Кіріспе І. Жаңартылған білім мазмұны бойынша мектеп


Зерттеу тақырыптың ғылымилығы



бет5/35
Дата22.12.2021
өлшемі0,82 Mb.
#127599
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
1. Топтық жұмыстарда оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау 2. Топтық жұмысты бағалау ерекшеліктері

Зерттеу тақырыптың ғылымилығы: Білім мазмұнындағы жаңартулар мен өзгерістер бұл қазақстандықтарды алға қойған мақсаттарына жетудегі негізгі бағыты болып табылады. Бұл жүйеде педагогтің қызметіне үлкен жауапкершілік пн асқан табандылық қажет болады. Жарқын болашақтың , жасампаз істердің бастапқы негізі болып табылатын бұл өзгерістер қазақстандық серпінді дамытуға қосатын болады.

І. ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША МЕКТЕП

ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУДЫҢ

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1.Оқыту мазмұнын жаңартудың басым бағыттары мен

түбегейлі өзгерістері

Білім мазмұнын жаңартудың басым бағыттары, оның дәстүрлі жүйеден ерекшеліктері көрсетілген. Сол арқылы қоғамның назарын бұл өзгерістердің қажеттілігіне аударуға тырысады. Білім мазмұнын жаңарту тұлғаның жан – жақты дамуымен қатар оның өмірде табысты болуына жол ашатын педагогикалық жүйе ретінде қарастырылады.

Кілтті сөздер: білім мазмұны, функционалды білім , тілдік және коммуникативтік құзыреттілік, шиыршық тәріздес оқыту қағидаты, өлшемді бағалау , қалыптастырушы, жиынтық бағалау.

Бүгінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқыту жүйесі түбегейлі өзгерістерге ұшырайтын болды. Бұл өзгерістер уақыт талабынан келіп туындаған , жылдар бойы қалыптасқан жүйені қоғамның қарыштап даму талаптарына сәйкес бейімдейтін үдеріс болып табылады. Бүгінгі мектепке оқушы ақпаратты өте көп біліп, меңгергенімен , оны қолдану , өз қажетіне жарату жағдайында қиындықтарға кездесетіні ешкімге де жасырын емес. Соңғы уақыттарда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы туралы жиі айтылып, әсіресе , тілдік дағдылары дамытудың өзекті мәселелері қарастырылып жүр. Мектеп оқушылары өз сөздерін дәйектеп , дәлелді пікірлер айтуда, жинақтап, қорытында жасауда, қиындықтарға тап болып жатады. Тілдік кемшіліктермен қатар, орфографиялық, пунктуациялық қателерді де жиі жібереді. Мектеп мұғалімдері оқушылардың сауаттылығымен жылдар бойы жұмыс істегенімен , өкінішке орай сол қателер дағдыға айналып қалып қояды, түбегейлі жойылмайды. Бұл білімнің болғанымен , қолданылуының төмен деңгейде екенін көрсетеді. Сондықтан да білім мазмұнын жаңарту –уақыт күтпейтін талап.

Бүгінгі мектеп кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құруды мақсат етеді. Оқытуда дәстүрлі педагогикадағыдай көп ақпарат беріп, көп білгізу емес, оқушылардың тілдік және коммуникативтік құзыреттілігін дамыту алдыңғы қатарға шығады.

Жаңа бағдарламаның мақсаты коммуникативтік тәсілдер арқылы оқушының ұлттық және жаһандық мәдениеттің маңызы туралы түсінігін кеңейте отырып , білімін жан-жақты табысты үйретуді көздейді.

Білім мазмұнының жаңаруы бекітілген негізгі 3 құжат арқылы жүзеге асады.

Пән бойынша оқу бағдарламасы

Оқу жоспары

Өлшемді бағалау бойынша нұсқаулық.

Пән бойынша оқу бағдарламасы білім беру бағдарламасына тікелей бар құжат болып табылады. Онда пәнінің құрылымдық сипаттамасы, білім беру бағдарламасы үшін маңызы және оны сыныпта іске асырудың педагогикалық тәсілдері ұсынылған.

Пән бойынша оқу бағдарламасы 8 тараудан тұрады:

Пәннің маңыздылығы.

Бағдарламаның мақсаты.

Пәнді оқытуға қойылатын талаптар

Қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер.

АКТ қолдану құзыреттілігі

Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту.

Оқу нәтижелерін бағалау.

Пән бойынша оқу бағдарламасында ерекше назар аударатын компонент – оқу мақсаттары.

Оқу мақсаты –соңғы нәтижені көрсететін тұжырым: мұғалім оқушыларға үйреткісі келетін негіз. Оқу мақсаттарының ерекшелігі - олардың сараланып берілетіні. Жалпы мақсаттар мен тілдік мақсаттардың жеке-жеке көрсетілуі.

Оқу жоспары –белгілі бір пән және сынып бойынша мұғалімдерге арнап әзірленетін құжат. Оқу жоспары белгілі бір пән аясында қамтылатын материалдардың барлығын қамтиды және онда бұл материалдарды қандай ретпен оқыту және оқуға болатыны ұсынылады. Оқу жоспарының ұзақ мерзімді, орта мерзімді , қысқа мерзімді түрлері бар.

Оқушыларды төрт дағдының барлығын белсенді түрде пайдалануға ынталандырады. Ол тиімді оқу арқылы жүзеге асырылады.

Тиімді оқу белсенді, бірлесіп оқу, оқудағы саралау, пәнаралық байланыстар , оқушылардың қажеттіліктеріне қарай әрекет ету, электронды оқыту және жаңа технологияларды пайдалану , оқу диалогтарын құру, модельдеуі қарастырады. Жаңарған білім беру мазмұнының бүгінгі білім беру мазмұнынан басты айырмашылықтары ретінде бірнеше аспектілерді жеке бөліп атауға болады. Басты ерекшелігі ең алдымен , пән мазмұнының спиральді қағидатпен берілуі. Бұл дегеніміз –оқушының белгілі бір дағдыны жүйелі түрде жеңілден күрделіге өту қағидатына сәйкес игеруі. Мәселен, грамматикалық нормаларды сақтау бойынша оқу мақсаттарын игеруде оқушы мұғалімнің көмегімен түбір және көмекші сөздерді ажырататын болса, келесі сыныпта негізгі түбірге жұрнақты жалғау арқылы туынды сөз жасап, түбірлес сөздердің мағынасын ажыратады, күрделі сөздердің ажырата алатын болады.

Спиральді (шиыршық) тәріздес оқу қағидаты дегеніміз –

Біріншіден , оқушы мектептегі оқу үдерісінің барлық кезеңінде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды; екіншіден , әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптық немесе күрделілігі арта түседі; үшіншіден жаңа тақырыпты өту алдыңғы тақырыптармен тығыз байланысты және алдыңғы алынған ақпараттың мазмұны аясында қарастырылады.

Шиыршық тәріздес оқыту қағидатының негізгі басымдығы.

Оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат бекітіліп отырады;

Шиыршық тәріздес оқыту қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы жеңіл идеялар анағұрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

Оқушыларға бұрын алған білімдерін курстың мақсатына жету үшін қолдану ұсынылады.

Екінші ерекшелігі – оқу мақсаттарының Блум таксономиясы бойынша берілуі. Яғни , оқушылар алдымен ойлаудың білу, түсіну, қолдану, кейін талдау, жинақтау, бағалау деңгейлерін игеретін болады.

Үшінші ерекшелігі – оқу үдерісінің ұзақ мерзімді , орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастырылуында . Дәстүрлі педагогика тілімен айтатын болсақ, бағдарлама, күнтізбелік, күнделікті сабақ жоспарлары арқылы сабақтың ұйымдастырылуы.

Бүгін әлем рухани –адамгершілік тәрбие мәселелеріне баса назар аударып отыр. Себебі технология қарыштап дамыған сайын , адамның ішкі рухани құндылықтары да одан кенжелеп қалмауы керек. Осы бағытта оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру , оқушының адамгершілік – рухани қасиеттерін қалыптастыру - жаңа білім мазмұнының басты саласы болады.

Бүгінгі білім жүйесінің артықшылықтары бар болғанымен , бірақ кейбір қайталаулар тым көп ақпарат пен талап, білім мазмұндағы алшақтық – көкейтесті мәселелердің бірі. Жаңа білім мазмұны осы алшақтықты ескере отырып, білім беру деңгелері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкін беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қоюға жұмылдыруды көздейді. Оқушы белсенді әрекетке түсе отырып, өзіндік тәжірибе, өмірлік тәжірибе жинақтайтын болады, бұл оқытудағы жүйелі – әрекеттік ұстанымды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Білім мазмұнын жаңартудағы басты мақсат оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу, оның негізін рухани –адамгершілік тәрбиеге бағыттау, баламен тең қарым- қатынас орнатып, оның көзқарастарын құрметтеу, оны өзіндік тұжырым жасауына мүмкін бере отырып, әлеуметтік дағдыларды еркін игеруін сол арқылы табысты да бақытты өмір сүруін қамтамасыз ету болып табылады.

Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы тағы бір өзгерістер бағалау жүйесіне қатысты. Дәстүрлі бағалау жүйесіндегі олқылықтарды ескере отырып бағалаудың жаңа жұйесі жасалынды. Дәстүрлі педагогикада қолданылатын салыстырмалы бағалау, мұғалім бағалауы толығымен жаңару үдерісін бастан өткереді. Ең бастысы , бағалаудың айқындылығы, әділдігі мен тепе-теңдігі , ашықтығы , ынталандырушы , түзетуші қағидаттарға негізделуі, түпкі мақсаты бағалаудың оқушының өзін –өзі дамытуына ықпал етуі болып табылады.

Негізгі өзгеріс – бағалаудың 2 түрінің болуына қалыптастырушы және жиынтық бағалау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет