Басқа бағыттар: Отбасылық коммуникативті терапия Пало Алто бағытынан бөлініп шықты. Оның жүргізуші өкілдері П. Вацианик,Д.Джексон және басқалары болып табылады.
Отбасы коммуникативті терапия мақсаты коммуникация тәсілдерінің өзгеруі немесе интеракцияның жұмыс істейтін үлгілерін өзгеру мақсатымен саналы әрекеттер болып табылады.
Алғашында бұл бағыттың өкілдері, мысалы, Вирджиния Сатир, жәй отбасындағы коммуникацияны жақсартуды мақсат етіп қойды, содан соң бұл идея блегіні қолдайтын коммуникацияның тәсілдерін өзгертуге дейін кішірейді. Отбасы коммуникация негізгі техникалар тобы келесілері болып табылады, отбасы мүшелерін анық коммуникацияның ережелеріне үйрету; отбасында коммуникацияны талдау және интерпретациялау; әртүрлі тәсілдер мен ережелердің көмегімен отбасындағы коммуникацияны манипулыциялау. Бұл психотерапияның түрлі жоғары тиімділіктегі әдіс ретінде дәлелдене алады.
Тәжірибеге негізделген отбасы психотерапия бағытының өкілдерінің бірі ең танымалдары Карл Уйткейер және Огаст Напри. Бұл әдіс “тәжірибе” мен “сапалы мәнге” негізделген.
Ерлі-зайыпты психотерапия: Ерлі зайыпты психотерапия отбасылық жұпқа бағытталған психотерапияның формасын атайды. Ол отбасылық жұпқа отбасылық қатығыстар мен дағдарысты жағдайларды бастан кешіруге, өзара қақтығыста үндестікке жетуге, қажеттіліктерді өзара қанағаттандыруды қамтамасыз етуге көмектеседі. Ол өз бетінше әдіс ретінде де, отбасы психотераипя кезеңі ретінде де жұмыс істей алады. Жұмыс ерлі-зайыптылармен немесе психотерапевтің қабылдауына келген серіктестің бірімен өткізіледі. Ерлі-зайыпты психотерапия мұндай вариантында психотерапевтпен күйеуі (әйеләнің) мәселелері емес, оның ерлі-зайыптылығы жөніндегі ойлары, сезімдері, уайымдары ғана талқыланады.
Қазіргі уақытта ерлі-зайыпты психотерапияда динамикалық, қылықтық және гуманистік ыңғайлары ең кең тараған.
Динамикалық ыңғайда ерлі-зайыптының қолайсыздықтың екі серіктестіктің ішкі қылық мотивация көзқарасымен қарастырылады. Тұлғалық қатынастардың динамикасы мен олардың психикалық процестердің динамикасымен байланысы қарастырылып отырады.
Ерлі-зайыпты психотерапияның қылықтың ыңғайының мақсаты серіктестерінің қылығының өзгеруі бәрінен бұрын болып табылады. Онда оқыту мен шарттаудың әдістері қолданады, ол мынаны қамтамасыз етеді:
қатынас пен туындаған мәселелерді бірігіп шешу аймағында қажетті әлеуметтік білімдер мен дағдыларды меңгеру;
өзара өзінің қылығын өзгерту жайындағы ерлі-зайыптының келісімді өңдеу мен жүзеге асыру;
отбасы терапиясында қазіргі уақытта қылықтың бағыт ең кең тараған. Оның ең әйгілі формалары – ерлі-зайыптының шарттарды жасау, коммуникативті тренинг, конструктивті талас, мәселелерді шешу тәсілдері және т.б. қазіргі уақытта көптеген мамандар бәрінен жиі когнитивті –қылықтық терапия мен жүйелі психотерапияны байланыстыра интегративті ыңғайды қолданады.
Шарт негізінде қылық терминінде өздерінің талаптары мен өзіне алынған жағдайларды оның ерлі-зайыптылар анықтайтын келісім шарт жатады. Талаптарды формулағанда келесі тәртіпті қолдау ұсынылады: жалпы наразылық, оны нақтылау, одан кейін жағымды сөздер (ұсыныстар), соңында әрбір жұбайдың әрқайсысының міндеттерін тізу мен шарт.
Гуманистік бағытта ерлі-зайыптының қатынасын психологиялық түзетуде үйлесімді неке негізінде ашықтық, аутогендік, толеранттылқ, басқаға тиімділік пен әрбірінің тұлғалық тәуелсіз дамуы түсінігі маңызды болып табылады. Бұл ыңғай динамикалық қарама-қарсылық ретінде дамыған. Ол зайыптының тарихи өткенінің әсеріне, шектен тыс манипулятивті қылықтық ыңғайға бағытталған. Мұнда психотерапевт ерлі-зайыпты өздерінің сезімдерін вербализациялауға және осыдан түсінікті жақсартуға жағдайлар жасайды. Серіктестердің жекелік дамуы үшін қолайлы жағдайлар құрайтын ашық некелік ұстанымдар құрастырылған болатын;
Шындық ұстанымы, “қазір және осы жерде”;
Серіктестктің жекелік өмірін сыйлау;
Ашық қатынас басқаның “ойын оқымай” өзінің сезімдері мен тілектері жайында ашық айту;
Отбасы ролдерді орындауда ширақтылық;
Тең құқықтық;
Сенімділік;
аутектілік - өзінің бағасын білу, басқаның түсінігіне сәйкес өмір сүру құқығын бағалау;
ашық серіктестік - әркім өзінің жеке құқықтары мен әуестілігі бар.