ІІ XVI ҒАСЫРДАҒЫ МҰХАММЕД ШАЙБАНИ ХАННЫҢ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА ҚАРСЫ ЖОРЫҚТАРЫ
2.1 Қасым ханның биліке келуі
Қазақ хандығының құрылғанына Орталық Азияда Шайбанидің Қазақ хандығына қарсылығы тағы да көбейді. Қазақ хандығының политикалық басшылығы Түркістан жеріне ұлғайды соған байланысты қазақтардың осы территорияларына жылжыуна Шайбанидің басшысы мынадай жағдайларда саяси және экономикалық сипатты қазақтарға қарсылық ұйымдастырды. Бірінші қазақ хандығын экономикалық әлсірету үшін өзінің еліне Қазақ хандығымен сауда жасауға тиім салды. Бұл тұралы Фазаллах ибн Рузбихан Исфахани екі – үш рет тамыз айларында указ шығарды, халықтар ешқандай қазақтардың көпестерімен сауданы тоқтату және екі халықтың арасындағы қарым–қатынас тоқтатылсын деген жарлы жарық көреді. 14.11
Қазақ хандығы мен Шайбанидтер арасындағы болған қақтығыстардың екі мемлекеттің ислам дініне байланысты болды деген пікірлер де бар. 14, 45 Әрине бұл ой қате деп айтуымызға болады, бірақ пікір діни тұрғыда болған деп саналғанымекн менің ойымша ол тек қана сылтау ретінде болды деген ойдамын. Шығыс шығармаларында Мухаммед Шайбани ханның Қазақ хандығына қарсы бірнеше жорықтары туралы мәлімет келтіріледі. XVI ғасырдың басында болған Мухаммед Шайбани ханның әскери жорықтары туралы Шайбанид тарихшылары бұны қазақтардың тонаушылық жорықтарына қарсы амалсыз шаралары болды дейді.
Мухаммед Шайбан ханның Қазақ хандығына қарсы жорығы туралы нақты дерек «Мизман наме-йи Бухара» Фазаллах ибн Рузбихан Исфахани. Оның айтуынша: Мухаммед Шайбани хан алғаш жорығын Хорасанды жаулаға бағытталған. Және Амудариядан өткен соң Балха даласында тақталды. Осы кезде келген хабар: Қазақтардың кейбір Шайбани облыстарына тонаушылық жорық жасаған,- деген. «Бұл хабарды естігеннен кейін, Балха даласында орналасқан әскер басшысы Мухаммед Шайбани ханға жаңа жорық жолын ашты. Ол Қазақ хандығына өз әскерлерін бет бұрды.»9.102-103 Осы жағдайдан соң қақтығыстар болған жоқ. Тарихи деректердің мәліметтері бойынша Мухаммед Шайбани хан әскері Түркістаннан өтіп және оданәрі бірнеше күнді жолға өтіп кетті. Қазақ сұлтаны артқа шегініп өз аймақтарына бағыт ұстады. «Ол даланың ұлы ханы, өз жорығынан олжалы және табысты, ең негізгі олжасы жеңіспен оралғаны болды» -деп Михман наме-йи Бухарада. 1.10
Қазақ хандығы құрылғаннан кейін Қасым хан небәрі жиырма жаста еді, сол уақытта Қасымның жасы бірталай болып саналды. Ол Жәнібек пен Керейдің саяси мейрамдарында қатысуға міндетті болды. Дәл осы кездерде алған үйымдастыру және әскери тәжрибесін алды, болашақта осы алған тәжрибелері іске асарлады.
Тарихи сахнаға Қасым XV ғасырлардың 70-80 жылдарында Бұрұндық ханның ең мықты және танымал әскер басшы ретінде, өзінің Ұрыс хан әулеттерінің билігін Дешті Қыпшақ пен Түркістанды Қазақ хандығы құрамасын қосып алу болды. Камал да-Дин Бинаи айтуынша оыс жылдары Қасым «Бұрындық ханның белгілі сұлтанны мен мықты әскери бахадуры болды» және әскерінің мықты қол басшысы болды. 11.104 Ол көптеген сол кездегі шайқастарға міндетті түде өзі қатысты, әскери шебер бытыр атағы мен мықты қол басшы атағына иеленеді.
XV ғасырдың соңына таман Қазақ хандығы үш башылығының біреуінің орнын басты. Олар Қазақ хандығының саяси және әлеуметтік жағдайын шешетін басшылары бірі болды. Қазақ хандығының болашағы осы үш әйгілі қол басшылардан байланысты болды. Берілген деректерде әйгілі қол басшылардың Бұрындық хан мен Жәнібек ханның үшінші ұлы Адик сұлтаннан Қасым хан да әрдайым айтылып жүрді. 14.28-29
1503 жылдан кейін біраз уақыт өткен соң Ташкеттен далаға қайтқан Әдік сұлтан қайтыс болады. Содан соң Қасым хан тұлғасын Қазақ халқына танымал болады. 16.323 М. Тынышпаев осы кезді Қасым ханның Қазақ хандығы билігіне келгендігін түсіндіреді. 23.132 Бұндай тұжырым нақты болмаған соң, менің түсінүімше Қазақ хандығына толық билік етпеген болар өйткені Бұрындық хан болған кезде. Қасым ханға билігі тек Қазақ хандығының жартысына таралған. 11.134
Түсіндіруінше Әдік сұлтан әкесі Жәнібек хан өлгеннен кейін, оның ұрпағы үлкен ұлына шығыс Қазақ хандығы ұлысының жоғарғы басшысы болды. Түсіндіре айтсақ Қазақ хандығы ұлысының сол қанатын биледі. Әдік сұлтан өлген соң, Әдік сұлтанның қызметі Қасым ханға өтеді. Осы мен қоса Қасым ханға Қазақ хандығының жоғарғы әскер басшысы қызметі де болған. Осыны бізге 1504 жылы Махмуд ибн Эмир Вали айтуынша « Қасым хан осы кезде Маңғыттардың көмегімен Қыпшақ даласына жаулап алып билігін жүргізді және Ташкент пен Түркістан қалалаларының шекараларына тонаушы жорықпен немесе жаулап алу әрекетін жүргізген».7.272.
Осы талпыныстар Қазақ хандығында Бұрындақтан кейінгі екінші орында болғандығын көрсетеді. Қасым аты деректер де Бұрындық ханнан үзілмей бірге айтылып жүрді. Мысал ретінде 1509 жылы дейді Мухаммед Хайдар Дулати,-моңғол ханы Сұлтан Махмуд баласы Сұлтан Мухаммед әкесінің өлімінен кейін, өзінің еркіні сіз моңғолстан да қала алған жоқ болатын, оламалсыз Дещті Қыпшаққа жөнелді –Бұрындық пен Қасым ханға. 14.193 Тура осыған байланысты Фазлаллах ибн Рузбихан Мухаммед Шайбани ханның үшінші жорығында айтылған сөзі: «Бұрындық хан мен Қасым сұлтан Қыпшақ даласының бастауы мен қазақтардың гүлденуінне үлкен қатысы бар, алтын алла көруші және мықты әскер басшылары.» 10.133
XVI ғасырдың бірінші он жылдығында Қазақ хандығының әл әуқатылардың Бұрындық ханға сенім сіздік тудырған соң. Қасым ханның саяси ауырлығы күшейе бастады. Осы уақытта Қасым ханның Қазақ хандығы билігі толық қолына көшті десекте дұрыс болады. Хиджраның 914 жылды- 1509 жылы Фазлаллах ибн Рузбихан жазуынша «сол кездегі ұлы және әйгілі Қазақ ханы ол- Бұрындық хан, сол кездегі жалғыз ең мықты жауынгер және батыр –Қасым хан» 14.131 Ал басқа өзінің шығармасында жазған Бұрындық ханды «хандардың ішіндегі өте қатыгез және Дншті Қыпшақтағы алдын ала көруші немесе танымал» деген. 16.99 Мухаммед Хайдар Дулатидің Мухаммед Шайбани ханның Қазақ хандығына қарсы жорығы туралы жазуында, хиджраның 914 жылы-1509 жылыдың қарашасында және 1510 жылдың ақпанында болған: «Осы кезде Қазақ ханы Бұрындық хан болғаны мен нақты билікті Қасым хан жүргізген болатын». 17.287 Шығарманың тағы басқа жерде айтылатын жай: «Қасым хан-хандық атағын алғанынша, оның билігінің мықтылығы болғандығының соншалықты, Бұрындық ханды ешкімде еске түсірген де жоқ». Осы кезде Бұрындық хан да тек қана, Мырза Хайдар айтуынша «хан деген атауынан, басқа еш нәрсесі болған жоқ». 13.324 Тағы бұл тұралы нақтылап және мәлімет беріп кеткен Гияс ад-Дина Хондамира авторы «Хабиб асияр» шығармасында айтлғаны, Мухаммед Шайбани ханның хиджраның 915 жылы-1510 жылыдың Қазақ хандығына жасаған жорығы. Осы кезде Қасым хан «Дешті Қыпшақтағы билеушілірдің мықтысы және де халқының көп бөлігі бағындырғандардың бірі болған». 2.260-261
Осы атылғандардың ортақ шешімге келетін болсақ, Қасым ханға биліктің орнығуы 1509 жылы С. Жолдасбайұлы ойлағынында ұмытпау керек, мүмкін 1509-1510 жылдар аралығы десек те қате болмас. 9.47
Қасым ханның жеңісі ол Жәнібек хан ұрпағының жеңісі. Осы тартысқа зерттеу жүгізген А. П. Чулошниковты айтуы жөн болады. Ол « екі танымал басшылардың тыныштық пен өткен күрестің аяғы, соңғы кезде қанды қырқысқа екеуінің тартысна ауысып кеткенін, біз біреу жеңсе екіншісі жеңілгенін басқа көмек көрсететін жерге көшүіне немесе қашуынан басқа еш шығатын жолы бола алмайды, өз туылған жерінен айдауға кетіреді....сындырылып жеңілген Бұрындық хан Дешті Қыпшақ жерінен қуылады.» 8.113
2.2 Қасым ханның Батыстағы жүргізіген саясаты
XVI ғасырдың алағшқы жылдары Қазақстан мен Орта Азияның саяси тарихында түбегейлі өзгерістер әкелінді. Бұл өзгерістер Қазақ хандығының ғасыр басындағы Мауреннахрмен саяси қарым-қатынасының сипатына өзгеріс тигізеді. Бірақ Сыр бойы үшін екі жақтан да күрес тоқталмайды. Аймақ жерін иелену – XVI ғасыр басындағы Қазақ хандығы мен Мауреннахр арасындағы саяси қарым-қатынастың негізгі өзекті мәселесі болып қарала береді.
Қазақ саудагерлеріне қарсы әрекет жасай отырып, «Шайбани ханның өз ішінде әртүрлі ойлары болды. Ол біріншіден, ғасырлыр бойы объективті түрде қалыптасқан көшпелі өмір мен отырықшы өмірлер арасындағы экономикалық байланыстарды бұзу арқылы көшпелілерді, яғни қазақ хандығын өзіне тәуелді ету және оны олай бодмаған күннің өзінде, қарсыласы Қазақ хандығын әлсірету еді. Екіншіден, қазақ саудагерлерді тоңау туралы бұйрығына қарсы қазақтар тарапынан қарсы іс боларын, яғни Мауреннахрға жорық жасаларын білді. Қазақтардың Мауреннахрға жасайтын әрекеті Шайбани хан үшін оларға қарсы жорық жасауға түрткі болады, және ол өзін Мауреннахр халқы алдында «Мұсылмандардың қорғаушысы» екндігін көрсетуді де ойластырады»
Осындай жолмен Қазақ хандығымен Мауреннахр арасында XVI ғасырдың басында үздіксіз жорықтар, соғыстар басталады. Жалпы 1510 жылға жейін Мауреннахр тарапынан Қазақ хандығына қарсы 4 жорық жасалады. Төрт жорықтың ортақ мақсаты – Түркістан аймағының Қазақ хандығын ығыстыру, сол арқылы оларды Мауреннахрға тәуелді ету болып саналады. Сонымен бірге әртүрлі жорықтың алдына қойған міндеттері де болды.
Шайбани ханның XVI ғасыр басындағы қазақтарға қарсы алғашқы жорығы 1504 жылы басталды. Жорықтың басылуына қазақтардың Түркістандағы Шайбани хан иелігіне шабуыл жасау түрткі болды. 6.263
Қазақ хандығының бұл әрекеті Шайбани ханның қазақ саудагерлерін тоңау туралы жарлығына қарсы жасалған әрекет деп түсінуіміз керек. Алғашқы жорық туралы мәлісет ортағасырлық деректер ішінде жалғыз «Мехман наме Бухара» еңбегінде ғана баяндалады. 19.102 Онда Мухаммед Шайбани хан Түркістанға жетіп, қазақтар иелігіне қарай бірнеше күндік жол жүреді. Қазақтар кейін шегініп, қаша бастады, сөйтіп өз жазғанына қарай кетті деп айтылады. Қолға түскен олжаларды қанағат етіп, Мауреннахр әскерлерін кейін оралады. «Шайбани хан қазақтардың қуып жіберді. Бұл қазақтарға қарсы жасалған бірнеше жорық еді», - деп жазады ибн Рузбихан.
Енді осы бірінші жорық барысын талдап көруге тырысайық. XVI ғасырдың Сыр бойындағы орталығы және оңтүстік бөліктері Шайбани ханға қарағандықтан қазақтардың шабуылы осы өңірге бағытталған. Шайбани хан Мауреннахрдан осы өңірлерден тез жетіп солтүстік өңірлеріндегі қазақтарға жорық жасаған. Деректе жорықтың қай мезгілде болғаны анықталмайды. Соған байланысты ибн Рузбиханның осы дерегіндегі кейбір қосымша мәліметтермен көшпелі өмірдің шаруашылықты ұйымдастыру жағдайына қарап жорық мерзімін анықтауға болады.
Шайбани хан Бұқараға келісімен тонауға ұшырағане өңірлерді, отбасыларын көріп, оларға көңіл айтады және қазынадан материалдық көмек бергізеді. Бұл әрекет оның Мауреннахр халқы алдында беделін көтереді және де ол қазақтардан кек қайтаруға уәде береді. Ол жорықты келесі жылға, 1508-1509 жылдың қысына белгілейді.
1509 жылдың наурыз айның алғашқы он күн ішінде жау әскері Қара-Абдалда толығымен бас қосады. Шайбани ханның ордасына он күндік жерде орналасқан Жаныш сұлтан ұлысының талқандауға хан бұйрық берді. Жаныш сұлтанға жау әскерінің келе жатқанын белгілі болды, бірақ ол жау әскері – Ташкент аймағының билеушісі Сүйіншік-Қожа сұлтанның әскері деп қателеседі. Оның болжамы бойынша Хорасан жақтағы Шайбани хан тезарада бұл маңға келуі мүкін емес болатын. Қазақ сұлтандары әскер жиіп, отыз мыңдай әскерімен өз ұлысында жауды күтеді. 1509 жылдың наурыз айында «Атақты қазақ соғысы болды». 20,.58 Ұрыс барысын ибн Рузбихан тиянақты баяндайды. Ұрыс, Жаныщ сұлтан ұлысының талқандауымен, сұлтанның қашып оны ұлы Ахмед сұлтанның өлтірілуімен аяқталады. Олжалы он мыңнан аса арбалы үй, сан жетпес мал, дүние-мүлік түседі.
Осылайша, Түркістан аймағының солтүстік өңіріндегі бірнеше қазақ халқын талқандайды. Мухаммед Шайбани хан Сығанақ арқылы Сауранға, одан Яссыға келеді. Яссы қаласында Шайбани хан әрі қарай жаңадан билеушілер тағайындайды. «Түркістан аймағының шекаралық өңірлерін қорғау туралы ойлана келе, хан оны басқаруды Сайд Ашыққа тапсырады».
Сөйтіп, Мухаммед Шайбани хан қазақтарға қарсы үшінші жорығын біршама табыспен аяқтап, 1509 жылдың 15 сәуірінде Самарқандқа қайтып оралады.
Қазақ хандығының күшеюі және кеңеюі Мауереннахрды билеген Шайбанилерді қатты шошытты. Олар: қазақтар Мауереннахрға басып кіріп, үкімет билігін таратып алады деп қауыптенеді. Жоғарыда айтылып кеткендей, ол үшін Мухаммед Шайбани Шахбахат хан өзіне қарасты жердегі халық қазақ саудегерлерін сауда жасауға тыйым салып, жарлық шғарды және қазақ саудагерлерін тонауға бұйрық берді. Ол бұйрықты Рузбехан былай түсіндіреді: «Кейбір саяси ойлармен Шайбани хан Қазақ көпестері мемлекетке жіберілмесін, ал келе қалған жағдайда тонап алынсын деген жарылық берді».
«Хан жарлығының мәні бар еді, өзбек мемлекетіне келген Қазақтар оның күш-қуатын зерттеп алып, сонан соң құлшына күреске түсер еді. Сол кезде оларға қарсы жүру қиын болар еді. Бүгінде олар өзбектердің қалай тұрып, рақатқа батып отырғанын білмейді. Сөйтіп, өздерінің мешеу өміріне өте жақсы деп санайды, ал егер оларға жақсы және әдемі өнімдер жетсе, олар басқаша ойлай бастаған болар еді. Қазір олар білмейді. Осы ойлар негізінде олармен қарым-қатынас және сауда жасауға тыйым салынды, осындай шаралар арқылы Қазақ халқының жолын бөгегісі келді ». Шайбани хан сонымен бірге Қазақ жеріне бірнеше реет тонаушылық жорық жасап, талан-таражға салады.
Қорыта келе Шайбани ханның үшінші жорығы алғашқы екі жорыққа қарағанда анағұрлым жемісті аяқталады. Оның бірнеше себептері де болады.
Бірінші, Шайбани хан бұл жорыққа діни сипат бере отырып, өзіне бағнышты аймақтардың бар күшін пайдаланады.
Екінші, Шайбани хан шебер және шұғыл қимылдап, қазақ ұлыстарына тосынан жасау себеп болды.
Үшінші, жау әскерінің жеңісіне қыс айындағы қазақ ұлыстарының шаруашылық ерекшелігіне байланысты шашырайды, бір-бірінен алыс, және хабарсыз орналасуы көп көмек көрсетеді.
Тарауымызды қорыта келе XVI ғасыр басындағы Қазақ хандығының Түркістан аймағы үшін Мауреннахрмен жүргізген күресі өте ауыр болды. оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, XV ғасырдың соңында Шайбани хан мен жасалған шарт бойынша Қазақ хандығы аймақтың солтүстік өңірлеріне ие бола отырып, экономикалық негізгі көшплі мал шаруашылығы болғанықтан Сығанақ, Сауран және Созақ секілді қалаларға мықтап бекінеді. Екіншіден, XVI ғасыр басында Түркістан аймағы үшін Қазақ хандығына қарсы күрескен Мауреннахр XV ғасырдың соңында саяси бытыраңқылықтан айрылып бір орталыққа бағындырылады. Үшіншіден, Қазақ хандығына XVI ғасыр басында Мауреннахр мен қарым-қатынастың ауыр болуы, осы уақыт ішіндегі Қазақ хандығының билеуші топтар арасындағы қайшылықтар әсер етті деп санаймыз.
Жоғарыда айтылған қиын жағдайларға қарамастан Қазақ хандығы Қасым ханның Шайбани ханды жеңуі арқасында Түркістан аймағындағы иеліктерін сақтап қана қоймай, оны оңтүстікке қарай ұлғайта түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |