Кіріспе I. Тарау. Ж. Ақбаевтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі


Ж. Ақбаевтың ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның саяси күрес тарихындағы орны



бет2/3
Дата05.11.2016
өлшемі0,85 Mb.
1   2   3

1.2. Ж. Ақбаевтың ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның саяси күрес тарихындағы орны.

1908 жылдан Жақып Ақбаев өмірінде азап пен жоқшылыққа толы кезең басталды. Сол жылғы 29 қарашада Дала генерал – губернаторлығы кеңсесінің құпия бөлімінде оған арнаулы іс ашылып, ол 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін жүргізілді деуге болады. Бұл іс (“құпия” деген белгі соғылған) ерекше тапсырмалар жөніндегі шенеунік Симоновтың 6 беттік хабарламасымен ашылған, ол хабарламаны Семей губернаторы Тройницкий 1908 жылғы 17 қарашада Дала генера-губернаторының атына жолдаған еді. Хабарламада Ж. Ақбаевтың Санкт-Петербург университетін бітірген күнінен бастап барлық “ қылмыстары мен күнәларі”, соның ішінде патша – ағзамға “тіл тигізіп”, сол үшін сотталғаны да тәптіштеп тізіп келтірлген. А. Тройницкий хабарламасын әрбір жолынан Ж. Ақбаев өте қауіпті және дөрекі, байырғы тұрғындардан қолдау тауып, сүйіспеншілігіне бөленген, олардың ақыл – ойына бүлік, әкімшілік пен өкімет орындарының алаңдаушылығы мен мазасызданғандығын туғызады деген ой көктей өтеді. Атап айтқанда, хабарламаны “ Ақбаевтың үш жыл бойы жазасыз өтуі дала халқының көз алдында өкімет әлсіздігінің күмәнсіз белгісі болып көрінеді” деген сияқты жолдары көп нәрсені аңғартады. Ақбаевтің ісінде оның әрбір басқан қадамы қадағаланып отырған, мысалы; оның Баянауыл почтасы арқылы Ә. Бөкейхановқа ақша аударғаны айтылып, ал соңғы Выборг үндеуіне қол қойған “ қылмыскер” делінген. Шынында да, Омбы мен Қарқаралыда болған кезінде Ж. Ақбаев Әлейхан Бөкейхановпен және Ахмет Байтұрсыновпен өте жақын, достық қатынас жасаған еді бұл туралы архивтерде сақталған деректер бар. Істе Ж. Ақбаевтің Санкт-Петербург университетінің профессоры Петражицкийге хатында “ қазақ халқы қолына қару алып күресуге әзір” деп жазғаны да хабарланған.Троиницкий жолдаған

18


                1. Ф-ОБ-001/033

хабарламада Ақбаевтің өміріне қатерлі рөл атқарды, ол генерал-губернаторға мынадай өтінішпен аяқталған: “Жоғары мәртебелім, Мемлекеттік тәртіп пен қоғамдық тыныштықты сақтау жөніндегі шаралар туралы ереженің 33, 34 және 36-баптары негізінде Ақбаевті Сібірдің алыс губерниялары мен обылыстарының біріне полицияның жария бақылауы мен 5 жылға жер аудару туралы Ішкі істер Министрімен байланыс жасалу керек”.

А. Тройницкийдің өтініші аяқсыз қалған жоқ: 1908 жылғы 1 желтоқсанда Дала Өлкесінің генерал-губернаторының өзінің №30 қаулысы мен Ақбаевті Ақиола облысының Омбы уезіне этапппен жер аударды. Төрт күннен кейін ол Ішкі істер министірлігінен Ақбаевті одан да әрі – Якут облысына жер аудару туралы рұқсат алуға келіскендігі жөнінде қосымша хабарлайды. Көп кешікпей генерал-губернатор Ішкі істер министірлігіне Ақбаевті Якутияға полицияның тұрақты жария бақылауымен 5 жыл мерзімге дереу жер аудару туралы рапорт жазылған

Істе Жақыптың апасы Айғаным Ақбаеваның, енесі Фатима Бекметова мен әйелі Гүлбахордың Омбыға жер аударылған Ақбевқа да кешірім жасауды өтініп генерал-губернаторлыққа соққан жедел хатты да сақталған, онда оның денсаулығының күрт нашарлағаны көрсетілген. Жеделхат мынадай сөздермен аяқталған: “ Жоғары мәртебелі Сізге Ақбаев белгіленген жазаны - әкімшілік жер аударуды кешіруіңізді барынша бас ие отырып, Сізден жалбарына өтінеміз. Жоғары мәртебелі Сіз Ақбаевты бейшара әйелдер –біздің жанымызда қалдырыңыз. Біз рақым етіп, бізге, бақытсыз әйелдерге, адамшылық үшін қайырым жасаңыз”. 19 желтоқсанда өтініш қанағаттандырылмайды деген жауап қайтарылды.

Істің насырға шауып бара жатқанын аңғарған Жақып Ішкі істер министрлігіне хат жазып, онда өзін жер аудару туралы Дала генерал-губернаторы қабылдаған қаулының мүлде заңсыз екендігін заң жүзінде негіздеп дәлелдейді. Министр жергілікті өкімет органдарының заңдарды өрескел бұзғанын көріп, Ерекше кеңестің шешіміне сәйкес Дала Өлкесіне генерал-губернаторына: “Ақбаев Астанадан басқа өзі қалаған тұрғылықты жерінде мерзімімен 1908 жылғы 22 желтоқсаннан бастап полицияның жария бақылауына бағындырылсын”, - деген

19


                1. Ф-ОБ-001/033

жауап қайтаруға мәжбүр болды. Соның нәтижесінде жер аударылу мерзімі бес жылдан екі жылға дейін кемітілді, ал табиғат жағдайы қатаң Якутия өз қалауы бойынша кез келген жермен ауыстырылды.

Ақбаевтың ісінде айдаудағы жеріне Жетісу облысының Қапал қаласын оның өзі таңдап алғаны туралы мәлімет сақталған. Жақып ол жерге 1908 жылғы 22 желтоқсанда аттанып кеткен.

Уақыт табы өтіп, сарғайып кеткен архив материалдарының беттерін ақтарып

отырғанда оның бұлжымас рухы мен табандылығына қайран қаласың. Әрине, оны қартайған ата-анасының, туыстары мен жақындарының жағдайы толғандырған еді, бірақ ол өз халқының адал ұлы болатын, сондықтан да ол соның мүдделері мен тағдырын тіршілігінің нәрі етті, туған өлкесінің тәуелсіздігі мен бостандығы жолындағы күрестен бас тарта алмады.

Қапалда болған кезінде Жақып ішкі Ресейдің халақтық қозғалысының жаңа лебін сезініп, өз мақсатын қазақ халқының азаттық күресін жаңа сатыға көтеруде деп білді. Бұл үшін Қарқаралыда Ахмет Байтұрсыновпен қысқа уақытқа болса да кездесіп, онымен іс-әрекет жоспарлары, күштерді біріктіру туралы ақылдасу керек болды. Сондықтан ол «анасы ажал ауызында, қызы Иммузия ауырып жатқан» Қарқаралыға бару үшін рұқсат сұрап генерал-губернатордың атына өтініш берді. Осы өтінішіне (1909 жылғы 1 қазанда жазылған) Ақбаев анасы мен қызының ауру екендігі туралы доктор Сәдуақас Шылымбековтің қортындысын қоса тіркеген. Сәдуақас Варшава мал дәрігерлік институтын бітіріп, кейіннен Алашорданың белгілі қайраткеріне айналған Әшірбек Шалымбековтің бауыры болатын. Бұл өтініштен біз оның тұңғыш қызы Иммузияның есімін білеміз. Ол туралы басқа еш жерден мәлімет кездеспейді, сондықтан оны бала кезінде қайтыс болған деп санауға болады. Хат маржандай әдемі әріптермен жазылған, астына Ақбаев өз қолын қойған. Әр түрлі құжаттар мен архив материалдарына қарағанда, Жақыптың өз жазуы ірі, бірақ өте түсініксіз болған көрінеді. Сондықтан оның ресми органдарға хаттарын жазуы жақсы, оңай оқылатын адамдарға көшіртіп, өзі оларға қол қойып отырған.

20


                1. Ф-ОБ-001/033

Дала генерал-губернаторынан рұқсат алған Жақып Қарқаралыға дереу жүріп кетеді. Вице-губернатор Останкиннің сол сапарға рұқсат еткен жеделхатының астына күні 1909 жылғы 17 қазан деп көрсетілген. Ақбаевтың ежелгі дұшпаны, Семей губернаторы А. Тройницкий оның Қарқаралыға сапарын елеусіз қалдырмады. Ол генерал губернаторға дереу мынадай жеделхат жолдады:«Қарқаралы уезінде Ақбаевтың жақтастары қалды, бірақ олардың ең бастыларының бірі- Қарқаралы орыс-қырғыз училищесінің бұрынғы меңгерушісі Байтұрсынов жаз кезінде-ақ қамауға алынған еді. Соңғысының қылмысты әрекетін тергеу үшін мен жандарм басқармасы бастығының көмекшісі ротмистр Леваневскийді жібердім, оған жалпы алғанда Ақбаев пен Байтұрсыновтың ықпалымен уезде орын алған пиғылды анықтау тапсырылды»( № 251 құжат).

Ақбаев пен Байтұрсынов арасында жасалуы мүмкін саяси одақ алаңдатқан Тройницский: “Осы себепті Ақбаевтың онда тіпті ең қысқа мерзімге болса да баруы өте қажетсіз”, - деген қорытынды жасайды. Дала генерал-губернаторы бұл ескертуді елеусіз қалдырмай, өз рұқсатымен күшін жойды ( 3 қарашадағы №747 құжат). 13 қарашада полиция Жақыпты Қарқаралыда ұстап, оны Қапалға қайтарып жіберді.

Ақбаев Байтұрсыновпен бұл жолы кездесе алмауына А. Тройницкийдің қалт жібермей қадағалау ғана емес, Ахметтің сонау 1 маусымда-ақ Қарқаралыда ұсталып, Семей түрмесіне отырғызылғаны себеп болған еді. 6 шілдеде нақ сол Тройницкий өзінің Дала генерал-губернаторы атына жолдаған рапортында А. Байтұрсыновтың қамалу мерзімін ұзарту туралы өтініш жасайды. Ал 15 шілдеде жеделхат арқылы Ішкі істер министрінен де нақ соны өтінеді. Сөйтіп екі күннен кейін министр оған рұқсат береді. Біздің, атап айтқанда, Байтұрсыновқа егжей-тегжейлі тоқталып отырған себебіміз – Жақыптың Қарқаралыға келуіне ол біраз күш салынған еді. Бұл да оның кінәсін Терендете түскен факт болды. Істің №172 құжатында былай делінген: “Қарқаралы қаласындағы орыс-қырғыз училищесінің бұрынғы меңгерушісі Байтұтсыновтың әрекеті жөнінде айтар болсақ, аталған Байтұрсынов

21


                1. Ф-ОБ-001/033

Қарқаралы уезінің қырғыздары арасында үкіметке қарсы сеперативтік рухта насихат жүргізген және Семей облысынан жер аударылған Жақып Ақбаевты қайтару туралы келісім жасаған”.

Ахметтің түрмеге қамалуына амалсыздан кінәлі болғаны Жақыптың жанына қатты батты. 1909 жылғы 6 желтоқсанда “Современное слово” газетінің 682-нөмірінде “Қырғыздың халық ақыны түрмеде” деген мақала жарық көрді. Мақалаға Ә.Бөкейханов пен Ж. Ақбаевтың тікелей қатысы болуы әбден мүмкін, өйткені олар астана жұртшылығымен жақсы байланысын үзбеген еді. Мақалада Ахметке кінә етіп тағылған бес “қылмыстың біреуі оның Ә. Бөкейхановпен және Ж. Ақбаевпен таныстығы болғаны” айтылады. Мақала мынадай сөздермен аяқталады: “Байтұрсыновтың отырғанына 5 ай. Оған айып та тағылмай, босатылмай да отыр. Оның губернатор атына берген өтініштері жауапсыз қалуда” (“Современное слово”,1909, №682).

Осы мақала жарыққа шығысымен-ақ Мемлекеттік думанның мүшесі Н. Скалозуб Дала Өлкесінің генерал-губернаторы Е. О. Шмидке фактілерді тексеруді өтініп хат жіберді. Өкінішке қарау, бұл тексеру сол баяғы А. Тройницкийге тапсырылды. Ол, әрине, А. Байтұрсыновтың қамалуын ақтауға тырысқан. Ол өзінің Е. О Шмидке 1909 жылғы 30 желтоқсанда жолдаған жауап хатында А. Байтұрсынов заңды қамалғандығын мақұлдайтын мынадай үш "самақты" дәлел келтірді: 1. Байтұрсынов бүлікшілер Ж. Ақбаев пен Ә. Бөкейхановтың тобынан; 2. Ол өкіметке қарсы Ж. Ақбаев ұйымдастырған саяси әрекеттерге қатысушы; 3. Өлкеде соғыс жағдайын енгізуге қарсы. Осының бәрін тізіп келтіре отырып, губернатор өзінің “досы” Жақыпты атап өтуді де ұмытпаған: “Үстіміздегі жылдың қаңтарында Жақып Ақбаевты айдаудан қайтаруға өтініш жасалған келісім пайда болды. Бұл кесімді Байтұрсынов жазды деген күдік туды. Байтұрсыновтың іс-әрекетін тергеудің басталуына да осы жағдай себеп болды”.

“Семей жауызы” атанған губернатор А. Тройницкий даладағы ықпалды да құрметті адам Байтұрсыновты түрмеде ұстау үшін барын салды, ал халық оның айтқанын қалт жібермей құлақ асатын еді. Отаршыл әкімшілік шенеуніктерінің

22


                1. Ф-ОБ-001/033

қауіптенгені де нақ сол болатын, сондықтан олар қазақ қоғамының ықпалды адамдарын оқшаулап тастауға тырысты. Ахмет пен Жақып ортақ мүдде бекіткен тығыз достықпен байланысты болатын. Ахмет өзі де үнемі полицияның бақылауында бола жүріп, Жақыпқа көмектесуге, қол ұшын беруге тырысады да, сол үшін қамауға түседі.

1910 жылғы 17 қаңтарда нақ сол Тройницкий қудалауға ұшыраған бірқатар қазақ зиялыларының тағдырын анықтауды сұраған Скалозубтың сауалына байланысты Дала генерал-губернатора рапорт жібереді. Тройницкий Өскемен түрмесінде Көлбай Төленгітов (кейіннен “Үш жүз” партиясын құрған, тарихта Көлбай Тоғысов деген атпен алдыңғы қатарлы білімді адамдардың бірі ретінде мәлім) пен Жаменей Жансүгіровтың отырғанын мойындайды. Бірақ рапортқа қарағанда, Тройницкий оларды қамаудан босатуда гөрі, тұтқындарды еркіндікке шығаруға тырысушыларды қамауға алуды дәлелдеу жайын ойластырады. Ол былай деп жазады: “Скалозуб мырзаның беймәлім хабаршылары – жай ғана өсекшілер мен өтірікшілер, сондықтан оларды өсек айтқаны үшін сот арқылы жауапқа тарту мақсатымен Скалозуб мырзаны олардың есімдерін атауға мәжбүр ету өте пайдалы болар еді.” Мемлекеттік Думанның мүшесі жөніндегі осы бір полициялық-ұрдажық “мәжбүр ету” режимінің тіректерінің, тіреушітерінің және басқа да шіріген сүйеніштерінің бірі “құқықтану” деңгейін өте айқын сипаттайды. Қапалда айдауда жүрген кезінде-ақ, Ақбаев 1909 жылдың орта шенінде сенатор граф Панелге хат жолдап, онда ХХ ғасырды басында отаршылдық құлдықта болған қазақ халқының ауыр жағдайын суреттейді, дала халқының экономикасына, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларына қысқаша талдау жасайды ( Ж. Ақбаев ісінің 150-186 беттері). Хатта Ақбаевқа қарсы сот ісі суреттеліп, оның заңсыздығына дәлелдер келтірілген. Онда Қарқаралы уездік басқармасының бастығы полковник А. Цыловтың, Омбы сот палатасының төрағасы А.А. Кобылиннің және басқа да отаршыл аппарат шенеуіктерінің ашықтан-ашық озбырлығы мен зорлық-зомбылығы, ашкөздік әрекеттері көрсетілген. (Бұл өтінішті біз басқа бөлімде қарастырамыз.)

23


                1. Ф-ОБ-001/033

Жақыптың граф Панелге хаты бірнеше шенеуніктің мансабын жойғанымен, жалпы жүйеге ықпал ете алмады. Оның үстіне, әдетте айтылатынындай, қарға қарғаның көзін шұқымайды. Осы тонаушы шенеуніктердің бүкіл сыбайластары су жұқтырмай шығып, сайып келгенде Дала Өлкесі генерал-губернаторының міндетін уақытша атқарушының 1910 жылғы ақпан айында Ішкі істер министріне рапорт беріп, оның Жақыпты жер аудару мерзімін тағы да екі жылға ұзартуына қол жеткізді.

Академик С. Зиманов Ж. Ақбаевтың сол кезендегі қоғамдық-саяси қызметіне былай деп лайықты бағасын берді: “Деятельность Ақбаева в этот период, во первых, была высшей ступенью, на которую мог подняться только деятель передовой мысли живший в казахском обществе в начале ХХ века. Во-вторых, его агитации в массах была революционной работой действовавшего в одиночку человека, добивавшегося временного успеха”. Қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздігі жолында Ж. Ақбаев, А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов жүргізген күрес өлкесінің тәуелсіздігіне большевиктер сияқты күш қолдану құралдарымен, кантөгіс арқылы емес, заңды, конституциялық жолмен, халықтың ұлттық сана-сезімін ояту жолындағы саяси күрес арқылы жетуді жақтады. Жақыптың тағдырына одан кейін болған тартысқа толы өзгерістер туралы А. Жақыпова мен Ғ. Сапарғалиев былай деп жазады: “ В феврале 1910г Министерство внутренних дел вынесло постановление о воспрещении Акпаеву, жительства в предалах Семиреченской и Тургайской областей опять на два года. Я. Акбаев поселяется в Караганде”. Бұл мәліметтерді нақтылаған кезімізде біз ғалымдар сілтеме жасаған архив деректемелеріне жүгіндік. Л. А.Фалькевичтің 1907-1918 жылдардағы Қарағандыдағы революциялық оқиғалар туралы бұрынғы Партия тарихы институтының архивінде сақталған естеліктерінде былай делінген: “1911 жылы рудникке Қарқаралыдан Ақбаев (кейіннен алашордашылар) келді. Ол қазақтар арасында зор жұмыс жүргізді, сөйтіп ол Спасск пен Қарағанды да барлық қазақ жұмысшыларының үш күндік ереуілін ұйымдастыра білді. Қазақтар жұмысқа шықпады, полиция оларды жеркепелерден шығара бастады, олар киіз үйлерге кетті”. Қарт

24


                1. Ф-ОБ-001/033

революционердің бұл хабарына мынадай себептермен сену қиын. Біріншіден, Ақбаевтың әр қадамын қадағалап отырған полиция архивтерінде Л.А Фалькевич суреттеген оқиғалар туралы материалдар (рапорттар, хабарламалар, шағымдар және т.б.) жоқ. Екіншіден, Жақыптың ауыр науқас анасына баруына рұқсат етпеген полиция оның жұмысшылар шоғырланған Қарағандыға баруына жол беруі екіталай. Үшіншіден, естеліктер көп жыл өткен соң жазылған автордың, әлбетте, қателесуі, ұмытып қалуы мүмкін. Төртіншіден, “Айқапта” жарияланған мақаласында Ж. Ақбаев өзінің 1911 жылы абақтыда қамауда отырғанын жазады.

“К. Найманский” деген бүркеніш атпен қол қойлып, 1913 жылы “Айқаптың” 7-нөмірінде “Қазақ даласынан” деген тақырыппен жарияланған бұл мақала осы кезге дейін ғылыми айналымға түсе қойған жоқ. Онда Ж. Ақбаев былай дейді: “Сот үкімінің 129-бабы бойынша мен бір жарым жыл абақтыда отырып, 1912 жылғы 19 тамызда босандым. Сол күні мені Семей полицейстері Коблецкий шақырып алып, үш күн мерзімді Семей облысының шегінен кетуіме қолхат беруге бұйырды. Ол менің қайда барғым келетінін сұрады. Мен Қапал қаласын атадым. Сөйтіп сол жаққа бет алдым… Сегізінші қазанда-ақ Қапалға жетіп, онда қазақтармен, барлық тұрғындармен танысып алдым”. Ақбаевты көз жазбай қадағалап отырған полицияның көптеген құжаттары сақталған. Барлық хабарламалар мен рапорттарда бір-ақ нәрсе: Ақбаевтың бүлікшілдік жұмысты тоқтатпағаны, қазақтар арасында насихат және үгіт жүргізетіні, оларды азаттық күресіне шақыратыны айтылды. “Айқаптағы” мақала Ж. Ақбаевтың сол кезеңдегі өмірі туралы анық пікір айтуға мүмкіндік береді. Ол кезде Қапал сонау 1847 жылы негізі қаланған шағын қала, Жетісу қазақтары орталықтарының бірі болатын. Қала өмірінің түрлі жақтарын суреттей келіп, Жақып былай деп жазады: “Мен қала өмірінің қараңғы шетінде жұлдыздай жарқыраған Тұрысбек және басқа Мамановтар сияқтылармен, сондай-ақ жуан қарындарын қасынып, өз малын ұсақ-түйекке шығындап, көп әйел алуға, қымызға үнемі масаң тартып жүруге тырысып, осы бір кең-байтақ даланы құдаймен былғап жүргендермен таныстырғым келді!” Ол халықты алға

25


                1. Ф-ОБ-001/033

бастайтын жақсы бастамалар туралы, оның жетекшілері бола алатын жақсы адамдар туралы сүйсіне жазады. Ақбаевтың пікір бойынша, қазақтың ықпалды байларына үлгі, бостандыққа жетер жолдағы жарық жұлдыз бола алатын мұндай тұлғалар туралы жолдар міне мынадай: “Марқұм Маманов Тұрысбек қажы қазақтар арасында асқан данышпан адам деп саналған еді, көзі тірі кезінде халықтан ешнәрсе аямаған. Ол өз ұлдары Құдайберген мен Тәңірбергеннің, інісі Есенқұлдың білім алуына қамқорлық жасап, оларды сауда жасайтын жақсы татар адамдармен таныстырған, бұларды солар саудаға үйреткен.

Марқұм сексенінші жылдарда осы өлкеде тұңғыш қазақ мектебін ашқан. Осы бір ғажап адамның содан кейін қайтыс болғаны өкінішті-ақ, ол өзін әлі де көптеген ізгі істермен даңыққа бөлер еді. Тұрысбек 18 жыл болыс болған, осы уақыт ішінде пара алмаған, өзгенің атын мінбеген, қазақтардың бірде-бір қойын жемеген, оларды зорлық-зомбылық жасап жылатпаған, халқын ақшаға сатпаған. Осының бәрі оған жұмақта еселеп қайтсын…

Құдайға шүкір, ұлдары – Құбайберген мен Тәңірберген әпенділер, інілері – Сейтбаттал қажы мен Есенқұл әпенділер өздерінің даңықты әкесі мен ағасының ізгі жолына түскен. Олар 20-30 мың сом жұмсап, “Мамания” мектебін салдырыпты, алты адал оқытушы мұғалім шақырыпты, олар жылына 2500 сомнан айлық алады, жақсы пәтерлерде тұрады, оларды да байлар берген. Мұғалімдер де, Ғабделғази және Мұхамметқали әпенділер де адамдардың игілігі үшін жаралған жандар. Мен оларды осылай бағалаймын. Алайда “Мамания” инспектордан қысым көруде. Өткен жылы Мамановтар өз ақшаларына орыс тілін оқытатын бір қазақ жігітін шақырған еді, бірақ оны инспектр қабылдамады. Оның орнына тілді мүлде білмейтін бозбаланы жіберген. Осы бір сорлы мұғалім уақытын домбыра тартумен өткізіп, жалқаулыққа салынған. Ақыр аяғында оны инспектордың өзі жұмыстан шығарып, оның орына Сарқант атаманы Назаровтың баласын жіберді. Он тоғыз жасар бұл жігіттің де пайдасы шамалы. Сөйтіп, "Мамания"”мектебі орысша

оқытуға зәру болып отыр. Менің ойымша, Маманов – Тұрысбеков әпенділер біз

26


                1. Ф-ОБ-001/033

барша жұртпен тең болатын жақсы кездерге дейін есімдері тарихта қалуға тиісті тұлғалар.

Білім адамзаттың шамшырағы екенін білген бұл адамдар өз есебінен үш баланы Верный мен Семейдің гимназиясына жібреген. Есенқұл әпенді әлі он жасқа толмаған екі қызын Сарқант мектебіне берген. Тәңірберген қажы балаларымен бірге өзінің ханымын да оқытып жатыр.

Жетісулық бір студентке Маманов- Тұрысбековтер жыл сайын 20 сом степендия төлеп отыруға міндеттенген. Ах, біздің барлық жерімізде осындай патриоттар болса, біздің қазақтар надандықтың шегіне жетпес еді-ау”. Жақып қамқоршы-байлардың жерлестерінің көзін ашудағы рөлін осылай анықтайды.

“Мамания” медресесін Маман байдың білімді баласы Есенқұл салдырған, 1903-1904 жылдары оның ашылуына байланысты той өткізілген. Атақты “Ғалия” медресесінің жобасын үйрену және құрылыстан тәжірибе алу үшін Уфаға әдейі адам жіберілген. Қазақ байлары балалары орысша оқып, шоқынып кетеді деп қорыққан. Олардың қорқынышын сейілту үшін Маман бұл мектепке өз балаларын бірінші болып берді. “Маманияның” медреседен айырмашылығы сонда төртінші кластан бастап сабақ орыс тілінде жүргізілген.

Осы бір үлгілі мектепке Ілияс Жансүгіров сияқты көрнекті қазақ қайраткерлері тәрбиеленіп, білім алғанын айта кеткен жөн.

“Ж. Ақбаев 1910-1912 жылдары қайда болды?” деген тағы бір сұрақты анықтап алу керек. Егер Фалькевич оны 1911 жылы Қарағандыда шахтерларды стачкалар мен ереуілдерге шақырып жүргенде көрдім десе (Партия тарихы институтының архиві, 811-қ, 1-т, 144-іс, 3-4 б.), “Айқап” журналында оның бұл кезде абақтыда қамалып жатқандығы айтылады (“Айқап”, 1913,№17). Ал Ақбаевтың ісінде Ішкі істер министрлігіне 1910 жылы жолдаған №34 құжат бар. Онда мынадай жолдар келтірілген: “Жақып Ақбаевтың Семей облысына жақын жатқан және оның Қарқаралы қырғыздарымен тығыз қарым-қатынас жасап, үгіт жұмысын жалғастыруына мүмкіндік беретін Қапал қаласында тұруы себепті Ақбаевты Қапалдан әлде бір Солтүстікке, тым болмағанда Тобыл

губерниясына аударып, оның үстіміздегі жылы 22 желоқсанда аяқталатын

27


                1. Ф-ОБ-001/033

полицияның жария бақылауындағы жағдайы мерзімін ұзарту мүмкін деп тануға болмас па екен” (211-б),

Ж. Ақбаев 1910 жылғы ақпанның 1912 жылғы ақпанға дейін Троицк қаласында айдалу мерзімін өтеді. Бұл “Айқап” жураналындағы мақалалардың жазылу мерзіміне сәйкес келеді, өйткені оның редакциясы нақ сол Троицкіде болатын. Өкінішке қарай, Ж. Ақбаевтың бүркеншік аттары әлі күнге дейін анықталған жоқ. Егер олар анықталса, Ж. Ақбаевтың “Айқапта” жарияланған басқа да материалдарын анықтауға болар еді.

1912 жылдың ақпанында туған жері Қарқаралыға қайтып оралған Ж. Ақбаевқа полиция көз жазбай қадағалау жасап отырды. 1913 жылы онда Ш. Уәлихановтың досы, қазақ мәдениеті мен ауызекі шығармашылығын зерттеуші әрі құрметтеуші Григорий Потанин келеді. Оның қазақ даласына осы соңғы саяхаты шалғайда жатқан уездік Қарқаралы қаласы үшін елеулі оқиға болды. Қазақтың болашақтағы тұңғыш математика профессоры Ә. Ермеков еріп келген Г. Потаниннің осы сапары, оның нәтижелері туралы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, профессор Н. С. Смирнованың редакциясымен шыққан “Г.Н.Потанин жинағындағы қазақ фольклоры” деген кітапта (А.,1972) баяндалған. Алайда, онда неге екені белгісіз, Г.Н. Потаниннің Ж. Ақбаев ауылында құрметті қонақ болғаны айтылмайды. Ал ол құқық магистріне қонаққа арнайы келіп, оның қабылдауына өте риза болып кеткен.

Зерттеушілер Ю. Попов пен В. Новиков “Григорий Потаниннің соңғы саяхаты” деген еңбегінде былай деп атап көрсетеді: “Саяхатшылар ат басын Ақбаевтың ауылы орналасқан Майбұлаққа бұрды. Жақып Ақбаев мырза қазақтың тұңғыш құқықтанушысы болатын. Ол Петербург университетін бітіріп, Омбы сот палатасында қызмет істеді. Географиялық қоғамның да мүшесі болған Ақбаев Г.Н. Потанинді жақсы білетін. Сондықтан ол меймандарды құшақ жайып, қуана қарсы алды… Г.Н. Потанинге әрі пайдалы, әрі ұнамды ету мақсатымен Жақып Ақбаев музыкалы-әдеби кеш өткізді. Онда мектеп пен гимназия оқушылары ән шырқап, өлеңдер оқыды, ұлттық музыкалық шығармаларды орындады” (“Индустриальная Қарағанда”, 1969, 17 қыркүйек).

28


                1. Ф-ОБ-001/033

Ұзаққа созылған әрі титықтатып шаршатқан айдаудан қайтарып оралып, әбден тыныққан соң Жақып 1914 жылдың жазында өзін Омбы сот палатасына қызметке қабылдауға өтініш берді. Алайда оның өтініші “саяси сенімсіздігі”, “ мемлекеттік құрылысқа қарсы сөйлеген сөздері”, “ бұратаналарды азаттық күреске шақырғаны”, “ұлы мәртебелі патшаға тіл тигізгендігі” және басқа да қылмыстары үшін қабылданбай тасталды. Ж. Ақбаев езілген жерлестерінің мүдделерін қорғап, адвокаттық практикасымен айналыса бастады.

Ол өзіне қатер төнгенін сезініп, жерлестерінің мүдделі адамдар ұйымдастырған орынсыз тиісулерінен мазасызданып, Ботовтан (Қояндыдан) 1915 жылғы 26 маусымда Семей губернаторының атына мынадай жеделхат жолдайды: “Мені ғайбаттанушылардан қорғауды, барлық басқарушылардан, бастық Проховтан менің қызметім туралы жауап алуды өтінемін. Құқық кандидаты Жақып мырза Ақбаев”.

Семей губернаторының міндетін атқарушы Ф. Чернецов, вице-губернатор Сайлотов, кеңесші Красновский 1915 жылғы 26 маусымда полиция департаментіне Ақбаевты қамауға алу үшіне негіз жеткіліксіз деп көрсетті. Алайда сол жылдың күзінде Жақып қайтадан түрмеге түсті.

Қуғындау мен қудалаудың осы жаңа кезеңі туралы Ж. Ақбаев өмірбаянында былай деген: “1915 жылдың күзінде жандармдар мені қылмысты істердің әйгілі 103,108 129-тармақтары (ұлы мәртебелі патшаға тіл тигізу, мемлекеттік құрылысты өзгерту мақсатымен үгіт-насихат жұмысын жүргізу) бойынша айыптады. Бұрынғысы сияқты, мені тұтқынға алып, содан соң этаппен Павлодар түрмесі арқылы Семейдегі түрмеге жеткізді. Онда сасық, ылғал, суық бір орынды, қос құлыпты камераға қамады. Ал Павлодардан Семейге мені тұруға да, отыруға да мүмкін емес тар қапасқа қамап апарды”.

Ақбаевтың Семей түрмесінде қанша уақыт болғаны белгісіз. Біз бұл туралы архив деректерін таппадық. Алайда, Ақбаевқа қатысты басқа да архив материалымен таныса келіп, ол қамаудан 1917 жылдың басында шықты деп жорамалдауға болады.

29


                1. Ф-ОБ-001/033

1917 жылғы наурыз айында Қарақаралы уездік комитеті Ж. Ақбаевты ақтау ұсынылған қаулы қабылдайды. Онда Жақып Ақбаевтың көп жылдық қызметіне лайықты баға берілген. Ол амалсыздан босатылған. Соның ізінше оған тағы да “саяси сенімсіз” деген айып тағылды. Осыған байланысты оның өмірбаянынан тағы бір үзінді келтірейік. “1917 жылдың қаңтар-ақпан айларында бес жылға Якут облысына жер аудару туралы мәселе көтерілді.Мен бұл сапарға шындап әзірлендім, бірақ мені Якутияның түрмелеріне ұзақ уақыт этаппен айдалудан ақпан революциясы құтқарды. Бірақ оның есесіне 1917 жылғы наурыздың аяғында комиссар (Уақытша үкіметтің) Вайсер мені қазақтар арасында жаңа саяси ұрандар: халық билігі, автономия, республика ұрандарын бірінші болып ұсынғаным үшін қамауға алып, орыс казактарымен Семейге жөнелтті”.

Біз Ақбаевқа қарсы бұл істі әлі қарастаратын боламыз. Бұл арада Ж. Ақбаев “саяси ұрандарды” – халық билігі, автономия, республика ұрандарын патша өкіметі құлатылғанға дейін ұсынған еді. Бұл туралы, тағы да айтылатынындай, патша шенеуіктері бұрын да жазған болатын. Ж. Ақбаевтың саяси көзқарастарын түсіну үшін бұл жағдайдың елеулі маңызы бар. Өмірбаянды Ж. Ақбаев 1928 жылдың аяғында Сырдария округтік қорғаушылар алқасының мүшесі болып жүрген кезінде жазған. Бұл қанаушы таптарға – кулактарға, байларға, феодалдар мен олардың идеологиялық қорғаушыларына қарсы белсенді күрес басталған кез еді. Большевиктік партия кезінде “Алаш” партиясын, Алашорда автономиясын ұйымдастырғандарды қайтадан қолға алған болатын. Мұның бәрін Ж. Ақбаев сияқты тәжірибелі саяси қайраткер сезбей де, көрмей де қалған жоқ. “Алашорданың” принципті құжаттарында баянды етілген “халық билігі”, автономия, республика саяси тұжырымдамаларын ұсынған алғашқы қазақтардың бірі өзі болғанын өз еркімен мойындау мұның, Ж. Ақбаевтың, “қазақ буржуазиясының”, жалпы “қанаушылардың” идеологы болғанын және солай болып қалатынын мойындаумен бірдей еді. Сондықтан Ж. Ақбаевтың бірден қуғындалып, “саяси сенімсіз” адам ретінде Воронеж облысына жер аударылғанына таңдануға болмайды.

30


                1. Ф-ОБ-001/033

Ж. Ақбаев өмірбаянының 1917 жылдың басындағы кейбір кезеңдерін түсіндіру үшін біз біршама ілгері “озып” кеттік. Енді қайтадан 1917 жылға оралайық. 1917 жыл Ж. Ақбаев пен оның пікірлестері үшін ерекше жемісті кезең болды. “ Алашорда” идеологиясы айқын қалыптасады, қазақ халқының тарихында тұңғыш саяси партия құрылады. Ж. Ақбаев, асырып айтпағанда, осы тарихи оқиғалардың бәрінің саяси идеологияларының және оларды ұйымдастырушыларының бәрі болды.

Жақып Ақбаев Алаш партиясының жұмысына қызу кірісіп, Алашорда үкіметін құруға қатысады. Ол 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынборда өткен бүкіл қазақ съезіне қатысып, оның басшы құрамына енгізілді. Сол жылғы 5-13 желтоқсанда Орынборда екінші бүкіл қазақ съезі өтіп, онда Жақып Ақбаев “Алашорда” үкіметінің мүшесі болды. Съезде ол 26,5 мың жауынгерден тұрақты армия құру идеясын ұсынды. Кейініректе үш алаш полкін құруға басшылық етті, олардың екеуі Семейде, ал үшіншісі Торғайда орналасты. Торғай полкінің бірнеше бөлімшесі Жымпитыда орналастырылды.

Жақып Ақбаев “Алашорда” жоғары класты заңгер ретінде де, мемлекеттік құқық жөніндегі маман-ғалым ретінде де лайықты орын алды. Ол мемлекеттік құрылысты белгілеуде, Алашорда автономиясының мемлекеттік институттары мен үкімет құруда зор рөл атқарды. Әрине, Алаш партиясын құруда қазақ зиялыларының алыптары Ә. Бөкейханов пен Міржақып Дулатов оның басты бағдарламалық бағыттары мен қазақ қоғамында алатын орнын белгілеп берді. Олар Алаштың идеялық көсемдері болды. А. Байтұрсынов пен М. Дулатов “Алашорда” үкіметіне кірмегенімен, олар оның құрылуына теңдесі жоқ үлес қосты. Ал Жақып Ақбаев Алаштың екінші съезінде жарияланған Алаш автономиясының құқылық негіздерін қалады. Ол “Алашорданың” құрылымын анықтап, оның жергілікті басқару органдарын белгіледі. Жаңа ғана дүниеге келген үкіметтің резиденциясын Ресей шекарасына жақын, қауіпті торапта тұрған Орынбордан алыстағы ежелгі қазақ жерлері: бір бөлігі Астрахан облысымен шектесіп жатқан Бөкей Ордасы, Орал ,Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария, Ферғана және Закаспий облыстары, Әмудария уезі, Алтай

31


                1. Ф-ОБ-001/033

губерниясының едәуір бөлігі Алашорда автономиясына енгізілді.

1918 жылы Семей канқұйлы зұлымдықтармен атағы шыққан қазақтардың қолына көшті. Олар алашордалықтарға қырын қарай бастады. Алаш автономииясын қайткен күнде де сақтап қалуға ұмтылған Ж. Ақбаевты қамауға алды. 1919 жылы түрмеден шығысымен Қарқаралыға келген бойды Жақып колчакшыларға, атамандардың озбырлығына қарсы күресі үшін тағы да абақтыға түсті. Алаш автономиясын сақтап қалу мақсатымен ақ қазақтарға қарсы қарулы көтеріліске басшылық еткені үшін колчактық әскери дала соты 1919 жылғы 7 шілдеде Ж. Ақбаевты атуға үкім шығарды. Үмітін үзген Жақып кассациялық өтініш жасаудан бас тартады. Алайда тағдырға кейіннен пролетарлық мемлекет тарапынан ауыр сынақтар мен қуғындар көру үшін сақтап қалу керек болды. 1919 жылы ақ қазақтар толық жеңіліске ұшырап, Қазақстан арқылы Қытайға қашып құтыла бастады. Бірақ режимді қалпына келтіруден үміт үзбеген олар прогресшіл қайраткерлер арқылы қазақ халқын одақтас етуге тырысты. Бұл қулыққа толы саяси ойын болатын. Ж. Ақбаевтың халық арасында зор танымал екенін біліп және мұны өз мүдделерне пайдалануға тырысып, ақ қазақ корпусының команирі Березовский (петербург университетінде Ж. Ақбаев бірге оқыған) сібір үкіметінің төрағасы Вологодскийдің ұсынысы бойынша үкімнің күшін жойып, Ақбаевты қамаудан босатты. Семей ақ қазақтардан азат етілгеннен кейін Жақып Ақбаев облыстың заң мекемелері құрылысына жігерлі түрде араласты. Оның өмірбаянында мынадай жолдар бар: “1920 жылғы қыркүйектен бастап мен Семей губревкомының әділет бөліміне басшылық еттім. Менің тікелей қатысуымен губерниялық сот тергеу учаскелері құрылды. 1920 жылғы сәуір айынан бастап мен Семей кеңестік халық сотының мүшесі қызметін атқардым. 1921 жылдың қараша айынан 1922 жылғы ақпанға дейін халық ағарту бөлімінде жұмыс істедім, қазақтың ауыз әдебиеті шығармаларын жинау жөніндегі комиссияның төрағасы болдым…” .Солай бола тұрса да, Ж. Ақбаевтың бүкіл білімі мен тәжірибесін өз халқына қызмет ету үшін жұмсауға, жаңа құрылыстың заң жүйесін қалыптастыру мен

32


                1. Ф-ОБ-001/033

                2. нығайту ісіне жәрдемдесуге шын жүректен ұмтылысы “революциялық санасын” таратушылардың өршеленген қарсылығына ұшырады. Ол 1903 жылдан Қазан төңкерісіне дейін үздіксіз қуғынға ұшырап келді, сондықтан жаңа өкімет оны қолдауға тиіс сияқты еді, бірақ Омбы, Қарқаралы, Семей, Павлодар, Қапал және Троицк түрмелерінің тұрақты тұрғыны кеңес кезінде құқық де тыныш қалдырмады.

Қанқұйлы Колчак жендеттерінен сәтін салып кездейсоқ аман қалған патриоттың басына Сталиннің мейірімсіз балтасы төнді. Ж. Ақбаевтың ылғал да суық қапастарда болуы, айдау кездерінде жоқшылық көруі өпкесінің ауыруына себеп болды. Науқасын барған сайын жиі сезініп, үнемі күдік қаупімен жаңадан қудалану қатері төнген Ақбаев 1922 жылы Қарқаралыға қайтып оралды.

Сөйтіп тағы да түрмеге түсті. Бұл жолы Ақбаевқа Алаш буржуазиялық-ұлтшылдық партиясында және “Алашорда” үкіметінде болғаны айып етіп тағылды. Бұл Қазақстандағы қанқұйлы саяси жазалаулардың басы болатын. Ж. Ақбаев кеңес түрмесінің сұмдық жағдайларында екі жыл отырып, еркіндікке титықтап, өте қалжырап шықты. Қол қусырып қарап отыруға дағдыланбаған Ақбаев денсаулығын сәл жақсартып алған соң 1925 жылы Семейге келіп, губерниялық атқару комитетінде, халық сотында әр түрлі қызметтерде істей бастайды. 1926 жылдың шілдесінен 1927 жылғы 13 желтоқсанға дейін ол Семей губерниялық соты жанындағы адвокаттар алқасы мүшесінің міндетін атқарады. Бейнелеп айтқанда, бұл мұхитта жүзетін алып кемені тайыз көлге жүзуге салу, деген сөз еді. Әрине “Алашорда” үкіметінің бұрынғы бас прокуроры, ғұлама ғалым, жоғары класты маман шала сауатты кеңестік шенеунік-сымақтардың қарамағында қызмет ету қорлығы күйінгенді.

Сүйікті ғылымына қайтып оралуы да Жақыптың өмірін еш жақсарта қойған жоқ. Оның 1927 жылы жазылған “ Қазақ халқының шығу тегі туралы” деген сүбелі еңбегінің осы кезге дейін жарияланбауы қатты өкінішті. Осы бір өте құнды, бірегей еңбектің көшірмесін біз Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым

академиясының корреспондент-мүшесі Ғ. Сапарғалиевтің жеке архивінен

33


                1. Ф-ОБ-001/033

таптық. 1927 жылдың қаңтарында Семей техникумында қоғамның (ОГҚ) мүшесі ретінде қазақтардың шығу тегі туралы көлемді баяндама жасады.

“Қазақтардың шығу тегі” Ж. Ақбаевтың соңғы еңбектерінің бірі деп санау керек. 1927 жылғы ақпанда өзі сөз сөйлеген конференция аяқталғаннан кейін іле-шала Ж. Ақбаев Семейден кетіп, өзін алашордалық кезі жөнінен азырақ кінәлар деп Қызылордаға барады. Бірақ онда да болшевиктердің “құрыш қолы” оның алқымынан қатты қысады. Ж. Ақбаев бір жыл жұмыссыз жүреді, тек 1928 жылы ғана көп қиындықпен Сырдария округтік адвокаттар алқасының мүшесі болып орналасады. Өзінің үміттенгеніндей, алуан түрлі очерктер мен саяси айыптаулардан аулақ болу үшін Ж. Ақбаев қазіргі Жамбыл облысының Шу ауданындағы Новотроицкое селосына кетеді.

Ж. Ақбаевтың оңашада ғылыми жұмыспен айналыспақшы болған арманы бұл жолы да орындалмайды. 1930 жылғы 14 қыркүйекте ОГПУ жендеттері “контрреволюциялық әрекеті” жөніндегі айып тағып, оны абақтыға отырғызады. Бұл, бар кінәсі өз халқына бақыт пен бостандық тілегені болып табылатын бұрынғы алашордашыларға қарсы жаппай террордың басы болатын. Олардың біреулері өлтірілді, біреулері Сібір лагерълеріне қамалды, біреулері Ресейдің меңіру солтүстік аудандарына айдалды. “Алашорданың” премьер-министрі Әлихан Бөкейханов екі рет 1922 және 1926 жылдары түрмеге қамалды. Ә. Ермеков пен М. Әуезов 1930 жылы тұтқындалып, олар екі жылдан қамауда болды. Міржақып Дулатов 1928 жылы бас бостандығынан айырылып, Соловкиге айдалды. Жүсіпбек Аймауытов 1929 жылы тұтқындалып, 1931 жылы атылды. Халқымыздың даңқты ұлдары Ахмет Байтұрсынов пен Мағжан Жұмабаев та кеңес түрмелерінің сұмдық қапастарында қаза тапты.

Онсыз да сырқат, денсаулығы нашар Жақып қамауда большевик тергеушілердің сан алуан азаптары мен қорлықтарын бастан кешірді. Түрме тозаңында бір жарым жыл болғаннан кейін, 1932 жылғы сәуір айында Ж. Ақбаев қайғылы да әйгілі 58-10 және 59-3 баптар бойынша айыпталып, 5 жыл мерзімге Воронеж облысына жер аударылып жіберілді. Онымен берге Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлерінің бірі, жазушы-драматург Қошке

34


                1. Ф-ОБ-001/033

Кемеңгеров те сол жаққа жер аударылды.

Солтүстік ылғал әрі салқын климаты жағдайында Ж. Ақбаевтың патшалық Ресей түрмелері мен айдауында-ақ әлсіреген денсаулығы мүлде нашарлап кетті. Айдаудағы адамның өлім халіне жеткенін білген түрмешілер рақым білдіріп, 1934 жылы оған емделу үшін Алматыға келуіне рұқсат етті. Осында келген соң бірсыпыра уақыт өткеннен кейін Ж. Ақбаев мәңгілікке көз жұмды. Оның қайтыс болған күні – 1934 жылы 4 шілде, Сталин мен оның тобының қанқұйлы жазалау жылдарында кінәсіз қаза тапқан басқа да көптеген патриоттармен бірге Жақып Ақбаев 1958 жылы толық ақталды. Бірақ бұл туралы оның зайыбына да, балаларына да хабарланбады. 1989 жылы “Қарағанды. Қарағанды облысы” деген энциклопедиялық сөздікте және “қазақ КСР-інің” қысқаша энциклопедиясының төртінші томында осы жолдар авторының мақалалары жарық көргеннен кейін Ж. Ақбаевтың бақытсыз әкесін бүкіл өмір бойы жоқтап жылап келген үлкен қызы Аргуния Жақыпова республиканың Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне Жақып Ақбаевты ақтады.Тек осыдан кейін ғана, 1990 жылғы 7 шілдеде төрағаның бірінші орынбасары С. К. Әбдірахманов А.Жақыповаға мынадай мазмұндағы хат жіберді: “Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 1958 жылғы 28 ақпандағы №22/015-н ұйғарымымен Қазақстандағы бұрынғы ОГПУ Үгіттігінің Ақбаев Жақып жөніндегі 1932 жылғы 20 сәуірдегі қаулысының күші жойылды және іс жүргізу қылмыс құрамының болмауына байланысты қысқартылды”. Міне, сөйтіп Ж. Ақбаев ақталғаннан кейін 32 жылдан кейін Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті азап шеккен адамның туған қызына бұл жөнінде хабарлауға, ақырында” уақыт тапты.

Ж. Ақбаев сан қырлы талант иесі болған. Ол қазақ арасынан шыққан тұңғыш құқық магистрі, әмбебап тарихшы, энциклопедиялық білімі бар ғалым, қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы қажырлы күрескер. Жақып Ақбаевтың есімі тәуелсіз Қазақстан тарихынан заңды түрде лайықты орын алуға тиіс.

Жақаңның өз кіндігінен Көмілмұрат (1910-1960), Кәмілшат (1916-1976) атты екі ұл, Аргуния, Наймания, Аспазия, Андромеда атты төрт қыз туады.

35


                1. Ф-ОБ-001/033

Көмілмұрат пен Кәмілшат жас кездерінде-ақ қуғын-сүргінді көп көріп, жазықсыз жалаға көп ұшырады. Сондықтан олар алаңсыз ғылыми жұмыспен айналыса алмады. Қанқұйлы репрессия кезінде қорқытып-үркіту, үздіксіз тексеріс пен тергеуден әбден ығыр болған олар 1941 жылы соғыс басталысымен алғашқылардың бірі болып майданға аттанып, аман-сау оралған соң өмірінің соңына дейін мұғалімдікпен айналысады.

Жақып Ақбаевтың қыздары әке жолын қуып, бүкіл ғұмырын ғылымға арнады. Өмірдің қандай қиындықтарына болса мойымай қарсы тұра білген олардың

қай-қайсысы болмасын қазақ қыздары ғылыми интеллигенциясының алдыңғы қатарынан лайықты орын ала білді. Әсіресе, сіңілілеріне әке орнына әке, аға орнына аға ретінде жол көрсетіп, қанатымен су сепкен қарлығаштай жанашырлық жасаған Аргунияның еңбегі айрықша болғандығын атап айтқан жөн. Ол Орта Азия мемлекеттік университетінің химия факультетін үздік бітіріп, 1961 жылы химия ғылымының кандидаты атағын алды. Кейін Қыздар педогогикалық иститутының ұзақ жылдар бойы доцент, кафедра меңгерушісі ретінде жемісті еңбек етті. Наймания Қазақ педогогикалық институтын тәмәмдап, филиология ғылымының кандидаты (1970), доцент (1976) атанса, Андромеда Москва мемлекеттік университетін бітіріп, биология ғылымының кандидаты (1967) атағын алды. Қазақтың алғашқы заңгер-ғалым қыздарының бірі болған Аспазия да әке есімін ақтауға зор еңбек сіңірді. Осылайша Жақаңның төрт қызының төртеуі де ғылым кандидаты атанып, әке атағын аспанға шығарып, абыройын асырды.

Жақып Ақбаевтың тағдыры патша өкіметі жылдарында өз халықтарының бостандығы мен тәуелсіздігі жолында күресіп, полицияның қуғындауына ұшыраған, ал “Ұлы Қазаннан” кейін өз үміттерінің жүзеге асуы орнына одан да өткен арсыз да қанқұйлы “қызыл” отаршылдық көріп, соның салдарынан, өздері үшін патша каторгасын лениндік-сталиндік концлагерлер алмастырған көптеген ұлттық зиялылар өкілдерінің тағдырларына ұқсас. Олардың орасан зор интеллектуалдық мүмкіндігі, сарқылмас жұмыс қабілеті, асқан жоғары жауапкершілігі мен адамгершілік тазалығы “социализмнің жарқын

36


                1. Ф-ОБ-001/033

патшалығына” керек болмай шықты, өйткені тоталитарлық құбыжыққа жеке тұлғалар, ойшылдар – халықтың ар –ожданы болған адамдар керек болмайды. Ж. Ақбаевқа, оның есіміне күйе жағып, оны алуан түрлі ғайбаттаған сөздермен, өтірік-өсектермен шырмап, жала жауып, заңсыз қамауға алып, әкімшілік қудалауға ұшыратып, халықтың жарқын болашағы үшін еңбек етуге мүмкіндік бермеген сонау бір 20-30 жылдардан да нақ соны көруге болатын еді?

II-Тарау.

            1. Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
              2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
              2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
              2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
              2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
              2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
              2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
              2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
              2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


              Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу