Диссертациялық жұмыстың объектісі әйелдердің қылмыс жасауына себеп болатын криминологиялық маңызды детерминанттары мен жасалуына, сондай-ақ әйелдер қылмыстылығының алдын алуға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады.
Диссертациялық зерттеудің заты болып,әйел адамдарының қылмыстары, және де олар жасаған қылмыстардың айырмашылықтары; әйелдердің қылмыс жасаудағы агрессияларының жоғары болу сипаттарының жағдайы мен динамикасы; әйел адамдар жасаған қылмыстарының жалпы әлеуметтік және арнайы криминологиялық алдын-алу шаралары табылады.
Зерттеу тақырыбының даму дәрежесі болып, Қазақстан Республикасында әйелдер қылмыстылығын жан-жақты қылмыстық және криминологиялық зерттеу, қылмыстың белгілерін ғылыми негізде талдау, қылмыскердің жеке ерекшеліктерін анықтау, әйелдердің қылмыс жасауына ықпал ететін себептерді айқындау және оның алдын-алу тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу табылады.
Осы зерттеудің мақсаттары: - Әйелдер қылмыстылығы ұғымына жан-жақты анықтама беру, оның өзге қылмыс құрамдарының айырмашылықтарын айқындау;
- Әйел қылмыстылығының қазақ қоғамындағы қазіргі жағдайын зерделеу және оған талдау жасау;
- Әйелдер қылмыстылығының қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамаларын, оның үрдістерін, динамикасын, құрылымын және жағдайын анықтау;
- Әйел-қылмыскерлердің жеке басының криминологиялық сипаттамасын құрастыру және оны талдау;
- Әйелдер қылмыстылығының негізгі себептері анықтау және оның алдын алу тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Зерттеу мақсаттарына жету үшін келесі міндеттерді шешу ұсынылады: - ҚР-дағы әйелдер қылмыстылығының қазіргі жай-күйін зерделеу;
-әйелдердің қылмыстылығының мінез-құлқының негізгі үрдістері мен доминанттарын анықтау;
-девиантты белсенділіктің, психикалық патологияның және әйелдердің қылмыстылығының әрекеттерінің ерекшеліктерін зерттеу;
-әйелдер жасаған қылмыстарының криминологиялық жағдайларын қарастыру;
-зорлық-зомбылық пенитенциарлық қылмыстылықтың алдын-алу және оларды (сотталғандарды) одан әрі реадаптациялау мақсатында сотталған әйелдерге ықпал етудің қылмыстық-құқықтық тәсілдерінің өзіне тән ерекшеліктерін зерттеп-қарау;
- әйелдер қылмысының кешенді алдын-алудың неғұрлым тиімді және перспективалы бағыттарын және алдын-алу жүйесінің әртүрлі субъектілерінің қызмет аясын айқындау және тиісті заңнамаға өзгеріс енгізу.