Кіріспе Етістікті мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттері 1



бет1/3
Дата13.08.2017
өлшемі456,62 Kb.
#23598
  1   2   3

Жоспар


  1. Кіріспе

Етістікті мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттері 1


  1. Негізгі бөлім

1/ Етістікті оқытудағы әдіс-тәсілдер 3

2/ Етістікті оқытудағы жаңа технологиялар 15


  1. Қорытынды

Етістікті оқытудың тиімділігі 25
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 26

Етістікті мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттері

Мектептегі оқу ісіне қойылатын бүгінгі заман талабы-өзіндік ой-тұжырымы бар, логикалық ойлау қабілеті дамыған, өз көзқарасы мен пікірін ашық айта алатын, ақпараттар ағымынан қажетін іріктеп ала білетін, қоғамдық ортаға икемді, өз жолын дұрыс таңдай алатын жас ұрпақ тәрбиелеу. Ендеше бұл міндетті жүзеге асыруда барлық оқу пәндерінің қосар үлесі аз болмауға тиіс. Әсіресе, адам дүниетанымының кілті, ойлаудың формасы, қарым-қатынастың ең басты құралы ана тілі болғандықтан, мектеп пәндерінің ішінде қазақ тілінің атқарар қызметі ерекше болмақ. Сондықтан жаңа кезеңнің талабына сай «білім берудің негізгі сатысында қазақ тілін оқытудың мақсаты – ана тілінің қоғамдық әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, коммуникативтік компетенциясы, қарым-қатынас жасау біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу» алға қойылды. Бұл кез келген грамматикалық ереже тек білім қоры қалпында қалмай, баланың өмірлік танымының, айналамен тіл табысуының басты базасына айналуы қажет екендігін көрсетеді. Тіл арқылы баланың логикалық ой жүйесін дамытудың жолдарын белгілеудің маңызын айқындайды. Тілдің ғылыми негізін меңгерту оның қоғамдық-әлеуметтік мәнімен, рухани құндылығымен қоса берілгенде ғана жас ұрпақ бойында пәнге деген шынайы құрмет сезімін тәрбиелеуге болатыны бағамдалған. Өз ана тілінің даралық ерекшеліктеріне көз жеткізу ғана тілдің эстетикалық талғамын арттыруға негіз қалайтыны дәйектелді. Тілдің адам болмысымен байланысы, санаға қатыстылығы туралы тұжырымдардың білім жүйесінен орын алуы – коммуникативтік біліктілікті қалыптастырудың тетігі.

Міне осы түйіндеулер қазақ тілін оқытудың тұғырнамалық негізі етіп алынған. Әрі олар қай сыныпта, қай саланы оқыту кезінде де ескерілуге тиіс. Сондықтан морфологияны оқыту, соның ішінде көсемшені оқыту етістік тарауын өткенде осыған сәйкестендіріле отырып анықталады. Жаңа бағдарламаға сәйкес морфологияның ғылыми негіздері 6 және 7 – сыныптарға бөлініп берілген.

6-сыныпта сөздің түрлері мен сөз құрамы жайында мағлұмат берілгеннен кейін сөз таптары оқытылғанда етістік, оның түрлері және категориялары туралы тақырыптар оқытылады. Мұнда етістікті мағыналық жағынан қарастырса, ал 7- сыныпта оның түрлену жүйесі, сөйлемдегі синтаксистік қызметі туралы білім беріледі.

Сонымен 6- 7-сыныпта морфология тарауы бойынша білім берудің мақсаты - оқушыларға морфорлогияның үлкен бір күрделі де өте жиі қолданылатын саласы - етістік екенін, оның орны мен рөлін таныту, оның қазақ тіліндегі алатын орнын, етістіктің жасалу жолдарын, жіктелу ерекшелігін, сөйлемдегі қызметін айыруды үйрету және осы білімді оқушылардың қарым-қатынас қабілеті мен сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың негізі ретінде игерту.

Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:



  • етістіктің және оның категорияларының өзара байланысы мен ерекшеліктерін таныту арқылы тілдік машықтарын арттыру;

  • оқушыларға етістіктің жалпы тіл жүйесіндегі орнын таныта отырып, олардың лингвистикалық дүниетанымын кеңейту;

  • етістікті оқыту барысында оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін шыңдау;

  • етістіктен алған білімдерін күнделікті қарым-қатынас жасауда қолдана білуге үйрету;

  • етістіктен алған білімдерін ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде орынды қолдануға төселдіру;

  • оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • оқушылардың әдеби тіл нормасына сай сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

Мектепте қазақ тілі грамматикасынан оқушылардың игеретін білімдері екі деңгейге бөлініп анықталады: міндетті және мүмкіндік деңгейлер. Міндетті деңгей оқушылардың білім дәрежесінің ең төменгі қажетті мөлшерін белгілесе, мүмкіндік деңгей баланың шығармашылық бағыттағы белсенді іс-әрекетіне бағдар болатын білім көлемін көрсетеді. Бұл екі деңгей көлемі бойынша қазақ тілінің оқытылу процесінде етістік бойынша мынадай болып белгіленеді:

  1. Міндетті деңгей:

  • етістікті өзге сөз таптарынан ажырата білу;

  • етістіктің және оның категорияларының сөйлеудегі атқаратын ролін тану;

  • етістікті сөйлеу тілінде орынды жұмсай білу;

  • етістіктің жіктік формаларын айыру, қызметін білу, оларды қатыстырып сөйлемдер құрау;

2. Мүмкіндік деңгей:

  • етістік және оның категориялары мен үстеудің, етістік және оның категориялары мен еліктеуіш сөздердің арақатынасын сөйлеу тілінің мақсатына сай айқындай алу;

  • етістік және оның категорияларының сөйлемдегі қызметін зат есімдермен, сын есімдермен салыстыра талдап, түрленуіндегі өзгешеліктерді айқындау:

Осы мақсаттар мен міндеттерді айқындау арқылы етістікті мектепте оқытуды тиімді жүзеге асыруға болады.

Осы курстық жұмысты жазудағы мақсатым – мектепте етістіткті оқытудың мақсаты мен міндеттерін айқындап, етістікті қазақ тілінің заңдылықтары мен принциптеріне сай оқытып, етістікті оқытудағы әдіс-тәсілдер мен жаңа технологияларды іріктеп, оларды оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне сай таңдап алу арқылы етістікті оқытудың тиімділігін пайымдау.


Етістікті оқытудағы әдіс-тәсілдер


Сабақтың дұрыс өтуіне, нәтижелі болуына әсер ететін бірнеше факторы бар. Олардың барлығы да мұғалім сабақтың мазмұнына сай оқушылардың іс- әрекетін қаншалықты үйлестіре алуына қарай өзіндік тиісті мәнге ие болады. Ал, сыныптағы балалардың білім, білік өрісіне сәйкестендірілмеген оқыту формалары жасанды жұмыс түрінен аса алмайтыны анық. Сондықтан жаңа нәрселер жат болып қабылданбас үшін, әр жаңаның бойында осыған дейін қолданылып келген әдіс – тәсілдердің белгілі бір элементтері орын алып келгенін ескеру қажет. Әдетте, орта сыныптарда оқушылардың пәнге қызығушылығын тудырудың бір тәсілі ретінде грамматикалық ойындарды ұйымдастыру жиі аталып жүр. Дегенмен, ендігі жерде ойын түрлерінің ой қалыптастыруға бейімделе жүргізілгені тиімді. Ребустар мен сөзжұмбақ түзу, морфологиялық ұғымдар үздіксіз сөзтізбек жасату, қызықты диаграммалар жасату, кестелер жасату, арнайы картотекалар жасату т.б. сыныптағы жұмыстарда оқушының жарысуы мен ой тұжырымын беруі қатар қамтылады. Әрі оқушылардың өіндік әрекеттеріне негізделе орындалады.

Оқушылардың қазақ тілі сабағына ынта қоюын қалыптастырудың, яғни тілдік тақырыптарды саналы түрде меңгеруінің басты қозғаушы күштерінің бірі – пәннің практикалық мәніне үнемі назар аударып оқыту. Бұл оқушылардың оқу мотивтерін оятудың, дамытудың мәйегі болып табылады. Ал, мотив бар жерде әрекеттің де нәтижелі болары сөзсіз. Мотив оқушылардың білуге құштарлығынан, зейінінен және сабақтағы белсенділіктерінен байқалады. Сондықтан, олардың қызығушылығын қалыптастыру мынадай баспалдақтар арқылы жүргізілгені тиімді:



    1. Сабақтың қызықты болуы;

    2. Тілдік білім – машықтардың қажеттіліктеріне көз жеткізу;

    3. Тілдік білімге, машықтарға деген ішкі қажеттілікті дамыту.

Бұл үшеуін өзара үнемі байланыстыра отырып берілсе білім әрқашан да сапалы болады. Пәнге деген қызығушылық тақырыптағы жаңашылдық элементтердің қамтылуымен байланысты да туындап отырады. Мысалы, сөз таптары туралы оқушының алған жалпы түсініктерін қызықты детальдармен толықтыруға болады. Оған морфологияның етістік саласын оқытқанда көз жеткізуге болады. Етістіктің өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар: көсемше тұлғалы етістіктер жеке тұрып толық мағыналы сөз есебінде қолданылмайды, көсемшелерге көптік, септік, тәуелдік жалғаулары жалғанбайды; көсемшелер тек етістік сөздермен ғана тіркесіп қолданылады; есімше тұлғалы етістіктер және тұйық етістіктер заттанады, есім сөздер сияқты түрленеді. Етістіктер көсемше тұлғасында тек пысықтауыш, баяндауыш бола алады, есімше тұлғасында келіп анықтауыш, тұйық етістік тұлғасында зат есім қызметін атақарады: Күрделі етістіктер құрамы көсемшелерден тұрады. Осыларға назар аударту оқушылардың қызығушылығын арттырады.

Оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын тудырудың, саналы түрде түсінуін қалыптастырудың тағы бір жолы – тілдік терминдердің мағынасын аша отырып оқыту. Әуелде мұғалімнің басшылығы мен жүргізілетін мұндай жұмыс бірте – бірте тілдік ұғымдарды оқушылар өз бетімен тануына алып келеді. Сөзжасамдық, морфологиялық тақырыптардың қай-қайсысы да бұлай оқытуға әбден қолайлы. Мысалы, түбір, қосымша, дара сөз, күрделі сөз, біріккен сөз, қос сөз, шылау, қысқарған сөз, негізгі, көмекші, одағай сөздері, сөз таптары, зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, есімше, көсемше, үстеу, еліктеу сөз деген терминдердің қай-қайсысының да мағынасы өзі білдіретін грамматикалық ұғымының табиғатын, даралық сипатын айқындап тұрған жоқ па? Олай болса, оқушы үшін оның қызықтылық қасиетінің өзі де осы байланыстылықтан өрбитіні анық. Тек оны тиянақты меңгерту үшін сөз төркінін тани білуге үйрету басты шарт болып табылады. Мысалы, етістіктің көсемше категориясын оқытқанда “көсемше” сөзін А.Байтұрсынұлы енгізгенін, көсем тәрізді үнемі алдыда тұрады дегенді білдіреді, есімше заттанғандықтан түбірі есім деген сөзден туған дегенді айта кету оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттыра түседі.

Оқушылар игерген білімнің қажеттілігіне көз жеткізудің бір жолы – тақырыпаралық, салааралық, пәнаралық байланыстарды үнемі ескеріп отыру. Бұл, бір жағынан, оқушыларды тілді бір тұтас құбылыс ретінде тануға негіз болса, екінші жағынан, үйреніп отырған білімнің ендігі сыныптарда өтілетін тақырыптарға тірек болатынын саналы түсіне бастайды. Оқушының лингвистикалық дүниетанымы мен тілдік компоненттілігін қалыптастыру бағытындағы жаңа талаптардың жүзеге асуында бұл жол елеулі маңызға ие болады. Мысалы, етістікті зат есіммен, сын есіммен байланыстыра оқыту қазақ тіліндегі тақырыпаралық байланысты жүзеге асырса, етістікті оқытқанда әдебиетпен, тарихпен, педагогикамен байланыстыра оқыту қазақ тіліндегі пән аралық байланысты жүзеге асырған болар еді. Осы мәселелердің барлығы білімнің тиянақтылығының кепілі бола алады. Оқушылардың бойында білім қорының мол болуының пайдалылығына деген сенім қалыптаса бастайды. Фактілер – ұғымдар – заңдар – жеке теориялар – тілдің жалпы адамзат дамуымен байланысы секілді тізбектің құрамына енген бөліктердің әр қайсысының өзіндік ерекшеліктерін айқындала дәлелденуі оқушы логикасын дамыта түсумен қатар негізгі, қосалқы білімдердің ара қатынасын танытады. Ақпараттар ағымынан өзіне қажеттісін екшеу, саралау, жүйелеу, қорыту дағдыларын жетілдіреді.

Бұрынғы кездері әдістемеші – ғалымдардың еңбектерінде оқытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру мәселесі көбірек орын алса, соңғы жылдары оның орнын білім беру ісін оқушылар сол білімді түсінуі, меңгеруі тұрғысынан ұйымдастыру мәселесі кең өріс алуда. Оқу процесін оқушының белсенді әрекеттерінің педагогикалық – психологиялық заңдылықтарын дәйектілікпен есепке ала отырып жүргізуге назар аударып қажеттілігі айқындалды.

Баланың оқу мотивтерін, оның ішінде қызығушылығын қалыптастырудың бір жолы ретінде пәнді оқытуда эвристикалық тәсіл арқылы оқу материалын оқушының өздігінен түсінуі мен шешуі атап көрсетіледі. Мұнда білім мазмұнын меңгертуде баланың ынта-ықыласын жұмылдыру мақсаты көзделеді. Грамматикалық ережелер мен анықтамаларды, оның заңдарын бала өзіндік ой қорытулары арқылы түйіндейді. Мұндай сабақтарды мұғалім алдын ала жоспарлап, онда мынадай міндеттерді белгілейді:


  • грамматикалық материалдарды оқушыға түсіндіру жолын ықшамдап, өнімді әрі баланың қабылдануына, ақыл – ойына қонымды болу жағын қарастыру;

  • меңгерілуге тиіс материалдардың түйінді мәселелерін оқушының өздері ашатындай жағдай тудыру, олардың түсіну дағдыларын қалыптастыру.

Бұл жағдайда «мұғалімнің міндеті оқушының әрекетін ұйымдастыру, оның жолын көрсету» /Д.Б. Эльконин/, «Оқытуды түсіндірусіз, нұсқаусыз жүргізу» /Т.Я. Гальперин/ болып табылады. Ал, оқушы сол тапсырмаларды шешудің жолдарын өздері табады, бұл олардың ақыл-ой белсенділігін дамытуға бағытталады.

Бала ұғымына ауырлық келтірмейтіндей деңгейдегі мәселелерді проблемалық жағдай туғыза отырып меңгерткен тиімді. Себебі «оқушының интеллектуалдық күшінің өсуі жаңа фактілерді түсінудегі және ой елегінен өткізудегі қиыншылықтарға тап болуынан туады және проблемалық мәселенің, оқушының тақырыпты меңгеруге» деген ынтасының, оның эмоциялық әсерлігінің және ерік күш – жігерінің болуымен сипатталады. Өздігінен жұмыс істеуге ниеттелген оқушы тапсырманы қызыға орындап, жағымды эмоциялық әсер ала отырып, кездескен қиындықты саналы түрде түсіну арқылы жеңіп шығуға талпынады. Бұл бағыттағы ізденістердің, ғылыми тұжырымдардың барлығы да оқыту процесінде оқушы белсенділігін арттыру теориясы /М.А.Данилов, М.Н. Скаткин, И.Т. Огородников/, мазмұнды қорыту теориясы /В.В. Давыдов, Д.Б. Эльконин/, ақыл-ой әрекетін кезеңдеге бөліп қалыптастыру /П.Я. Гальперин/, рухани қажеттіліктер /Ю.В. Шаров/ мен танымдық қызығушылықтарды /Г.И.Щукина/ қалыптастыру теориясы, проблемалық оқыту теориясы /А.М. Матюхина, Т.В. Кудрявцев, М.И. Махмутов, И.Я. Лернер/ т.б. оқушының әрекет субъектісі ретіндегі рөлін жоғары бағалайды, яғни оқушының білімі де, меңгеретін машық- дағдылары да танымдық белсенділігі нәтижесінде оның біліктілігін арттыруға қызмет етуге тиіс.

Проблемалық сұрақтар оқушылардың белсенді әрекеттерін туғызуға түрткі болып өздігінен ой түйіндеулеріне әкеледі. Мұнда баланың танымдық дербестігін, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру үшін салыстыру, талдау, жинақтау, ой қорту секілді ойлау операциялары жүзеге асырылады.

Ойлау тәсілдеріне: алгоритмдік, жартылай алгоритмдік /дұрыс шешім – бірдей шешім/; эвристикалық, жартылай эвристикалық /дұрыс шешім болмау да бірдей болмауы да мүмкін шешімдер/ тәсілдерді оқушыға үйретудегі басты мақсат – машықты төтелей меңгерту емес нақты міндетті шешуге көмектесетін операциялар жүйесін қалыптастыру.

Таным теориясы даралық таным процесінің негізгі заңдылығын проблемалық ұстаным арқылы бейнелейді. Онда адам ойы білмеуден білуге, толық еместен толық білуге қарай жүруінің ішкі логикасы көрсетіледі. Одан туындайтын негізгі міндеттер мынадай:


  • етістікті шығармашылықпен меңгеру дағдыларына тәрбиелеу;

  • етістікті шығармашылықпен қолдануға дағдыландыру және көсемшені оқу проблемаларын шешу шеберліктеріне тәрбиелеу;

  • шығармашылық әрекеттерін қалыптастыру;

  • етістікті оқытудың ғылыми дәрежесін арттыру;

  • етістіктің ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың тиімділігін арттыру т.б.

Мұғалімнің түсіндіруі жаңа сапаға ие болады, яғни ол етістіктен берілген тапсырманы шешудің жолымен логикасын меңзейді. Әрі өзінің ақпаратты беруші қызметін шектеп, оқушылардың етістіктен тапсырмаларды өздігінен орындау және түсіну бағытындағы әрекетін кеңейтеді. Бұл әрекет етістіктің мазмұнына сай оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескертіп, біртіндеп күрделендіру арқылы жүргізіледі. Бұл етістікті оқытудың басты бағыты және етістікті саналы түрде әрі тиянақты меңгертудің шешуші шарты.

Оқушыға етістікті меңгертуді формалдылықтан аулақтататын бұл жолдардың ең тиімді де басты жетістігі – оның ойлау қабілетін арттырумен қатар, оқушылардың тілін дамытуға, олардың жалпы тілдің түсініктерін ой елегінен өткізіп, сөйлеу тілінде саралап қолдануға жол ашады. Таратып айтсақ, мысалы, оқушы анықтаманы өз бетінше құрастырса, біріншіден, оның байланыстырып сөйлеу дағдысы қалыптасады, екіншіден, етістікке байланысты атауларды пайдалану нәтижесінде сөздік қоры молаяды, үшіншіден, жұрт алдында сөйлеуге машықтанады, төртіншіден, басқаларды да тыңдауды үйренеді, бесіншіден, оқушылар бір-бірінің қабілет-дарынын қанаттандырып, басқалардың пікірімен санасуға қол жеткізеді.

Етістік тақырыбынан кейін кесте, сызба жасату үстіндегі ойын дәлелді қорғауға үйретуге лингвистикалық әрі логикалық тұрғыдан даму жүзеге асады. Мұнда әр тақырыптан / 6 - сыныпта «етістік», «етістіктіңжасалуы мен түрлері», 7 – сыныпта «етістік және оның категорияларының түрленуі» мен «етістіктің сөйлемдегі қызметі»/ ішкі байланыстарын аша келіп, оқушы етістік туралы, оның құрылымы жөніндегі білімін нығайтады.

Қарапайым қорытындылар жасаудан бастап, үлкен тарауларды өткеннен /мысалы «сөз таптары»/ оларды талдату, бір жүйеге енетін, яғни, «сөз таптарына» енетін зат есімді, сын есімді, етістікті т.б. саралау, оларды классификациялау жұмыстары үстінде ойлау операциялары дамытылуымен қатар, оқушының зейін, ерік, шығармашылық қиял, тақырыптық ерекшелігі де өрістейді. Етістікті игеру мен жорамалдар ұсыну және оларды дәлелдеу үстінде тілдік біліктілігі оқушының өз ойын сөйлеу тілінде дұрыс құруы арқылы да танылады.

Оқушының өздік жұмыстарында әрқашан сабақтастық ұстанымын басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізген тиімді. Себебі оқушы үшін етістік бұрын соңды өтілген тақырып болса, етістіктің категориялары мүлдем жаңа көсемше, есімше, етістіктің райлары, шақтары тақырыптарын өз бетінше меңгеруі қиын.

Етістікке оқушының қызығушылығын оятып, оның қажеттілігіне көз жеткізетін дидактикалық талаптардың бірі – оқушыға етістіктен берілетін теориялық білімнің практикалық мәні екі жүйеде қатар, сабақтастырыла жүргізілуі тиіс: біріншіден, етістіктен өткеннен кейін оқушы оның қай сөз табына жататынын, қай сөз таптарымен қалай қатынасқа түсетінін, сол сыныптағы бағдарлама көлемінде меңгеруге міндетті. Бұл ұғым – түсініктер оқушының етістіктен біліктілігін қамтамасыз етеді.

Екіншіден, етістіктегі теориялық материалды құрғақ ереже болып қалудан баланың ішкі қажетіне айналдыруды қамтамасыз ету мақсатында жасалатын әдістемелік жүйе бойынша етістік тақырыбы оқушының ауызекі сөйлеу, жазба тілдерін дамытуға қарай ыңғайластырылуы тиіс. Бұл бағытта да бағдарламада берілетін тақырып оның қарым-қатынастық тіл жұмсау аясындағы ерекшеліктерімен толығып берілуі ұтымды. Мұнда етістікпен сәйкестендіріліп берілетін жұмыстар жүйесінің мақсаты, жоғарыда көрсетілгендей, білімнің танымдық әрі практикалық өрісін кеңейту екендігі даусыз.

Әдіс - А.Байтұрсыновтың сөзімен айтқанда, кезекшіліктен шығатын нәрсе-әдістің жақсы, жаман болғаны жұмсалатын орнының керек қылуына қарай.

Көрнекі педагогтар анықтап, мұғалім мен оқушылардың тәжірибесінде әбден қалыпқа түскен, сыннан өткен әдістер мыналар: 1/ мұғалімнің баяндау не түсіндіру әдісі; 2/ әңгіме әдісі; 3/ көрнекілік әдісі; 4/ кітапты пайдалану әдісі; 5/ жаттығу әдісі; 6/ байқау әдісі; 7/ грамматикалық талдау әдісі т.б.

Әдіс дегенді тек оқушымен ғана байланысты түсінбей, оның басты мазмұны ғылыми ізденістің өзіндік бір жолы екендігін танып, педагог ғалымдар дидактикадағы тиімді әдістерді саралап көрсетті.

Мысалы, В.Оконь оқыту әдістерін былайша жіктейді:

1/ репродуктивті сипатқа бағытталған танымдық қызметті қамтамасыз ететін әдістер тобы;

2/ оқушылардың өз бетімен білім іздену әдістер тобы, яғни проблемалық әдістер, олар проблеманы шешу барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ұштауға бағытталады;

3/ оқушылардың көркем-эмоционалдық белсенділігін дамытатын әдістер тобы;

4/ оқушылардың меңгерген білімдерін өздері қоршаған ортаны тани түсуге қарай бағыттайтын практикалық әдістер тобы.

Оқушыларға қазақ тілі сабағында етістіктен саналы білім беруді қамтамасыз ететін оқыту әдістерінің ең негізгілерінің бірі – байқау әдісі. Мұның мәні бұрынғыға қарағанда қазір мектептің өмірімен байланысын нығайту, оқушылардың белсенділігін арттыру талап етілген кезде күшейе түсті.

Етістікті оқытқанда, байқау әдісі жақсы нәтиже беру үшін, мұғалімнің оқушыларды байқауға дайындау жұмысы мына мәселелерді қамтиды:

1/ оқушылардың байқайтын нәрсесін аңғара алу үшін, оның өткен материалдардан теориялық білімінің болуы;

2/ кейде байқайтынына қатысы бар кейбір деректерді алдын ала білдіру;

3/ нені, не үшін байқау керектігін алдын ала ескерту.

Сондықтан да мұғалім оқытудың байқау әдісіне қойылатын мына талаптарды білуге тиіс:

1/ Оқушылардың нені байқайтынын дұрыстап түсіндіру. Мәселен, мұғалім тақтаға етістіктің түрлеріне мысал жазғанда, етістіктің қай түрлері келетінін байқап отыр деп тапсырма береді. Немесе соның көрнекі құралын тақтаға ілгенде, қызылмен жазылған объект нені көрсететінін байқауды тапсырады.

2/. Байқағанда, оқушы назары алдымен не нәрсеге, сонан кейін қайсысына аударылатынын айту, яғни байқаудың жоспары мен жүйесін үйрету.

3/. Байқаудың мақсатын және оның пайдасын таныту. Мысалы, етістікті жазуда да, сөйлеуде де дұрыс қолдана білу үшін, оның мағынасы мен формаларын білудің міндет екенін аңғару /келып емес кел + іп, кел – а емес кел – е екенін дұрыс қолдана білу/.

4. Байқалғандарынан ненің басты, ненің қосымша фактор екенін аңғару.

5. Байқалған фактілерінің негізінде дұрыс ой қорытындысын шығару.

6. Ой қорытындысының дұрыстығын байқаған фактілермен дәлелдеп беру.

Байқау аз уақыттық та, көп уақыттық та болып келеді. Аз уақыттық байқау сабақтың әр кезеңінде бола береді. Ал көп уақыттық байқау тіл сабағында қазір онша көп орын алмайды.

Қазақ тілі сабағында етістіктен білім беруде ең тиімді байқау – аз уақыттық байқау. Байқаудың тым ұзаққа созылғаны /3-4 сағатта бір ғана объектіні байқау/ оқушыларды жалықтырады. Соның салдарынан басқа сабақтарда олардың байқауға ықыласы болмайды. Сондықтан да етістікті оқытқанда, аз уақыттық байқау әдісі тиімді.

Осындай талаптарға сай ұйымдастырылған, қолданылған байқау әдісі оқушыларға тілдік фактілерді тануға, соның негізінде етістік жөнінде ереже /ой қорытындысын/ айтуға және сол ережені фактілер арқылы берік, саналы түрде еске сақтауына, белсенділігін арттыруға, өздігінен жұмыс істеу қабілетін дамытуға мүмкіндік жасайды.

Қазақ тілі сабағында етістіктен берілетін білімнің бірі бірдей оқушылардың байқауы арқылы меңгеріле бермейді. Сондықтан да тілдік-теориялық материалдар оқушыларға мұғалімнің түсіндіруі арқылы да меңгертіледі.

Қазақ тілінде етістік материалдарын мұғалімнің түсіндіруі дегеніміз – оның ұғымдары мен ережелерін логика заңдарын басшылыққа ала отырып, ғылыми тұрғыда белгілі бір жүйемен оқушыларға айтып беруі. Түсіндірудің негізгі өзіндік ерекшелігі – дәлелдеу. Мұғалімнің түсіндіруінде үнемі пайымдау, ой қорытындысын шығару, дәлелдеу дегендер болып отырады.

Оқу материалдарын түсіндіру бір-ақ ізбен жүрмейді. Ол түрленіп отырады. Солардың негізгі түрлері мыналар:



  1. Бағдарлама мен оқулықтағы етістік туралы білімді түгел түсіндіру. Түсіндірудің бұл түрін әр мұғалім бұрыннан қолданып жүр.

  2. Оқулық пен бағдарламада көрсетілген етістік туралы материалдардың ең негізгісін ғана мұғалімнің түсіндіруі. Бұлайша түсіндіргенде, мұғалім өтілетін материалдардың ең өзекті мәселелерін ғана өзі түсіндіреді, ал қалғанын оқушылар мұғалімнің көмегімен меңгереді. Мәселен, мұғалім етістік пен затесімді салыстырып, олардың арасындағы айырым белгілерді түсіндіреді /етістік іс-қимылды білдіреді, не істеді? Не істейді? Қайтті? т.б. сұрақтарға жауап береді, етістік тұлғасында тұрған сөзге тұйық етістіктің –у жұрнағы жалғанса, заттанып келіп зат есім болса, есімшенің –ған, -ген, -қан, -кен жұрнақатры арқылы сын есім бола алады, немесе етістіктің есімше жіне көсемше категорияларын өткенде өзара салыстыруға болады /көсемшенің –а, -е,-й, -ып, -іп, -п, -ғалы, -гелі, - қалы, -келі тұлғалары бар болса, есімшеде ар, -ер, -р, -ған, -ген, - қан, -кен, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек, -атын, -етін, -йтын, -йтін/, ортақ белгілерін көрнекі құралға /венн диаграммасын қолдануға болады/ сүйене отырып /екеуі де етістіктің категориясы екенін/ оқушылардың өздігінен білуін талап етеді.

  3. Оқушыларға бағыт беру. Мұғалім жаңа материалды өтерде оқушыларға тек бағыт береді. Сонан кейін оқушылар көрнекі құралды пайдалана отырып, ол материалды өздері меңгереді. Мысалы, етістіктің түрленуіне арналған кестеге қарап отырып, етістіктің қалай түрленетінін айту талап етіледі. Оқушылар бұрыннан білетін материалдарына сүйеніп, көрнекі құралдың көмегімен жаңа материал жайында өз түсініктерін айтады. Мұғалім тек қана олардың айтқанын жүйеге келтіреді, толықтырады.

  4. Оқушылардың өздігінен түсінуі немесе түсіндіруі. Мұғалім өтілетін тақырыпты хабарлайды да, көрнекілікті іледі. Сонан кейін оқушылар оны байқайды да, мұғалімнің жетекші сұрағынсыз-ақ өздері сол жайында сөйлейді. Екінші сөзбен айтқанда, мұғалім тыңдайды. Оқушылар жаңа материалды түсіндіреді, яғни олар өзінше қалай түсінетінін айтады.

Түсіндірудің осылайша түрленіп отыруы оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен ықыласын, белсенділігін арттырады. Әрі олардың ойлау қабілетін дамыту, сөз байлығын арттыруға көмектеседі, сөйлеуге, ойын рет-ретімен айта білуге үйренеді. Әңгіме әдісі – оқушыларға білім беруде қолданылатын көне әдістерінің бірі. Әңгіме әдісі бойынша оқушыларға оқу материалдарын меңгерткенде, мұғалім сыныпқа жетекші сұрақтар қояды. Оқушылар оған жауап қайтарады. Сөйтіп, мұғалім оқушылардың жауаптары арқылы меңгертеді. Сондықтан да кейбір әдіскерлер әңгіме әдісін сұрақ-жауап әдісі, кейбірі әңгімелесу әдісі деп те айтады.

Әңгіме әдісіне үнемі мұғалім сұрақ қоя бермейді, кейде оқушылар да сұрақ қояды. Әйтеуір сыныпқа қойылған сұрақтар әңгіме туғызуға себепші болады. Сол себептен бұл әдіс әңгіме әдісі деп аталынады.

Әңгіме әдісінің мәні мына төмендегідей:


  1. Әңгіме әдісі оқушыларға етістікті дұрыс талдауды, олардың өзіндік ерекшелігін есте сақтай білуді үйретеді.

  2. Әңгіме әдісі оқушыларды етістіктен талданған жеке фактілерді жинақтап, ой қорытындысын дұрыс шығаруға дағдыландырады.

  3. Әңгіме әдісі оқушыларды ұжым болып жұмыс істеуге үйретеді.

  4. Әңгіме әдісі оқушыларды ойлауға, тапқырлыққа дағдыландырып, қиялын шарықтатады.

  5. Әңгіме әдісі әр оқушының оқу материалын, яғни етістікті қаншалықты білетінін аңғаруға мүмкіндік жасайды.

Грамматикалық білім беруге қолданылатын әңгіме әдісі үш түрлі:

1/ хабарлайтын әңгіме;

2/ эвристикалық әңгіме;

3/ еске түсіретін әңгіме.

Хабарлайтын әңгіме дегеніміз – оқушылардың бұрыннан білетін білімі мен тәжірибиесіне және байқауына сүйене отырып, сұрақ-жауап арқылы мұғалімнің етістікті түсіндіруі.

Эвристикалық әңгіме – сұрақ-жауап арқылы жаңа материалды оқушылардың өзіне меңгерту. Эвристикалық әңгімеде оқушылар етістікті, оған тән қасиеттерді басқа сөз таптарымен салыстыра отырып, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін таниды, ой қорытындысын шығарады.

Еске түсіретін әңгіме дегеніміз – қайталау, жинақтау арқылы оқушылардың етістіктен бұрыннан білетін білімдерін бір жүйеге келтіру және соларды практикада қолдану. Бұл әдісті 7 сыныпта «Етістіктің түрленуі» және «Етістіктің сөйлемдегі қызметі» атты тақырыптарын өтерде 6-сыныпта өткен «Етістік» мен «Етістіктің жасалуы мен түрлері» атты тақырыптарды қайталауға қолданған тиімді болар еді.

Әңгіме әдісінің нәтижелі болуы көбіне мұғалімге, оның қойған сұрақтарына байланысты болады.

Етістікті әңгіме әдісімен оқытатын мұғалімдер мыналарды білуі шарт дейді Ғ.Арғынов.


  1. Әңгіме кезінде мұғалім аз, оқушылар көп сөйлеуге /ереже айту, мысал келтіру, жолдастарының жауабының дұрыс-бұрысын дәлелдеуге/ тиіс.

  2. Сұрақ алдымен сыныпқа қойылуы керек. Содан кейін аз паузадан соң оған жауап беретін оқушының фамилиясын, атын атаған дұрыс. Мұндай жағдайда мұғалім сұрағына сынып болып қатысқан дұрыс және сынып болып жауап қайтаруға тырысады, оқушылардың белсенділігі, жауапкершілігі артады.

  3. Сыныпқа сұрақтарды анық, айқын етіп қою.

  4. Қиын сұрақтарды екі қайтара айту. Сол арқылы олардың оқушыларға түсінікті болу жағын ескеру.

  5. Қойылған сұрақтарға оқушылардың қысқаша әрі толық жауап беруін талап ету.

  6. Мұғалім қойған сұрақтарға жауап беруге барлық оқушы қатысуы керек.

  7. Оқушы жауабын әбден тыңдап алған соң ғана мұғалім оны мақұлдауға немесе толықтыруға құқылы.

  8. Бір оқушыдан сабақ сұрауға көп уақыт кетіруге болмайды. Өйткені көп сұралған оқушы да жалығады. Соның салдарынан көптеген оқушы сынып еңбегіне қатыспай қалады.

  9. Оқушыдан карточка арқылы сұрауға да болады.

  10. Мұғалімнің рұқсатымен жауап беріп тұрған оқушыға сыныптағы басқа оқушыларға сұрақ қойғызуға болады.

  11. Оқушылар жауабының аяқталған ойды білдіруін және әдеби тілде берілуін талап ету.

  12. Оқушы жауап бергенде,оның кітапқа көз жүгіртпеуін,біреудің сыбырын қайталап айтпауын қадағалау.Екінші сөзбен айтқанда, әр оқушы білгенін өз сөзімен баяндауға тиіс. Қай әдісті болса да ұзаққа созбай, басқа әдістермен, алмастырып отырса, ол жаңа материалды түсіндіргенде де, сол сияқты қайталау, пысықтау да оқушыларға білім беруге немесе білгенін түсіндіруге көмегін тигізеді.

Әңгіме әдісін кейде пікірталас әдісімен алмастыруға да болады. Пікірталас жасау үшін мұғалім оқушылардың деңгейлерін анықтап, сараланған даму деңгейлерін анықтап, сараланған даму деңгейлеріне сәйкес келетін проблемалық мәселелерді алдын ала даярлап келіп, соны талдауды ұсынады. Оқушылар өз топтарын ұсынып, оны дәлелдеп, көпшілікке танытуы керек. Бірақ белсенділігі жоғары оқушылар мен белсенділігі төмен оқушылардың бір топта болмағаны да дұрыс. Өйткені белсенді оқушылар саябырсып қалған оқушылардың пікіріне құлақ аса бермей, сыныпта күбір-сыбыр көбеюі мүмкін. Сондықтан пікірталаста мұғалім оқушылардың даму деңгейлерін ескеріп отырғаны жөн.

Көсемшені оқытуда жаттығу әдісінің мәні зор. Мұғалім тілдік материалды оқулық пен бағдарламаға сай, тіпті одан да көлемді, терең білімді оқушылар санасына өте тиімді жеткізгенімен, жаттығу әдісін білмесе, жаттығу жұмыстарын жүргізбесе, ол көпке бармайды, ұмытылып қалады. Сондықтан да мұғалім оқушыларға көсемшеден саналы да терең, тұрақты да берік білім бергісі келсе, жаттығу, дағдыландыру жұмыстарын жүргізу арқылы олардың дағдысын қалыптастыратын оқытудың жаттығу әдісін білуге тиіс.

Көсемшеден оқушылардың дағдысын қалыптастыру үшін жүргізетін жаттығулардың түрі өте көп. Сондықтан да мұғалім жаттығуға байланысты мыналарды білуге міндетті:


  1. Белгілі бір жаттығуды орындау үшін, оқушылардың сол жаттығуды орындарлық білімі болуы шарт.

  2. Оқушылар жаттығуды не үшін орындайтынына, оның қандай пайдасы барлығына түсінсе ғана оны саналы түрде орындайды. Саналы түрде орындалған жаттығулар ғана көсемшеден тиісті дағдылар алуына көмектеседі.

  3. Жаттығу оқушының қызығуын, ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс.

  4. Жаттығу оқушы назарын өзіне тартатындай болуы керек.

  5. Жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен орындалып отырылуы шарт.

  6. Жаттығулардың түрлі-түрлі болып келуі.

  7. Жаттығулар тек таяуда ғана өтілетін материалдарға негізделмей, бұрынырақта өтілген кейбір материалдарды да қамтуы керек.

  8. Жаттығулар оқушылардың көп уақытын алмауға тиіс.

  9. Шығармашылық жаттығулардың көбірек болуы қажет.

  10. Әр жаттығу оқушы еңбегінің нәтижесін көрсетіп отыруға тиіс.

Жаттығулар осы талапқа сай болғанда ғана оқушылардың дағдысын қалыптастыра алады.

Кітаппен жұмыс істеу әдісі сабақтың барлық кезеңінде қолданылады. Себебі көсемшеден білім оқушылардың тілдік құбылыстарды бақылауы арқылы немесе мұғалімнің сөзі арқылы ғана емес, басқа әдістер арқылы да меңгерілетіні белгілі.

Оқушыларға қазақ тілінде көсемшеден білім мазмұнын игеруіне оқулық пен көмекші оқу құралдары, ғылыми көпшілік әдебиет, журнал мен газет материалдарының мәні зор. Мұғалімнің түсіндіруі мен жаттығу жұмыстары кітапқа сүйенгенде ғана нәтижелі болады. Сондықтан да мүғалім оқушыларға кітапты пайдалануды үнемі үйретіп отыруы керек.

Мұғалім көсемшені түсіндіріп болып, оқушылардың сұрауларына жауап берген соң, оқулықты алдырып, өтілген материалды кітаптан оқып шығуды тапсырады. Мұндай жағдайда көбіне ережелерді оқу ғана тапсырылады, кейде түсінігін оқу да талап етіледі. Сонан кейін көсемшеге байланысты мұғалімнің қойған сұрауларына жауап қайтарады. Көбіне мұғалім сұрақтарды жаттығуларды орындатып болып та қояды. Көсемшені пысықтарлық жаттығулар оқулықтан да, дидактикалық материалдардан да болуы мүмкін. Ол мұғалімнің қалауымен шешіледі.

Оқулық пен дидактикалық материалдардың оқушыларға үйде тигізетін көмегі мол.

Дегенмен оқушылар оқулыққа тым иек сүйеп алып жүрмес үшін, оларға шығармашылық жұмыстар орындату керек. Алдымен оқушы кітаптан оқыған ережелерін талдап, өз мысалымен дәлелдеп айта алатындай болуы қажет. Сонан кейін оларға көркем әдебиеттен, газет-журналдардан оқып келуге тапсырмалар беріледі де, соларда кездескен көсемшелік тұлғаларды ауызша талдау, теріп жазып, олардың не үшін қолданылғанын біліп келу тапсырылады.

Көркем әдебиет немесе басқа кітаптар мен газет-журналдардан тапсырмаларды сабақ үстінде де орындатуға болады.

Міне, осылайша оқулық пен онан басқа да кітаптарды сабақтың мақсатына лайықтап, икемдеп пайдалану аса тиімді.

Сонымен, оқулықты және онан басқа кітап, газет журналдарды тиімді пайдалану арқылы да оқушыларға қазақ тілінде көсемшеден саналы білім беруге, дағдысын қалыптастыруға болады.

Грамматикалық талдау – қазақ тіліне тән оқыту әдістерінің бірі. Оқытудың бұл түрі көбінесе оқушыларға қазақ тілінен білім мен дағды беруде жиі қолданылады.

Қазақ тілінде грамматикалық талдаудың мынадай түрлері бар: фонетикалық талдау, морфологиялық талдау, синтаксистік талдау, сөзжасамдық талдау.

Көсемшені оқытқанда морфологиялық талдау жасау арқылы талдау жасатса, синтаксистік талдауды көсемшенің синтаксистік қызметін өткен кезде талдау жасаған дұрыс.

Қазақ тілінен көсемшені оқытқанда грамматикалық талдау ауызша да, жазбаша да жасатып отырылады. Дегенмен, талдаудың қай түрі жүргізілсе де, ол оқушылардың көп уақытын алмауға, тек оларға көсемшені басқа категориялармен салыстыра отырып таныту немесе алу мақсатын көздеуге тиіс.

Өз бетімен ізденіп білім алу әдістеріне мына әдістер жатқызылады:

1/ дәстүрлі проблемалық әдіс;

2/ кездейсоқтық әдіс;

3/ ситуациялық әдіс;

4/ оқушылардың сабақ бере білу әдісі;

5/ дидактикалық ойын әдісі

6/ эвристикалық әдіс.

Дәстүрлі проблемалық әдістің құрылымы мынадай үлгіде келеді:

1/ мұғалімнің проблемалық ситуация жасауы;

2/ проблеманы жүйелеп таныстыру және оның шешімінің болжамын ұсынуы;

3/ шешімнің болжамдарын тексеріп көруі;

4/ алынған шешімдер мен нәтижелерді бір жүйеге түсіріп оларды қолдану жолдарын анықтау.

Бұл әдістің ерекшелігі мынада: оқытудан гөрі оқушылардың қызметіне зор мән беріледі.

Кездейсоқтық әдістің ерекшелігі сонда-оқушыларға көсемше мазмұнындағы мәлімет беріліп, соның себебін анықтау тапсырылады. Себебін анықтау барысында оқушыларда қандай да бір сұрақтар туындайды. Ал мұғалім сол сұрақтарға жауап беруі тиіс болады. Мұғалім мен оқушылардың бірлескен қызметі барысында, сабақтың тақырыбында кездейсоқтық, яғни, көсемшеден белгілі бір нәтиженің шығу көзі іздестіріледі,басты ойлар анықталады. Шешімі бірнешеу болуы мүмкін, бірақ оқушылардың өзара талқылауы мен келісімі нәтижесінде соның біреуі қабылданады. Бұл жерде оқушылардың танымдық белсенділігі ғана рөл атқармайды, сонымен бірге мұғалімнің де қатысуының үлкен мәні бар. Оқушылардың жинақталған сұрақтарына мұғалім жауап беріп отырады, соның нәтижесінде ақиқатты тануға жетелейді.

Ситуациялық әдіс жоғарыдағы кездейсоқтық әдіске ұқсас болып келеді. Мұнда мұғалім белгілі бір жағдаяттар /ситуациялар/ туғызып, оның шешімін табуды оқушылардың өздеріне жүктейді. Оқушылар шешімнің біреуін немесе бірнешеуін тауып, соның ішіндегі дұрысын табуға тырысады.

Эвристикалық әдіс. Баланың оқу мотивтерін, оның ішінде танымдық қызығушылығын қалыптастырудың бір жолы ретінде көсемшені оқытуда эвристикалық әдіс қолданылады. Эвристикалық әдіс көсемшені оқушының өздігінен түсінуі мен шешуі болып саналады. Мұнда білім мазмұнын меңгертуде оқушының ынта-ықыласын жұмылдыру мақсаты көзделеді. Мұндай әдіспен сабақ өткізуді мұғалім алдын ала жоспарлап, мынадай міндеттерді белгілейді:


  • көсемшеден грамматикалық материалды түсіндіру жолын ықшамдап, әр баланың қабылдауына, ақыл-ойына қонымды болу жағын көздеу;

  • меңгерілуге тиісті материалдардың түйінді мәселелерін оқушылардың өздері ашатындай жағдай тудыру.

Бұл жағдайда мұғалімнің міндеті оқушының әрекетін ұйымдастыру, көсемшені түсіндірусіз, нұсқаусыз жүргізу болып табылады. Оқушы сол тапсырмаларды шешудің жолдарын өздері табады, бұл олардың ақыл-ой белсенділігін дамытуға бағытталады.

Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы көсемшені оқыту
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда. Атап айтқанда:

  • білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;

  • ақпараттық дәстүрлі әдістері-ауызша және жазбаша, телефон немесе радиобайланыс қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;

  • баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;

  • мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі рөліне мән берілуде.

Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы негізгі ой-тұжырымдары төмендегісінше сипатталады:

  • есте сақтауға негізделген оқып білім алудан бұрыңғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

  • білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;

  • оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына көшу.

Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықтады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.

Ал білім беру саласындағы технологиялық идеялар бұдан 400 жыл бұрын пайда болған. Бұл күнде оқыту технологиясы үлкен өзгеріске душар болып отыр. Мұғалімдер мен оқушыларға әр түрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келді.

Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. 1960 жылдарда шетел зерттеушілері «педагогикалық технология» терминін енгізді. «Педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер – оның құрамды бөлігі ғана». /В.Беспалько/.

Педагогикалық технология оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және оны өткізудің формасымен анықталады. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелігі: қойылған мақсатқа жету, мүмкіндігіне кепілдік оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пән мазмұны, мұғалім мен оқушының өзара байланыс іс-әрекеті, оқушының ішкі даму үрдісі негізінде анықталған нақты мақсат ғана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп жатыр. Олар мыналар: Лысенкованың алдын ала оқыту, Шаталовтың интенсивті оқыту /тірек сигналдарын пайдалану арқылы/, Эрдниевтің ірі блоктан оқыту, мәселелік оқыту, оқытудың белсенді әдісі.

Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясы мен В.Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілдері, сондай-ақ, профессор Ж.Караевтың оқытуды дербестендіру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр. Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады. Мәселен, Л.Занков, Д.Эльконин, В.Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты әрі мынадай ұстанымдардан құралады:



  1. жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту;

  2. теориялық білімнің жетекші рөлі;

  3. оқу материалын жеделдете оқыту;

  4. оқу үрдісін оқушының сезінуі;

  5. барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеуі.

Оқушының жас күнінен өзіндік пікірлі болуын қалыптастырудың тұлға үшін ықпалы өте зор. Жеке басының еркіндігін сезген баланың қиялында тұсау болмайды. Қандай сапада жазса да, қалай етіп жазса да оқушының өз күші жұмсалған еңбегін ерекше бағалау орынды. Баланың жеке басының еркіндігі – оның сана теуелсіздігіне жол ашады. Ол ешкімге ұқсамайтын, ешкімді қайталамайтын - өзіндік, яғни баланың даралық қасиеттері қалыптасады. Ал, ғалымдардың айтуынша – шығармашылық қабілетінің дамуы – оқыту процесінің ұйымдастыруына тікелей байланысты болғаны ғой. Осы таңдағы мектептердің іс-тәжірибесіне дамыта оқыту жүйесі біртіндеп, енгізіліп жатыр. Дамыта оқыту жүйесінің сабақтары оқушының ойлау мен практикалық іс-әрекетін ұйымдастыру болып табылады. Ал, ойлау мен практикалық іс-әрекет арқылы – оқушының шығармашылық қабілеті дамитындығын білеміз. Дамыта оқыту жүйесінің қағидаларын ұстанған мұғалім, дайындықсыз сабақ өткізе алмайды. Бұл мұғалім еңбегінің шығармашылығының болуын талап ететін жүйе. Бұл жүйеде – оқытудың мақсаты, мазмұны, формасы, әдісі, баға қою – тәсілі дәстүрлі оқытумен ешбір сәйкестік таппайды. Дамыта оқыту жүйесінің нәтижесінде – оқушы өз пікірін айтуға, оны дәлелдеуге, салыстыруға, болжам жасауға, қорытынды жасауға және өз білімін қажетіне орынды пайдалана білуге үйренеді.

Дамыта оқыту жүйесі – белгілі педагогикалық технологияны қажет етеді. Сондай технологиялардың бірі – «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту». Бұл технология осы таңда қазақ және орыс тілдерінде мектеп, басқа да білім беру мекемелерінде қолданылып жүрген технологиялардың бірі. Аталған педагогикалық технология арқылы ұйымдастырылатын сабақ мынадай 3 кезеңнен тұрады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет