Қосымша.
ҰЕҰБЭ(ОТКЛЭ)Тұлғалық сауалнамасы
Ұсынылып отырған сауалнама жеке тұлғаның негізгі жекелік- психологиялық ерекшеліктері мен негізгі жекелік бес қадір-қасиетін зерттеуге мүмкіндік береді.
Ұйымдастырушылық, еңбексүйгіштік, ұжымшылдық ( яғни, топқа немесе өзге бір адамдарға бағыттылық ),білуге құмарлық және әсемдікке талпыну (эстетикалық өсу) деңгейлері жинақталған сұрақтар тізімімен анықталады. Бұл сұрақтар арқылы жоғарыда көрсетілген жағымды көрсеткіштердің даму дәрежесі анықталады.
Орындау ережесі: Сізге 115 сұрағы бар бланкі мен жауап парағы беріледі. Сұрақтарды мұқият оқып шығып, “ ия ”, “ жоқ ” немесе “кейде” деген жауап беріп, оны жауап парағына белгілеңіз. Жауап берер алдын сол немесе өзге жағдайларда өзіңіздің көрсететін мінез-құлқыңызды елестетіп, объективті тұрғыда жауап беруге тырысыңыз, сауалнамада тексеру немесе өтірік жауап шкаласы да бар.
Кешке қарай мен ертеңгі күнгі жұмыстарымды жоспарлаймын.
Қара жұмысты ( ыдыстарды жуу, бақшада жер аудару және т.б.) салғырт орындаймын.
Топ өмірі менсіз өтіп жатыр ( топ өміріне араласпаймын ).
Әдебиеттен берілген тапсырманың негізгі бөлімін ғана емес, қосымша бөлімдерін де оқимын.
Мен ән салғанды ұнатамын.
Мен ылғида өзге адамдардың жеткен жетістіктеріне қуаныш білдіремін.
Мен өз үйімді жинастырғанды ұнатамын.
Мені жетекші роліне таңдағанда қарсылық білдіремін.
Менің жаңа кітап жаңалықтарын үнемі қадағалауға уақытым жетпейді.
Шығармашылық кештерде шығармаларды оқығанда, өнер туындыларымен кездескенде ( кітап, музыка, спектакль және т.б. ) көзіме жас алуға дейін барамын.
Өзімнің жоспарлап қойған жұмысымды мен жиі орындай алмай қаламын.
Мен өзімнің берген уәдемді барлық уақытта орындаймын.
Маған барлық уақытта біреуге көмектесуге тура келіп тұрады.
Ақпарат көздерінен теледидар мен киноны қалаймын.
Менің тәнім би музыкаларымен үндеседі.
Барлық практикалық ( семинар ) сабақтарына дайындалу мүмкін емес деп ойлаймын.
Бірнеше сағаттар бойына тиімді физикалық жаттығулар мен физикалық жұмыстармен айналыса аламын.
Театр мен музейге бару мүмкіндіктерін еш уақытта жібермеймін.
Қиын тапсырманы өзім шешпей, қасымда отырған оқушыдан көшіріп алғанды қалаймын.
Театрға барғанда конфет пен балмұздақ жеп отырған кездерім болған.
Менің жұмыс столым әдетте жинақы болады.
Мен үшін бастысы – жұмысты өз уақытында орындау, ал сапасы – шыққанына байланысты.
Дауыс көтерген мен өз-өзін ұстай алмағанды кешіруге болады, егерде сен өзқұқығыңды қорғаған болсаң.
Кейбір кездері мен ойлап тұрған нәрсені емес, өзге нәрсені айтамын.
Мен көркем өнерпаздар сайысына қатысып тұрамын.
Мен алған хатыма жауап жазуға асықпаймын.
Жануарларға қамқор болғанды қалаймын.
Менде топта не істеуге болатыны жөнінде көптеген идеялар туындайды.
Ақыл-ойды қажет ететін жұмыспен айналысып отырып, ойын-сауық, демалысымды құрбан ете аламын.
Өмірімде бірнеше рет маған өтірік айтуға тура келді.
Үйге лас аяқ киіммен оралғанда тез арада оны тазалап, ретке келтіремін.
Ешқандай іс-әрект істемеуге мәжбүр болған кездерімде де ( ауырып қалғанда, бірнәрсені күткенде және т.б ) өзіме жұмыс тауып аламын.
Бір адаммен байланысқа түссем, сол адаммен достық қарым-қатынас жасауға тырысамын.
Кейбір кездері сабақтарда пікірталас тудыратын өзімнің көзқарасымды білдіремін, оқытушы пікірімен келіспейтін кездерім болады.
Мені сахнадағы актерлардың ойнауы толғандырады.
Кейбір кездері мен оқытушы мен студенттерді түсініп тұрған кейіп танытамын.
Бастаған ісімді аяғына дейін жеткізуге менің шыдамым жиі жетіспейді.
Топта қоғамдық жұмыстарды орындаудан мен ләззат аламын.
Менің ақыл-ойымның жетістігінің деңгейі жеткілікті.
Би кезінде мен үшін маңыздысы – жай қозғалу ғана.
Бүгін істей алатын жұмысымды ертеңге қалдырмаймын.
Қоғамдық орындардағы тәртіпті барлық уақытта сақтаймын.
Жиналыстарда айтарға өз көзқарасым болса да, үндемей отырғанды қалаймын.
Менің қызығушылықтарым шыдамдылық пен орнықтылықты талап етеді.
Мен алдында бір минутта көріп тұрмаған, бейнелеу өнерлері бар.
Қоғамдық жұмыстармен, үй жұмысымен, спортпен айналысу арқылы бос болмау менің сабағыма жағымсыз әсерін тигізеді.
Нашар істелген жұмыс маған дұрыс демалуға мүмкіндік бермейді.
Қиын тапсырма алғанда мен барлық уақытта қуанамын.
Өзімнің жеке кішкентай жаңалығым үшін бірнеше сағаттар, апталар бойы бір проблеманы шешумен айналысамын.
Мен өзімнің сыртқы келбетіме көп мән беремін.
Бір күнге үш тапсырма берілсе де, маған қиын соқпайды, өйткені мен оларға алдын ала дайындалып қоямын.
Сенбілік күндері мені еңбек құралдарымен қамтамасыз етпесе, мен қолыма түскен нәрсені пайдаланамын.
Егер де менің жолдасым сабақта, жұмыста үлгермей жатса, оған көмек көрсетуге мүмкіндік табамын.
Қалалық мәдени іс шараларға жібермей қатысамын..
Радиода эстрадалық музыканың орнына классикалық музыка беріп жатса, өшіріп тастаймын.
Мен таңғы асымды ішіп үлгерместен жиі сабаққа жүгіріп кетемін.
Үй тұрмысындағы жұмыс мені шаршатады.
Критикалық ескертпелерді мүлдем қаламаймын.
Сабаққа толығымен дайындалу үшін маған оқулық жеткілікті болады.
Мен барлық уақытта жолдан арнайы жерден өтемін.
Сабаққа ешқандай себепсіз бармай қала аламын.
Кей кездері мен терезеден ұсақ қоқыстарды тастаймын.
Конфликтіге түскен жағдайда сөз таңдамастан дөрекі сөздерді қолдана аламын.
Жолдастарым өзара қызықты ғылыми ақпараттармен алмасып жатқанда, мен тек тыңдаймын.
Мен классикалық музыкалар жазылған пластинка жинаймын.
Менің өмірімде есіме түсіргім келмейтін жағдайлар (кездер) болған.
Бірнеше сағаттар бойына тиімді ақыл-ой жұмыстарымен айналыса аламын.
Егер сабақ кезінде жауап беруші екі сөздің басын қоса алмай тұрса маған күлкілі болады.
Сұрақтың жауабын білмегендіктен
Маған даусы қатты қосылған магнитофонмен, транзистормен қыдырған ұнайды.
Егер оқуда сәтсіздік кезеңі белең алса, менің оқуға деген қызығушылығым төмендейді.
Мен маған оқытушының қойған бағасымен келісемін.
Менде әрқашан қоғамдық тапсырмалар болады.
Мен оқығанды жақсы көремін.
Көркемөнер, репродукция жайында кітаптар жинаймын.
Әрбір затты мен уақытысында өз орнына қоямын.
Қара жұмысты орындау мен үшін жеке тұлғаны кемсіту болып табылады.
Кез-келген тақырыптағы әңгімені қолдай аламын.
Сабақ үстінде оқытушыға тақырыпқа сай сұрақ қойғым келеді де тұрады.
Барлық сыйлықтың орнына гүл сыйлағанды дұрыс көремін.
Сабақты жіберіп алған жағдайда өзімді қолайсыз санаймын.
Өсімдіктермен жұмыс жасағанды ұнатамын.
Егде жастағы адамдар мені өздерінің ұрысқақтығымен, жай қимылдауларымен тітіркендіреді.
Кез-келген жағдайда көңілді жұмысты қалаймын.
Әдемі жасалған зат мені соған ұқсас бұйым жасауға итермелейді.
Менің стилім – емтиханға дайындық кезінде сабақтағы пробелдерімді жою.
Маған көмектесіп қалады деген үмітпен істеп жатқан жұмысымды созыңқыраймын.
Егер мені сынап-мінеп жатса, үндемей қалмаспын.
Маған болып жатқан құбылыспен жалпы таныса салған жетеді, өзгелер ақ оның мән-жайын, мазмұнын терең талқылай берсін.
Жоспарлап қойған жұмысымды істеп үлгермей қалған жағдайда, өзіме ақтау айтамын.
Мен сабақтың басталуынан он минут бұрын келемін.
Сабақ уақытында және жұмыс уақыттарында ұзақ үзілістерді қалаймын.
Өз тапсырмамды орындап болғаннан кейін ақысыз қосымша жұмыс істеуге келісемін.
Мен үшін өмір қызықсыз әрі ішпысарлықтай болып көрінеді.
Концерттерде отырғанымда менің де әнші болғым келіп кететін кездер болады.
Мен таңғы дене шынықтырумен айналысамын.
Қажетті, бірақ қызық емес қара жұмысқа уақытымды жұмсау мені қыспаққа алады.
Фирмалық заттарды алып бере алатын адамдарды силаймын.
Мен жаңа іс-әрекет түрлерімен жиі әуестенемін, бірақ тез басыламын.
Классикалық әдебиет туындыларына түсірген фильмдерді соңына дейін көріп бітіруге менің шыдамым жетіспейді.
Егерде мен бір пән бойынша семнарға өте жақсы дайындалған болсам, онда басқа практикалық сабақтар дайындалусыз қалады.
Бір жұмысты орындауға кіріскенде оны барынша жақсы орындаймын.
Сабаққа жауап беріп тұрған жолдасыма ойнап тиіскенді ұнатамын.
Жаңа ақпаратты кітаптан іздемей, басқа адамдардан сұрастырамын.
Кей кездері кинода, трамвайда , лекцияда отырғанда пісте шағамын немесе бірнәрсе жеп отырамын.
Кей күндері ұйықтап шыққан төсегімді жинап үлгерместен сабаққа жүгіріп кетемін.
Шаруашылық жұмыстарды орындау барысында өзімді сенімсіз сезінемін.
Егер сенбілікте жұмыс фронты дайындалмаған болса, онда оны өз мойныма аламын.
Газет, журналдардан қырқып алынған кесінділер мен жазуларды сақтаймын.
Кітап оқып жатқанда әдеттегідей табиғатты сипаттаған қатарларды тастап кетемін.
Қоғамдық тапсырмаларды ешқандай еске салусыз орындаймын.
Ауылшаруашылық жұмыстарын орындау барысында тапсырманы жылдамырақ бітіруге тырысып, демалыс жайында ойланамын.
Егер мен аудиторияның шашылып жатқанын ( лас тақта, қоқыс, орнында тұрмаған столдар және т.б. ) көрсем, тез арада ретке келтіремін.
114. Сабаққа дайындалу барысында жолдастарым түсінбеген жерлерін түсіндіруді сұрап келеді.
Бос уақытымда сурет салумен, тігіс тігумен, музыкалық аспаптарда ойнаумен және т.б. істермен айналысамын.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Бұзаубақова К. “Жаңа ПЕД-технологияны меңгеру - міндет”.
// Қазақстан мектебі. № 9-10. 2005 ж. 25-26 б.
Байғазиева Г. “Жаңа Педтехнология”. // Қазақстан мектебі. № 8. 2005 ж. 53-54 б.
Бұзаубақова К. “Жаңа педагогикалық технологиялар”. // Қазақстан мектебі. № 4. 2005 ж. 5-8 б.
Арысбаева З. “Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшеліктері”. // Қазақстан мектебі. № 1. 2007 ж. 69-70 б.
Әмір Шарапат. “Педагогикалық инновацияны іске асырудың жолдары” // Қазақстан мектебі. № 6. 2001 ж. 32-34 б.
Бейсембаева А. “Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендірудің мүмкіндіктері”. // Қазақстан мектебі. № 4. 2001 ж. 12-13 б.
Көшімбетова С. “Оқыту тиімділігі – озық технологияларда”. // Қазақстан мектебі. № 7. 2005 ж. 16-17 б.
Б.М. Камзина. “Жаңа инновациялық технологияларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің педагогикалық шарттары”. //
Валеология. № 3. 2006 ж. 4-5 б.
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. / Егемен Қазақстан. 2
наурыз, 2006 ж.
Қазақстан -2030. / Егемен Қазақстан. 11 қазан, 1997 ж.
Карвасарский Б.Д. Психотерапия. Питер, 2001ж.
Карвасарский Б.Д. Психотерапевтическая энциклопедия – Питер, 2000.
Копытин А. И. Основы арт-терапии. – СПб.: Лань, 1999
Кузовкин В.В. Теоретико-методологические проблемы личностного роста студентов.// Инновации в образовании 2001, № 1 С.103-121
Практикум по арт-терапии/ Под ред. А.И.Копытина. – СПб: Питер,2000. – 448 с.
Рудестам Н. Групповая психотерапия. Психокоррекционные группы: теория и практика. – М.: Прогресс,1990
Гнездилов А.В. Авторская сказкотерапия. Дым старинного камина (сказки доктора Балу). – СПб.: Речь, 2003. –292с.
Групповая психотерапия. Психокоррекционные группы: теория и практика/Пер. с англ. - М.: Прогресс, 1990. –368 с.
Гузеев В.В. Образовательная технология: от приема до философии. М.: Сентябрь, 1996. С.112.
Джакупов М.С.Управление познавательной деятельностью студентов в процессе обучения. – Алматы, 2002
Защиринская О.В. Сказка в гостях у психологии. Психологические техники: сказкотерапия. – СПб.: Издательство ДНК, 2001 –152с.
Зинкевич-Евстигнеева Т.Д. Как помочь особенному ребенку. СПб.: 2001
Зинкевич-Евстигнеева Т.Д., Грабенко Т.М. Практикум по креативной терапии. СПб, 1998
Маджуга А.Г., Маджуга Л.Г. Арт-терапия как одно из приоритетных направлений современной коррекционной психологии и педагогики.// Вопросы ментальной медицины и экологии. -Том IX .-2003.-№3.- Москва – Павлодар С.21-24
Маджуга А.Г., Шоманбаева А.О., Кабылбекова З.Б. Теория и практика инновационных технологий. Шымкент, 2004
Маслоу А. Мотивация и личость. – СПб, 1999
Немов Р.С. Психология. Т. 2 – М.: Владос, 2000
Немов Р.С. Психология. Т. 3 – М.: Владос, 2000
Нестеренко А.А Страна загадок //Школьные технологии, 2000г №5, С.208-214
Осухова Н. Между войной и миром.//Школьный психолог, март 2002,№12
Подласый И.П. Педагогика: Учебное пособие для студентов высших учебных заведений, - М.:, 1996
Практическая психология образования. М., 1997
Психотерапевтическая энциклопедия / Под ред. Б.Д. Карвасарского. – СПб.: Издательство «Питер», 2000. –1024с.
Столяренко Л.Д. Основы общей психологии. 4-е изд., перераб. и доп. (Серия «Учебники, учебные пособия».) – Ростов н/Д: Феникс, 2001. –672с.
Ялом И. Групповая психотерапия. – СПб.: Питер,2000
Психология. Словарь. Под общей редакцией А.В.Петровского, М.Г.Ярошевского. М., 1990
Автономова Н.С. Современная западная философия: Словарь – М., 1991.
Болл Б. Интеграция научных исследований, практики и теории в арт-терапий // Исцеляющее искусство: журнал арт-терапий – 2000. – Т.3., N 4 – С. 10-32.
Кейз К. Об эстетическом моменте переноса // Исцелляющее искусство: журнал арт-терапий -–1998. Том 1.
Копытин А.И. Арт-терапия на русском языке. Питер, 1994.
Диагностика в арттерапии. Метод “Мандала”- http://science-education-books.
Молодежная газета. Teenager (Газета). Психология/ Арттерапия: 2004 г. Октябрь. http: // www.almateer. freenet kz.
Курск. Душевные болезни – лечать арттерапией – Regions. Ru. www. 46
PSYLIB r. К.Рудестам. Психокоррекционные группы. www.psylib. ord.ua
Архангельские педагоги и психологии изучают методы арттерапии для работ с детьми и взрослыми. www.atrmedia.ru
Детский психолог – Мероприятия. Семинар. Арттерапия: основы теории и практик метода. www.childpsg.ru.
Арттерапия в работе с детьми. webshops.ru. EUP. RU – экономика и управление на предприятиях.
Достарыңызбен бөлісу: |