Қалыптастырушы бағалау дегеніміз оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады. Ол келесі қағидаттарға негізделген:
Оқытудың бір бөлігі ( «оқыту үшін бағалау»);
Барлық оқу мақсаттары қамтылады ( оқу мақсаттары барлық сыныптарда пәндер бойынша оқу жоспарларында нақтылап белгіленген );
Бағалау белгіленбейді;
Оқу мақсаттарына жеткендігі бағалау өлшемдеріне сәйкес жүзеге асады;
Әр оқушының ілгерілеу туралы кері байланыс беріледі;
ҚБ нәтижелері оқыту сапасын , оқу бағдарламасын жақсарту үшін қолданылады.
Қалыптастырушы бағалау әр сабақ сайын жүргізіліп отырса, бағалаудың екінші түрі- жиынтық бағалау бөлімі, тоқсан және жыл бойынша жүргізіліп отырады. Жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім деңгейі) , сондай-ақ оқу бағдарламаларындағы балл және баға қойылатын бөлімдер, ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде жүргізілетін бағалаудың түрі. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау педагогикалық жүйеде өлшемді бағалау деп аталады.
Білім мазмұнындағы жаңартулар мен өзгерістер бұл қазақстандықтарды алға қойған мақсаттарына жетудегі негізгі бағыты болып табылады. Бұл жүйеде педагогтің қызметіне үлкен жауапкершілік пн асқан табандылық қажет болады. Жарқын болашақтың , жасампаз істердің бастапқы негізі болып табылатын бұл өзгерістер қазақстандық серпінді дамытуға қосатын болады.
Баға – бағалау процесінің қорытындысы, бағалау бойынша іс әрекет немесе қызмет, кері байланыстың сапалы ақпараты.
Бағалау – оқушының оқу және танымдық қызметін бақылау, сонымен қатар білім беру сапасын жақсарту мақсатында оқушы туралы ақпараттарды жинақтау, жазу, тіркеу және интерпретациялау процесі.
Достарыңызбен бөлісу: |