II.1. Ж. Ақбаевтың қазақ мемлекеті мен халқының пайда болу тарихына көзқарастары.
1927 жылғы 23 қаңтарда Семей мемлекеттік географиялық қоғамының жиналысында Ж. Ақбаев қазақ халқының шығу тегі туралы тақырыпта баяндама жасаған. Баяндамасында ол ғылыми әдебиетте аз жазылған көкейтесті мәселелерді кең ауқымда қозғаған. Атап өтуге тұратын бірінші нәрсе – оның қазақ хылқының шығу тегі туралы көптеген әдебиетті зерттеуі. Еңбектің екінші белгісі – осы кезге дейін кесімді шешімін таппаған проблемалар. Баяндамаға тән үшінші белгі мынадай: Ж. Ақбаев маңызы жағынан саяси-құқылық құбылыстарды бірінші орынға қояды. Заңгер былай деп жазады: “Тарих – халықтардың мәдени жағдайына байланысты олардың құқылық-саяси тағдыры туралы ғылым. Халықтардың өмірінде кейде жекелеген данышпан тұлғалар немесе шағын тайпа маңызды рөл атқарады”. Бұл қағидалар белгілі бір тұжырымдама болып табылады. Мұнда кем дегенде маңызды үш жайт бар. Біріншісі- халықтың тарихи – саяси ұйымының тарихы. Осыны негізге ала отырып, Ж. Ақбаев қазақ мемлекетінің пайда болу, қалыптасу, даму және ыдырау тарихын қарастырады. Кейбір тарихшылар қазақтарды император Константин Багрянородный мен ақын Фирдоуси айтқан “Косогтардың” тікелей ұрпақтары деп атап көрсетеді. Басқа біреулер қазақтар тарих сахнасына ХV ғасырда шыққан деп жазған.
Ж. Ақбаев М. Тынышбаевтың орыс, араб, француз, ағылшын сөздері мен басқа да сөздердің мәнін табуға тырысу сияқты, “қазақ” сөзінің мәнін іздестіру де
37
Ф-ОБ-001/033
пайдасыз деген пікірмен келіседі. Айтар болсақ, кейбір тарихшылар “қазақ” сөзінің мәнін қазіргі күнде де іздестіруге болады және бұл сұрақтың жауабы қазақ халқының шыққан уақытын анықтауға мүмкіндік береді-міс деген пікірде. М. Тынышбаев сияқты, Ж. Ақбаев та халық атауының шығу тарихына неғұрлым кең көлемде қарайды. Халық өзіне белгілі бір атау берілген кезде пайда болмайды. Өйткені халық әп-сәтте емес, ғасырлар, тіпті мыңдаған жылдар бойы қалыптасады ғой. Бір кеңістікте мекендейтін, бір-бірімен шектесіп жатқан туыс тайпалардың белгілі бір объективті жағдайлардың салдарынан бірігуге ұмтылатын уақыт туады. Мұнда да олардың мәдениетінің, тілінің, психикалық құрылымының жақындығы маңызды рөл атқарады. Сөйтіп, халықтың саяси-құқылық тағдырына елеулі ықпал ететін мәдени фактордың маңызын атп көрсетуден Ж. Ақбаев тұжырымдамасының екінші сипатты белгісі көрінеді. Бұл орайда саяси-құқылық құбылыстар шығуының психологиялық теориясын жақтаушы, өз ұстазы, психологиялық құқық мектебінің негізін салушылардың бірі Петражицкийдің ізбасары ретінде Ж. Ақбаев қазақ халқының тарихындағы психологиялық фактордың маңызын үнемі атап көрсетіп отырады. Ж. Ақбаев М. Тынышбаевтың “қазақ” этнонимінің шығуы жөніндегі пікіріне қосылмайды. Ол “қазақ” сөзін мұқият талдау оның белгілі бір мәні мен мағынасы туралы тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді деп жазған еді.
Ж. Ақбаевтың пікірінше, тарихи әдебиетте “қазақ” ұғымы “солдат, әскер, шерік, әскерилер(әскери сословие)” мағынасында қолданылады. Бұған дәлелге түрлі тарихи құжаттардан үзінділер келтірілді. Атап айтқанда, Қазан ханы Абдуллатиф ұлы князь Василийге “өз қазақтарын соғысуға” жібермеуге уәде беретінін жазған; өзбек ханы Ибақ 1000 “казагымен және Ноғай мырзалары 15000 казагымен Алтын Орда ханы Ахметке шабуыл жасап, оны өлтірген” және т.т
Бұл деректерді Ж. Ақбаев М. Тынышбаевтан алған. Келтірілген материалдар негізінде Тынышбаев Керей мен Жәнібек хандығының халқы қазақ деп аталған деген қортынды жасайды. Ол былай тұрсын, Тынышбаев 15-16 ғасырларда
38
Ф-ОБ-001/033
«қарапайым татарлар, Қазан, Қырым татарлары және басқалары әдетте казактар деп аталған және олар өздерін казактар деген», - деп жазған Вельяминов-Зерновпен келіседі. Вельяминов-Зерновтың айтқандарына М. Тынышбаев сын көзбен қарамаған. «Қазан, Қырымның карапайым татарлары және басқалар» өздерін ешқашан да казактар деп атай алмайтын. Егер де олар өздерін «казактар»деп атаса, бұл факт зерттеушіні сақ болуға тиіс етер еді. Өйткені халық бір ғана «қарапайым» адамдардан емес, басқа да әлеуметтік топтардан тұрады ғой. Егер түрлі жерлерде тұратын қарапайым татарлар өздерін «казактар» деп атаса, демек, бүкіл халық емес, ортақ белгіларі бар белгілі бір топтар жайында сөз болып отыруы мүмкін. М. Тынышбаевтың бұдан әрі келтірілген мәліметтері белгілі бір қортынды жасауға сұранып-ақ тұр; әңгіме жалпы халық туралы емес, жай адамдар туралы емес, атап айтқанда, жауынгерлер, әскери сословие туралы болып отыр. Ол былай тұрсын, М. Тынышбаев өзі келтірген материалдардан ешбір туындамайтын қортынды жасайды. Ол былай деп жазады:«Келтірілген анықтамаларда Жәнібек үйінің билігіндегі қазақ хандығының болуымен бірге бұрынғы Алтын Орданың Қырым мен Кавказдан Сібірге дейінгі барлық халқы казактар деп аталғаны» анық байқалады.
Ж. Ақбаев Вельяминов-Зерновтың, Тынышбаевтың және басқаларының көзқарастарынан мүлде басқа, әлдеқайда қисынды, иланымды қортындылар жасайды. Деректі тарихи фактілер келтіре отырып, Ж. Ақбаев мынадай зор маңызды жағдайды атап көрсетеді: «Әскер және атты әскер ретінде «қазақ» сөзі Кавказда да ,Алтын Ордада да, Өзбекстанда да, Көшімнің Сібір хандығында да Қырымда да Түркияда да Қолданылған. Басқаша айтқанда, тарихшы М.Тынышбаевтың пайымдағанындай, халықтың өзі емес, бұрынғы Алтын Орда халықтарының бүкіл әскер бөлімдері Қырым мен Кавказда, Сібір мен Монғолстанда (Монғолстан-Жетісу) КАЗАКТАР деп аталған». Оның үстіне, Ж. Ақбаев »жай ғана атты әскер емес, қайта әскери сословие деп санап, бұған дәлелге бірқатар нақты деректер келтіреді. Кейбір тарихшылар (Карамзин, Семенов Тянь-Шанский және басқалар) черкестерді «казактар» деп атаған. Осы
39
Ф-ОБ-001/033
деректерді келтіре отырып, Ж. Ақбаев «бұл арада казактардың ( яғни қазақтардың.-М, Қ. –М.) черкестерден шықпағаны туралы айтудыңда керегі жоқ. Черкестер барлық түркі халықтары мен тайпаларй ішінде батылдықтың, ержүректіктің, туралық пен адалдықтың үлгісі болып табылады; олардың арасынан басқа тайпалармен салыстырғанда «казактар» деп аталатын айбынды жауынгер-салт аттылар шығуы мүмкін» деген тұжырымға келеді.
Ж. Ақбаевтың пікірінше, Керей мен Жәнібекте атты әскер – казак сословиесі болған. Олар қолбасшысы Қобыланды (қыпшақ) бидің қолбасшы Дайырқожаны (арғын) өлріргені үшін өз жақтастарымен және таңдаулы атты әскерлері – казактарымен бірге Өзбекстаннан Жетісуға барып, онда «Шағатай ұрпақтарының егеменді Монғолстан мемлекетінің ұлысының) қорлығымен 1456 жылы Балқаш көлінің маңындағы Хантауда үлестік автономиялы мемлекет құрды». Ж. Ақбаевтың пікірінше, Кереймен және Жәнібекпен бірге «оларға жақын және адал жауынгерлер ғана дала кезіп көшудің тар жол, тайғақ кешуінен өткен. Соңғылары алғашқы туған жері – Отаны (Сарай хандығы) сияқты, екіншкі Отанынан (Өзбекстаннан) да кетіп, әр түрлі сезімдермен: хандарына адал берілгендіктен, жауынгерлік ерлік сезімдерімен, сол кезде толассыз көшіп-қонып жүретін қайсар да қызба қанды Алтын Орда ұлдарының өзін-өзі сақтау сезімдерімен, мінез-дағдысымен өз хандарының ізіне еріп, бұрынғы Алтын Оданың барлық түкпірлерін өз отаны деп санады».
Ж. Ақбаевтың баяндамасынан алынған жоғарыдағы үзіндіге мынадай екі жағдай тән: 1. Жәнібекпен және Кереймен бірге Жетісуға тек жауынгерлер, басқаша айтқанда, казактар деп аталғаны осыдан-ақ түсінікті кейінен нақ Жәнібек пен Керей келіп қонстанған жер жаңа саяси бірлестік құрылған орталыққа айналды. Өте қызықтысы, біріншіден, осы бірлестіктің негізінен қазақтар, яғни әскери сословие қалағанына, екіншіден, оларды басқа жерлерден келген казактар да қолдағанына, алғаш рет болуы да мүмкін, Ж. Ақбаев өзіне дейін де мәлім болғанымен, нақ осылайша түсіндірілмеген нақты материалдар келтіреді. Керей мен Жәнібектің «автономиялы» (дұрысырақ айтқанда, вассалдық) хандығының халқы бастапқыда әскери сословие – казактардан
40
Ф-ОБ-001/033
тұрған. Содан соң бұл хандыққа Өзбек ұлысынан адамдар келе бастайды. 2. Ж. Ақбаев әскери сословие -–казактардың Керей мен Жәнібекке еруін, бір жағынан, психологиялық теория тұрғысынан түсіндіреді. Бұл – жауынгер- казактардың ежелден орныққан дәстүрлі нормаларға бағынуынан көрінетін «категориялық императивті»салт. Петражицкийдің психологиялық теориясын жақтаушы болған Ж. Ақбаев бастапқыда Жетісуға Кереймен және Жәнібекпен бірге тек жауынгерлер ғана келгенін нақ осы психологиялық фактормен түсіндіреді. Біздің пікірімізше, Ж. Ақбаев «категориялық императив» ұғымымен шектелмейді, психологиялық фактор шеңберін бұрынғыдан да кеңейте түседі. Алтын Орда ыдырап кеткенімен де, бір кезде құдіретті мемлекеттің әскери тірегі болған казактар өздерін парасаттылықтары мен дербестіктерінен айрылғысы келмеген тәуелсіз сословие деп сезіне берді. Ж. Ақбаевтың атап көрсеткеніндей, Керей мен Жәнібектің Жетісуға кетуіне де «сол кезде толассыз көшіп-қонып жүретін қайсар да қызба қанды Алтын Орда ұлдарының өзін-өзі сақтау сезімдері, мінез-дағдысы» психологиялық негіз болған. Жоғарыда атап өтілгендей, содан соң, өздерінің саяси ұйымын құрғаннан кейін, оларға түрлі тайпаларға жататын жай халық келіп қосыла бастаған. Казактарға қосылған жай сословие адамдарды да «казак» деп аталды. Ж. Ақбаев мұны да психологиялық тұрғыдан түсіндіреді. «Қарсылық білдіруші еріктілер», «еркін»,«қызба қанды» деген және басқа сөздердің «казак» есімімен байланыстырылуы, - деп жазды Ж. Ақбаев, -психологиялық жағынан әбден түсінікті; жаңа ұлыс халқының «казактар» деп атала бастағаны да әбден түсінікті, өйткені бастапқыда барлық халқы әскери адамдар мен казак кавалериясынан (атты әскерлерден) тұрған».
Сонымен, Керей мен Жәнібек хандығының әскери-саяси бірлестік ретінде құрылғанына, оның әлеуметтік негізі белгілі этникалық топ емес, қайта қазақтардың әскери сословиесі болғанына тарихи әдебиетте Ж. Ақбаев бірінші болып назар аударды деуге біздің толық негізіміз бар. Тек белгілі бір уақыт өткеннен кейін, осы саяси бірлестікке басқа ұлыстардан жай халықтың келіп қосылып, оның жер аумағының кеңеюіне қарай ол мемлекетке айналған да,
41
Ф-ОБ-001/033
халқы қазақтар деп атала бастаған, сөйтіп ол енді әскери-саяси емес, этникалық мән алды. Бұл үрдіске барлық тайпалардың түркі тегінен шығуы себепші болды. Әлбетте, халықтың қалыптасу үрдісі бірнеше ұрпақ өмірі бойы жүріп жатты. Әскери-саяси бірлестікті құраған әскери сословиеге өзбектер деп аталатын жай халық келіп қосыла бастағандықтан, бастапқыда оның халқы өзбек-қазақтар деп аталды. Мұны «Тарих-и-Рашидиде» Мұхаммед Хайдар растайды. Ол былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақта Әбілхайыр хан билік етеін. Ол Жошыдан тараған сұлтандарды көп мазалады. Жәнібек хан мен Керей хан одан Моғолстанға қашып келді. Моғолстан ханы Есен-Бұға қарсы алып, оларға Моғолстанның батысындағы шет аймақ болып табылатын Шу және Қозыбасы өңірін берді. Сол жерге олар қоныстанып өмір сүріп жатқан кезде, Әбілхайыр хан өлгеннен кейін, өзбек ұлысы ыдырай бастады; онда үлкен талас-тартыс басталды. Көп бөлігі (оның бодандарының) Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кетті, сөйтіп, олардың маңындағылар (жиналғандар) сакны екі жүз мыңға (адамдар) жетті. Олар өзбек-қазақтар деп аталды. Қазақ сұлтандары сегіз жүз сексенінші жылдан (б.з. 1465-1466 ж. – М.Қ.-М) билік ете бастады».
Қазақтардың мемлекеті бірден қалыптасқан жоқ, өйткені ол әскери сословие негізінде құрылмайды. Сондықтан тарихи әдебиетте қазақ хандығының туу кезі туралы түрлі пікірлер бар. А.П. Чулошников Қазақ хандығы ХV – ХVI ғасырлар шебінде құрылған деп жазды. С. К. Ибрагимов дербес мемлекеттің түпкілікті құрылуын ХVI ғасырдың 30-40 жылдарында жатқызған және т.т. Осы уақыт ішінде қазақ ұлысының негізі қалыптасқан. Ж. Ақбаев нақ осылай деп дәлелдеді. Оның қазақ ұлысының қалыптасуы тұжырымдамасын қазіргі зерттеушілер де құптайды. «ХV ғасырдың аяғынан бастап «қазақ» термині саяси сипат алады да, Барақтың ұрпақтары – Жәнібек, Керей, Бұрындық құрған жекелеген феодалдық иеліктердің атауы үшін қолданыла бастайды; ХVI ғасырда, Шайбани хан бастаған көшпелі тайпалардың бір бөлігі қазіргі Қазақстан аумағынан Мауараннахрға көшіп
кеткеннен кейін, «қазақ» термині этникалық сипат ала бастайды».
42
Ф-ОБ-001/033
Осы арқылы белгілі тарихшы-ғалым Кереймен және Жәнібекпен бірге халықтың әлдебір этникалық тобы емес, әскери сословие келді деген Ж. Ақбаевтың идеясын жанама түрде құптайтын тәрізді. Ал халықтың этникалық құрамы әскери-саяси бірлестіктің мемлекетке айналуы барысында қалыптасқан.
Қазақ халқының қалыптасуы бейберекет болған деп пайымдаған басқа тарихшылардан айырмашылығы, Ж. Ақбаев оны нысаналы қызметтің нәтижесі деп санайды. Ж. Ақбаевтың пікірінше, қазақ халқы қалыптасуының негізін Қасым хан қалаған. Ол былай деп жазады: «Үш жүз бен қазақ халқын ұйымдастырушы шынында да Қасым хан болғаны «қасқа жол» ұғымымен, ал «ескі жол» Есім ханның есімімен байланыстырылуынан көрінеді».
Халықтың аузында жүрген «Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы» деген әйгілі аңыздардан өзіндік ерекшелікпен түсіндірілуіне лайықты бағасын беру керек. «Қасқа жолды» халықтың неліктен Қасымхан есімімен байланыстыратынын Ж. Ақбаевқа дейін тарихшылар да, мемлекеттанушылар да түсіндірген емес.
Кейіннен тарихшылар да нақ осындай тұжырымға келді. Батыс Еуропа дербес этникалық қауымдастық ретіндегі қазақтар туралы нақ Қасымхан билеген жылдары білген.
Жоғарыда біз Қасым хан кезінде қабылдаған заңдарды Ж. Ақбаевтың құдай заңы деп санағанын атап өтейік. Мұнда тарихи ақиқаттың белгілі бір кезеңі көрсетілген. Тегінде, Қасым хан заңдарын жасаушылар сол кезде енгізіле бастаған шариғат нормаларына қарсы сақтап қалғысы келген ежелге құқылық ғұрыптарға сүйенген болса керек. Ал осындай жағдайда дағдылы құқық нормаларының көктен келіп түскенін көрсету керек болған. Қазақ халқы тарихының ғұлама білгірі Ә. Х. Марғұлан былай деп жазады: «15ғ. – 16ғ. Басында Бұхардың ишан-қазылары қазақ өлкесінде діни үгіт таратып, «ежелгі жарғы заңын қалдырыңдар, ол көкке хан билік ететін. Ол Жошыдан тараған сұлтандарды көп табынатын дінсіздіктің ісі, оның орнына шариғат қағидасына ауысыңдар. Ант бергенде көк соқсын деп айтпандар, құран соқсын деп,
43
Ф-ОБ-001/033
құранды бастарына көтеріңдер», - деп үгіттейді».
Көшпелі халық шариғат нормаларын қабылдағысы келмей, өздерінің тұрмыс жағдайларына жат ережелерді күштеп тануға тырысқан билеушілерге талай рет қарсы шыққан. Жаңа этникалық қауымдастықтың қалыптасуы жағдайында Қасым хан көшпелілердің тұрмыс жағдайларына сай келетін заңдар жинағын жасай білді. Өзін дербес ұлыс деп ұғынған жаңа этникалық қауымдастық Қасым ханның заңдарын жаңа құқық жүйесі деп қабылдады.
Бұл құқық жүйесі бүкіл халқы бір қазақ ұлысы болған үш жүзге түгел таралды. Қасым хан заңдарының тағы бір ерекшелігі міне осында. Оларды Ж. Ақбаев та нақ осылай сипаттайды. Ол былай деп жазады: «Үш жүздің» немесе тарихи, оның үстіне құдайдан – Айдан берілген заң болып табылады.
Сөйтіп, жоғарыда айтылғандардың бәрінен Ж. Ақбаевтың қазақ мемлекетінің , халқының пайда болуы мен құқылық жүйесінің қалыптасу тарихын құқықтанушы-ғалым ретінде өзінше бірегей түсіндіріп берген көрінеді.
2.2. Ж. Ақбаевтың саяси-құқықтық көзқарастары.
Ж. Ақбаев қазақ қоғамының ежелгі кезден бергі мемлекеттік-құқылық проблемаларын алғашқы зерттеушілердің бірі болды. Оның ғылыми ынта қойған мәселелерінің ауқымы қазақ мемлекетінің пайда болу, құқылық жүйенің, құқылық ұғымдардың, терминдердің қалыптасу мәселелерін қамтыды.
Ғылым үшін зерттеліп отырған тақырыптың өзекті, негізгі құбылысының мәнін анықтаудың шешуші маңызы бар. Құқылық жүйені түсіну үшін құқықтық мәнін зерттеу қажет; құқық деген не, әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде оның белгілі бір терминологиялық рәсімге ие болатыны неліктен?
Ресейге қосылғанға дейін қазақ қоғамының мемлекеттік ұйымы, ғасырлар бойы қалыптасып, дамытылған құқық жүйесі болған. Осы уақыт ішінде мемлекеттіліктің өзін, оның құрылымын, органдарының қызметін, сондай-ақ құқылық жүйесінің қалыптасу және жұмыс істеу үрдісін сипаттайтын зор нақтылы материал жинақталды. Ерте кезден бастап ғалымдар, жазушылар,
44
Ф-ОБ-001/033
ақындар түрлі дәуірлердегі саяси оқиғаларды, әдет-ғұрыптарды, заңдарды, дәстүрлерді суреттеген көп еңбек жазып қалдырған. Алайда бұл еңбектердің көпшілігі әзірше беймәлім болып қалып отыр. Оларға қазақ қоғамының мемлекеті мен құқығы проблемаларына ден қойған революцияға дейінгі ғалымдар да қол жеткізе алмады. XVIII- ғасырдың аяғынан қазақ құқығы проблемаларын зерттей бастаған Ресей ғалымдарының негізінен өздері социологиялық зерттеулер негізінде жинаған материалдарға сүйенгенін нақ осы жағдаймен түсіндіруге болады. Зерттеулерді қазақ халқының тарихын, қазақ қоғамының ерекшелігін білмейтін, қазақ тілін, қазақтардың психологиясын түсінбейтін адамдар жүргізді. Оның үстіне бұл зерттеулер қазақ халқы өміріндегі бетбұрыс кезеңде, Ресейге қосылу нәтижесінде оның мемлекеттік ұйымы мен құқылық жүйесі бұзылған кезде жүргізіледі. Қазақтың дағдылы құқығында елеулі өзгерістер болды: ежелден өмір сүріп келген құқылық әдет-ғұрыптарға, өнеге-өсиеттерге консерватизм белгілері тән болса да, олар өзгере бастаған еді. Сөз жоқ, қазақтардың дағдылы құқықтарын жинау, қорыту және зерттеу жөнінде Ресей ғалымдары зор жұмыс істеді. Олар Ресейдегі құық ғылымының дамуына оң ықпал етті, алайда қазақтардың құқылық санасына ешқандай әсері болған жоқ. Ал мұның себептері көп еді. Қазақ құқығы туралы еңбектер орыс тілінде жазылады, таралымы өте шектеулі болды. Ең бастысы – қазақ қоғамының кез келген салада, соның ішінде құқық саласында да ғылыми зерттеулер ұйымдастыру үшін ешқандай жағдай болмады. Заң ғылымымен аса көрнекті жалғыз-жарым адамдар, онда да ара-тұра айналысып жүрді.
Қазақтың дағдылы құқығы жөнінде Ш.Ш. Уәлиханов алғашқылардың бірі болып бірқатар еңбектер жазды. Ол қазақ құқығының проблемаларын кең тұрғыдан – тарихи және өз кезіндегі қырларынан қарастырады. Ол қазақтың дағдылы құқығын, мұсылман құқығын, Ресей заңдарын жақсы білген еді, оларды салыстыра отырып зерттеді, аталған құқық жүйелерінің жақсы және теріс белгілерін иланымды көрсетті. Қазақстан құқық ғылымы үшін Ш. Уәлихановтың қазақ құқығының тарихы, оның әлеуметтік мазмұны мен келешегі жөнінде айтқан пікірлерінің зор маңызы бар. Оның пікірінше, қазақ
45
Ф-ОБ-001/033
құқығы ұзаққа созылған тарихи дамудың нәтижесі болып табылады және рулық құрылыс дәуірінде қалыптаса бастаған. Ол Қазақстан аумағында мекендеген және кейіннен қазақ халқының құрамына монғолдардың шапқыншылығына дейін-ақ қоысылып кеткен рулар мен тайпалардың өз ғұрыптары және «рулық құқықтары» болып, оларды тіпті Шыңғысханның өзі де жоя алмағанына кәміл сенген. «Сот реформасы туралы жазбаларында» Ш. Уәлиханов «бізден бұрын жүздеген, мүмкін, мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп келген дағдылы құқық нормалары» туралы жазады. Бұл құқылық жүйе сияқты құбылыстың қоғам тіршілігі негізінде, ұзақ кезең ішінде қалыптасуы мүмкін екендігін түсінген ұлы ғалымның ғажайып болжамы еді. Өйткені ол кезде Қазақстан аумағындағы мемлекеттік ұйымдардың ерте кезден бергі құқылық жүйесін сипаттайтын құқылық та, әдеби де деректемелер ғылымда әлі мәлім емес болатын. Қазіргі кезде де бәрі бірдей мәлім емес және ғылыми айналымға ене қойған жоқ. Бірақ қазірдің өзінде белгілі деректемелер қазақтың көптеген дағдылы құқық ұғымдары ежелден келе жатыр деп санауға негіз береді. Олар туралы Ж. Баласағұнидің дастанында, М. Қашғаридің сөздігінде, «Кодекс Куманикус» трактатында және басқа шығармаларда көптеген мәліметтер бар.
Ш. Уәлиханов тарихи оқиғалар, әлеуметтік-құқылық өмір құбылыстары қазақ ауыз әдебиетінде, ақындардың, жыршылардың және басқаларының туындыларында көрініс тапқанына назар аударды. « Әдет-ғұрыптармен, мақалдармен, мәтелдермен және халық құқықтарының кодексімен жинақталған, алғанда осы жырлардың бәрі халықтың өткендегі тарихи деректерді толықтыруымызға және олардың шығуын анықтауымызға мүмкіндік береді. Қырғыздардың ежелгі аңыздары мен нанымдарын қандай қаз-қалпында сақтап қалғаны таңқаларлық». Оның пікірнше, адамның өзі қолданылып жүргенде өсіп, тәрбиеленген, өзіне неғұрлым таныс заң халық үшін жақсы болмақ.
Біз қазақтың дағдылы құқығына Ш. Уәлихановтың көзқарастары мен идеяларын қысқаша баяндап өту қажет деп таптық, себебі – ол қазақ халқы өмірінің ерекше жағдайларында оның пайда болуы мен қалыптасуының тарихи
46
Ф-ОБ-001/033
жолын көрсетуге ұмтылған. Ал мұндай көзқарас қазақ құқығының мәнін, сипатын, ерекшеліктерін түсінудің кілті бола алады. Бұл қазақ халқының құқылық және тарихи өмірінде болған түбірлі өзгерістерге байланысты қажет болды. Х1Х ғасырдың басынан патша самодержавиесі қазақ қоғамына елеулі өзгерістер енгізген қалыпты құжаттар қабылдай бастады, олар қазақтар өмірін реттеуге көмектесіп келген құқылық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді түрлі салалардан ығыстырып шығарды. Ш. Уәлихановтың қазақ құқығы саласындағы ең басты мәселелерге арналған ғылыми идеялары патша үкіметінің саясатына айтарлықтай ықпал етіп, қазақ даласын басқару жөніндегі Х1Х ғасырдың 60-70 жылдарындағы құқылық құжатардан көрініс тапты.
Ш. Уәлиханов қазақ құқығының бірқатар өзіндік ерекше белгілерін көрсетіп, оны түсіну негіздерін қалады деуге болады. Жарты ғасырдан кейін бұл іске енді кәсіби-заңгер Ж. Ақбаев өз үлесін қосуға тырысты. Ол көп еңбек жазған жоқ. Өйткені мәселе көп жазуда емес, автордың қандай идеялар: терең, бірегей немесе құрама идеялар айтуында. Ж Ақбаев қазақ құқығының сипаттамасы жөнінде тұңғыш рет бірқатар бірегей идеялар ұсынды. Ж. Ақбаев қазақ құқығы институттарын түсіндіруде психологиялық құқық теориясының принциптері мен идеяларын қолдануға тырысқан бірінші және соңғы қазақ құқықтанушысы болып табылады.
Ж. Ақбаев қазақ құқығы жөнінде объективті құқық және субъективті құқық ұғымын бірінші болып пайдаланды.
Объективті құқық ұғымы. Құқылық жүйенің қалыптасуына байланысты барлық халықтарда тиісті ұғымдар пайда болады. Құқық ұғымын бейнелейтін негізгі термин әділеттілік туралы, ақиқат туралы, шындық туралы түсінікке байланысты. Бұған қазақ құқығының қалыптасу тарихы да кіреді. Алайда қазақтарда құқық ұғымы пайда болуының тарихи тым күрделі, оны әлі ешкім зерттеген емес. Мұндай ұғымның бар екенін заңдар туралы айтылатын Орхан-Енисей ескерткіштерінен бастап ХVI ғасырға дейінгі мемлекеттерде өздерінің құқық туралы түсініктері болған, бірақ олар қолданылып келген құқылық нормалардың жинақталған көрінісі емес еді. ҰҒА-ның корр. – мүшесі Ғ.
47
Ф-ОБ-001/033
Сапарғалиевтің пікірінше, ертедегі түркілер «құқық» ұғымын өздері үшін ең қасиетті «төру» (өмір) деген сөзбен білдіріп, сол арқылы заңның мәнін атап көрсеткен. Бұл термин объективті құқық ұғымын да , жеке заң ұғымын да бідірген. Осы мағынада «төру» сөзі Орхан –Енесей ескерткіштерінде, Ж. Баласағұнидің дастанында, М. Қашқаридің түрікше сөздігінде, Кордексте, «Төру бітігінде» және басқа шығармаларда кездеседі. Қазіргі түрік тілінде «төре» ереже, қағида дегенді білдіреді. Бұл термин қазіргі венгр тілінде осындай мағынасында қолданылады. Қазіргі қазақ тілінде «төруден» туындаған: «төре», «төрелік», «төрағасы», «төралқасы» сияқты құқылық ұғымдар сақталған. Бірақ бұл терминдердің ешқайсысы қазір құқық сипаттамасына жатпайды. Қазақ халқы құраған түркі тайпалары кем дегенде XVI ғасырдан бастап, тегінде, «төруң» терминін объективті құқық ұығымн білдіру үшін пайдаланбаған болар. Қара теңіздің солтүстігінде тұрып, католик дінін қабылдаған қыпшақтар ғана ежелгі ұғымын сақтап қалған, мұны армиян әліпбиімен жазылып, XVI ғасырда басып шығарылған «Төре бітігі» (Заңдар жинағы) дәлелдейді.
Түркі тілдес тайпалар(ұлыстар) Х-Х1 ғасырлардың өзінде-ақ арабтың (сирек болса да парсының) құқылық ұғымдарын қолдана бастаған. Солардың ішінде құқылық ұғымын объективті мағынасында көрсететін «хұқық» терминінің ерекше мәні болды. Алайда түркі тілдес халықтарда «хұқық» сол мағынасында қолданылған жоқ. Бұл ұғым субъективті құқық мағынасында орныққан, мұны мемлекеттік-құқылық проблемалар туралы мәліметтер бар түркі тілдес әдебиетінің бәрі дәлелдейді. «Құқық» термині орта ғасырдың үздік туындысы – Ж. Баласағұнидің «Құтты білік» дастанында субъективті құқық ұғымында қолданылған.
Түпнұсқандан екі жол келтірейік:
1560. һәқіппі отәунмәdim mәnin,
1560. Bayat oқ ofәsun заnin, hәкlasin,
«Оны (хақынды) өтемей жаным қалай жай табар,
Хақыңды енді құдай өзі қайтарар».
48
Ф-ОБ-001/033
Бұл арада қызықтысы, «хұқ» терминінің субъективті құқық мағынасында қолданылуы ғана емес, сонымен қатар бұл сөздің жазылуы да өзгерген. Ол түрік тілі фонетикасының ерекшеліктеріне бейімделген. Шынына келгенде, «хұқ» сөзін қолдану да , айту да өте қиын, «хақ» әлдеқайда ыңғайлы. Сондықтан «хақ» термині қабылданған. Бұл араб сөзінен алынған термин қазақ тіліне әуел бастан осылай сіңісіп кетті. Бірақ арабтың құқық ұғымы – хұқұқ түріктің «төру» деген нағыз құқық ұғымын алмастыра алмады.
Барлық айтылғандардың қарастырылып отырған проблема тікелей қатысы бар. Ж. Ақбаевтың қазақ қоғамындағы объективті құқық ұғымы туралы айта келіп, түркі тілдес халықтардың құқылық жүйесіне мәлім «Төру» ұғымын да, арабтардан алынған «хұқық» ұғымын да ғасырдың өзінде –ақ Орта Азиядағы түркі тілдес халықтардың қолдануынан шығып қалғанын негізге алып жауап қайтаруға болады. Екінші сұраққа жауап мынадай: «хұқық» түркі мемлекеттері өмір сүрген кезеңде де, қазақ мемлекеттегі пайда болған кезде де объективті құқық ұғымы ретінде қабылданған жоқ. Бірақ өзінің әлеуметтік мәніне сәйкес келетін құқылық жүйесі болмайынша, объективтендірілген құқығы болмайынша, кез келген мемлекет өмір сүре алмайды. Объективті құқықтың қалыптасу мен құқылық нормалар жүйесі ретінде өмір сүруін, сөз жоқ, қоғамдық сана қабылдап, белгілі бір ұғымдық көрініс табады. Одан әрі абстрактілі, жалпы құқық ұғымы қазақ халқының құқылық санасына жайлап қалыптасып, белгілі бір ұғымдық рәсімге ие болды. Сонан соң бұл ұғым оларға қайдан алынғаны белгісіз түрде кездейсоқ күштеп таңылған жоқ. Ол қоғамдық қатынастарды жалпы қоғамның және жеке алғанда әркімнің игілігін қамтамасыз ететін бағытта реттеп отыратын мемлекеттік нұсқаулардың әділетті, дұрыс сипаты туралы табиғи түсініктерден туындаған. Басқаша айтқанда, негізінен көшпелі өмір салтын ұстанған қазақтардың құқықты қоғамдық өмірді дұрыс жолға салатын құрал деп білгені табиғи нәрсе болатын. Қазақ қоғамында қолданылған нақ объективті құқытың «Ақ жол» деп қабылданғаны сондықтан болар. Мұны мақұлдап жауап қайтаруға салмақты негіздер бар. Қазақтарда «жол» ұғымы өте кең мағынада қолданылады. Қазақ
49
Ф-ОБ-001/033
тілінің түсіндірме сөздігіне жүгінейік, онда «жол» сөзіне айқын мән берілген. Өз тақырыбымызға жақындарын келтіріп өтейік.
1. Алға ұстаған бағыт, бағдар, «Қазақ» газеті төңкерісшіл жол ұстады, халық мүддесін қорғады. Ойы бөлектің, жолы да бөлек.
2. Салт, әдіт-ғұрып, кәде, сый, сыйлық.
3. Ақ жол. Қалың ел құдайына мінәжат етіп, батырларға ақ жол тілеп, құрмалдық отын лаулатты.
4. Ата жолы. Ежелден келе жатқан дәстүр. Ата жолын бұзғанды тыйсаң, әуелі өзіңді тый.
5. Жол бастады. Жолға шыққанда жолды бастап жүру, жол көрсету, бағыт, бағдар сілтеу.
6. Жолға қойды. Тәртіпке келтірді, жүйеге түсірді.
7. Жолға салды. Дұрыс қою, түсінру. Жақсылар жолдан азар ма, ниеті жақсы болған соң. Анты бар: Дайра-байға зайып болман, Ел ғұрпын жерге таптап «тайып жолдан».
8. Жолдан жығылмау. Дәстүрлі, салты жақсы білу, ұстау.
9. Жол көрген. Көпті көрген.
10. Жол көрсету. Жөн сілтеу, үлгі, өнеге көрсету.
11. Жол сілтеу. Бағыт нұсқау, жөн сілтеу.
12. Қасқа жол. Анық, айқын, түзу жол.
13. Оң жол. Дұрыс бағыт.
14. Сара жол. Анық, айқын бағыт.
«Ақ жолды» І. Кеңесбаев «Ақиқат, әділ, адал жол» деп түсіндіреді.
Айтылғандардың бәрі «жол» көшпелі салт жағдайында өмір сүрген қазақ халқы психологиясының ерекшеліктеріне сай келетін құқық ұғымын білдіре алатын және шын мәнінде білдірген терминнің нақ өзі. «Ақ жол», «Ата жолы» арқылы жалпы объективті құқық ұшымын білдіре отырып, қазақ халқының психологиясы өз құқылық жүйесінің ерекшеліктерін көрсетті. Біріншіден, қазақ құқығының аса маңызды қайнары ұрпақтан ұрпаққа беріліп келген әдет-ғұрып, дәстүр болатын.
50
Ф-ОБ-001/033
Сондықтан құқық (ақ жол) әдет-ғұрып, кәде ретінде қабылданды. Екіншіден, қазақ құқығының ерекше тағы бір қайнары билердің (сот) өнегесі – үлгісі болды. Бұл «жол көрсету», істің түйінін шешудің «жолын тауып беру» сияқты ұғымдардан көрінді. Сот үлгісінің қазақ құқығы дамуында ерекше маңызы болды. Үшіншіден, мемлекеттік анықтамалар да қазақ құқығының даму қайнары еді. Бұл «қасқа жол», «жолға қою», « жолға салу» сияқты ұғымдардан көрінді. Мысалы, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы». Сонымен, «Ата жолы», «Ақ жол» қазақ халқының құқылық санасында объективті құқық ұғымын бейнелейді. Ж. Ақбаев бұл айтылғандардың бәрін түсініп қана қойған жоқ, бұл оның өз халқының құқылық психологиясын терең білетіндігін дәлелдейді, сонымен қатар ол ұлттық құқылық санаға сай келетін құқық анықтамасын берген алғашқы құқықтанушы – ғалым да болды. Ж. Ақбаев құқық ұғымын білдірудің аталған үш әдісімен қатар құқық ұғымын білдіретін төртінші әдісі де бар, атап айтқанда ол «жол» деген сөз деп жазады. Бастапқыда «жол» кәдімгі жүретін «жол» мағынасында қолданылған, ал сонан соң бұл сөз құқық мағынасында да қолданыла бастаған, демек, қырғыздар «жол» сөзіне екі жақты мағына беріп, бұл сөзбен кәдімгі жолды да, құқықты да айтады. Таза психикалық құқық ұғымын білдіру үшін қырғыздар, басқа да халықтар сияқты, материалдық дүниеден алынған сөзді пайдаланған. «Право» деген орыс сөзі сияқты, французша droit сөзі де «оң» (оң жақ) деген сөзден шыққан.
Құқыққа Ж. Ақбаев берген анықтамаға тән жәйттер мен оның мағынасы қандай ?
Бірінші. Ж. Ақбаев қазақтардың құқыты «жол» деген термин арқылы, яғни қоғамдық қатынастарды реттейтін, адамдар құқық қатынастарына түскен жағдайда олардың арасындағы проблемаларды шешудің көрсеткіші болатын құрал ретінде түсінгеніне күмән келтірген жоқ. Бұл жерде өте елеулі бір жағдайға назар аудару керек. Құқықты «жол» (даңғыл жол) деп сипаттай келіп, Ж. Ақбаев мұны оның мәнін көрсету қажет деп есептемейді. Бұл жаңсақтық немесе құқық табиғатын жете түсінбегендік емес. Біздің пікірімізше, Ж. Ақбаев
51
Ф-ОБ-001/033
қазақ құқығын ол шын мәнінде қандай болса, сол күйінде түсінген.
Мемлекеттіліктің дамымағандығы, мемлекеттік органдардың тармақталған жүйесінің болмағандығы, бір жағынан, құқылық жүйенің дамымағандығы, оның салаларға бөлінбегендігі және жүйеленбегендігі салдарынан қазақ құқығында күштеу элементтері айқын көрсетілмеген еді. Бұл құқылық нормалардың бұзылғаны үшін жаза, күш қолдану көзделмегенін білдірмейді. Жаза қолдану да көздеді, күштеу де болды. Бірақ мұның бәрі негізінен қоғамдық пікірге сүйеніп, қоғамдық санаға «сіңіп кеткен» сияқты болатын. Ал біздің пікірімізше, құқық бұзушылық үшін жаза қолдану құқықтың сипатты белгісі ретінде қабылданбаған. Ол құқық ұғымының сыртында қалған. Әйтпесе, қазақтардың санасында құқықтың тек бір тұрғыда: «Қасқа жол», «Ақ жол» тұрғысында болғаны неліктен екенін түсіндіру қиын.
Екінші. Ж. Ақбаев өз анықтамасында құқық ұғымының психикалық қызмет нәтижесі екенін атап көрсетеді. Бұл арада Ж. Ақбаев қандай да бір ұғым ойлану үрдісінің қорытындысы болып табылады деген ғылыми теорияға сүйенеді. Құқық сияқты күрделі құбылыс терең ғылыми зертеулердің нәтижесі ретінде, сондай-ақ адамдардың өздерінің практикалық тіршілік үрдісінде ұғынылуы мүмкін. Екі жағдайда да құқық туралы түсініктер белсенді және қорытушы психикалық қызметтің қорытындысы болып табылады.
Үшінші. Ж.Ақбаев құқық ұғымында тар өрісті таптық көзқарасты қабылдамайды, ал ол ХХ ғасырдың бас кезінде заң әдебиетінде орын ала бастаған еді. Ж. Ақбаевтың тұжырымнша қазақ құқығы бүкіл халықтың еркін білдіреді, өйткені халық психологиясы жалпы алғанда оны әділетті, дұрыс құбылыс деп таниды. Сірә, әділ билерге құдайдай табыну мен қарау билерді сынау сияқты ғажайып құбылысты осымен түсіндіруге болатын шығар. Екі жағдайда да дамдар қалыптасқан құқылық нормалардың әділдігіне сенген.
Төртінші. Ақырында, Ж. Ақбаев «жол» термині «материалдық дүниеден» алынған және оның үстіне тек қазақ құқығының ғана ерекше белгісі емес деп дұрыс ескерткен. Орыс және француз құқығында да солай болған. Басқаша
айтқанда, Ж. Ақбаев халықта құқық ұғымы қалыптасуының объективті
52
Ф-ОБ-001/033
заңдылығы оның материалдық өмір жағдайларына байланысты екенін атап көрсетеді.
Ж. Ақбаев қазақтардағы құқық ұғымының тұжырымдалуымен шектелмейді. Ол құқық («жол») ұғымын әдет (обычай) ұғымынан шектеу қажет екендігі туралы ой айтты. Біздің ойымызша, бұл мәселеде де Ж. Ақбаев салиқалы пікірге келген. Ол «қырғыздардағы азаматтық hadat, hadlet - араб сөзі» деп дұрыс атап көрсетеді. Шынында да, түркі тілдес халықтар «хұқ» ұғымын, тегінде, Х-Х1 ғасырларда болар, арабтардан алған, қалай дегенмен де ол Ж. Баласағұнидің «құтты білігі» мен М. Қашғариде кеңінен пайдаланады және құқылық мәнінде көшпелі өмір салтын ұстаған қазақтардың құқықты қоғамдық өмірді дұрыс жолға салатын құрал деп мәніде емес, жай ғана әдет-ғұрып мәнінде қолданылады. Жоғарыда атап өткеніміздей, «құқық» ұғымы «төртеу» терминімен білдірілген. Ал ежелгі түрік тілінде «әдет-ғұрып» «өгірәйүк» және арабша «ғадет» деп аталған.
Әдет-ғұрыптың «өгрәйүк» деген түрікше ұғымы М. Қашғаридың сөзідігінде кездеседі. Уақыт өте келе, «өргәйүк» «әдет-ғұрып» ұғымы ретінде қолдану үшін тоқтатқан, бірақ нақ сол мағынасында сақталып қалған, ал оны «ғадет» (әдет) термині алмастырғандықтан, жай ғана әлеуметтік маңызды сипатын жоғалтқан.
«Ғадет» (әдет) ұғымы толық құқылық мәнге ие болған жоқ және «құқық»ұғымын білдірмеді. Түркілер мен қазақтар, өз мұрагерлері сияқты, «ғадетке» неғұрлым адамгершілік мазмұн берген. Бұл ұғым, біріншіден, халықтың әдет-ғұрыпты мағынасында («ауру қалса да әдет қалмайды»), екіншіден, мемлекеттік (әкімшілік) ғұрып ретінде қолданыла бастаған.
Айтылғандардың бәрінен қандай қорытынды шығады? Ж. Ақбаев ашып жазбағанымен, оның пайымдауларынан қазақтар өздерінің құқылық жүйесін әдет немесе әдеттегі құқық (дағдалы құқық ) деп атамағанмен деген қорытындының туындауы қисынды. Қазақтардың өз құқығын былай деп атай алмағаны олрадың «әдетті» таза құқылық құбылыс деп қабылдамайтындығынан ғана емес, сонымен қатар құқылық нормалар
53
Ф-ОБ-001/033
жинағының әрқашанда аса көрнекті мемлекет қайраткерлерінің есімдерімен байланысты шығындығынан да болатын. Мысалы, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Тәуке ханның жеті жарғысы». Сондықтан қазақ қоғамында 1917 жылға дейін болған құқықты «қазақтың дағдылы құқығы» деп емес, қайта «қазақ құқығы» деп атау тарихи және ғылыми жағынан дұрыс болады. Қазақ құқығының бұлай аталуы құқылық әдет-ғұрыптың да, сондай-ақ кейбір реттерде (аса көрнекті билердің шешімдері) би (сот) өсиеті ретінде құқылық мән алған би шешімлерінің де маңызын ешбір кемітпейді. Керісінше, би өсиеттері санының едәуір көп болуы олардың авторларының белгісіз емес, қайта олардың болғанын атап көрсетеді, мұның өзі
құқылық әдет-ғұрыпқа тән. Құқық магистрі Ж. Ақбаевтың қазақ құқығын анықтауға сіңірген ғылыми еңбегін атап өте келіп, сонымен бірге оның бұл проблема жөнінде айтқандарының бәрімен бірдей келісуге бола қоймады. Ж. Ақбаевтың кейбір пайымдаулары, біздің пікірімізше, өмір шындығына сай келмейді немесе кем дегенде, даулы болып табылады. 1927 жылы жазылған «Қазақ халқының шығу тегі туралы тақырыптағы баяндаманың тезистерінде» Ж. Ақбаев «қасқа жол», «ескі жол», «ақ жол» сияқты қазақ құқығын түсіну үшін түйінді терминдердің этимологиясын анықтауға әрекет жасады. «Ақ» сөзінің шығуын түсіндіргісі келген Ж. Ақбаев былай деп жазады: «Қазақ тілінде «Х» әрпі жоқ, ал арабтың «хақ» деген сөзін қазақтар «Ақ» (ақ-хақиқат) деп өзгерткен де, бұл сөз қазақтарда азаматтық құқық алған».
Шынында да, «Хақ» термині арабтардан алынған. Көпше түрінде «хұқұқ» болып айтылатын «Хақ» құқық, ақиқат, шындық, әділеттілік дегенді білдіреді. Ол түркі халықтардың тілдерінде Х1 ғасырда тез енді. Оны Ж. Баласағұни кеңінен пайдаланған. Оның философиялық – құқылық шығармасы «құтты білікте» «хақ» жиі қолданылады. Аталған дастаннан кейбір жолдары келтірейік. Онда бұл термин субъективті құқық ұғымын білдіру үшін қолданылған.
5579. Бұқарада үш хақың бар сенің де, Құлағыңа құй оларды тегінде:
5580. Біріншіден, қадірленсін жарлығың, Не болса да тез тындырсын
54
Ф-ОБ-001/033
барлығын.
5581. Екіншісі, қазына хакын жемесін, Ей колы ашық, дәл уағында төлесін.
5583. Өтер болсаң, сен өзіңнің хақыңды, Олар да өтер қарызынды ақынды.
«Хақ» термині одан кейін де субъективті құық мағынасында қолданылған. Ол әділеттілікті, ақихат пен құдайды білдіру үшін пайдаланылған. Сонымен бірге шетелдік «хақ» термині ғажайып өзгеріске ұшыраған. Өз мәнінде қала отырып және түркі халықтардың құқылық санасына еніп, «хақ» термині «Ақ» (әппақ) деген нағыз түркі сөзі түрінде егіздің сыңарын тапқан. Ал бұл сөздің қазіргі кезде де оның мың жыл бұрын болған мәнінде қолданылып отырғанына еш күмән жоқ. «Кодекс болған Куманикуске» (Х111 ғ.) жүгінейік, онда латын сөздерінің түрік тіліндегі мәні берілген:
латынша түрікше қазақша
colores чаndlач түстер (рең)
albun ac ақ
niqrum chara қара
blaum coc көк
janum sari сары
Сөздікте «Ас» (Ақ) сөзінің түсті білдіруінен басқа мәні бар. Тазалықты, ақтықты білдіретін «ақ» сөзі кейін арабтың «хақ» терминімен үндестігі себепті жаңадан әділеттелік, ақихат, шындық мағынасына ие болған. Ж. Ақбаевтың «ақ» сөзінің құқылық мәнін негіздеуден тұратын ғылыми еңбегін атап өте келіп, сонымен бірге оның қазақтар «хақ» сөзін «ақ» деп өзгерткен деген пікірмен келісу қиын. Қазақтар ертедегі кезден бері бүгінгі күнге дейін «хақ» сөзін оның өз мағынасында қолданып келді.
Жоғарыда атап атілгеніндей, қазақ қоғамында Қасым хан билеген кезінде орныққан құқылық жүйені халық «Қасым ханның қасқа жолы» деп атаған. Ж. Ақбаев «қасқа» сөзіне «бастың қасқасы, жарық, шырақ, ай» деген түсіндірме береді. «Қасқа жол» деген қос сөзді Ж. Ақбаев: «Қасқа жол – Айдың (құдайдың) құқығы немесе заңы, қасиетті құқық», - деп түсіндіреді. Оның
55
Ф-ОБ-001/033
пікірінше, «Қасым ханның қасқа жолы» - Қасым хан кезіндегі басты заң. Ж. Ақбаевтың осы пікірлерін анықтап көрейік. Ж. Ақбаевтың «қасқа» сөзі мәндерінің бірі – ай деп санайтыны «ай қасқа», «ай маңдай» тіркестерінің «қасқа» ұғымын білдіретіндігін аңғартуы болар. Әйтпесе қазақтар «айды» ешқашан «қасқа» деп атаған емес. Ал сонымен бірге «қасқа жол» деген қос сөз шынында да құқылық нормалар жүйесі (жиынтығы) ретіндегі құқық туралы халықтық ұғымды білдірген. Ж. Ақбаевтың «қасқа жол» - «қасиетті құқық» деген пікірімен келісуге болады. Мұнда асыра айтқандық жоқ. Егер халық құқықты әділетті құбылыс деп қабылдаса, әрине, ол халық үшін қасиетті болған. Бірақ Ж. Ақбаевтың «қасқа жолды» да «ай (құдай) заңы» деп атағанымен келісуге бола қоймас. «Қасым ханның қасқа жолы- Қасым хан кезіндегі құдай заңы» болатыны неліктен? «Бұл арада мәселе, - деп жазады Ж. Ақбаев, - жазылып қойған заңдар немесе құқықтар жайында болмай, қайта құқық – айдан – құдайдан келген көк заңы туралы проблема айтылып отырғаны күмәнсіз. «Қазақ» деген халықтың және үш бірліктен тұратын «үш жүз» саяси одағының немесе қазақтың «үш жүзі» одағының құрылуы туралы заң, кезінде ҚҰДАЙДАН – АЙДАН рұқсат алған заң осындай естен кетпес әрі тарихи, оның үстіне айдан – құдайдан шыққан заң болып табылады»
Келтірілген пікірде кейбір қызықты және онша айқын емес жайлар бар. Біріншіден, Ж. Ақбаев қазақ қоғамының заңдары немесе құқығы жазылмаған деп санайды. Басқаша айтқанда, олар «құдайдан - айдан» берілген. Белгілі бір дәрежеде Ж. Ақбаевтың айтқаны дұрыс. Көптеген құқылық нормалар би үлгісінің (өсиетінің) нәтижесі ретінде, сөз жоқ, жазылмаған болатын. Сонымен бірге қазақтарда жазылған заңдардың болғанын толық теріске шығарудың негізі бола қоймас. Мысалы, ХVI ғасырда «Төру бітігі», яғни қыпшақ заңдарының жинағы осындай жазылған заң болды, оны әлі де зерттеу керек. Екіншіден, Ж. Ақбаевтың құқық, заңдар қазақтарға Көктен берілген деген пайымдаудың тарихи түсіндірмесі бар. Ертедегі түріктер, қазақтардың бабалары, өздеріне құқықтың, заңдардың Көктен (тәңірі) берілгеніне сенген. Орхон-Енесей ескерткішінде Тоныкөктің құрметіне мынадай жазба бар: «турк
56
Ф-ОБ-001/033
будун қанын болмайтын табғачда адырылты канланты…Теңрі анча теміс ерінч кақ бердім - өз ханы болмаған түрік халқы табгачтардан бөлініп шығып, өз ханы болды… Көк міне былай деген деп ойлау керек: «Мен саған хан бердім». » Демек, хандардың және олардың заңдарының көктен берілгені туралы ғасырлар қойнауынан келе жатқан түсінік Ж. Ақбаевтың пайымдауларынан көрініс тапқан. Ж. Ақбаев пікірлерінде халықтың өзінің құқылық жүйесі туралы, заңдар туралы түсінігі берліген деуге болады. Заңдарда адамдар жасайтын болғанымен, Ж. Ақбаевты құқықты құдайдай көрді деп кінәлауға бола қоймас. Біздің бұрын атап өткеніміздей, ол құқықтың халықтың тұрмыс жағдайларымен байланысын көрсетті. Сонымен бірге Көк пен Айды теңестірумен келісуге болмайды. Түркілер, қазақтар Көкке – тәңірге табынған, бірақ Айға, осы бір керемет аспан денесіне зор құрметпен қараған. Сондықтан Айды ең жоғары сезімдерін білдіру үшін пайдаланған және ерлерге де, әйелдерге де соның атын берген. Мысалы, Ж. Баласағұни дастаны «Құтты біліктің» атақты кейіпкері - «Айтолды». Ал әйелдердің есімдері - «Айгерім», «Айжан», «Айкүміс».
Ж. Ақбаев қазақтардың неке құқықтары мәселесі жөнінде бірқатар бағалы идеялар айтқан. Қазақтардың неке құқығы туралы мақала жазылған кезге қарай қазақ ғалымдарының да, орыс ғалымдарының да қазақтардың отбасы-неке құқығы туралы заң әдебиеті бай болатын. Отбасы-неке проблемаларын зерттеушілердің көпшілігі оларға этнографиялық тұрғыдан қарады. Олар құда түсу, тойға әзірлену ғұрпын, оның өткізілуін сипаттады, бұл үрдіске қатысушылардың қатынастарына этникалық баға берді. Ж. Ақбаев неке қатынастарының кейбір түйінді мәселелерін құқылық тұрғыдан қарастырады. Бұл орайда ол жекелеген құқылық терминдердің этимологиясын анықтауға әрекет жасайды.
Жазу-сызуы бар халықтарда, әдетте, некеге тұру үшін жазбаша шарт жасалады. Ал қазақтар шарт жасамаған, неке байланыстарын діни мекемелерге де, мемлекет те тіркемеген. Қазақтарда ауызша неке шартының өзіндік ерекше нысандары қалыптасқан, оның құқылық негізі ерекше заңдық фактілерден
57
Ф-ОБ-001/033
тұратын. Ж. Ақбаев былай деп жазады:«Қырғыздарда алғашқы неке шарты «қарғыбау» деп аталатын тартулармен бекітіледі. Көп жағжайда 1 түйеден және 1 жылқыдан тұратын бұл тартуды күйеудің ата-анасы жасайды. «Қарғыбау» сөзі: а) «бау» - жіп (шынжыр) деген сөздерден шыққан. Көрініп отырғанындай, «қарғы бау» тарту бір кезде қалыңдық пен қүйеудің ата-аналары арасында заңдық қатынастардың және мәңгілік байланыстың пайда болуына жәрдемдескен фактор қызметін атқарған. «Қарғы бау» тарту беріліп, алынғаннан кейін құдалар бір-біріне үйдің жанына қазыққа шынжырланған иттер сияқты байланып, маталған болды».
Ж. Ақбаев қазақтарда неке шарты бір-бірімен дәйегі де қисынды түрде байланысқан бірқатар заңдық фактілер негізінде пайда болатынын бірінші рет түсініп, көрсете білді. Неке шарты пайда болуы заңдылық факт қызметін атқарған «қарғы баумен» байланысты. Ж. Ақбаев «қарғы баудың»бір кезде заңды қатынастардың пайда болуына жәрдемдескен фактор қызметін атқарғанын арнайы атап көрсетеді. Сірә, ХХ ғасырдың басына қарай-ақ «қарғы баудың» бұрын болғанындай құдіретті заңды мәні болмаса керек. Сондықтан ол заңды мәнінен айырылған немесе онысын жоғалтқан. Мұндай пайымдаудың кейбір негіздері бар. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» «қарғы баудың» бір мағынасы туралы былай делінген:
«Құдаласқан адамның қалың малдың сыртында беретін ырымы». Көрініп отырғандай, авторлары «қарғы бауға» заң жүзінде мүлде ешқандай мән бермейді, өйткені оны «ырым» деп санайды. Бұған дәлел ретінде М. Әуезовтің «Қараш-Қараш» деректі хикаясына сілтеме жасалады: «Қоқыш, Сәрсен, Жарасбай болып ақылдасып, Бәйтен аулына қарғы бау мен қалың малды бірге қосып, қарбытып бір-ақ беріп жіберген».
Ж. Ақбаев «қарғы бау» мәнін түсінуге ғалым ретінде қарайды. Арнаулы құбылысты, бұл ретте неке шартын сипаттау үшін оның элементтерінің бастапқы мағынасының маңызы бар. Тіпті «қарғы бау»дербес заңдық мәнін жоғалтқан кездің өзінде де ол, дегенмен, неке шартын жасауға бағытталған
алғашқы қадам ретінде одан әрі өмір сүре берді.
58
Ф-ОБ-001/033
Қазақ халқының отбасы мен некеге байланысты мәселелерін терең зерттеген ғалым Х. Арғынбаев былай дейді: «…Қарғы бауы алынған қыз бұдан былай айттырушының заңды қалыңдығы боп есептеледі». Неке шартын одан да күшейте түсетін екінші салт «құйрық-бауыр» тағамын дайындап, оны қалыңдық пен күйеу ата-аналарының (екі жақ құдаларының) жеуі болды. «Құда түсер кезінде шарттың ресми жасалуы «құйрық-бауыр»асын жеумен ресімделген шартпен қосылып, бекітіледі. Қазіргі уақытта бұл шарт актісінің елеулі маңызы бар және шын мәнінде неке-шарт қатынастарының пайда болып, қалыңдық пен күйеудің ата-аналары арасында толып жатқан құқықтар мен міндеттер туғызады».
Сонымен, «құйрық-бауыр» жеу неке шартының түпкілікті жасалғанын көрсететін, мәні жөнінен неғұрлым зыңды екінші факт болып табылады. «Жақындық туыстығын түсіндіргісі келген қазақ, - деп жазады Х. Арғынбаев, - «құйрық- бауыр жескен құда едік» дейтін. Ал құйрық-бауыр жеудің мәні не? – десек, бұл – екі жақтың бауырласып, туыс болғанын көрсету белгісі. Құда болған екі жақтың бірі жазатайым бата бұзып, би алдына жүгініске барса, «ақ бата жасасып, құйрық-бауыр жесіп пе едіңдер?» - деп сұраудың өзі ілгеріректе мұның маңызды әдет екендігін дәлелдейді. Екі жағы құйрық-бауыр жегендерін мойындаса, билер бата бұзған жағына дереу айып кесетін».
Ж. Ақбаев қазақтарда неке шартын жасасудың заң жүзіндегі ерекшеліктерін көрсетіп қана қойған жоқ. Ол неке шарты қатынастарының субъектілері құқылық жағдайының ерекшеліктеріне назар аударды. Неке шарты шаңырақ көтеріп, үй болғысы келген әйел мен еркек арасында жасалмаған. Неке шартының субъектілері, бір жағынан, қыздың ата-анасы және екінші жағынан, күйеудің ата-анасы болатын. Сондықтан, Ж. Ақбаевтың дұрыс атап өткеніндей, неке шартын жасасу нәтижесінде қалыңдық пен күйеудің ата-аналары арасында толып жатқан құқықтар мен міндеттер пайда болады.Бұл құқықтар мен міндеттерді ол егжей-тегжейлі қарастырмайды, олардың жалпы мағынасы мен бағыт-бағдарын атап көрсетеді. Бұл орайда Ж. Ақбаев құқықтың шығу тегі мен мәнінің сол кезде Ресейдің кең таралған психологиялық теориясына сүйенеді.
59
Ф-ОБ-001/033
Ж. Ақбаев «құйрық-бауыр» жесу жолымен жасалатын неке шартының психологиялық мағынасы адам организміндегі қан түзуші мүше – бауырдың мәнінен туындайды. Түркілер туған аға-інілері мен апа –қарындастарын ежелден «бауырым» деп атаған. «Бауыр» жесуден аңғарылатыны, - деп жазады Ж. Ақбаев, - қалыңдық пен күйеудің ата-аналары туған аға-інілер мен апа-қарындастар сияқты туыстасып кетуге тиіс екендігін көрсетеді.
Осының нәтижесінде қалыңдық пен күйеудің ата –аналары адамгершілік-құқылық жағынан бірігеді және олар бір-бірі жөнінде өздерінің барлық байлығы мен мүлкін құрбан етуге тиіс. Олар – қалыңдық пен күйеудің ата-аналары (туыстар) кейінгі бірнеше ұрпақтар бойы туыстарға айналған. Неке шартынан туындаған бұл құқылық дәстүрдің тым еретеден келе жатқанын және ата-аналардың қоғамдағы өз жағдайын нығайту үшін әлеуметтік зор маңызы болғанын айта кеткен жөн. Бұл жөнінде «Талас ескерткіштерінде»қызықты мәліметтер бар: «Қыз берісіп, келін ічкәріп мің йыл түмән күнкі сақынч сағынұрлар» - «Қыз беріп, келін түсіріп, олар мың жылға және он мың күнге (бәрін) ойластырады». Демек, қазақтардың неке шартын құқық тұрғысынан ғана емес, психологиялық теория тұрғысынан да түсіндірудің негізі бар сияқты. Сондықтан қазақтың Ж. Ақбаев келтірген «күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық» деген мәтелі қазақтардың бұрынғы бөгде адамдардың туыстық топқа бірігуіндегі, жақындасуындағы неке одағының мәні туралы түсінігін көрсетеді.
Неке шарты жасалғаннан кейін сахнаға тікелей неке қатынастарының субъектілері ретінде күйеу мен қалыңдық шығады. Бірақ ерлі-зайыпты болардан бұрын күйеу ендігі жерде адамгершілік жағынан да, құқылық жағынан да еш маңызы жоқ, матриархат кезеңі ғұрпының қалдықтарын психологиялық жағынан маңызды жайт болмайтын бірқатар кедергілерден өтуге тиіс. Біздің пікірімзше Ж. Ақбаевтың оларды психологиялық құбылыс ретінде сипаттауы негізсіз де емес. Күйеу басқа рудан, қыз алып қашқысы келетін жау сияқты қабылданады. Ру мүшелері оған қарсылық көрсетеді, күйеудің серіктері мен қалыңдықтың туыс қыз-жігіттер арасында тартыс
60
Ф-ОБ-001/033
болады. Күйеу мен оның достары психологиялық жағынан жеңіліс тауып, тарту-таралғының көмегімен жеңіс шығуға дайын болуға тиіс. Тек содан ған қалыңдықтың туыстары «тартысты» доғарып «бақандарын» тастайды. Бірақ «қарулы» қарсылықты жеңген соң, күйеу мен оның достары басқа кедергіге – қартаң әйелдерге тап болады , олар қорғаушы міндетін атқарып, күйеуді қалыңдықтың ата-анасы үйіне өздерін «ит ырылдатар» деп аталатын тарту-таралғымен риза қылғанша жібермейді. Осы ғұрыпты сипаттай келіп, Ж. Ақбаев былай деп жазады: «Бұл тарту-таралғының психологиялық мағынасы мынада: бір кездерде әрбір қожайынның үйінде бірнеше қабаған ит болып, олар түнде есікті бұзып киіз үйге кіргісі келетін шақырылмаған жігіттерді үріп, ырылдап жиі ұстап беретін ұстап беретін болған. Киіз үйге кіру үшін шыныда да қалыңдықтың жақыт жеңгелеріне сыйлық беріп, аузын алу керек еді. әйтпесе, Шақырусыз келгендер қырғыз малының күзетшісі… иттермен бірге қиын жағдайда қалуы мүмкін болатын».
Қазақтың отбасы құқығын зерттеутін қорыта келіп, Ж. Ақбаев қазақтардың неке құқығына байланысты әрт түрлі ғұрыптарда, өз пікірінше, бұрынғы мәдени ерекшеліктердің қалдықтары бейнелейді, мұның өзі антрополог Тейлордың «… біздің психикамызда бұрынғы мәдениеттің әсер түріндегі түсініксіз нанымдарының сақталуы туралы» тұжырымдамасының дұрыстығын растайды деп атап көрсетеді.
61
Ф-ОБ-001/033
Қорытынды.
Кез келген мемлекеттің тарихы сол елдің, халықтың тәуелсіздік жолындағы саяси күресі тарихымен өзектес келеді. Ал саяси күрестің нәтижелі болып, алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруы оны басқарған қайтаркерлердің еңбегі мен басшылыққа алған саяси және құқықтық ілімдерінің өміршеңдігіне байланысты. Осы тұрғыдан келгенде демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудағы ұлы мақсаттарын жүзеге асыруға кіріскен Қазақтан Республикасының тұтас тарихын жасау үшін оның мемлекеттілігінің қайнар бастауына, әр дәуір, кезең сайын өсіп-өркендеп, қалың бұқараның басым көпшілігін өз соңына ерте білген, елдегі саяси күштерді, қозағлыстарды
біртұтас Алаш қозғалысына ұластырып, ұлттық-демократиялық бағыттағы Алаш партиясын ұйымдастырған, европалық үлгідегі Алашорда үкіметін құрып, соның нәтижесінде Алаш автономиясын жариялаған Алаш қайраткерлерінің өмірін және олардың саяси, құқықтық көзқарастарын зерттеудің маңызы ерекше болмақ. Сондықтан еңбегімізде Х1Х ғасырдың соңында Ресейдің аса ірі ғылыми орталықтарында білім алып, әуелі ағарту ісіне, кейін саяси күреске белсене қатысқан, біртіндеп оның қазақ даласындағы жетекші күштеріне айналған қазақ зиялыларының Алаш қозғалысы төңірегіне топтасуы, сол негізде Алаш партиярының құрылуы мен оның қызметінің басты кезеңдеріне жан-жақты баға берілді. Алаш партиясының негізгі ұйымдастырушылары европалық білім алған қазақ зиялыларының алғашқы буыны Ә. Бөкейханов, Ж. Ақбаев, Х. Досмұхамедов т.б. халық арасынан шығып, қазақ даласында оқу-ағарту, әдебиет пен публицистика саласындағы қызметті өрістеткен А. Байтұрсынов, М. Дулатов сияқты халық қайраткерлерімен ортақ мақсат жолында рухани және саяси одақ құруы Алаш қозғалысын қазақ даласындағы бірден-бір жетекші саяси асыру жолындағы іс-әрекетінің жиынтығы және оның петициядан бастап, Алаш бағдарламасына дейінгі формалары қазақ жаласында қалыптасқан жаңа құқтық доктринаны дүниеге әкелді.
62
Ф-ОБ-001/033
Оны жасауға ұлт-азаттық қозғалыс көсемі Ә. Бөкейханов бастаған қазақ зиялыларының алғашқы буыны, Ж. Ақбаев, Х. Досмұхамедов сияқты орта буын өкілдері және 1917 жылғы Ақпан төңкерісі кезінде Томск технологиялық институтының 5-курстында оқып жүрген Ә. Ермеков сияқты жас буын өкілдері, сондай-ақ ХХ ғасыр басында қазақ даласында шығармалары кеңінен тараған А. Байтұрсынов, М. Дулатов сияқты халқытың зиялы қауым өкілдері қатысты. Бұл Алаш қозғалысы мен олардың басшылыққа алған саяси және құқтық ілімін жасауға қазақ халқының зиялы қауым өкілдерінің барлық топтары қатырып, бүкіл қазақ қоғамын қамтыған саяси күш болғандығының айқын дәлелді болса керек.
63
Ф-ОБ-001/033
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Абжанов Х. М., Гуревич Л. Я. Интеллигенция Казахстан: история, теория, современность. Алма-Ата: Ғылым, 1992
Амелин П.П. Интеллигенция и социялизм. Л.: Изд-во ЛГУ, 1970.
Асфендияров С. Д. История Казахстана (с древнейших времен). Второе издание. Под. ред. проф. А.С. Такенова. Алматы: Қазақ университеті, 1993.
Ахмедов Ғ. Алаш «Алаш» болғанда. Алматы: Жалын, 1996.
Әбжанов Х.,Әлпейісов Ә. Қазақ интеллигенциясы мен мәдениеті туралы. Алматы, 1996.
Гуревич Л. Тоталитаризм против интеллигенции. Алма-Ата, А\О «Караван», 1992.
Жиренчин К. А. Политическое развитие Казакстана в ХІХ- начале ХХ веков. А., 1996.
Знаменский О. Н. Интеллигенция накануне Великого Октября. Л., 1988.
Казахстан в начале ХХ века: методология, историография, источниковеднение. Сборник статей. Алматы, 1993.
Кул-Мұхаммедов М. А. Жакип Акпаев. Патриот. Политик. Правовед. Алматы, 1995
Құл-Мұхаммед М. Алаш ардагері. Ж. Ақбаевтың саяси-құқылық көзқарастары. Алматы: Жеті жарғы, 1996.
Қозыбаев М.Қ. Ақтандақтар ақиқаты. Алматы, 1992.
Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. Алматы, 1995.
Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды. Алматы: Атамұра, 1993
Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. Алматы, 1995.
Тастанов Ш. Ю. Казахская советская интеллигенция (проблемы становления и развития). Алма-Ата: Наука, 1982.
64
Ф-ОБ-001/033
Мерзімді басылымдардан
17. Ақиқат – Ұлттық қоғамдық саяси журнал.
18. Қазақ тарихы – Қазақстан мектебі журналының екі айда бір шығатын
қосымшасы.
19. Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің «Хабаршысы» тарих сериясы.
20. Қазақ ғылым академиясының «Хабаршысы».
21. Егемен Қазақстан - Ұлттық қоғамдық саяси газеті.
22. Жас Алаш-Ұлттық тәуелсіз қоғамдық саяси газет.
23. Ана-тілі 1990 жылдан шығатын тіл және елтану апталығы газеті.
24. Қазақ әдебиеті – Қазақстан жазушылар одағы органының газеті.
Қожа Ахмет атындағы Халықаралық
Қазақ-Түрік университеті
Шымкент институты
Тарих факултеті
Студенттің дипломдық жұмысына
РЕЦЕНЗИЯ
Юсупова Гүлнұрдың диплом жұмысының тақырыбы “Жақып Ақбаевтың өмірі мен тарихи-саяси көзқарастары”
Студенттің мамандығы – 020340 – тарих.
Диплом жұмысының құрылымы екі тараудан, кіріспеден және қорытындыдан тұрады.
Бірінші тарауда Ж.Ақбаевтың өмірі мен қоғамдық – саяси қызметін зерттеуді бүгігі заман талаптары тұрғысынан саралап, ол туралы жанама түрде болса да пікір білдіруге тырысты.
Екінші тарауда Жақып Ақбаевтың саяси қайраткер ретінде қалыптасуына және оның дүниетанымы, тарихи-саяси және құқықтық көзқарасы эволюциясының ішкі мазмұнын, тарихи мәнін ашып көрсетті.
Дипломдық жұмысының материалдары жүйелі мазмұндалып, тараудан тарауға біртұтас еңбек қалыптасқан.
Жұмыстың дерек көзі ретінде хрестоматия, ғылыми әдебиеттер, интернет материалдарын қолданған.
Қорыта айтқанда, Юсупова Гүлнұрдың “Жақып Ақбаевтың өмірі мен тарихи-саяси көзқарастары” тақырыптағы дипломдық жұмысы Тарих мамандығы бойынша Қазақстан тарихи кафедрасының дипломдық жұмысы дәрежесіне лайық, дипломдық жұмыс қойылған мақсатына жетті.
Дипломдық жұмысының тілі жаттық, ғылыми деңгейде орындалған деп бағалаймыз.
Рецензия жазушының аты-жөні: Жүнісбаев .С.М.
Ғылыми дәрежесі және атағы: тарих ғылымының кандидаты
Жұмыс орны: М. Әуезов атындағы ОҚМУ
Қызметі: аға оқытушы
Қолы: ________________
Рецензиямен таныстым _______________________________________
Студенттің қолы, күні
Мамандар бөлімінің
бастығы
Достарыңызбен бөлісу: |