Зерттеудің мерзімдік шегі: Қазақ халқының тарихындағы өте маңызды да көптеген деректемелерге толы XV – XVI ғасырларды қамтиды.
Ғылыми жобаның құрылымы: Жұмыс кіріспе, екі тараудан, ал әр тарау өз кезегінде екі тараушадан тұрады, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ХV ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ СЫР ӨҢІРЛЕРІ ҮШІН ЖҮРГІЗІЛГЕН КҮРЕСТЕРІ
1.1 Сыр өңірі үшін күрестің себептері
Алтын Орданың біртіндеп әлсіретуі мен ыдырауы қазақтар мен көршілес халықтардың, тайпалардың саяси, шаруашылық және этникалық жағдай айтарлықтай ықпал етті. Нәтижесінде Шығыс Дешті қыпшақ халқының саяси өмірінде бірнеше мемлекет – Ақ Орда, Ноғай Ордасы, одан едәуір айтарлықтай кейінрек «Көшпелі өзбектер» немесе Әбілхайыр хандығы бөлініп шықты. Бұл аймақта тайпалардың этникалық белгілерінің ортақтығы мен құрамының тұрақтануына қолайлы жағдайлар туғызады. Олардың этникалық құрамы, негізінен алғанда, ұқсас болатын.
ХV ғ. 50 жылдары қазақ хандығы үшін өте маңызды уақыт немесе кезең деп айтуға болады. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы, пайда болуы, орнығуының бастауын алады деп айтсақта қателеспейміз. Бізге анықтап беретін ХIII-ХVI ғасырлардағы шығыс-мұсылман деректерінің мәлеметтерінде «Түркістан» деген атауға ие болған –Сырдария өзенінің орта ағысы бойы немесе Сыр өңірі – Дешті қыпшақтың құрамдас бір бөлігі болып, саяси-әкімшілік, сауда-айырбас, діни-мәдени орталық ретінде, сонымен бірге шаруашылық, этникалық, геосаяси маңыздар атқарады. Мауереннахр билеушілері де бұл өңірге аса зор маңызы беріп, оны Мауереннахрдың құрамында ұстап қалуға тырысып отырды. Сол себепті де Дешті Қыпшақ пен Мауереннахр билеушілері арасында Сыр бойы үшін бірнеше ғасырға созылған күрестер жүргізіледі.
XV ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығының батыстағы көршісі Ноғай Ордасындағы саяси бытраңқылық та қазақ хандарына тиімді болды. Ноғай еліндегі саяси күрестің терендегені соншалықты, кейбір Маңғыт билері XV ғасырдың соңында билікке Мұхаммед Шайбани ханды отырғызуға күш салады. [1.47]
Салт-дәстүр тарихи даму барысында тіршілік үшін күрес нәтижесінде қалыптасқан соқпақ. Әр халықтың салт-дәсүрлері осы халықтың тарихын бейнелейді. Дәстүр сабақтастығы халықтың түп-тамырын, елдің елдігін паш ететін бірден бір фактор. Бүгінгі Қазақстан Республикасы өз тағдырының күрделі кезеңінде. Қоғамның бұрынғы әдет-салтқа сүйенген саяси дәстүр мен жаңа бағалылықтардың қалыптасуынан туындаған ішкі қарама-қайшылықтардың өтпелі сипаты, өзгерістердің даму процесінің жолдары мен бағыттарын терең ойлап, талдауды қажет етеді.
Тарихи жазба деректерде бұл күрестерді ХV ғасырдан бастап байқауға болады. Белгілі тарихшы Б.Е. Көмеков бұл жөнінде: «ХI ғасырдың аяғы – XII ғасырдың басында Сырдарияның төменгі ағысындағы Жент, Жаңакент және тағы басқа қалалар қыпшақ көсемдерінің иелігінде болды. Алайда, ХII ғасырдың бірінші жартысында бұл аймақты қайткен күнде де басып алуға тырысқан Орта Азиялық мұсылман әулеттері мен қыпшақ хандары арасында ұзаққа созылған күрес жүрді » - деп жазады. [2.256]
ХIII ғасырдың басында Моңғол жаулауы нәтижесінде Сыр өңірі Жошы ұлысының құрамына өтеді. Жошы ұлысы мен Шағатай ұлыстарының шекарасы «Балхаштан батысқа қарай, Қаратаудың оңтүстік жоталарымен Сырдың орта ағысы арқылы Аралдың оңтүстігімен жүреді». [3.47]
XIII ғасыр соңы мен XIV ғасыр басында Сырдарияның орта ағысы бойы Алатын Орданың құрамындағы Орда Ежен ұлысының саяси орталығына айналады. XIV ғасырдың ортасы мен одан кейінгі жылдары Алтын Ордадағы саяси дағдарыс барысында Мауреннахр билеушісі Ақсақ Темір Сыр өңірін өзіне бағындырады. Бірақ Дешті қыпшақ билеушілері мұндай жағдаймен келіспейді. XIV ғасырдың соңында Алтын Орданы саяси жағынан біріктірген Тоқтамыс ханның Ақсақ Темірмен күрестерінің, Ақ Орда ханы Барақ ханның Ұлығбек мырзамен, Дешті қыпшақты 40 жыл билеген Әбілқайыр ханның аймақ үшін күрестерінің экономикалық себептеріне Сыр өңірі Дешті қыпшақтың шаруашылық жүйесіне енгізу жатты. Алайда, жоғарыда аталған хандар аймақты түпкілікті түрде Дешті Қыпшаққа қоса алмады.
Қазақ хандығының XV ғасырда өткен кезең, саяси тарихын шартты түрде екі кезеңге қарауға болады. Бірінші кезең XV ғасырдың ортасындағы қазақ хандығының құрылуына жатса, екіншіден XV ғасырдың 70-ші жылдарынан Қазақ хандығының күшеюінің басталуына жатады.
Қазақ хандығының құрылуы тарихи толық шешілген мәселеге жатқызуға болмайды. Өйткені тарихнамада зерттеушілердің бәрі хандықтық пайда болуын Керей мен Жәнібек хандары Моғолстанның батыс бөлігінде Әбілқайыр хандығынан көшіп келуімен байланыстырады да, ал хандықтың нақты құрылған уақыты жөнінде әртүрлі жылдарды келтірелі. Олардың пікірлерін жинақтасақ, Қазақ хандығы 1451-1466 жылдары аралығында құрылған деген дерек мәліметтері арқылы бізге белгілі.
XV ғасырдағы Қазақ хандығының саяси тарихының екінші кезеңіне осы ғасырдың соңғы ширегі жатады. Бұл кезең – Қазақ хандығының күшеюінің басталуымен сипатталады. Хандықтың күшеюі Сыр өңіріндегі позициялардың әлсіреуінен басталады. Осы кезде Қазақ хандығына қарсы болған көршілес күш – Мауреннахр. XV ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап Сыр өңірлері үшін Қазақ хандығы мен Мауреннахр билігіндегі билеушілер арасындағы саяси қарым-қатынастар қалыптасып, дамуы түсуінен. Бұл саяси қарым-қатынастар XVI ғасырдың соңына дейін жалғасады. XV ғасырдың соңғы ширегіндегі саяси қарым‑қатнастар бір жарым ғасырдай уақытқа созылған кезең. Бұнда саяси қарым-қатынастар Қазақ хандығы мен Мауреннахр арқа сүйеген билеушілерінің бірі Мухаммед Шайбани хан арасындағы үздіксіз болған ұрыстармен белгілі болады. Саяси қарым-қатынастардың алғашқы кезеңдегі оқиғаларын баяндайтын жазба дерек мәләметтері біршама. Олардың қатарына шайбанилық деректер тобына енетін: «Тауарихи гузида-йи нусрат наме», «Фатх наме», «Шайбани наме», «Михман наме-йиБухара», «Зубдатал-асар», «Тарих-и Кипчакхани», шағатайлық - «Тарихи Рашиди» секілді XVI ғасырдағы шығармалар жатады.
XV ғасырдың 70-90-шы жылдарындағы қазақ хандығының Сыр өңірі үшін жүргізген көпестері мәселесін зерттеушілер тарапынан аз зерттелген мәселелер қатарына жатқызуға болады. Кейбір зерттеушілер бұл мәселелер бойынша тарихи фактілерді баяндап қана өтіп оқиғалардың себептеріне, салдарына назар аудармайды.
Деректанушы–ғалым К.А.Пищулина ғана XV ғасырдың соңғы ширегіндегі Қазақ хандығының Мауреннахрмен саяси қарым-қатынасы мәселесі арнайы зерттеу обьектісі болып, оқиғалардың даму барысын, кезеңдері мен нәтижелері, себеп-салдарлары зерттеледі. Кейінрек бұл мәселе бойынша С.Г.Кляшторный мен Т.И.Султановтың кітабін айтуға болады. [3.96]
Түркістан аймағы үшін күрестің алғашқы кезеңі қарсаңында, яғни XV ғасырдың 70-ші жылдарында Дешті Қыпшақ, Моғолстан және Мауреннахрдағы қалыптасқан саяси жағдайлар қазақ хандығы үшін өте қолайлы болды.
XV ғасырдың 80-жылдары Қазақ хандығының билігі Сыр өңірінің оңтүстігіндегі қалаларға егіншілік өңірлерге таралуы жалғасуға бет бұрады. Үшінші кезеңге жататын осы жылдардағы оқиғалар Қазақ хандығы тарапында да, Мауереннахр билеушісіне сүйенген Мұхаммед Шайбани хан тарапынан да өте қатандықпен, табандылықпен жүргізіледі. Себебі, қазақ хандығының билігі оңтүстікке қарай неғұрлым тереңдеген сайын, Моғолстан да оған қарсы әректтер жасай бастайды. Шайбани хан да аймақтың оңтүстігіндегі қалалар өзінің соңғы тірегі, соңғы үміті екенін сезіп, оларды иеленіп қалу үшін, одан бекініп, табан тіреп қалу үшін жан аямай күрестер жүргізеді.
1487 жылы Моғолстан ханы Жүніс қайтыс болып, орнына үлкен ұлы Сұлтан Махмут хан отырады. Ол әкесінің игілігіндегі отырықшы аймақтарға және Моғолстанға соңынан қосылған Сайрам мен Ташкент өңірлеріне билік жүргізді. Оның ел басқарудағы тәжірибесіздігін ескеріп, Мауеренннахрдың билеушілері Омар-Шайх мырза мен Сұлтан Ахмет мырза әрқайсысын өз беттерінше жеке қимылдап, Ташкентті қайтарып алуға ұмтылады. Бірінші болып Ферғана әміршісі Омар-Шейх мырза көп әскермен Ташкентке аттанады, бірақ қала түбінде ұрыста жеңіліске ұшырағаннан, кейін қайтып оралады. Келесі жылы, шамамен 1489-1490 жылы Ташкентті алуға Самарқанд әміршісі Сұлтан Ахмет мырза күш жинақтап салады. Сұлтан Ахмет мырзаның әскерінің ішінде 300 адамдық нөкерімен бірге Мұхаммед Шайбани хан қатысады. Сұлтан Ахмет ханның жорығы және оның барысы туралы жазба деректе мәліметтенді. [4.100]
1493 -1495 жылы Мауереннахрдың үш билеушісі 1-2 жыл ішінде қайтыс болып, орындарына 12-16 жастардағы мұрагерлері отырады. Сұлтан Махмұт хан осыны пайдаланып, Тұркістандағы істерден Мауреннахр істеріне ауысады. Ал Бұрындық хан болса, Шайбани ханмен бейбіт келісім жасасады. Оны туыстық байланыстармен нығайту үшін Қазақ ханы өзінің екі қызын шайбанилық сұлтандарға ұзатады.
Осылайша, Бұрындық хан мен Шайбани хан арасындағы келісім, XV ғасырдың соңғы ширегінде ұзақ уақытқа созылған Сыр бойы үшін жүргізілген күресті уақытша болса да тоқтатты. Менің ойымша екі жақта Сыр өңірінің бөліске түсіре алмағандықтан жиі-жиі ұрыстарға тап болған соң, екі жақтанда көптеген шығындар жағалап кеткен емес, сол себепті екі жақта қалпына келгенше ұрысты немесе соғысты тоқтатуға мәжбүр болды. XV ғасырдың 70-ші жылдарына дейін аймақта толығымен билік жүргізген Мауреннахр билеушілері XV ғасырдың 90-шы жылдарында аймақтағы иелігінен толығымен айналады. Аймақ XV ғасырдың соңында келісім-шартқа сай үшке бөлінеді. Аймақтың оңтүстігі – Сайрам өңірі Моғолстанға, орталығы–Яссы, Отырар өңірлері Мұхаммет Шайбани ханға немесе Мауреннахр иелігіне қарады. Қазақ хандығы солтүстік бөлікке – Созақ, Сығанақ және Сауран өңірлеріне ие болды.
Бұл тек Бұрындық хан тұсында көрінген көрініс емес. Осы кезден ақ, Қазақ хандығының жан-жақты өте ықпалы жоғары қалалардың өзіне біртіндеп өз қарамағына ала бастады. Бағана жоғарыда айтылып кеткендей Мұхаммед Шайбани ханның үзіліспен немесе уақыт аралық Қазақ хандығына жасалған жойқын жорықтарын және де Сыр өңіріндегі қалаларын өзіне бағындрғысы келді. Кейінрек айтылып кететін, қысқаша түсінік Дешті қыпшақ немесе Сыр бойының айырмашылығын, кейін келе уақыт өткен сайын көлемінің өзгеруін көреміз. Бұны айту мақсатымыз Мұхаммед Шайбани ханның Дешті қыпшақ жерінен Ұлы Жібек жолы басып өтетін Сыр өңіріндегі қалалар. Олардың жергілікті халықты нақтылай айтқанда Қазақ хандығын саяси, мәдени, қол-өнер, әлеуметтік, ең бастысы экономикалық даму көзі немесе дамып келе жатқан ірі-ірі қалаларын басып алу,өзіне қарату,өз елігіне кіргізу мақсат етті. Осылайша Мұхаммед Шайбани ханның қазақ еліндегі қалаларына бірнеше жаулап алу әрекеттерін жүргізді. Осымен қоса Шайбани хан өзіне бағындырған қамал, жерлерінне тонаушылық әрект жүргізбеген, ол өз адамдарын сол жарге башылыққа тағайындап кететін,бұның өзі Шайбани ханның саясаты жақсы жүргізгеннін білуге болады. Тағы қосуға болатын дерек: «Бұл жылдың басында Әбді әл-Кәрім орнынан көтерілгенде, Мағди сұлтан оның қолының қарынан соқты. Оны қолға түсіргеннен кейін шолушы жасақ жайпалды. Самарқанда да, Мырзаның сарайында да болып жатқан аумалы-төкпелі жағдайды көргеннен кейін сұлтандар ерте көктемде Шайбани ханға кетті», - біз бұдан Шайбани ханның өзінің бәрлік сұлтан мен бектерді және тағы басқаларын біріктіре алатындығын дәлелдейді.
Дешті Қыпшақта Қазақ хандығының билігі түпкілікті және толығымен орнығады. Ол Сыр өңірігің өз құрамына немесе иелігіне, қарамағына кіргізгеннен кейін-ақ байқауға көрініс береді. Кім болсада қазақ хандығы Мауреннахр немесе Моғолдар Сыр өңіріндегі қалалардың көп бөлігін иемденгісі келді. ‡йткені бұл қалалардың барлығы пайаның қайнар көзінің өз болды. Ол экономикасын жақса қарқында дамып, сонымен қатар әкери күшінің күтілігін және әлеуметтік, саяси дамығанын көреміз. Сонымен қатар қала арасындағы сауда айналысының және жоғарыда айтылып кеткендей µлы Жібек жолында жатқандығынан болар сауданың немесе айырбастың жақсы қарқында жүгендігі.
XV ғасырдағы қазақ ханды Түркістан аймағы үшін күреске келер болсақ. Ол тек Түркістан қаласы үшін емес, ол аймақтың көп шоғырланған жерлердің бірі Сыр өңірі үшін болған.
Осы бөлімді қорыта келе Сыр өңірірін көп иелігі болған жақтың, тез арада әлеуметтік, экономикалық, әскери, этникалық және мал шаруашылықтан орнығады.
Жоғарыда айтып кеткендей Мауреннахрдан Мұхаммед Шайбани хан, Моғолдардан Сайд хан, қазақтардан Қасым хан осы елдер арасында болған Сыр өңірі үшін үнемі болған қақтығыстардың себебі сол.
Уақыт өте Моғолдар Сыр өңіріндегі иеліктерінен айырылып қалады. Ол иелігі Шайбани мен қазақ жеріне кіріп кетеді. Сөйтіп,Сыр аймағы Қазақ хандығы үшін XV-XVI ғасырларда атқарған маңызы немесе орны бөлек.
Бұл бөлімінде менің негізгі қарайтын мақсатым Сыр өңірдерінің қазақ хандығы үшін маңызын баяндап, осы өңіріндегі биліктің кім жүргізгенін және себеп-салдарын анықтау.
Осы қойған мақсатқа жету және анықтау барысында,деректер мен арнайы зерттеулерге сүйіне отырып, өзімнің ойымды ғылыми тұрғыда дәлелдеу сияқты міндеттерді жеткілікті дәрежеде орындауға тырысамын.
Сыр бойының табиғаты өте бай. Көктемде бүкіл Сыр атырабына жайылатын Дарияның мол суы қалың ағаштар мен жан-жануарларға тіршілік әкелетін. Басқа елдер мен халықтарға Сыр десе, тоқшылық пен молшылық елестейтін. Осыдан келе Сырдың орта ағысы бойындағы қысқы жайылымдарды иелену, Сыр өңірі арқылы өтіп жатқан сауда-керуен жолдарына бақылау орнату, аймақтағы қалалардың экономикалық өміріне, сауда-айырбасына билік орнату секілді экономикалық себептер XV ғасырдың 70-ші жылдарынан бүкіл XVI ғасыр бойы қазақ хандығын Сырдарияның орта ағысы бойындағы жерлерді иеленуге итермелейді.
XVI ғасыр басындағы қазақ халқының өмірі мен шаруашылығы туралы мол мәліметті ибн Рузбехан береді. «Дешті қыпшақ» далаларында суық түсе бастағанда, қазақтар қысқы тұрақтарына қарай көшеді, - «олардың қыстауылары бүкіл төңірегі түріктер қамыш деп атайтын өсімдікке толы ... Қазақтардың қысқы тұрақтары Сейхунның бойында 300 фарсахтан астам жерде созылып жатыр. Олар Сейхун жағалауына жеткенде Түркістан аймағына таяйды», - деп жазады. [5.56]
Ибн Рузбеханның бұл мәлімет XII ғасырда жазылған Вильгельм Рубрук мәліметімен сабақтас. Осы мәліметтерден біз,Сырдария өзенінің төменгі және орта ағысы бойындағы жерлердің Дешті Қыпшақ тайпаларының жайылымдары болғандығын көреміз.
XI ғасырдың басынан бастап және оңтүстік өңірі табиғатының жылылығына байланысты бұл аймақтағы халық Арал маңына көшеді. Негізгі шауашылығы көшпелі мал шаруашылығы болғандықтан, Сыр өңірі бойындағы жайылымдар Дешті Қыпшақтың басқа да аймақтарымен бірге қыпшақ тайпаларының біртұтас шаруашылық кеңестігін құрайды. Қыпшақ дәуірінен бері Сыр өңірі Дешті қыпшақтың шаруашылық тұрғыдан алғандағы құрамдас бір бөлігі ретінде қалыптасады.
XIVғасырда Сыр өңірі бойындағы жайылымдардың Ақ Орда хандарына қарағанын дерек мәліметтері дәлелдейді. Сондай-ақ XV-XVI ғасырларда Сыр бойындағы Ақ-Қорған, Сауран өңірлерінде жайылымдар болғанын дерек мәліметтері арқылы білеміз.Бұдан шығатын қорытынды – қыпшақтар заманынан қазақ хандығы құрылғанға дейін Сыр бойы көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын тайпалардың қысқы жайылымдық жерлері ретінде пайдаланылатын болды. Алайда XIV ғасыр соңында Ақсақ Темірдің жаулап алуына байланысты Сыр бойындағы жерлер Дешті Қыпшақтың біртұтас шаруашылық жүйесінен бөлінеді.
XVI ғасыр басында Сыр бойында қысқы жайылымдары бар сұлтандарға: Жаншы сұлтан және оның ұлы Ахмет сұлтан, Таныш, Қасым сұлтандар жатты. [14.57] Олардың әрқайсысы өзіне бағынышты ру-тайпасымен Сыр бойындағы қысқы жайылым ауданында болды: Жаныш сұлтан Сыр бойындағы қара Абдап деген жерде, оның он бес күндік жерде Бұрындық ханның қысқы жайылым, сондай-ақ осындай қашықтықта Таныш және тағы басқа сұлтандардың қыстаулары орналасады. [5.39]
Сыр өңірі Дешті қыпшақтың көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын тайпалары үшін зор маңыз атқарады және сол шаруашылық жүйесінің Дешті Қыпшақ секілді құрамдас бөлігі болды деп санаймыз. Сондықтанда бұл аймаққазақ хандығы үшін XV-XVI ғасырларда күнделікті тұрмыс-тіршілік барысында ерекше маңызға ие болады.
Қазақ хандығы үшін Түркістан аймағының айрықша маңызына қазақ халқының отырықшы-егіншілік өңірлерімен сауда байланыстарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге ұмтылуы жатты. Әсіресе, аймақтағы ірі сауда орталықтарына бақылау орнату, егіншілік аудандардан салық жинаудан түсетін пайда Қазақ хандығы үшін аймақтың экономикалық маңызын өсіре түстеді. XVI ғасыр соңында аймақ территориясы түгелімен Қазақ хандығының құрамына өткенде Қазақстанның басқа аймақтарымен байланысы одан әрі тереңдей түседі. Қ. М. Байпақов аймақ жерінен Орталық Қазақстан далаларына жаңа дәуірге дейін жұмыс істегенін жазады. [3.53]
Қорыта айтсақ, тұтастай алғанда Түркістан аймағы мен Дешті Қыпшақ арасындағы экономикалық байланыстар екі жақ үшін де үлкен роль атқарады. Екі аймақ біртұтас экономикалық жүйе ретінде қалыптасып, бір-біріне тәуелді болады. XVI ғасырдың соңында аймақтың Қазақ хандығына енуі осы экономикалық қажеттіліктерден туындаған деп санаймыз.
Қазақ хандығы үшін аймақтың геосаяси және әскери-стратегиялық маңыздары ерекше болды. Сыр өңірі Дешті Қыпшақты оңтүстікте Мауереннахрмен, шығыста Моғолстанмен, оңтүстік-батыста Хорезммен байланыстырады. Аймақа қалалары арқылы экономикалық, мәдени, діни байланыстар Қытай, Хотан, Қашғар,Хорезм, Харасан, Иран және орыс қалаларымен жалғасады. [24.91-100] Аймақта территориясын тұтастай алып қарағанда, Дешпі Қыпшақтың оңтүстігіндегі үлкен қорғаныс шебі, қамалы болып саналады. Сондай-ақ Қазақ хандары аймаққа ие бола отырып, Мауреннахрдың ішкі саяси жағдайын бақылап отыруға, қажет болған жағдайда тосынна жорықтар жасауға мүмкідіктер алды. Ал Мауреннахр билеушілерінің Қазақ хандығына қарсы жасаған әскери қимылдады аймақтың мықты бекіністері–Сығанақ, Сауран, Созақ, Яссы, Отырар және Сайрам қамалдары түбіндегі ұрыстарда шектеліп, одан әрі Дешті Қыпшаққа қарай өрістемейді. XVIғасыр басында Мухаммед Шайбани ханның қазақтарға қарсы жасаған жорықтары осы аймақта өтті. [6.45]
Сондай-ақ XVI ғасырдың ортасы мен соңындағы шайбанилық сұлтандардың Қазақ хандығына қарсы бағытталған жорықтары аймақ қалаларын қоршауға алумен ғана шектелді. Бірақ та бұл қалаларды алған күннің өзінде Мауреннахр билеушілері онда ұзақ тұра алғанда, Қазақ әскерлерінің үздіксіз шабуылдары оларды қайта кетуге мәжбүр етті.
Қазақ хандығы аймақтың қалаларын иелене отырып, оларды XVI ғасырда Мауреннахрға қарсы әскери-тірек пункті ретінде қолданады. Аймақты түгел иелену - Қазақ хандығына Мауреннахр мен саяси қарым-қатаныстар орнатуда көптеген мүмкіндіктерге жол ашады. XVI ғасыр басында Ахмет сұлтанның, XVI ғасыр соңында Тәуекел ханның Мауреннахрға жасаған жорықтарының нәтижелері көп жағдайда осы факторға байланысты. Қазақ хандығының Сыр бойы үшін Мауреннахрмен күрестінің себептерінде экономикалық маңыздары да роль атқарды.
Аймақ қалаларында медресе,мешіт және кесенелердің көп болуы XV-XVI ғасырларда мұсылман дініндегі қазақ халқы үшін аймақтың діни маңызын көтере түседі. IX-XII ғасырларда Дешті Қыпшақ тайпалары арасында мұсылман діні аймақ қалалары арқылы тарады. Қожа Ахмед Яссауи құрметіне арнап, оның жерленген жеріне XIV ғасыр соңында кесененің салынуы Яссы (Түркістан) қаласымен қоса, бүкіл аймақтың діни орталық ретіндегі рөлін Дешті Қыпшақ тайпалары алдында өсіреді.
Ибн Рузбехан дегендей Қазақ халқының ислам діні қабылдаған кезі және олардың отырықшы аудандарындағы діни орталықтары - мен байланысы туралы құнды мәліметтер кездеседі. «Қазақтардың мұсылмандыққа өткеніне 200 жылдан асты, оларға әр жақтан діни ғалымдар келіп тұрды», - деп жазады ибн Рузбехан. [3.29] Одан әрі автор Дешті Қыпшақтардың діни байланыс «географиясына» Түркістан мен Мауреннахр қалаларын, Ширвардың Дербендті, Хажы-Тарханды, Хорезм мен Хиуа, Хорасан мен Иран қалаларын жатқызады. «Қазақтардың саудагерлері олардың ортасына келгенде мұсылмандық қағидаларды жаттайды, қазір олар, хандармен, сұлтандармен бірге бәрі-мұсылмандар. Олар құранды оқиды, мұсылмандық парызды орындайды, өздерінің балаларын оқуға береді, некге тұрады, жалпы некелеспей үйленбейді», - мәліметтер береді ибн Рузбехан. [3.15] Келтіріп отырған мәліметтегі қазақтардың мұсылманшылығы негізнен Сыр өңірі арқылы дамып отырған. Аймақтың қалаларында діни жиындар, кеңестер, пікрі таластар үнемі өткізіліп отырды. Оған улемдер, муфтилер, медресе, олардың шәкірттері және өңірдегі білімді адамдардың бәрі қатынасқан. Осындай жиынның бірі 9 күн бойы Сауран алаларыда өтті деп жазады ибн Рузбехан. [3.69] Ал келесі бір білімді адамдардың бас қосуы XVI ғасырдың басында Яссыда өтеді.
XV-XVI ғасырларда қазақ халқы арасында ислам дінінің кең тарағандығын және Дешті Қыпшақ, Түркістан және Мауреннахр аймақтарында діни қарым-қатынастардың болғандығын тарихи жырлар мен аңыздар да дәлелдейді. Самарқанд қаласындағы «Тіллә қари» және «Шердар» медреселерін 1619 жылы Кіші жүздегі әлімнен тарайтын төртқара руынан шыққан Жалаңтөс батырдың салдыруы туралы тарихи аңыз мәліметі Сырдың төменгі бойы мен Аралдың солтүстік далаларын мекендеген ру-тайпалардың XVIIғасырда Мауреннахрда діни байланысты болғандығын көретеді. Бұл діни байланыстың тек XVII ғасырда ғана емес, оған дейін де, XV-XVI ғасырларда болғандығы түсінікті жайт.
Достарыңызбен бөлісу: |