Екпе қалампыр шөп. Тік сабақты, топтасып өсетін, көпжылдық өсімдік. Мұны кейде «қытай қалампыры, балықшөп» деп те атайды. Кіндіктің қызарып қабынуы, несеп жолының қабынуы.
Екпе қараөлең. Шөптің жерүсті және масағын дәріге пайдаланады. Мұрынның қанауы, тұмау, тері қышымасы, үлкен дәреттің қан аралас келуі.
Екпе сарымсақ. Дәріге түйінін пайдаланады. Тұмау тиіп бас ауру, сүйел, жазылмаған сыздауықтарды емдегенде әсері мол, ұсақтап турап жейді.
Емен жапырағы. Жатыр түсу, тікішек айналу, несеп қан аралас келгенде.
Емен қабығы. Тіс еттері қабынғанда, суық тигенде.
Ермен. Көпжылдық шөптесін өсімдік. Асқазан, буын қабыну, ішектің жедел қабынуы.
Есекмия. Улы өсімдік, мал жемейді. Шөбі мен піскен жемісінен дәрі жасайды. Асқазан, шаш түссе.
Жабайы бұршақ. Жабайы бұршақтың сөлі дәрі болады. Жарақаттанған жердің ісінуі, зақымдану.
Жабайы долана. Асқорыту қызметінің бұзылуы, қан қысымын төмендету, таспақұртты түсіру.
Жабайы итмұрын. Асқазан жолдары мен зат алмасудың бұзылуына тұнбасын апта бойы ашқарында күніге ішеді.
Жабайы көкнәр. Өн бойы түкті, сындырсаң ақ түсті сұйықтық ағып шығады. Жемісі дәрі болады. Бас ауруы, демікпе, іш өтуде тұнбасын ішеді.
Жалбыз. Өне бойынан хош иіс аңқып тұратын көпжылдық өсімдік. Айналайын, жалбызым, қасиетіңді білгенде, өлмес еді жалғызым тіркесінде жалбыздың емдік қасиетін кейінірек, баласы шетінеп кеткесін барып байқаған адамның өкініші жатыр. Ал «жалбызды жерде жан қалар» тіркесі тікелей жалбыз өсімдігінің емдік қасиетіне байланысты алынып тұр. Оны халық өкпе қабынып ауырғанда, бүйрек, бауыр ауырғанда ем үшін пайдаланып келеді. Мысалы, ыстығы көтеріліп жатқан жас баланы жұлынып әкелінген жалбызға бірнеше сағатқа орап тастаса, ыстығы қайтады.
Жантақ. Тікенді, көпжылдық өсімдік. Қантышқақ, іш өтуде тамырын ыстық суға салып, тұндырып ішеді.
Жаңғақ. Құрамында белок, май, қант, А, С, Е витаминдері бар, ұзақ тәжірибе арқасында емшілер жаңғақтың сыртқы қабығы да, дәні де, майы да, ағашының гүлі мен діні, бұтасы мен жапырағы әртүрлі ауруды емдеуге қажетті дәрі екендігін анықтаған. Бел мен аяқтың қақсауы, жатыр мойнының рагы, қотыр ауруы, тышқанқорық ауруларына қолданған.
Жаужұмыр. Сасықтау иісі бар өсімдік. Тамырын дәріге пайдаланады. Дене әлсіздігі, қаназдық.
Жауқазын. Тамақ бездері қабыну, ісікке қолданады.
Желайдар. Көпжылдық өсімдік, шөптің тамыры дәрі болады. Қан тоқтату, несеп жүргізу, омырау сүтін молайтады.
Желқуар. Сарғалдақ тұқымдас өсімдік, дәріге жапырағын пайдаланады. Қышыма қотырға, асқазан қабынуына.
Жемжеміл. Көпжылдық өсімдік, хош иісті, бұрыш дәмдес келеді. Сулы ісік, тұмауға суға қайнатып ішеді.
Жерқонақ. Тамыр сабағы дәрі болады. Сары ауру, ішек қабынуы, жоғарғы тыныс жолының қабынуы.
Жиде. Бұтақтары тікенекті, құрғақ, тұзды жерлерде өсетін өсімдік. Күйік, қақырық түсіру, қан тыю, отқа, ыстық суға күйгенде.
Жолжелкен. Су ішінде өсетін өсімдік. Шиқан, қуық шаншу, несеп жолының қабынуына қайнатып ішеді.
Жоңышқа. Шөп тектес өсімдік, мал азығы үшін өсіріледі. Денені қуаттандыру, қол-аяқтың қалтылдауы.
Жусан. Жіңішке ауруына ішеді.
Жұмыршақ шөп. Бүйректің созылмалы қабынуы, қан қысымы жоғарылау.
Жүгері қабығы. Астық тұқымдас, біржылдық өсімдік. Қан тасу, өтке тас байлану, тершеңдік.
Жүрекжапырақ. Түйнек сабағы дәрі болады. Іш өтуге қайнатып ішеді.
Жібек қараған. Бұршақ тұқымдасына жататын бұта. Жүйке әлсіздігі, ушыққан жара, ұйқысыздық.
Жөтелшай. Көп жылдық дәрілік өсімдік. Жөтелшай медицинада жоғары тыныс жолдары қабынғанда қолданылады (Ә.Іскендіров).
Достарыңызбен бөлісу: |