Кіріспе І. Қазақтың қол өнер туындылары



бет3/3
Дата03.03.2020
өлшемі0,52 Mb.
#59489
1   2   3
Байланысты:
т мар

ТҰМАРША» ою-өрнегі үшбұрыш үлгілес болып келеді. Үш гүл, үшбұрыш - осындай тұмарлар тіл-көздөн сақтау үшін адамдарға ғана емөс, үй жануарларына бойтұмар ретінде де тағылады. Кілем бұйымдарының жиегін, киіз, кілем, текеметтің орта тұсын кәмкеруде кездеседі

«ҚОСТҰМАРША» ою-өрнегі төбесінен түйістірілген екі тұмарша үшбұрыш өрнегі қосылады да, екі геометриялық үшбұрыш жасайды. Бұл өрнектің түрі «тұмарша» өрнегі секілді тіл-көздөн сақтау дегенді білдірмейді, тек эстетикалық тұрғыдан өшекей ретінде қолданылады.






ІІ. Тұмар жасау технологиясы және оқушыларға үйрету жолдары
2.1 Тұмардың тарихы
Тұмар – халқымыздың ұғымында киелі мағынаға ие болған құнды дүние. Сан ықылым заман бұрын, қағаз жоқ, тауар хат кезеңде сауда-саттық жасап алысқа сапар шеккенде немесе соғыс жорықтарына аттанғанда бабаларымыз мал терісінен жүрекке ұқсатып үшбұрышты етіп тігілген қалта...

Қазіргі кезде тұмар таққан жастар көбейіп келеді. Алайда, сол тұмарды не үшін тағып жүргенін өздері де білмейді. Мұсылмандықтың белгісі ме, әлде ырым-жырым ба? Әлбетте, тұмардың тарихы тым тереңде жатыр. Сенбесеңіз, ел аузында әл-Фараби бабамыздан қалды дейтін әңгіме де бар.

Ұлы ұстаз қартайып, бір топ шәкірттерінің басын қосып: «Сендерге аманатым бар, құпияны сақтап, шартын орындасаңдар ғана ашамын»-дейді. «Айтқаныңызды екі етпейміз»-деп шәкірттері де бірауыздан уәде береді.  Сонда ұстаз оларға киізден тігілген тұмарды ұсынып, өз қабірінің басында ғана ашуды міндеттейді. Араға көп уақыт салмай данышпан дүниеден өтеді. Шәкірттері арулап жерлеу рәсімі кезінде әлгі тұмарды ашып қараса,  ішінен бір түйір қағаз шығады.  Оған: «Бұл – мен туған жердің топырағы. Қабіріме осы топырақты салыңдар»-деп жазып кеткен екен. Ғұламаның әлгі өтініші үлкен тебіреніспен, толқумен орындалыпты. Ол кезеңдерде дәл қазіргідей туған жердің қадір-қасиеті артық тұрса керек...





Тұмар тағу ырымы түркілік дәстүрдің айқын бір көрінісі болып саналады. Қазақ үшін – көк, күн, от, су сияқты, қара жер де киелі ұғымдардың бірі. «Қара жер» - киелі жер деген мағынада. Бұрынғы көшпелілер тағатын тұмардың  ішінде туған жердің  бір уыс топырағы болған. Тұмар сөзінің өзі түркінің  «тума иер» - «туған жер» деген сөздерінің кірігуінен пайда болған. Кейінірек мұсылман дінінің орнығуына байланысты тұмардың ішінде дұға жазып салу салт-дәстүрі қалыптасқан.

Иә, тұмар халқымыздың ұғымында өте киелі мағынаға ие болған. Қайырылмас ғасырлар бұрын қағаз жоқ, тауар аз кезде, сауда-саттық жасау мақсатымен алысқа  сапар шеккенде немесе соғыс жорықтарына аттанғанда, бабаларымыз мал терісінен жүрекке ұқсатып, үшбұрышты етіп тігілген қалташыққа, яки тұмарға туған жердің топырағын толтырып алып шығатын-ды. Бұл туған жерге, туған елге деген перзенттік парыздың белгісі болса керек.



Тұмар – Түркі халықтарының дәстүріндегі туған жерді қадірлеп, қастерлеуден шыққан сенім. Аяулы дәстүр. Осы бір дәстүрді барша қазақ жастары біліп жүрсе екен!

2.2 Мектепке дейінгі балалардың көркемдік-эстетикалық жағынан дамуында педагогтың тәрбиелік рөлі


Мектепке дейінгі жастағы көркемдік эстетикалық тәрбиенің өрісі кеңейіп, өз деңгейінде жүргізілуі тәрбиешілердің ұлттық психологияны, халықтық тәлім-тәрбие дәстүрлерін тиянақты меңгеруіне және өз жұмысында сапалы пайдалана білуіне байланысты. Балабақша тәрбишісі бағдарламалық және оқу-әдістемелік талаптарды орындаушы ғана емес, ол балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысында кездесетін күрделі мәселелерді өздігінен шешетін, оны жүзеге асыратын ұстаз.

Қазіргі кезеңде баланы тұлға ретінде қалыптастыру, оның бойына ұлттық әдеп-ғұрып пен салт-дәстүр мұраларын сіңіру, имандылыққа тәрбиелеу бүкіл халықтық іске айналып, жұртшылық назарын аударуда.

Тәрбие тағлымы баланың нәрестелік шағынан бесік жырымен біртіндеп іске асырылып, санасына орнығып отыратын ұзақ үрдіс. Сол себептен қоғам өміріндегі білім беру саласындағы әрбір жаңалық мектепке дейінгі тәрбиеге тікелей әсер етіп, тәрбие мазмұнын жаңарту ісіне ықпал жамап келеді.

Эстетикалық бағытта бейнелеу іс-әрекеті (сурет, мүсіндеу, жапсыру) түрлері еңбек тәрбиесі, құрастыру және музыка сабақтары арқылы балалардың эстетикалық қабылдауын, сезімін, көркемдік талғамын дамыту іскерлік-дағдыларды меңгеруге, ұлттық қол-өнер ерекшеліктерін, оның әсемдігін сезінуге көңіл бөледі. 

Бағдарламаға сәйкес бейнелеу өнері сабақтарына басшылық жасауда тәрбиеші баланың күнделікті өмірден алған әсерлері мен психикалық процестеріне: есте сақтауы, қабылдауы, ойлауы, қиялдауы және арнайы қабілеттілігінің дамуына ықпал етуін ескертуі тиіс. Бейнелеу өнері сабақтарын ұйымдастыруда айналаны бақылату үшін саяхаттар мақсатты серуендерге апарады, көргендерін ой елегінен өткізіп, танымдық қасиеттерін дамытуды, баланың белгілі бір затқа немесе құбылысқа зейінін тұрақтандырып, бейненің сипатына қарай іс-әрекет тәсілдерін таңдап алуға бағыттайды.

Алға қойған мақсатты жүзеге асыруда баланың айналаны бақылау және қабылдауын дамытуға, көркемөнер туындыларымен таныстыруға, көркемдік талғамын арттыруға, іскелік дағдыларды меңгеруіне баса назар аударылады. Көркемөнер туындыларын, шағын көлемді мүсіндерді сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын қолданады. Сәулет өнеріне байланысты көркем суреттер,диафильмдер, слайдтар пайдаланылады.

Сабақтарды жоспарлауда бейнелеу іс-әрекетнің барлық түрлерінің өзара байланысы қажетігін есте ұстаған жөн. Осы іс-әрекеттің әрбір түрінің өзіндік ерекшелігі болатынын ескеру маңызды: мүсіндеуде заттар мен қоршаған орта құбылыстарын - көлемде, сурет салуда – жазықтықта, түсте, кеңістікте, жапсыруда – түсте және сұлбалық (силуэттік) түрде беруге мүмкіндік береді.

Балабақшада балаларды тәрбиелеу жұмысының негізі, баланың өмір шындығына деген эстетикалық қатынасын қалыптастыра отырып, әсемдік туралы ой-өрістерін дамыту, білім және қабілеттерін қалыптастыруға қажетті тәрбиелік жұмыстарды қамтиды. Балабақшада балалардың іскерліктері, олардың қоршаған ортадағы заттар дүниесінің ерекшеліктерін танып, білуіне бағытталған іс-әрекеттердің бірі бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнерге арналған көркемдік сабақтар арқылы қалыптастырылады.

Көркемдік тәрбиенің басты құралдары – бейнелеу өнері, музыка, көркемәдебиет т.б.

«Баланы жастан» деп қазақ бекер айтпаса керек. Дүниетаным,айналаға деген құштарлық, табиғатқа деген сүйіспеншілік, сұлулыққа деген еліктеушілік бала жастан адам бойына қалыптасады.

Батылдыққа, шындыққа, имандылық пен әсемділікке, сұлулыққа үйір етіп тәрбиелеуді сәби жасынан ескергшен жөн. «Табиғатты аялау ата-баба салтымыз, тәрбиегеде мән берген дана халқымыз» демекші ата-бабамыз бастан-ақ табиғат пен тәрбиені бөле жарып көрмеген, екеуін қатар ұстаған. Балаға табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат, шапағатын ұялататын, сұлулық пен әсемдік әлемі екендігін тұла бойына сіңіру. Орман, дала, өзен-көл тау-тас, бау-бақша, жыл мезгілдері мен құбылыстары, құстар үні мен жануарлар дүниесінің қызығы, өсімдіктер әлемі бала сезіміне әсерлі суреттеліп, оларды сиқырлы сырды білуге ынтықтырады. Балалардың көркемдікті қабылдауы мен оны өз қолымен жасауға бағытталған әрекеттерінің арқасында бейнелеу өнерінің мәнерлілігі, көркемділігі баланың шығармашылық белсенділігіне сол арқылы олардың көркемдік талғамының дамуына зор ықпал етеді.

Балалар қоршаған ортаны суретке салу, сазбалшық пен ермексаздан мүсіндеу, түрлі-түсті қағаздан қиып жапсыру, табиғи материалдардан көркем өңдеу, музыка тыңдау т.б. жұмыстары кезінде танып білуге мүмкіндік алады. Олар қоршаған ортадағы түрлі заттарды көркем бейнелеу тәсілін меңгеруге, заттың көлемін, пішінін бояулар мен түстер арқылы айқындай білуге жаттыға отырып, бұл дағдыларды өз қиялымен пайдаланады. Түрлі материалдардан (қағаз, картон, мата, ермексаз т.б.) әшекейлеуді, бұйымдар үлгісін жасауды, оларды өрнектеуді үйренеді. Ал мүсіндеу арқылы заттардың, адамның, жануарлар мен құстардың пішінін бейнелеу тәсіліне машықтанады. Ермексаздан бейненің кескінін, қимыл-қозғалыстарын, өзіндік ерекшелік, күнделікті көргендерін еске түсіріп, заттың дене құрлысын, «бөлшектердің» өзара байланысы туралы алғашқы түсініктерді алады. Сәндік – қолданбалы өнер саласындағы көркемдік жұмыстар қағаздан арнайы желі құруға, үлгі арқылы қию, қағаз бетіне желімдеп жапсыру кезінде элементтердің жарасымдылығын, оюлардың түс жағынан үйлесімділігін меңгеруге үлкен көмегін тигізеді. Қатты, түрлі-түсті қағаз, мата қиындылары т.б табиғи заттарда көркем құрастыру жұмыстары негізінде балалардың ойлау қабілеттерінің, қиялының жетілуіне, еңбек нәтижесінің әсемдігінен сұлулықты сезіну дағдыларының дамуымен бірге еңбек етуге тәрбиелейді. Балаларды бақшада ұлттық сәндік қолданбалы өнермен таныстыру, үйрету олардың бойында еңбек дағдысын қалыптастыру, шеберліктерін ұштауға мүмкіндік берумен бірге олардың пайдалы нәрселерді жасасам деген ынтасын оятады. өз беттерімен жұмыс істеуге, ұйымшыл болуға, шығармашылықпен белсенділік көрсетуге жол ашады, еңбек теуге жігерлендіріп, халық шығармашылығына деген құлшынысын тудырады, әсемдік талғамын арттырып, түс мен бояудың әдемілігіне құштарлық сезімін жетілдіреді. Олардың адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеумен бірге, рухани жағынан да дамуына әсерін тигізеді. 

Айналадағы дүниемен таныстыру сабақтарында балалар қазақ халқының тарихы мен мәдениеті жайында біраз мағлұматтар алады, халық өнерінің әсемдік әлемін таниды. Тәрбие баланы әсемдікке баулиды, жағымды эмоция туғызады, қабілеттерін дамытады. Балалардың қабілеттерін дамытуда, педагогтың жеке басы, мәдениеті, білімі, өз ісін жете меңгеруі үлкен рөл атқарады. Эстетикалық талғам балалардың өнерде, өмірде, тұрмыста шынайы әсемдіктен қанағат, рухани азық алуынан көрінеді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда үйрету үлкен рөл атқарады. Оқу үстінде балалар әдебиеті, музыкалық, сурет өнерінің классикалық шығармаларымен толық игеруді үйренеді.

Балалардың бойында эстетикалық талғамның негіздерін қалай отырып, біз оларды қоршаған ортаның әсемдігін көруге және сезінуге, оны аялауға баулимыз.

Балалардың көркемдік қабілеттерін, эстетикалық сезімдері мен ұғымдарын, әсемдікті бағалай білуін дамыта отырып, педагог рухани байлығы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеудің негіздерін қалай береді.

Ежелгі қазақ даласындағы тайпалар тәңірге сенген. Олар адам өлген соң, ол аруаққа айналады, оның жаны "тіршілік етеді" деген сенімде болған. Аруақтарды жақсы және жаман деп екіге бөліп, біріншісіне, ата-бабалардың рухын, екіншісіне, жын-шайтандарды жатқызған

Сондықтан жамандықты жолатпай, жын-шайтаннан қорғану үшін тұмар таққан.

Тұмар – түрлі наным-сенімге байланысты қорғаныш қызмет атқаратын зат. Оны тіл тиюден, көз сұғынудан, түрлі қауіп-қатерден, пәле-жаладан, тылсым күштерден қорғану мақсатында жасаған.

Дәстүрлі ортада тұмар ретінде туған жердің топырағы, тас қиыршықтары, халық қасиетті, киелі санаған ұлутас, үкі қауырсыны мен тұяғы, қасқырдың азу тісі, киіктің бақайшағы, қойдың асығы сияқты заттар тағылған. Қолөнер дами келе қасиетті саналатын бұл заттардың бейнесі ағаш, сүйек, металл сияқты заттардан ойылып, құйылып та жасалған.

Туған жердің топырағы

Ертеде қазақ арасында туған жердің топырағын тұмар ретінде алып жүру үрдісі болған. Әсіресе, жорыққа аттанған батырлар, өз елінен жыраққа ұзатылған қыздар тұмар ретінде туған жердің топыраған шүберекке түйіп, өзімен бірге алып жүрген. Сол арқылы алыста жүрген ер адам "жер ана жебеп жүреді, туған жерге қайтып ораламын" деп ырымдаған. Сондай-ақ алысқа ұзатылған қыз туған жердің топырағын иіскеп, мауқын басқан.

Тұмар және ислам діні

Ислам діні тұмар ретінде әртүрлі заттар тағуды ығыстырып, орнына құран аяттары жазылған қағаз салу белең алған. Әдетте аяттарды діни ғұламаларға, молдаларға жаздырып, былғарымен қаптап, бойға тағып жүрген. Бұл туралы Шоқан Уәлиханов "Қырғыздар ертеде тұмар ретінде құстар мен аңдардың сүйектерін таққан болса, кейін құран дұғалары жазылған аяттарды таққан" деп жазады.

Тұмарды қайда сақтаған?

Тұмар қымбат бағалы металдан немесе былғарыдан жасалған қорапшаларда, қалташаларда сақталған. Қорапшалар үшбұрыш, төртбұрыш кейде түтікше түрінде көлемі мен пішіні әртүрлі үлгіде жасалды. Оларды әшекейлеп, алтын, күміс жалатып, асыл тастармен көмкерген. Бойтұмар ретінде бау алқа өткізіп, мойынға таққан. Кейде тұмарды киім жағасының, қолтығының астына, бас киімнің ішіне тігіп немесе түйреуіш арқылы қадап алған. Сондай-ақ тұскиіз, кілемдерге қыстырып, жастықтың астына жастап жататын болған. Тұмарды жұрт көзіне көрсетіп алып жүру немесе тағу міндетті саналмаған.

Тұмардың түрлері

Тұмарды жасау барысында қолданылатын материалына, безендіру әшекейіне қарай алтын тұмар, тіллә тұмар, сіркелі қолтық тұмар, бойтұмар, жастық тұмар, қиық тұмар, лағыл тұмар деп түрліше атау қалыптасқан.

Алтын тұмар – күміс бетіне сіркелеп, алтын жалатылған тұмар;

Тіллә тұмар – алтынмен қапталған тұмардың бір түрі;

Сіркелі қолтық тұмар – бетіне сіркелеп өрнек салынған тұмар;

Бойтұмар – дұға, аят жазылып, мойынға тағылатын тұмар;

Жастық тұмар – төрт бұрышты түсті металдан жасалған көркем тұмар;

Қиық тұмар – сән үшін мойынға тағылатын, жалтырауық заттардан жасалған тұмар;

Лағыл тұмар – лағыл таспен безендірілген тұмар.

Сонымен қатар тұмардың шағын, кішілеу келген түрін тұмарша деп атайды. Халық оның киелі қасиетіне сеніп, кездейсоқ қауіп-қатерден, тіл-көзден сақтайды деген сенімде болған. Халықтың байырғы түсінігінде тұмарша оюы бар бұйым адамды жын-шайтаннан сақтайды, жамандықты жолатпайды деген сенім болды.

Үкіаяқ

Ертеде халық арасында үкі киелі құс саналған. Сондықтан оның тырнағы мен мамық жүнін түрлі жаман күштерден және тіл-көзден сақтайды деген наным-сеніммен тұмар ретінде пайдаланды.



Үкіаяқты жасау үшін оның екі тырнағын екі жаққа қарата күміспен құрсаулап қаптап, жоғарғы жағын өзара бір-бірімен дәнекерлеп біріктіріп жасайды. Оның төменгі жағына бетіне тас қондырылған тұмар, күміс салпыншақ бекітіледі. Мұндай үкіаяқтарды әйелдер мен қыз-келіншектер сырға немесе бойтұмар ретінде таққан. Сондай-ақ үкіаяқты тұскиізге және нәресте жатқан бесіктің арқалығына тігіп қойған.

Сырғаның күші

Ежелгі қазақ дәстүрінде тылсым күштерден, тіл-көзден сақтану үшін қыздар мен әйелдер сырғаны бойтұмар ретінде таққан.

Әйел адам өмірден өткен кезде оның сырғасынан басқа барлық әшекей бұйымын шешіп алған. Ежелгі кезде сырғалар жылан, күн, ай, спираль түрінде жасалған. Көпті көрген аналар әлі күнге дейін оған бойтұмар ретінде қарайды. Сырға ұзатылған қыздың жасауына кіреді.

Сондай-ақ ежелгі қазақ даласында жүзіктің тылсым күшіне сенген. Тіпті, халық арасында "тамақ таза болу үшін қолда жүзік болуы керек" деген мәтел бар. Тіпті, сәби қырқынан шыққан кезде суға күміс жүзік тастап, оны соған жуындырған.

Зиянды тылсым күштерден сақтанып жүру үшін шашқа да түрлі әшекей бұйымдар таққан. Себебі, халықтың бұрынғы түсінігінде шаш – жанның бір бөлігі болыпты. Сондай-ақ қыздар мен әйелдер бұрымын кеспеген әрі шаш тараған кезде түскен шаштарын тастамаған.

Сонымен қатар ұлттық әшекей бұйымдарының ішінде алқаны атап өткен жөн. Оны бойжеткен қыздар мен жас келіншектер таққан. Оның ішінде бойтұмар алқа да бар. Ол – әшекейленіп жасалған тұмар. Қазақтар алқаның сыңғыры жын-шайтандардан қорғайды деп сенген.

ҚОРЫТЫНДЫ


Сонымен тұмар – дұға, аят, астрологиялық ишаралар немесе қасиетті кітаптардан алынған сөздер жазылған, мойынға тағылатын қастерлі зат. Бойтұмар ретінде (ұлутас,тас,сүйек т.б) немесе қамбат заттар да қолданылады. Бойтұмарды былғары, мата, киізден жасалған қалташаға салып, алқа ретінде тағады. Бойтұмарды түрлі пәле-жаладан қорғайды деп есептейді. Бойтұмар тағу барлық халықтарға тән көне дәуірден келе жатырған дәстүр.

Халық тұжырымында «көз тию», яғни «кінәрат» деген түсінік кең таралған және халық оған сенеді. Жақсы атқа да, жас балаға да, сүтті сиырға да көз тиеді деп ойлайды. Тұмарды негізінен зергерлер әшекейлеп темірден,күмістен құты жасаған. Исламға дейін тұмардың ішіне тұз,пияз,жыланның терісі,иттің, аюдың т.б. жүнін салған. Үкінің қауырсыны да тұмар қызіметін атқарған.

Курстық жұмыстың мақсаты бойынша балаларға тұмар жайлы толық малімет берілді деп есептеймін.Жалпы тұмар жасаудың әдіс тәсілдері толықтай қарастырылып сызба нұсқасы ұсынылды.

Қазіргі кезде де тұмар өз міндетін жоғалтпай ұлттық сыйлықтың,сувинир,декорация қатарына енеді. Пайдаланатын шикізатына байланысты және көркем шығармашылық жағынан неше түрлі болып келеді.



ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. С.Төленбаев, М. Өмірбекова “Қазақтың ою-өрнектері” Алматы 1993.

  2. Әмірғазин Қ.Ж. “Қазақ қол өнері” Алматы 1994

  3. Қасимов С. “Қазақ қол өнері” Алматы 1969

  4. Марғұлан Ә.Х. “Қазақ халық қол өнері” 1-2 том Алматы 1981

  5. Арғынбаев Халел Қазақ халқының қолөнері : Ғылыми-зерттеу еңбек Алматы “Өнер” баспасы, 1987.

  6. Байжiгiтов Б.К. Бейнелеу өнерiнiң философиялық мәселелерi: Кеңiстiк пен уақыт ырғағындағы тұрақты сурет үлгiлерi, Алматы, 1998, 192 б.

  7. Шаханова Н. Мир традиционной культуры казахов: Этнографические очерки, Алматы, 1998, 184 б.

  8. Басенов Т.К. Орнамент Казахстана в архитектуре, Алма-Ата, 1957.

  9. Ерғалиев I.Е., Телiбаев Ғ. Қазақ дүниетанымының негiзгi ұғымдары //Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының хабарлары, 1993, Қоғамдық ғылымдар сериясы, №3, Б. 32-38 б.

  10. Марданов Қ. Өзгенi өзiңдей сыйласаң...(ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтар хақында) //Ақиқат, 1999, №1, Б. 62-67 б.

  11. Нурланова К. Символика мира в традиционном искусстве казахов //Кочевники. Эстетика: Познание мира традиционным казахским искусством, Алматы, 1993, 264 б, 208-237 б.

  12. Машанов А. Өнер мен ғылымның тоғысқан шұғыласы //Жұлдыз, № 9, 1975.

  13. Рождественская Н.В. Проблемы и поиски в изучении художествееных способностей //Художественное творчество. Сборник, Л., 1983, 105-122 б.

  14. Зимняя И.А. Педагогическая психология, М., 2000, 384 б.

  15. Жарықбаев Қ. Әдеп және жантану, Алматы, 1996, 224 б.

  16. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология, Алматы, 1982, 247 б.

  17. Тағы да күмiстелген киiз үй хақында //Парасат, 1999, №7, Б.18-19

  18. "Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл": Әдеби-этнографиялық таным (құрастырғандар Б.Әлімқұлов, Е.Әбдіраманов);

  19. "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, бас редактор Ә.Нысанбаев, "Қазақ энциклопедиясы" баспасы;

  20. "Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі" энциклопедиясы, 5 том.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет