Кіріспе диссертациялық жұмыстың өзектілігі



бет1/17
Дата18.08.2022
өлшемі314,74 Kb.
#148146
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Диссертация по новому (1)


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ


ЧЕМБЕКОВА ГҮЛНАЗ ШАМИЛЬҚЫЗЫ

Әйел қылмыстылығының алдын-алу мәселелері


«7М04201-Құқықтану» (ғылыми және педагогикалық бағыт) білім беру бағдарламасы бойынша

Ғылыми жетекші: Бекежанов Даурен Нуржанович


(Phd) философия докторы
қауымдастырылған профессоры м.а
Магистрант: Чембекова Гүлназ Шамильқызы
«7М04201-Құқықтану» мамандығының білімгері
Талдықорған 2022 жыл
Мазмұны
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ӘЙЕЛ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ .........................7
1.1 Әйел қылмыстылығының пайда болуы мен дамуы ..........................................7
1.2 Әйел қылмыстылығының түсінігі мен түрлері ................................................14
2 ӘЙЕЛ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫНЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ.................................................................................................... 23
2.1 Әйел қылмыстылығының жағдайы, динамика мен құрылымы .................... 23
2.2 Қылмыс жасайтын әйел тұлғасының ерекшеліктері ...................................... 32
2.3 Әйел қылмыстылығының себептері мен жағдайы ......................................... 44
2.4 Әйел қылмыстылығының алдын алу шаралары ............................................. 53
ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................... 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................................... 63


КІРІСПЕ


Диссертациялық жұмыстың өзектілігі. Қылмыс әлеуметтік-құқықтық, қоғамға қауіпті және тарихи өзгермелі құбылыс ретінде әр түрлі кезеңдерде адам баласының дамуымен бірге жүреді әрі жаңа формаларға ие болады. Өткен ғасырдың 90-жылдары Кеңес Одағының ыдырауына және Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін орнықтыруына байланысты туындаған түбегейлі өзгерістер мен тұрақсыз жағдай қылмыстың деңгейі мен құрылымына айтарлықтай әсер етті. Бұрын қазақ жеріндегі анықтау және алдын ала тергеу органдарының құқық қолдану практикасында орын алмаған жаңа қылмыстар пайда болды.
Мәселелердің маңыздылығы ескеріле отырып, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап қылмыстарды алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ қылмыстарды ашу және тергеу бойынша берік ұйымдық-құқықтық негіздер қаланды. Қазіргі таңда заманауи әлемнің қауіп-қатерлері мен сын-қатерлерін, жаһанданудың теріс әсерін және басқа да факторларды ескере отырып, тиісті мемлекеттік органдар қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және үгіт-насихат сипатындағы шаралар қабылдауы – алдыңғы қатарлы міндеттердің бірі.
Қазақстандағы қылмыстың құрылымдық бөліктерінің бірі болып әйелдер қылмыстылығы қарастырылады. Статистикалық деректерді зерттеу және талдау нәтижелері қоғамның басқа салаларымен қатар нәзік жандылардың қылмыстылығы алаңдаушылық тудыратынын көрсетеді. Қазақтардың ұлттық санасы мен мәдениетіндегі әйел-ана орнының қасиеттілігін ескере отырып, олардың қылмыстық әрекеттер жасай алатындығын елестету мүмкін емес. Алайда зерттеу нәтижелеріне сәйкес, әр түрлі факторларды, соның ішінде құқықтық мәдениеттің төмендігі, экономикалық күйзелістер, жұмыссыздық, отбасылық өмірдегі жанжалдар, қызғаныш, көре алмаушылық, кек алу, жала жабу, зорлық-зомбылық, ажырасу мәселелері және өзге де әлеуметтік проблемаларды ескере отырып, жыл сайын белгілі бір мөлшерде әйелдер қылмыстылығы орын алатындығын байқауға болады.
Әйелдер қылмысы жалпы қылмыстың құрамдас бөлігі ретінде тарихи өзгермелі құбылыстарға жатады. Оның көптеген белгілері бар, олар әйелдің қоғамдағы ерекше әлеуметтік жағдайының нәтижесі және оның психикасы мен физиологиясының ерекшеліктерімен байланысты. ХХ - ХХІ ғасырдың басында орын алған қазақ қоғамының көптеген метаморфоздарының нәтижесінде әйелдердің белгілі бір әлеуметтік мәртебесі қалыптасып, бекітілді, оның әлеуметтік рөлдері өзгерді, бұл әйел қылмысының өзгеруіне әкелді.
Әйелдер қылмысы – қоғамның моральдық денсаулығының, оның руханилығының, жалпыадамзаттық құндылықтарға қатынасының көрсеткіші. Әйелдердің қылмыстық мінез-құлқы қоғамға, оның моральдық-психологиялық атмосферасына, әсіресе отбасына теріс әсер етеді. Бұл зерттеудің өзектілігін анықтайды.
Қазіргі заманғы әйелдер қылмысының жай-күйін және оның үрдістерін талдау әйелдер жасаған қылмыстардың алдын алу құралдары мен әдістерінің, сондай-ақ билік органдары, құқық қорғау органдары және қоғамдық ұйымдар арасындағы олардың алдын алу бойынша келісілген ынтымақтастықтың тиімділігінің жеткіліксіздігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Әйелдерді қоғамдық ортаға қосу, сотталған әйелдерге психологиялық көмек көрсету және т.б. проблемасына тиісті көңіл бөлінбейді.
Жоғарыда аталып кеткен мәселелердің өрескелдігін түсініп, Қазақстан Ресубликасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру мақсатында көптеген халықаралық конвенцияларға қосылды; сонымен қатар, елдегі әйелдердің лайықты өмір салтына негіз болған және ықпал ететін маңызды нормативтік актілердің жеткілікті саны қабылданды. Аталған заңдарды, бағдарламаларды, стратегиялар мен жоспарларды қабылдау әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жақсартуға, әйелдердің қоғамдағы рөлін көтеруге, олардың мемлекетті басқаруға белсенді қатысуына ынталаныдруға, әйелдердің құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған.
Осыған байланысты криминологиялық сипатқа ие әйелдер қылмыстылығын қылмыстық-құқықтық реттеу мәселесі оны шешуге ерекше көзқарасты қажет етеді. Әйелдер қылмыстылығын терең және жан-жақты зерттеу, әйелдердің қылмыс жасау факторларын анықтау, әйелдер қылмыстылығының механизмін зерттеу және оның басқа ұқсас әлеуметтік құбылыстармен байланысын қарастыру қажет. Сондықтан, автордың пікірінше, осы міндеттерді орындау үшін қылмыскердің жеке басының қылмыстық мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық детерминанттарын жан-жақты зерттеу қажет.
Таңдалған тақырыптың өзектілігі сонымен қатар жақында әйелдер арасындағы қылмыстың құрылымы мен динамикасының қолайсыз тенденцияларымен, отбасындағы әйелдердің құқыққы қайшы мінез-құлқының теріс әсерінің артуымен, әйелдердің қылмыс жасауына ықпал ететін себептер мен жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, мақсатты алдын-алу жұмыстарын жүргізу қажеттілігімен анықталады. Әйелдердің қылмысы жаңа экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, құқықтық және психологиялық құбылыстар мен процестерді кеңінен қамти отырып, егжей-тегжейлі зерттеуді қажет етеді. Мұның бәрі Қазақстан Республикасының аймақтарындағынақты жағдайлар мен ерекшеліктердегі қылмыстың көрінісі мен тенденцияларына қатысты ерекше маңызға ие.
Сонымен бірге, осы зерттеу шеңберінде әйел қылмыстылығын алдын алу және жолын кесу жөніндегі заңнаманы жетілдіру саласында нақты ұсыныстар, әйелдерді қылмысқа тарту факторлары және басқа да мәселелер әзірленді. Жоғарыда айтылғандардың барлығы дипломдық зерттеудің өзектілігін айқындайды және қарастырылып отырған мәселенің теориялық және практикалық маңыздылығын дәйектейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет