысты өте белсенді іс-әрекет жасайды, бұл қарым–қатынастарды белгілі бір бағытта құрады.

Достық қарым-қатынастың тәрбиелік мәні өте терең екенін көптеген ғалымдар атап көрсеткен. В.А.Кан-Калик адамаралық қатынастың жеке тұлғаға әсерін бағалаған /33/. Жеткіншектің мұндай қарым-қатынасы – тиегі басқа бір адам – жолдасы болып табылатын ерекше іс-әрекет, ал іс-әрекеттің мазмұны қарым-қатынастар құрып, оларда іс-әрекет жасау болады. Бұл іс-әрекеттің ішінде жеткіншек басқа адамды және өзін таниды, мұндай таңдаудың жолдары: жолдасының және өзінің іс-әрекеттерін салыстыра, талдай, қорытындылай, олардың етникалық мазмұнын көре, оны бағалай білуі дамиды: жолдасының және өзінің жеке басы туралы түсінігі молайып, сондай-ақ бағалауы мен өзін-өзі бағалауы өзгереді. Осындай ойланулардың нәтижесінде өз кемшіліктерін ғана емес, жолдасының кемшіліктерін де түзетуге бағытталған белсенділік пайда болады.

Басқа адамға ықпал жасауға ұмтылу - жеткіншектің өте маңызды ерекшелігі. Мұнда оның әлеуметтік белсенділігі, құрдастарвымен әлеуметтік өзара іс-әрекеттің ерекше сипаты айқын көрінеді. Достармен және жақын жолдас тарымен қатынастардың өзіне тән ерекшелеугі мынада: жеткіншектер сөзді толық мағынасында бірін–бірі тәрбиелейді, өйткені әрқайсысы екіншісіне белгілі бір талаптардың тұтас жүйесін қояды да, олардың орындауын қадағалайды: ал егер олар орындалмайтын болса, қарым-қатынастан бас тар ту секілді күшті амал жаза ретінде қолдамнылады. Жеке адамның дамуы үшін жақын жолдастары және досымен қарым-қатынастың зор маңызы мынада: мұның өзі қарым–қатынастың ерекше түрі нақ ересек адамдарға тән жеке дара қарым-қатынастың қағидалариын меңгерудің практикасы болып табылады. Достықтың қағидаларын меңгеру – баланың жеткіншек шақта жететін маңызды жетістігі.

Орта буында оқитын ер балалармен қыз балалар арасындағы қарым-қатынастар өзіне тән ерекшелігімен сипатталады. Жеткіншектік жаста ер балалар мен қыз балалар арасындағы қарым–қатынастан айтарлықтай өзгерістер орын ала бастайды. Олар бір-біріне зейін аударып ұнатуға тырысу, ал осыған байланысты өзінің сырт пішініне зер салып ұнамды көрінуге ұмтылу көрініс береді. Денесінің өсуі және жыныстық жетілуде қыздар балалардан озып кетеді. 5-6 сыныптарнда қайсыбір қыздар балалардан биік әрі ірі болады. Ер балалардың физикалық дамуында кішкене кешігу орын алғандығына байланысты олар өздерін қыздардан кем сезініп, бірталай мазасыздану орын алады. Бойы өз сыныптарынан озып кеткен қыз балалар да осылай күйінуі мүмкін. Кейде олар өздерінің тезірек жетілуін артықтығы ретінде сезініп, жоғары сыныптарда оқитын ұлдарға көңіл аударуы орын алады.

Бастапқыда басқа жынысқа көңіл аудару көптеген ер балаларда кіші жастағы жеткіншектерге тән қыз балаларға «тиісуден» көрініс береді. Ал қыздар ер балалардың мұнысына шағым айтқанымен, оның себебін дұрыс түсінеді де, онша жәбірлене қоймайды. Кейіннен ұл-қыздар арасындағы қарым-қатынас өзгереді, біртіндеп ашық-жарқындықтың орнына жасқану, ұялу, ыңғайсыздану келіп шығады. Біреулерінде бұл тікелей көрінсе, екіншілерінде сырттай жайбарақаттықпен, басқа жынысты «жек көрумен» бүркелмеленеді. Осы кезде жеткіншектердің мінез–құлық амбиваленттігімен сипатталады: біріне–бірінің ынтасы ер балалар мен қыз балалардың оқшаулануымен қатарлас жүреді. Алайда олар жаңадан туындайтын қарым-қатынасқа, олардың даму ерекшелігіне барынша қызығумен қарайды.

Жеткіншек жасында махабат сезімі, сүйіспеншілік орын алады. Достық қатынас адамдардың бір-біріне жақындасуының бірінші акті болса, махаббат оның қорытындысы болып келеді. Махаббат адамдардың бір-бірін тек жақсы көруі ғана емес, басқаға деген барлық жанының асылын сыйлау /34/. Орта сыныптарда оқушылардың басым көпшілігі, әсіресе қыздар, кім кімге ұнайды деген мәселеге зер салады. Оларда махаббат сезімі ояна бастайды.

Өзінің сүйіспеншілік қарым–қатынасы туралы жеткіншектер әдетте досына не жақын жолдасына ғана айтатын болғанымен, мұны, сыныптастарының көбі біледі, олар аңғарғыш болады және жаңалықтармен бір-бірімен күнделікті алмасып тұрады. Кіші жеткіншектік шақта балалар мен қыздар арасында достық сирек болады, ал 7-8 - ші сыныптардан бастап олар бір-бірімен жиі кездесіп, өзара ұнау өте эмоционалды болып, өмірінде маңызды орын алады. Өзі ұнататын адамның көңіл аудармауы, ұнатпауы балалардың күшті толғаныстардың қайнар көзі болады. Романтикалық қатынастар ортақ мүдделер не ұмтылыстар болған жағдайда жолдастық қатынастар түрінде дамуы мүмкін, ал мұндай мазмұнды болмаса кездесулер, серуендер, киноға, мүз айдынына, практерге т. б. демалыс орындарына баруылары жиі кездесуі мүмкін. Осы қатынастардың нәтижесінде сыныптарда ұлдар мен қыздар аралас топтар құру тенденциясы орын алады.

Осы жас кезеңіндегі сүйіспеншіліктің формалары көп болады. Э.Фром адамдардың сүйіспеншіліктерінің бірнеше формаларын анықтаған /35/. Ол өзінің ата-анасына деген ерекше көзқарас, ең жоғарғы сезім ретінде жаратушыға деген ерекше сезім, өмір сүйгіштік, қоршаған ортаға ерекше сезімге бөлену, қарама-қарсы жыныстағылардың бір-біріне деген сезімі.

Ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынастар өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады. Басқа жынысты құрдастарына деген қатынастың жеткіншектің жеке басының дамуы үшін маңызы зор. Ұнатқан объектісіне барынша көңіл аудару саралай аңғарғыштықтан көрінеді: өзіне ұнаған құрдасының қылығындағы, әсерлеріндегі, көңіл күйіндегі, толғаныстардағы нәзік өзгерістерді аңғаруға бейімтділік пайда болады. Ұнайтын адамымен қарым-қатынастың нәтижесінде өзінде болатын психикалық көңіл күйге бөленеді. Романтикалық ұнату жеке бастың барлық мүмкіндіктерін ширықтырады, жақсы болуға, жақсылық жасауға, көмектесуге, қорғауға ұмтылдырады. Бұл назар аудару нәтижесінде балалардың өзін-өзі жетілдірудің себептерінің біріне айналады. Өзінің жақсы көрген адамына ұнау үшін балалар өздеріне тән теріс қасиеттерден қол үзіп, өзгелерге ұнамды болу үшін тұлғалық оң қасиеттерін дамытады.

Жеткіншек шақта жолдастарымен қарым-қатынас жасау жеткіншектің жеке басынаның қалыптасуына үлкен, көбіне шешуші ықпал жасайды. Жолдастары оған үлгі болады, балалар бір-бірімен бірлесіп көптеген іс-әрекеттерге белсене қатысады. Осы іс-әрекетбарысында олар бірін-бірін тәрбиелейді. Сондықтан жеткіншектердің үлкендермен қарым-қатынастары ғана емес, жақын жолдастарымен, достарымен, ұнатқан адамдарымен қарым-қатынастары да педагогикалық-психологиялық ықпал жасау барысында қамтылуы тиіс.



1.3.Қарым-қатынас мәдениетін зерттеу бағдарламасын жасау

Жеткіншек жасындағы балаларды тәрбиелеуде, оларға психологиялық қызмет көрсетуде қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін әр баланың жеке тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктерін жете білудің ролі үлкен. Сол үшін психолог сынып жетекшісімен бірлесіп оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін зерттеу бағдарламасын жасап алуы қажет екенін көптеген ғалымдар көрсеткен. Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін зерттеуге әлеуметтік психологияда қалыптасқан әдіс-тәсілдержің басым көпшілігін қолдануға болады. Ол әдістемелерді мектеп жасындағы балаларды зерттеуге қолданғанда зерттеуді сынып үжымымен жүргізудің көптеген ұтымды жерлері бар. Балалар оқу барысында, сыныптан тыс іс-шаралар жүргізгенде, көптеген оқу-тәрбие мәселелерін шешу барысында бір-бірімен себептес байланыста болып, қарым-қатынас жасайды. Сондықтан мектеп жасындағы балалардың қарым-қатынас мәцениетін бағалап, қажетті болған кезде коррекциялау, тәрбиелік мәні бар қосымша іс-шаралар ұйымдастыру үшін сынып ұжымы ыңғайлы. Баланың өзі оқитын сыныпта жолдастары, достары, бірге ойнайтын, бос уақытты бірге өткізетін қүрбылары бар. Осы ортада қалыптасқан сыныптағы үжымішілік қатынас ерекшеліктерін зерттеу арқылы балардың қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасу деңгейін анықтауға мүмкіндік болады.

Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін зерттеу және тәрбиелеу негізін құратын бағдарламасының үлгі мазмұнын Я.Л.Коломинский /36/, И.В.Дубровина /37/, Ю.З.Гильбух /38/, М.Р.Битянова /39/ еңбектеріне сүйене отырып анықтауға болады. ұсынған. Олардың ұсыныстарын ескере отырып мектеп тәжірибесінде пайдалануға ыңғайлы бағдарламаны қысқартып келесі мәтінде көрсетуге болады.

Сынып ұжымын зерттеу бағдарламасы.



  1. Сынып ұжымы, топ туралы жалпы мағлүмат жинау (оқушылардың саны, оның ішінде қыз және ұл балалар саны, олардың жеке тұлғалық және жас ерекшеліктері, сынып жетекшілерінің өзгеріп тұруы, мектептерін ауыстырғандары және оның себебі т.с.с).

  2. Сыныптағы балалардың ұйымшылдығы: өзін-өзі басқару деңгейі, сынып жұмысын, қоғамдық тапсырмаларды орындайтындығы.

  3. Сынып ұжымының үлгеріміне мінездеме (кейбір оқушылар үлгеріміне сипаттам, олардың үлгеріміне байланысты жеке бақылауға алынуы, үлгерімі төмендерге, оқу процесінде оқушылардың өзара көмек көрсетуі, оны үйымдастыру түрлері).

  4. Оқушылар үжымының қоғамдық пайдалы еңбекке, өзіне-өзі қызмет етуге қатысуы, оқушылардың сыныптан тыс жүмыстарға қатысуы, ондағы орны, орындайтын жұмыстардың түрлері, жалпы еңбекке деген көзқарасы, сыныпта тапсырмаларды бөлудің түрлері (белсенділер ғана орындайды ма немесе кезектесіп орындауға оқушылар тартылады ма).

5. Сыныптағы оқушылардың белсенділік деңгейі, майталмандардың тұрақты немесе уақытша болуы, орындау тәртіптері.

  1. Сыныптағы оқушылардың өзара қарым-қатынастарының ерекшеліктері: балалардың ұйымшылдығы, сыныптың жетістіктері мен кемшіліктері, оқушылардың бірлесіп жұмыс жасағанды жақсы көруі, ер балалар мен қыз балалардың бір-біріне өзара көмегі және олардың ішкі негізі, сыныптаң ортақ іске деген қызығушылығы, жеке оқушылардың сынып ұжымындағы эмоционалдық жағдайы.

  2. Оқушылар мен мұғалімдердің өзара қарым-қатынасының ерекшеліктері.

  3. Ұжымдағы дәстүрлердің қалыптасқандығы, ұжымның бос уақытты бірге ұйымдастырған іс-шараларда өткізуі, балалардың ой-өрісі, рухани, спорттық өмірі, көркемөнер, шығармашылық кештер, компьютелік сауаттылығы т.с.с. көрсеткіштер бойынша бағалау.

Осы бағдарлама бойынша жиналған мәліметтерді ретке келтіріп бағалауға негіз болатын келесі көрсеткіштер ретінде келесілерді пайдалануға болады.

1. Мінез-құлық қасиеттерін бағалау көрсеткіштері: жағымды мінез-қүлық белгілерінің көрініс беруі: белсенділігі, тәртіптілігі, жинақтылығы, ұйымшылдығы, мейрімділігі, жауапкершілікті сезінуі, қайырымдылығы, іскерлігі, кішіпейілділігі, шешім қабылдағыштығы, қарапайымдылығы, ұстанымдылығы, адамдарға ықылас қоюы, ашықтығы, шыншылдығы, әдептілігі, адамгершілігі.

2. Жағымсыз мінез-құлық белгілерінің көрініс беруі: эгоистігі, түйықтығы, дөрекі, өтірікші, үстанымсыздығы, менменшілдігі, темекі тартуы, алкоголизмге, накотикке және басқа да улы заттарға құмарлығы.

3. Жалпы мәдени дағдыларын бағалау көрсеткіштері: үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынасының қалыптасуы, кішіпейілділігі, ұқыптылығы, сүйкімділігі, жылы жүзділігі, өнер, әдебиет салаларына деген көзқарасы, үйіндегі кітапхана қоры.

4. Қарым-қатынас жүйесінің қалыптасқанын бағалау көрсеткіштері: қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынасы, ашықтығы, жарқын жүзділігі, толеранттығы (басқалардың пікіріне шыдамдылығы), мейірімділігі, парасаттылығы, адалдығы, сезімталдығы, сыйластығы, қайырымдылығы т.б. қасиеттерінің қарым-қатынас барысында көрініс беруі.

5.Сыныптастарымен қарым-қатынасын бағалау көрсеткіштері: сыныптастарының мүддесімен санасуы, кикілжіңдерден өзін аулақ ұстауы.

6. Ата-аналарымен қарым-қатынасын бағалау көрсеткіштері: ата-аналарын жақсы көретіндігі жөне өте силауы, оларды тыңдауы, сенімсіздік білдіруі және көбіне айтқанын орындамайтындығы, өзінше өмір сүруі, өзінің ата-анасын сыйламауын түсіндіруі, ата-ана беделін мойындауы, өз дегенімен жүретіндігі.

7. Білім алуға, оқуға деген көзқарасын бағалау көрсеткіштері: үлгерімі, алып жүрген бағалары, оқушының оқығысы келетіндігі, жақсы немесе жаман оқу себептері, сабаққа қаьысуы, кешігіп келуі, үй тапсырмаларын орындауы, өз бетінше білім іздеуі, оның жүйелілігі, жақсы көретін пәндері, оларды жақсы көруінің себебі, болашақ мамандық таңдауниеттерінің барлығы, жеңіл меңгеретін сабақт, меңгеруге қиналатын пәндері, оның себебі, білімді меңгерудегі жеке кемшіліктері, олардың себептері, оқуға деген қызығушылығы, оның үзақтығы, тереңдігі, түрақтылығы, өз бетінше білім алу дағдысының қалыптасқандығы, өз бетінше білім алумен айналысуы, оқу процесіндегі жетістіктері мен кемшіліктеріне көзқарасы.

8. Өз-өзіне деген көзқарасын бағалау көрсеткіштері: өзінің жеке түлғасына беретін бағасы (өте жоғары, өте төмен, дәлме-дәл), өзінің адамгершілік қасиеттерін бағалауы, өзінің жеке жетістіктері мен кемшіліктеріне деген қатынасы.

9. Оқушының сынып ұжымындағы ролі мен орнын бағалау көрсеткіштері: Оқушының сынып ұжымындағы статусы (майталман, атақты, жағымды, танымал емес, оңаша, шеттелген), ұжымның, сыныптың, топтың оқушыға деген көзқарасы, оқушының үжымға деген көзқарасы, оның талаптарын орындауы, үжым пікірін бағалауы, сыныптағы достары, жолдастары, олардың ортақ қызығушылықтары, сыныптастарымен кикілжіңге келуі, оның себептері.

Қолданылған психодиагностикалық әдістемелер көмегімен жиналған материалдарды осы көрсеткіштер бойынша өңдеп шығу нәтижесінде сынып оқушыларының жеке түлғалық ерекшеліктерін, қарым-қатынас мәдениетін өлшеп шығуға және кемшіліктерін түзету-дамыту жұмыстарының мазмүнын анықтауға күмкіндік болады. Өрбір оқушының жеке түлғалық қасиеттерін дамыту үшін оларға өзіндік жеке бағдарлама жасаған артық болмайды.

Диагностикалау нәтижелерін талдау барысында барлық жиналған материалдарды бір-бірімен ұштастырып талдаған орынды. Өйткені бір әдістеменің көмегімен қалыптасқан тәжірибенің ерекшеліктерін анықтап алу мүмкін емес. Сондықтан баланың ұжымішілік қарым-қатынасын талдауға

социометриялық талдауды, рекогностика (тәуелсіз берілген пікірлерді талдау) элементтерін қолданумен қатар балалардың мектептегі өмірін бақылау, таным процестері мен жекелік қаеиеттерін зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Топтағы қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеуге кеңінен пайдаланылатын әдістемелер Э.Берн жасаған трансактілік талдау және Дж. Морено усынған социометриалық талдау болып табылады. Бұл әдістемелерді пайдаланудың өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар. Психологиялық қызмет көрсету барысында трансактілік талдау әдістемесі өте кем қолданылып жүр. Сондықтан біз осы әдістеменінің мәтінін және жүргізу ретін диплом жұмысымызда келтіріп отырмыз.

Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы трансактілік талдаудың орны ерекше. Психологиялық қызметті ұйымдастыру және психологиялық көмек көрсету барысында оқушылар арасында, педагогтар мен оқушылар, ата-аналармен оқушылар және ата-аналар мен олардың балалары арасында бір-бірін түсінбеушілік, қарым-қатынасы бұзылуы, шиеленіс жағдай тууы анықталады. Осы көріністердің орын алу себебі қарым-қатынас барысында оған қатысушылардың біреуінен өзін ыңғайсыз сезінуі, басқалардан қысым көруі, іс-әрекетін дұрыс бағалауы т.с.с. жағдаймен байланысты психологиялық қорғау әдістерін іздеуге алып келеді. Бұл жағдай қарым-қытынас мәдениеті сақталмағанын көрсетеді.

Бұл көрсеткіштердің барлығы жеке адам қалыптасқан ортанын мәдениетіне, ол адамның өзін-өзі басқару механизмі қалыптасқан жағдайына тәуелді болады. Сыртқы ортаның қойған талаптары әр адамның ішкі «Меніне» айналады. Осы Мен көрінісін талдау жолын АҚШ психологі Э. Берн 1955 жылы жасап шығарған /40/.

Ол трансактік талдауды жеке адамның мінез-құлық моделінің қалыптасу ерекшеліктерін талдауға қолдану әдісі ретінде үсынған. Трансакция - бүл басқа адамға бағытталған әрекет (акция). Ол қарым-қатынастың бөлігі болып табылады. Э. Берннің концепциясы қарым-қатынаста проблемалары бар адамдарға психологиялық көмек көрсету қажеттілігіне жауап ретінде жасалынған. Осы қарым-қатынас жасау үлгісін басқа адамға көрсету, тәжиребесін үйымдастыру әдісі ретінде трансактілік талдау үсынылған. Қарым-қатынас мәдениетін зерттеуде және коррекциялауда трансактілік талдау әдістемесінің орны ерекше.

Психологиялық қызметті ұйымдастыру және психологиялық көмек көрсету барысында оқушылар арасында, педагогтар мен оқушылар, ата-аналармен олардың балалары арасында бір-бірін түсінбеушілік, қарым-қатынасының бұзылуы, шиеленіс жағдай тууы жиі орын алады. Келіспеушіліктің себебі қарым-қатынас барысында оған қатысушылардың біреуінің өзін ыңғайсыз сезінуі, басқалардан қысым көруі, оның іс-әрекетін өзгелер дұрыс бағаламауы т.с.с. жағдайлармен байланысты «жәбірленуші» өз-өзін психологиялық қорғау әдістерін іздеуге мәжбүр болады. Бұл жағдай қарым-қытынас жасаушылар арасында қатынас мәдениетінің сақталмағанын көрсетеді. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында, қызметкерлер тобында кәсіби іскерлік қарым-қатынаста орын алған түсінбеушіліктердің себебін анықтап, осы жағдайдан шығару шаралары ретінде трансактілік талдау кеңінен пайдаланылады. Бұл талдау барысында зерттелінушілердің қатынас жүргізу ерекшеліктерін функционалдық-рольдік дәрежеде талдауды ұйымдастыру арқылы оқушылардың, үлкендердің бір-бірімен тіл табысқыш, ұйымшыл, басқалардың пікірімен санасу және сыйлау қабілетін қалыптастырады.

Көптеген ғалымдар қарым-қатынас мәдениетіне келесі анықтама береді: қарым-қатынас мәдениеті дегеніміз - адамдардың өз мінез-құлқын басқару арқылы басқалармен тіл табысу және алдына қойған мақсатына жетудің тиімді жолын табуы. Қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасқандығын, оның сапасын өлшеп көрсету өте қиын. Өйткені тек қана іскерлік, қолданбалы, тәжиребелік мәселелердің тиімді шешлгені қарым-қатынасқа қатынасқан барлық субъектілер үшін оң, психологиялық жағынан ыңғайлы жағдайда жүргенін көрсетуі мүмкін. Сондықтан іс-шаралар нәтижесі гуманистік, адамгершілікті сақтау негізінде, басқаларға психологиялық қысым, зорлық көрсетпей жүргізілгенде ғана қарым-қатынас мәдениеті сақталады деп айтуға болады.

Қарым-қатынас мәдениеті қалыптасқан адам сыртқы орта жағдайына байланысты өз мінез-құлқының моделін жасап оны жүзеге асырады. Осы модельге көптеген психологиялық көрсеткіштер әсерін тигізеді. Г.М.Андреева /41/, Э.Берн /42/ зерттеулерінде қарым-қатынас мәдениетінің келесі көрсеткіштері анықталған: адамның дүниетанымы, қарым-қатынас объектісіне көзқарасы, өз қүқығы мен міндеттерін түсінуі, өзін-өзі бағалауы, әдеттері, қарым-қатынас тәжіребесі, мінезі, көңіл-күйі т.б. Бұл көрсеткіштердің барлығы жеке адамның өмір сүретін ортасының мәдениетіне, ол адамның өзін-өзі басқару механизмінің қалыптасқанына тәуелді. Сыртқы ортаның қойған талаптары біртіндеп әр адамның ішкі «Меніне» айналады. Осы «Менді» талдау жолын Э.Берн жасаған трансактілік талдау барысында анықталады.

Трансакция - бұл басқа адамға бағытталған әрекет (акция), немесе қатынасты тасымалдау. Ол адамның басқалармен қарым-қатынасының бірлік бөлігі болып табылады. Э.Берннің концепциясы қарым-қатынаста қыйындық көріп жүрген адамдарға психологиялық көмек көрсету қажеттілігін қанағаттандыру әдістемесі ретінде жасалынған.

Адамдардың қарым-қатынас барсында көрсететін мінез-құлқын ұзақ уақыт ішінде бақылап, жиналған материалдарды талдау нәтижесінде автор келесі тұжырымдама жасаған: қарым-қатынас барысында адамдардың мінез-құлқы, бет-әлпеті, сөйлеу техникасы, дене қимылы өзгеріп тұрады. Олар бірде кішкентай бала сияқты бір күліп, бір жылайды, ал екінші жағдайда үлкендер сияқты байсалдылық пен сабырлылық көрсетеді, үшіншіде – ата-аналарының үлгісінің көшірмесі болады. Осындай ерекшеліктерді талдай отырып Э.Берн жеке тұлға негізгі үш құрамды бөліктің бірлігі екендігін көрсеткен. Адамдардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру тәжірибесінен алынған «Трансакция» терминін қазақшаға аударғанда «қарым-қатынас барысындағы әсер ету» деген мағынаны береді, ал трансакциялық талдау - осы әсерді талдау әдісі болып табылады. Басқа адамға әсер ету қарым-қатынас барысыңда жүреді. Осы қарым-қатынас жасау барысында басқаларға әсерлі болу үлгісін көрсету, келісімділік тәжиребесін үйымдастыру әдісі ретінде трансакция үсынылған.

Адамның қарым-қатынас мәдениетін сақтауы жағдайға байланысты болғандықтан оның позициясы кішкентай бала, ата-ана немесе үлкен адамдар позициясына ұқсайды. Трансакциялық талдау барысында осы позициялар толық талданады. Трансакциялық талдау келесі 4-тақырыптық бөлімдердің ерекшеліктерін толық талдау арқылы жүргзіледі:


  1. Құрылымды талдау;

  2. Трансакцияны талдау;

  3. Ойындарды талдау;

  4. Сценарийлерді талдау;

  1. Құрылымды талдаудың мазмұны.

Адамның мінез-құлықы, жүріс-тұрысы, ақыл-ойы мен сана-сезімі үш қарапайым нәрселерге тәуелді болады, яғни әрбір адам:

  1. бір кездері ол кішкентай бала болған;

  2. оның ата-анасы немесе олардың орнында болған адамдары болған;

  3. егер оның дені сау болса, ол қоршаған болмысты ақиқатқа сай бағалауға қабілеті жетеді.

Осы үш жағдайға байланысты үш құрамдастардан тұратын жеке адам жайлы елестер қалыптасады да, олар «Мен» жағдайларының әр түрі ретінде көрініс береді:

  1. Ата-аналық «Меннің» көріністері:

- қамқор ата-аналық «Мен» жағдайында;

- сыншыл ата-аналық «Мен» жағдайында.

Мінез-құлық, жүріс-тұрыс, қарым-қаиынас ережелері мен нормалардан тұратын Ата-аналық «Мен» жеке тұлғаға стандартты жағдайларда қалыптасқан және өмір сынынан өткен стереотип бойынша ыңғайлы өмір сүруге мүмкіндік береді. Ол стереотиптер сананы күнделікті кездесетін қарапайым, үйреншікті мәселелерді талдап шешу жүгінтен босатады. Өйткені өмірде адам орындайтын көптеген әрекеттер күнделікті неше рет қайталанылатын болғандықтан (қоды жуу керек па?) оны күніге бір күрделі мәселе сияқты шешетін болса, оның алдында тұрған шынайы күрделі, ойланып-толғанғунды талап ететін проблемаларды шешуге шамасы қалмас еді. Ата-аналық «Мен» бүл әр адамның ішкі бақылаушысы, реттеушісі және бағалаушысы болып табылады. Сондықтан уақыт тапшы болған жағдайларды «Меннің» осы құрамды бөлігіне адам бейсаналы түрде көптеген жүгін артады.

2. Үлкендік Мен көріністері:

Мағлүматтың логикалық қүрамдарын қабылдайды және өңдейді, көбінесе шешімдерді ойлап алып және олардың шынайылығын эмоциясыз тексере отырып қабылдайды. Үлкендік «Мен» Ата-аналыққа қарағанда стандартты, бір мағыналы жағдайларға емес, ол бірегей, ойлануды қажет ететін, таңдауға еркіндік беретін, сонымен қатар шешім қабылдаудың салдарын және жауапкершілігін үғынуды қажет ететін жағдайларға бейімделеді. Үлкендік Мен жеке тұлға құрылымындағы Балалық «Мен» және Ата-аналық «Мен» көріністерін тексеріп, шынайы жағдаймен салыстырып, бағалап отырады.

3. Балалық «Мен» көріністері:

Тіршілікте сезімдер ұстанымында болады. Қазіргі кездегі мінез-құлыққа балалық шақтан қалған жасырынды сезімдер әсерін тигізіп тұрады. Сонымен қатар Балалық «Мен» тек өзіне тән ерекше қызметтерді атқарады: шығармашылық қабілеттің көрініс беруі, қақтығыс жағдайдан шығу жолдарын табу, өзінше бір ерекшеліктерді көрсетуді, кейде өткір әзіл және т.с.с. өмірге қажетті жағдайларды туғызуы. Адам өз бетімен мәселені шешуге шамасы келмеген кезде, басқа адамдардан қысым көргенде Балалық «Мен» шатақ мінезбен көрініс береді. Э.Берннің сыныптастыруы бойынша қарым-қатынас барысындағы «Мен» көріністері жағдайға байланысты 3 түрде орын алады. Балалық «Мен» көріністері:

- табиғи Балалық «Мен» (құаныш, қайғы және т.б. эмоционалдық күйлерін спотандық түрде бейнелеуі);

- икемделуші балаық «Мен».(бейімделуші, құлақ қоюшы, қорқақтық білдіруі, кінәлі болуы, жалтақтаушы және т.с.с)

- қарсылық білдіретін балалық «Мен» (өзін басқаларға таныту үшін қарсыласып, мен оны орындамаймын, бармаймын деген байбаламшылық, қырсықтық белгісін көрсетуі).

Адамның қарым-қатынаста ұстанған позициясына байланысты Менінің үш құрамды бөліктері әр түрлі болады:

1) «Мен» көрінісі ата-аналық позицияда болса ол әке, ана, әпке, педагог, бастық рөлдерін ойнайды;

2) «Мен» көрінісі үлкендік позициясында болса ол өзінің бағасын білетін көрші, жолаушы, бағынышты әріптес, кездейсоқ серік, және т.б. рөлдерде болады;

3) «Мен» көрінісі балалық позициясында болса жас маман, халықтың сүйікті қайраткері, «қылжың-мылжың» еркетай жезде рөлдерінде болады.

Әр бір адамның жеке түлғасында осы үш қүрамдыстары байқалады. Олар бір-бірімен гормониялық байланыста болуы керек. Егер біреуінің көрінісі сыртқы жағдайға сай болмаса, қарым-қатынас бүзылып, шиеленіс жағдай туы мүмкін. Шиеленіс жағдайларды шешу жолын қалай іздеу керек екенін Э.Берн ұсынған. Оның пікірінше адамның осы құрамды бөліктерінің қайсысы бәсең, жағдайға сай емес көрініс берсе, соны оятып жандандыру – психотерапияның негізгі мақсаты болып табылады.

«Мен» көрінісін диагностикалау және оны гармониялық жағдайға келтіру жеке адамның барлық функцияларын оңтайландыруға алып келеді. Өйткені «Мен» көріністерінің әр қайсысы өз функцияларын атқарады.

Қарым-қатынас ерекшеліктерін талдау оның мақсатына байланысты. «Меннің» үш позициясының үлес салмағы әр түрлі болады. Олардың арақатынасын трансакциялық талдау бойынша анықтауға мүмкіндік туады. Талдау барысында мінез-қүлық күрылымын, оның ерекшелігін, әр құрамды бөліктерінің жалпы көрініске қосатын үлесін анықтап алғаннан соң ғана трансактілік талдау қарым-қатынас мәдениетінің өлшемі бола алады.

2.Трансакцияны талдау.

Трансакция дегеніміз - бүл екі немесе одан көп адамдар арасындағы екі жақты коммуникация. Ол негізгі 2 бөліктен түрады:

1 Түрткі трансакция. (бір адам екінші адамды не көптеген адамдарды қарым-қатынасқа шақырады).

2 Жауап трансакция (түрткіге сай, одан басым немесе төмен жауап беруі).

Осы бөліктердің бір-бірімен ұштасып жүруі барысында қатынасқа түсушілердің Мені әртүрлі жағдайда болады. Сондықтан, трансакцияның нәтижесінде адамдар не бір-бірімен тіл табысады, не қақтығысқа ұшырайды.

Трансакциялар әр түрлі болады:

1 параллель жүретін трансакция, түрткі-трансакция мен жауап-трансакция бір-бірінмен қиылыспайды және бір-бірін толықтырып отырады (мысалы, түрткі-трансакция - Үлкендік-Балалыққа, жауап-трансакция - Балалық-Үлкендікке).

2 қайшылас жүретін трансакция, бұл жағдайда түрткі-трансакция мен жауап-трансакция бір-бірінмен қайшылас келеді (мысалы, түрткі-трансакция Үлкендік-Үлкендікке, жауап-трансакция сыншыл Ата-аналық-балалыққа).

3 бүркемелі жүретін трансакция.Бұл трансакция барысында шиеленіс анық көрініс бермеседе, ішкі мазмүны бір-бірін қайшылас болып келеді.

Бұл қатынастарды келесі нұсқамен көрсетуге болады.

Қатынастар диаграммасы

Қарым-қатынастың позитивті аяқталуына паралелль трансакциялар ықпалы зор. Ал қайшылас жүретін трансакциялар көп жағдайда үрыс-керіске, дау-дамайларға, қарым-қатынастың негативті аяқгалуына алып келеді, нәтижесінде көптеген бүркемелі трансакциялар туындайды.

3. Ойындарды талдау.

Трансактілік талдау-стандартты хабарларда қайта-қайта өндірілетін және өзара түсінушілікке жиі кедергі болатын коммуникацияның комплекті, стереотипті (қылықтар стереотиптері) тізбектерін зерттеу. Осындай қылықтар стереотиптерінде ойындар негізгі орын алады. Ойындар бүл трансакцияның стандартты тізбектері болып табылады. Осындай трансакцияларға психологиялық факторлар фон болады. Ойындар спонтандық, ашық қарым-қатынасқа қарсы қойылады. Көптеген ойындар адамның шынайы көңіл көтеруге бағытталған. Барлық ойындар барысында барлық әрекеттер мен эмоциялар ережелерге, келісімге негізделген.

Ойындар белгілі бір «сый-құрметке бөлену», ішкі кернеуді жеңілдету үшін, уақытты өткізу үшін жүзеге асырылады: ішкі эмоционалдық зорлану жағдайынан шығу, уақытты реттеу және т.с.с.

Трансакциялық талдау барасында ойындардың үш түрі (типі) қолданылады:

1 Құрбандық жасау (қарым-қатынас барысында бағынышты адам, ал кей кезде ымырашыл стилімен басқаратын басшы өз-өзін қүрбандыққа келтіргендей болып отырады)

2 Қудалаушы (авторитарлы басшыға тән)

3 Құтқарушы (демократия жолымен басқаратын басшы)

Трансакция арқылы адамдар өз уақыттарын реттеп, оны үнемді пайдаланады. Трансакцияны үйымдастыру барысында ойын арқылы уақытты реттеудің 6 тәсілі анықталған. Осы тәсілдерді қолдану арқылы әр адам өз рөлін қалай атқарып жүргені жан-жақты талданады.

- түйсініп қалу тәсілі (шет жүрушілік), қарым-қатынастан қашқақтап, трансакциямен алмасудан бас тартады;.

- ритуалды кездесу тәсілі, бұл жағдайда уақытты өткізу реті, қолданылатын әдістері толық қалыптасқан салт-дәстүрге сай алдын-ала болжамдалған. Қарым-қатынасқа түсішілердің барлығы алдын-ала кім не істейтінін біледі, сондықтан қатынас барысында қақтығыс болады ау деген қорқыныш пен тәуекелшәләік орын алмайды. Ритуалдық қатынасқа түсушілер бірін-бірі түсініп, қабылдағандар.

- іс-әрекет тәсілі - қоршаған дүниенің объектілеріне мақсатталған әрекеттер көмегімен уақытты ретке келтіру тәсілі. Бұған іскерлік кездесулерді, сабақ жүргізу, кітап жазу, емтиханға дайындалу, киім кешекті тазалау, ыдыс жуу, және т.с.с.

- ермекпен уақыт өткізу тәсілі. Э. Берннің айтуынша: «тек бақытты адамдар ермектік трансакцияға даяр болады. Олар ешқандай жалтармалы мағнасы жоқ, жартылай ритуалды трансакцияларға жатады. Невротиктер бос уақытын ермекпен өткізе алмайды.

- ойын арқылы уақытты реттеу тәсілі. Ойын дегеніміз бір-бірін толықтыратын, алдын-ала немен аяқталатынын болжамдауға болатын трансакция. Ойын барысында өзін қолдауды қажетсініп жүргендер, бірақ өз тұлғалық жағдайын төмен бағалайтындар осы қажеттілікті қанағаттандыруға толық мүмкіндік алады.

- жақындасу тәсілі көбінесе уақытты өткізудің алғашқы бес тәсілінен бас тартқандарға тән. Трансыкцияға түскен партнерлер «Мен - жақсы», «Сен - жақсы» деген позицияныларды ұстанады. Осы қатынас барысында бір-бірімен көріскеніне қуанышын білдіруге ешқандай ритуалдық әрекеттер жасауды талап етпейді, сондықтан партнерлер қысылып-қымтырылмай, өз-өзін емін-еркін ұстайды.

Әр адам өз уақытын тиімді пайдалану үшін нешетүрлі шаралар пайдаланады, осы шаралар жиынтығын бағдарламалау деп атайды. Трансакция барысында әр адам өз уақытын 3 фактор бойынша бағдарлап реттей алатын болуы керек: материалдық факторлар- қоршаған объективтік болмыспен қатынастың өзгеруіне байланысты, бағдарланудың әлеуметтік факторлардың орын алуын қалыптасқан салт дәстүрді күнделікті пайдалану (мысалы, сәлемдесу ритуалдары), жекелік факторлар - уақыт өткізуге көзқарасын көрсетеді.

4. Сценарийлерді талдаудың жүруі.

Ойындар трансакцияның өте күрделі және үлкен ансамблінің бір көрінісі болып табылады. Ол ансанбль сценарийлер деп аталады. Сценарийлерді талдау бұл өмірді қалай сүру жайлы ертеректе, бейсана түрде қабылданған шешімдерін табу әдісі. Трансакцияның бүл құрамды бөлігінің басқа маңызды аспектісі пассивті жүріс-түрысты зерттеу болып табылады. Бүл жерде әрекетсіздікті емес, шешім қабылдаудан қашу деп түйкіленеді. Адамның барлық іс-әрекеттеріне өзін және басқаларды бағалау модальдығы өмірге деген позициясы әр адамның өзінің өмір сценарийімен байланысты.

Адамның әр түрлі жағдайдағы мінез-құлқы мен өмір сүруге деген көзқарасы кішкентай кезінде қалыптасады. Отбасындағы мінез-құлық стереотиптері баланың тек өмір сүру салтын ғана анықтап қоймайды, сонымен қатар оның ой-өрісін де анықтайды. Адамның өмір сценарийлері Сондықтан трансакция барысында әр клиент өмір сценарийі талданады. Трансакциялық талдау бойынша Адам өмірі бірнеше кезеңге бөлінеді. Әр кезең өмір сценарийына өз үлесін қосады.

Осы кезендерде адамдардың мінез-құлық, оның позициясы өзгере береді. Бірақ ол өзгерістердің сценарийін ата-аналар және сол адамды қоршаған үлкендер бағдарламалап қойған және оның өмірлік позициясын құрған. Позиция - бұл адамның қоршаған дүниеге және өзіне деген қатынастар базасында қалыптасатын, интегралды екі аспектілі нұсқау болып табылады.

Жеке адам позициясы сол бағдарлама бойынша құрылады. Қалыптасқан көзқарас екі аспектіден түрады.

А) Объективтік болмысқа көзқарасы.

Б) Өз-өзіне көзқарасы.

Позиция бір қалыптасқаннан соң оны бұзу өте қиын. Ол үшін саналы түрде өзінің позициясының дүрыс емес екенін түсініп, басқа позицияға өту туралы шешім қабылдауы қажет. Әр адам жақындасу теориясын қабылдағаннан соң оның өмір сценарийін талдап, өмірге деген көзқарасын анықтап, позициясының қай вариантта екенін көрсету қажет.

Қарапайым екі жақты позициялар бүл «Мен» және «Сен» болып саналады. Олардың 2 модальдығы бар:



  1. позитивті (ьдысқаша түрде былай белгілейміз - «+».

  2. негативті (сәйкесінше - «-».

Осы белгілер бір-бірімен қосылған уақытта 4-түрлі варианттағы басқа адамды қабылдау көрініс береді:

1. Мен «-» -Сен «+» («Мен жаман», «Сен жақсы» деп бағалау позициясы). Психологиялық түрде бүл депрессивті позиция болып табылады және ол әлеуметтік түрғыда өзін-өзі кемсітуді білдіреді. Кәсіби іс-әрекетте көбінесе бүл позиция әртүрлі адамның өзгелер алдында саналы түрде өзін кемісітуіне түрткі болады.

2. Мен «-»-Сен «-» («Мен жаман», «Сен жаман» деп бағалау позициясы). Бұл позиция адамды үмітсіздікке, болашақтан ешқандай жақслықты күтпеуге алып келеді. Осындай өмірлік позицияны қабылдау үлкендіктің психикалық дамудың бәсеңдеуіне немесе тоқтап қалуына да алып келеді. Бұл болашақтан үміт үзу позициясы болып табылады.

3. Мен «+»-Сен «-» («Мен жақсы», «Сен жаман» деп бағалау позициясы).

Бұл позиция басымдық сезім туғызады, адам өзін өзгелерден артық санап, ешкімді менсінбей, мен-мен болып кетеді. Бүл позиция біреуден құтылу қажет болған жағдайға сай келеді. Бүл позиция көбінесе бейдарын, орташаларға тән.

4. Мен «+»-Сен «+» («Мен жақсы», «Сен жақсы» деп бағалау позициясы).

Бүл өмірлік позиция ерте балалық шақта бейсаналы деңгейде қалыптасады және барлық уақытта табысты болу мотивациясы жетекші болады. Бүл позиция сапалы деңгейде қабылданады. Онда адамның өзі және басқа адамдар жайлы көптеген мәнді мағлүматтар бейнеленеді. Бүл позиция өзіне және қоршаған ортаға позитивті көзқарасы бар, дені және жаны сау адамның позициялары болып саналады.

Қорыта айтқанда трансакциядан мыналар көрінеді:

- әрбір адам келіп жатқан мағлүматты 3 канал бойынша, яғни Э (эмоционалдық), Ж (жауап реакция) және Е (еріктік) қабылдайды және әсерленеді;

- эмоционалды канал (Э)-өте тез әсер ететін канал. Е каналы бойынша реакция ерік және физикалық күш-жігерді талап етеді;

- параллель бағытталған мағлүматпен алмасу көп жағдайда гармониялық қатынасты дәлелдейді;

- қайшылас трансакциялар қақтығыс жағдайлар туғызады;

- Ж канал бойынша жауап реакциясы түрткі сигналдарға байланысты. Әңгімелесуші түсінбеген бүркемелі трансакциялар дау-дамаймен аяқталуы мүмкін болатын жосықсыз қарым-қатынасқа алып келеді.

Трансактілік талдау нәтижесінде зерттелінушінің қарым-қатынас мәдениетіне, оның жан-дүниесіндегі үш негіз: «Ата-аналық Мен», «Үлкендік Мен» және «Балалық Мен» әсерлерін анықтау және олардың оң және теріс әсерін, қайшылық және сәтсіздікке жетелейтін түрлерін талдау арқылы әр адамға өз-өзімен гармонияда болу жолдарын тауып беру болып табылады.

Қарым-қатынас барысында осы каналдар бойынша түскен мәліметтерді дұрыс талдау қарым-қатынасқа түскендердің бір-бірімен тіл табушылыққа алып келеді.

Трансакция элементтерін мектеп психологі окушылардың қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыруға және өмір сүру сценарийіндегі, қарым-қатынас моделіндегі кемшіліктерді коррекциялауға қолдануына болады. Қарым-катынас адамдардың бір-бірін тану және қабылдауы ретінде (қарым-қатынастың перцептивтік жағы) талданғанда бір адам (бақылаушы) басқа адамды (бақыланушыны) қабылдауы жалпы түрде қалай өрістейтінін қарастырағанда бақыланушыны қабылдау тек оның сыртқы белгілерін көре алады. Олардың ішінде ең мағүлматтысы сыртқы кейіпі (физикалық сапалары мен сыртқы келбетінің безендірілуі) және жүріс-тұрысы (істеп тұрған әрекеттерімен экспрессивті реакциялары) /43/. Бүл сапаларды қабылдай отырып, бақылаушы белгілі амалдармен оларды бағалайды және қарым-қатынастағы партнердің ішкі психологиялық қасиеттері туралы кейбір ой тұжырымдарын жасайды (көп жағдайда бейсаналы түрде).

Қарым-қатынас барысында бақыланушы ролін атқаратын адамның мінездемесіне тіркелген қасиеттердің жалпы саны оған қоршаған адамдардың белгілі қатынасты қалыптастыруына мүмкіндік береді. Бүл қатынастарды зерттеген Е.И.Головаха, Н.В.Панин көрсеткендей, көбінесе эмоционалды сипатта болады және «ұнайды-ұнамайды» деген шешімнің шегінде орналасады /44/. Жоғарыда атап өткен феномендер әлеуметтік перцепцияға жатқызылады.

Адамдар арасындағы қарым-қатынас байланысы, қарым-қатынас мәдениеті, қарым-қатынас әдебі, қарым-қатынас тәрбиесі, қарым-қатынас жиілігі, қарым-қатынас өркениеттілігі тағы сол сияқты, әрбір адамға етене таныс сөздерді үйреншікті, қалыптасып қалған бар әдет ретінде күнделікті өмір ағымы барысында айтыпты, естіпте жүреміз. Алайда сөздердің мағынасына яғни олардың функционалдық мазмұнына мән бере бермеиміз.

Қарым-қатынас мәдениеті — адамдр арасындағы өзара тығыз байланыстылықты қамтамасыз етуге соның негізінде іс-әрекеттер жүйесін үйлестіріп, реттеуге, дұрыс бағыт түзеуге, ой-сананы дамытып әркімнің өмірден лайықты орнын табуға мүмкіндік туғызу. Қрым-қатынас адам өмірінің барлық салаларына терең енген құбылыс. Оның мән-мазмұнының өте-мөте сан алуан. Қарым-қатынас тіршілік атаулының (оның ішінде адам өмірі ерекше). Қалыптылығын сақтауды қамтудан бастап, адамдардың мән-мазмұнды табиғатындағы толымды өмір сүру жолын жетілдіру, оның амалдарын табу, таңдау, өңдеу, оларды өмір салты құралдарына айналдыру мақсатындағы саналы байланысын, өткені мен бүгінгіні және болашақтық сабақтастылығын қамтамасыз етеді.

Қарым-қатынас жеке көңіл күй әсерін жеткізуден бастап, ақпараттар тасымалдай алмау, жекеленген адамдардың, ықшам және әлеуметтік топтардың, халықтардың, ұрпақтардың мақсаты өзара ықпалдастығын орнатып, жүзеге асыратын негізгі құрал. Осы айтылған ой-пікірлердің өзі қарым-қатынасқа берілер сипаттар мен анықтамалар мүмкіндігінің толассыз болатындығын, оның әлі де беймәлім тұстары мен мәндері қарсыларының ашыла беретінін көрсетіп отыр. Сонымен қарым-қатынас қызмет түрі. Өйткені ол да қызметтің басқа түрлері сияқты белгілі бір мақсатқа жүгініңкі, нормаға тәуелді. Ендеше оның берер нәтижесі бар. Белгілі бір жағдайда өзінің тиімділігін көрсетеді деген сөз. Қарым-қатынастың мақсаты әрбір жеке адамның немесе тұтас алып қарағанда қоғамның бірлескен қызметіне түзетулер ендіру мен жоспарлау жатады. Яғни қарым-қатынас басқа коммуникативті емес қызметтерді қамтиды. Олай болған жағдайда қарым-қатынас нақтылы өндірімді қызмет түріне жатады. Яғни қызметтің бұл түрі материалдық және рухани игілігі бар өзгешелігі болумен сипатталады.

Д.Мореноның тұжырымы бойынша қарым-қатынасы шектеулілер жан-дүниесіне игі әсер жасау жағдайы аз болып, адамның жеке басты рухани жетімділігі қалыптасады /45/. Яғни әрбір адамның психологиялық кемелдігі басқа адамның ішкі жан сарайына деген нақты мейірімділік көзқараспен, оның потенциалын толықтай іске қосылуына адал ниетпен қарау жәен жәрдем беру әрекетімен көрінеді. Егерде қарым-қатынас мақсаты адамның ішкі жан-сарайына игі әсер жасауды міндетке алса, онда қарым-қатынастың іскерлік және өнегелілік нәтижелік жақтарына қойылатын талаптар тығыз байланыста болады. Адамның рухани өсуі үшін тек тілеулілік ниетпен шектелмей, оның мәселелерін көре білу, әрі шешімін тауып беруге жәрдем беру керек.

Қ.Жарықбаевтың айтуынша шын пейілдегі бірге қамығу қатынастың ойдағыдай қалуына жеткізе алмайды /46/. Мұның себебі мынада: Айталық өзін жәбірленуші санаған адамның әрекетінде дұрыстық жоқ ісі теріс, ал ол өз қателігін мойындағысы келмейді. Ал «жәбірленушіні» қарсы алған досы, оның қөңілінен шығып, оның іс-әрекетін дұрысқа шығарса, досының көңіл-күйі көтеріліп жуасиды. Бір қарағанда байланыс мақсатына жеткендей көрінеді. Ал шын мәнінде жәбірленген адам үшін байланыс пайда әкелген жоқ. Мұндайда болған жағдайды асықпай байыптап, қателік кімнен болғанын ақылғы салып, дұрыс басу айтып, жіберген қателігіне досының көзін жеткізіп, алда осындай қателіктен сақтану жолына кеңес айтса онда байланыс жемісті өтті-деп есептеуге болады.

Алайда басу айтушының өзі тек шын көңілменен сәттілік тілейтін «тілеугөй», «тілеуқор» кісі ғана болмай, үлкен психологиялық білімдар адам болғаны абзал. Досының қателігін бетіне бірден басып айтып салу байланысқа теріс ықпал жасауы мүмкін. Яғни, дос жылатып айтады, дұшпан күліп айтадыға абай болуы керек. Байыпты талдау ғана нәтижеге жеткізеді. Кінәні дүрсе қоя бетке басу қарсы кісіге қорғануға итермелейді. Сөйтіп өз позициясынан қайтпай екі жақтыда сыңар көңіл-күй орнығады /47/.

Қарым-қатынас мәдениеті қалыптасқан адам сыртқы орта жағдайына байланысты өз мінез-құлқының моделін жасап оны жүзеге асырады. Осы модельге көптеген психологиялық көрсеткіштер әсерін тигізеді. Г.М.Андреева /48/ зерттеулерінде келесі көрсеткіштер анықтаған: адамның дүниетанымы, қарым-қатынас объектісіне көзқарасы, өз қүқығы мен міндеттерін түсінуі, өзін-өзі бағалауы, тұлғааралық қатынастағы әдеттері, қарым-қатынас тәжіребесі, мінез-құлқы, көңіл-күйі т.б. Осы көрсеткіштерге сүйене отырып оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін жан-жақты зерттеуге болады. Оны жүргізу барысында келесі үш мәселе жетекші көрсеткіштер ретінде зерттелінеді: 1. Қарым-қатынас процесіне зерттеушінің көзқарасы; 2. . Қарым-қатынасқа түскен серіктестестердің көзқарасы; 3. Қарым-қатынасқа түскендердің өзіне көзқарасы.

1. Қарым-қатынас процесіне зерттеушінің көзқарасы.

Мұнда өмірдің талабына сай қойылған міндеттерді шешу мақсатында қарым-қатынас процестерін белсенді түрде пайдалану бағдарын ұстану ықтималдылығымен білінеді. Бұл жерде қойылған мақсатқа жеткізетін тиімді құрал ретінде қарым-қатынастың рөл атқара алатындығы туралы түсініктің орнығуы іске асады. Сондай ақ преспектикаға оң эмоционалды көзқарас танытудан айналадағы адамдармен байланысқа түсу; портнетмен өзара ықпалдастық процесін жақсы жолға қою үшін барлық күш-жігерді жұмсауға дайындық пен құштарлық таныту орын алады. Өйткені қарым-қатынас процесі қарым-қатынасқа түскен серіктестің жеке жол табуды, ситуация ерекшелігін ескеріп отыруды талаптайды. Өзіңнің тұлғалық әсер салуың қарым-қатынасқа түскендердің жанына әрбір кездесудің қалдырған ізі болып саналады.

2. Қарым-қатынасқа түскен серіктестестердің көзқарасы.

Табысты қарым-қатынасты қалау үшін ең бастысы алдыңғы бөтен адамға көңіл бөлу аса қажеттілік. Ғылыми тілмен яғни А.А.Ухтомскийдің сөзімен айтқанда «Әңгімелеуші доминантқа дегенкөңіл бөлу өз алдына ерекше болуы керек» /49/. Барлық күш-қайрат, ынта-жігер, жан шуағы, көңіл-күйі, яғни барлық «мақсаттағы бет алыс», қарама-қарсаңында отарған адам мен өз арадағы тосқауылды, сезіктік, күдіктік пиғыл-ойды сейілтіп «сен» сенімділік әлеміне жол ашуға жұмсалуы керек. Бұлардың бәрінің де мүмкін болатындығын өз басын құрметтей алатындардың бәрі де біледі деуге болады.

Сөйтіп қарым-қатынасқа түскен партнерге қатысты ықтималды диспозиция - серігіңнің жеке басты жан-дүние байығы мен даралығын мойындауды, оның жеке бас проблемалары мен істеріне қол ұшын беруге даярлық көңіл-күйдің әрқашанда болуын талаптайды.

3. Қарым-қатынасқа түскендердің өзіне көзқарасы.

Өзің туралы, өзіңнің кім, қандай екендігіңді елестете білу, өз бағаңды білу, басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға өзара ықпалдастықта болуға елеулі әсерін жасайды. Өз-өзін білетін адам басқаның бойындағы бар асылды немесе керісінше кемшілікті реалистік-ақиқатты тұрғыда көре алады, басқа адам туралы ой-пікір тұжырымы ақиқат-шындық, дұрыстығында бере алатын қабілеті болады. Әдетте ондай адамдар басқа туралы тегінде дұрыс, жақсылық ойлап, тілек тілеуші көңіл білдіріп адам бағасын көтеріп тұрады.

Адамдағы өзіне қатысты көзқарас оның әлеуметтік мінез-құлқына да әсерін жасайды. Мәселен американ психологы М.Розенбергтің /50/ мәліметі бойынша өз басын құрметтеу сезімі төмен адамдарда мынадай сипатты ерекшеліктер болады екен: тұрлаусыз және әлжуаз пайым жасау, сана-сезім өз әлсіздігі мен дәрменсіздігінің беті ашылып қалуынан сезіктеніп жүру. Осыдан келіп ортадан қашу, қосылмай беймәлім жүру немесе жасанды ролмен, бет пердемен көріну әрекеттерімен болу сияқты ерекшеліктер болады.

Мұндай адамдар сынға төзімсіз жеңіл жараланғыш, барлық нәрсеге қарайды және сезімге алғыш келеді. Өз басын қадірлей алмайтын адамдар жалғыздықтың құрбаны болады. Олардың әлеуметтік белсенділігі төмен, саясатқа, қоғамдық шараларға немқұрайлы қарайды және басқару қызметінде сирек кездеседі.

Сонымен адам баласының әлеуметтік тәртібінің дұрыс болуының шарты: өзіңді шынайы, біле-білу, өз мүмкіндігіңді, күшті жағыңдыда, әлсіз жағыңды да білу, өз басыңдағы жағымды жақтарды бағалай білу, басқаларға қандай жағымдылығыңмен қадірлісің соны білу өзіңнің озық әлеуметіңді дамытуға ұмтыла білу болып табылады.



2 бөлім. Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін зерттеу және қалыптастыру жұмыстарының нәтижелері
2.1. Оқушылардың қарым-қатынас ерекшеліктерін

зерттеу нәтижелері
Әр адамның арым-қатынас мәдениеті оның жекелік қасиеттерімен тікелей байланысты. Сондықтан оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін зерттеуге әлеуметтік психологияда қалыптасқан әдіс-тәсілдердің басым көпшілігін қолданумен қатар әр баланың жекелік ерекшеліктерін анықтау керек. Ол әдістемелерді мектеп жасындағы балаларды зерттеуге қолданғанда зерттеуді сынып ұжымымен жүргізудің көптеген ұтымды жерлері бар. Балалар оқу барысында, сыныптан тыс іс-шаралар жүргізгенде, көптеген оқу-тәрбие мәселелерін шешу барысында бір-бірімен себептес байланыста болып, қарым-қатынас жасайды. Осы қарым-қатынас барысында әр баланың жеке позициясы және каузалдық атрибуциясының көрініс беруі т.б. қасиеттері үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу әдістерінің көптеген түрлері жас жеткіншектерді зерттеуге ыңғайлы етіп жасалған. Бұл жас кезеңі адам өмірінде ерекше орын алады.

Гимназиялық сыныптардың оқу процессін ұйымдастыру ерекшеліктері балалардың қарым-қатынасының тығыз болуына, бір-бірін жете танып, біраз уақыт көрмегенде сағынып жүретіні айқын байқалды. Ал жалпы білім беретін сынып оқушыларының ара қатынасы кішкене айырмашылығы бар екені анық. Зерттеу барысында социометриялық талдау, трансактілік талдау, КОС т.б. әдістемелер көмегімен балалардың жекелік ерекшеліктерін жете талдауға және татулығын, ұжымшылдығын т.б. әлеуметтік қасиеттерін бағаладық.

Зерттенушілердің қарым-қатынас мәдениетін бағалау үшін «Қарым – қатынасқа даярлық деңгейін анықтау», «Досыңа жол бересің бе?», «Досыңа көмектесе аласың ба?» /51/, «Коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілетті зерттеу» әдістемелерін пайдаландық.

«Қарым – қатынасқа даярлық деңгейін анықтау» тесті

Мақсаты: оқушылардың қарым – қатынас жасау қабілетін анықтау.

Орындау ережесі.Оқушылардың қарым – қатынас жасауға қабілетін анықтау үшін оларға бірнеше сұрақтар оқылады. Сұрақтың үш жауабы бар: “иә”; “кей кезде”; “жоқ”. Осы жауаптардың біреуін таңдап алып оны жауап параққа белгілеңіз.

Тапсырмалар.

1. Сізді өте күрделі іс күтіп тұр. Бұл сізді мазасыздандырады ма?

2. Жиналыста баяндама жасауды ұнатпайсыз ба?


  1. Бір жеріңіз ауырғанда дәрігерге баруды ең соңғы күнге дейін қалдырасыз ба?

  2. Сізді өзіңіз танымайтын қалаға жұмысқа жіберді, бармауға тырысасыз ба?

  3. Өзгелермен сырласуыңыз оңай ма?

  4. Көшеде біреу сағат немесе адрес сұраса оған ашуланасыз ба?

  5. “Балалар мен әкелер” мәселесі бар деп ойлайсыз ба немесе ұрпақтар арасындағы бір – бірін түсінісу қиын деп ойлайсыз ба?

  6. Жолдасыңыздың сізден алған қарыз ақшасын қайтармай жүрсе оған ақшаңызды қайтарып беру қажеттігін айтуға ұяласыз ба?

  7. Мейрамханада сізге дәмсіз ас әкелді, сіз тарелканы итеріп қоясыз ба?

  8. Таныс кісімен оңаша қалғанда әңгімені ол бастағанын қалайсыз ба?

  9. Қай жерде болсада ұзақ уақыт кезек күту сізді қажытады ма?

  10. Қиын жағдайларға байланысты комиссияларға қатысудан қорқасыз ба?

  11. Сізде өнер мәдениет жөнінде өз пікіріңіз бар және өзгенікін қабылдамайсыз ба?

  12. Бір жерде сіздің ойыңызға тура келмейтін қате пікір айтылып жатыр, сіз үндемей отыра бересіз бе?

  13. Біреу сізден көмек сұраса бұл сізді қажытады ма?

Бағалау шкаласы.



  1. иә - 2 ұпай

  2. кей – кезде - 1 ұпай

  3. жоқ – 0 ұпай

Нәтижесін келесі көрсеткіштер бойынша қорытындыланады.

19-24 ұпай – төмен. Сіз бейтаныс ортада өзіңізге сенімсізсіздік білдіресіз. Жаңа мәселелер сізді қорқытпайды, бірақ өзгелермен жалтақтап танысасыз, пікір-таласқа қатысқыңыз келмейді, өз ойыңызды білдіргенде негізсіз өтірік көп айтасыз. Бұл кемшіліктерді жоюға болады. Өзіңізге сенімділігіңізді арттыру қажет екенін түсінуіңіз керек.

14-48 ұпай - орта. Сіз айналадағылармен қарым–қатынасқа жеңіл түсетін адамсыз. Қарым-қатынасқа, басқа адамдар туралы мәлімет алуға қызығушылығыңыз жоғары. Өзгені тыңдай аласыз, сабырлысыз, өз пікіріңізді қорғау керек болса аса қызбалық көрсетпестен түсіндіресіз. Бірақ аса дабыр-шулы топтарды ұнатпайсыз.

9-13 ұпай - жоғары. Қарым–қатынаста ерекше белсенділік білдіресіз. Әңгімешілсіз, кейде өзгелерге өз пікіріңізді зорлап міндеттейсіз, сондықтан олар реніш білдіруі мүмкін. Өзгелермен қуана танысасыз, көпшіліктің назарында болғанды ұнатасыз, қолыңыздан келмесе де ешкімнің өтінішін жерге тастамайсыз тез, тез қызығып, тез сөнесіз. Сізге қиын мәселелерді шешуде сабырлылық және батырлық жетіспейді, бірақ қажет жағдайда өз-өзіңізді қолға ала аласыз. Көп жерлерде өзіңіздің ұстамдылығыңызды көрсете білу керек екенін ұмытпағаныңыз орынды болады.


Зерттеу нәтижесі




Баланың аты

Қарым-қатынас деңгейі

1

Зарина

орта

2

Айсұлу

орта

3

Аружан

Төмен

4

Әлімжан

жоғары

5

Айғаным

Төмен

6

Бану

Төмен

7

Назира

жоғары

8

Раушан

Төмен

9

Болат

Төмен

10

Оксана

Төмен

11

Лаура

жоғары

12

Оңғар

жоғары

13

Мәулен

Төмен

14

Нұрсұлу

Төмен

15

Назгүл

орта

16

Нұрлан

Төмен

17

Марина

жоғары

18

Олжас

Төмен

19

Азамат

Төмен

20

Асел

жоғары

21

Рустем

орта

22

Мария

жоғары

Зерттелінген балалардың басым көпшілігінің қарым-қатынас жасауға даярлық деңгейі төмен деп бағаланды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет