Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет13/59
Дата28.04.2020
өлшемі0,95 Mb.
#64966
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   59
Байланысты:
Ауру атауларының семантика-лексикалық

Зығыр. Дәріге тұқымын пайдаланады. Асқазан, ішек ауруларына, күйікке, сусамыр, ұлғайған жара.

Изен. Жартылай бұта тәрізді өсімдік. Оны кейде жабайы сібірткі деп те атайды. Изеннің дәндерін емге қолданады. Несеп жолының қабынуы, сүйел.

Итжүзім. Шөп тектес улы өсімдік. Дәрі үшін тамырын пайдаланады. Бүйрек қабыну, қан тасу, шиқан, іш өткізу үшін ішеді.

Итмұрын. Жемісі сопақша, қызыл түсті, ішінде дәндері бар. Қан түкіру, безгек, тамаққа тәбетті ашу.

Итсигек. Үстіне қазанды жауып, күзде уын қырып алып, шыны құтыға салады. Уды өлексеге сепсе, аң атаулы сеспей қатады. Ал қышыма қотырға басқаша тәсілмен дайындайды. Тамырын келіге түйіп, ұнтақтайды. Ұнтақты шүберекке түйіп, суға бұқтырады. Бұқтырынды су ашып, дертке дауа дәрі болып тұрады [18;127]. Бұл өсімдіктің итсигек деп аталуы ит осы өсімдіктің жанынан өткенде бұтын бір көтермей өтпейтініне байланысты болуы керек.

Иісті қараөлең. Шөптің жерүсті бөлігі және масағын дәріге пайдаланады. Мұрыннан қан аққанда, тұмауда суға қайнатып ішеді.

Камфора. Дәріге жапырағын қолданады, одан камфора алынады. Іріңді бітеу жара, баланың таз ауруы, буын ауруларына. Камфораны күкіртке араластырып, күнжіт майына бұлғап, отқа қыздырып таңады.

Капуста. Бас ауруларына, тамақ баспасы.

Кәріқыз. Тамыры мен жапырақтарында емдік қасиет бар. Асқазаннан қан кету, бүйрекке тас байлану, сулы бөртпеге.

Кәуіл. Тарбиып өсетін түйнегі бар өсімдік. Асқазанға, жүрек ауруына, аяғы ауырған адамдарға.

Кендір дәні. Кендір тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдік. Қанды несеп келгенде, терлеп тоқтамағанда, ішектің бөгелуіне ішеді.

Көкбас||Шайшөп. Көпжылдық шөп тектес өсімдік. Бөбешіктің қызаруы, тістің қақсауы, іш ауыру.

Көкермен. Далалы жерлерде арамшөп есебінде өседі. Безгек, бауыр қабынуда тұнбасын қолданады.

Көкемарал||Жасақшөп. Ауыз уылу, жоғары қан қысымы, буын ауыру.

Күнбағыс||Күнбағар||Шекілдеуік. Асқазанға ас сіңбеу, жоғары қан қысымы, көкжөтел, күн өту, қан тасу, құстыру, тіс ауруы.

Күнжіт. Дәрі жасауға майын қолданады. Қан ауруларына майын ішкізеді.

Күнтуды||Құтаншөп. Асқазан, өңеш жарасы, сулы қотыр.

Күріш. Белсіздік, іш өтуге суын ішеді.

Күшала. Ыстық жақта өсетін улы емдік шөп. Жалпы күшаланы қолданған адамның өңіне қан жүгіріп, қуаты артып, бойын меңдеген ауруды жеңіп, содан күш алатын болғандықтан, өзіңмен бірген күш ала шық деген мағынада күш ал – күш ала – күшала атауы қалыптасқан болуы керек деп жорамалдаймыз дейді өз зерттеу еңбегінде Ш. Сейітова [19]. Көп жортқан ит күшалаға жолығар деген мақал бар. Ол әр үйдің есігінде жүріп, бұралқы болып өскен иттер ерте ме, кеш пе, әйтеуір, күшаланы үйден тыс жерден, даладан тауып алып, еркін жеуі мүмкін, ондай жағдайда ол қатты ауырады, тіпті, өліп те қалуы мүмкін. «Күшала жеген иттей» деген сөз содан қалған. Бет-ауыздың қисаюы, жарым дене жансыздану, таз ауруы.

Қарбыз. Өт және іш жүргізеді, бүйректегі құм мен тасты тазартуға емдік қасиеті зор. Халық медицинасында қарбыздың жемісін шемен мен сары ауруға қарсы қолданады [20;99]

Қауын сабағы. Аздап улы болады. Мұрынның ет өспесіне талқандалған қауын сабағын мұрынға насыбайша атса, мұрынның сары суы тамып, өспе кішірейеді.

Қауын тұқымы. Ауыз сасығына қауын тұқымын талқандап, ашқарында ауызды ысады немесе балмен араластырып дәрі жасап тіске басады.

Қожашөп||Қырангүл||Қарғалдақ. Белсіздік, қанды жара, тіс қақсау.

Түйетабан. Дәні дәрі болады. Безеу, қанды тыю, өкпенің іріңді ісігі, шиқан мен сыздауыққа қолданады.

Түйнеқонақ. Шөптің дәні дәрі болады. Бүкіл дененің қақсап ауыруы, тауықсоқыр, тіс қақсау, уланғаннан іш өту.

Түйіншөп. Іш ауыру, жүрек қалыпсыз соғу, жүйке бұзылғанда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет