Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет16/59
Дата28.04.2020
өлшемі0,95 Mb.
#64966
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   59
Байланысты:
Ауру атауларының семантика-лексикалық

Қойдың еті. Ауыр науқастан кейінгі әйелдердің денсаулығын қалпына келтіру. Мұны сорпалау дейді. Жылан шағу, балалардың мешелдігі, тұмау.

Қойдың қаны. Әйелдерде босанғаннан кейін болатын салқынқанды талма ауруы.

Қойдың қарны. Ішек жолдарының ауруына, әйелдер ауруына, құяңға қолданады.

Былғарының теріс беті. Сыртқы жараның қанауы. Отқа қыздырып басады да, көлемі үлкен болса таңып тастайды.

Тауық жұмыртқасы. Жұмыртқа қабығы, ағы, сарысы, қабықтың ішкі жұқа пердесі дәрі үшін пайдаланылады. Асқазанның жарасы, балалардың мешел ауруы, күйікке, пышақ кескенде.

Тоқылдауық еті. Қанды іріңді жара, мешел ауруы.

Өт сұйықтығы. Қасқырдың өтін көзге тамызса, көздегі ақ ұшады. Күбіртке шыққан саусақты сиырдың өтіне таңып қойса, жойылады.

Қимайы. Жер ошақта өртеген қойдың құмалағы мен қиының будақтаған қара қою түтінінің үстіне қазан төңкергенде, түтін біртіндеп жіңішке түтікпен жанындағы жабық ыдысқа тамшылап ағады. Қимайы дегеніміз сол. Ол дене қышымасына, тазға, мал қотырына мың да бір ем. [25;24]

Қойдың құлақ қаны. Бала жолдасын түсіру. Ертеде қазақтар құлақ қанды ыстықтай немесе суға араластырып ішкізеді.

Қойдың құйрық майы. Балалардың тұмауратуы, жөтелді басу, тері ауруы.

Қойдың өкпесі. Жөтел, ісікті қайтару.

Қойдың өті. Көзге ақ түсу.

Қойдың сүйегі. Аяқ-қол, саусақ буындарының оқыстан қайырылуы. Жас балалардың долылық ауруы. Қойдың тіс сүйегін күйдіріп, күлін ішкізеді.

Қойдың сүті. Тұмау, жөтел, кеңірдекше қабыну.

Қойдың тарамысы. Артқы сирақтағы ұзын сіңір. Тамаққа тұрып қалған сүйек және қылтанды түсіру. Тарамысын тарап жегізген.

Қойдың терісі. Желқұз, құяң ауруы.

Қойдың тоқішегі. Балалар шетпесі. Қойдың тоқішегін шажырқай майын сыпырмай, науқас баланың кіндігіне қойып, орап, терлетеді. Бұл балаларда болатын желшетпе деп аталатын аурудың емі.

Қоян. Бауыр әлсіздігіне, ұйқысыздық, шаш ағарудың алдын алу.

Құмырсқаның илеуі. Шықшыт безі қабыну. Илеуін суға шылап жуып, алқым, шықшыт тұсына қояды.

Қымыз. Ашытылған бие сүті. Асқорытуды жақсарту, ұйқыны түзету, арықтық, өкпе туберкулезі .Жамбыл атамыз: «Ауруға ем, сауға қуат, дәрі - қымыз» - дегендей, сары қымыз дертке шипа, денеге күш. Сары қымыз жаздың ортасында дайындалатын майлы қымыз. Қырғыздарда “қызыл қымыз” деп атайды.

Қырғауылдың еті. Ағарған шашты қарайту, көзге ақ түсу, ұмытшақтықты азайтады, жара.

Мәйкеқоңыз. Қоңызды ұстап алып кептіріп талқандап, құмырада сақтайды. Жазылмаған жара, қара теміреткіге талқандалған дәріні себеді.

Түйе. Еті, жүні, сүт, май, балқаймағы, боздағы, өкпесі, өркеш майы әрі азық, әрі денге шипа дәрілік қасиеттерге бай.

Түйе майы. Ақтаңлақ, бала көтермеу, қан ақса, т.б.

Түйе сүті. Асқорыту нашарлау, кеңірдекшенің созылмалы қабынуы.

Тезектас. Ауру жылқының ішек-қарнына байланатын тас. Ауру жылқы өлгеннен кейін, тасты алып, жуып тазалап, кептіріп, талқандап жасайды. Балалар талмасы, талма ауруы.

Сасықкүзен. Салмағы 1 кг, денесі сары, көбіне түнде жортады. Жіңішке ауруы. Сасықкүзенді тұтас өртеп, күлін талқандап, күлге ағаш қабығын қосып, қайнаған сумен ішеді.

Минералды және химиялық дәрмектер

Алғашқыда тек емдік қасиеті бар заттарды төрт түлік малдан, аң, құстардан іздесе, енді дәрілік шөп, түрлі дәріге қатысты тотияйын, алмас сияқты заттарды тауып алып, өздерінше емдеді. Олардың білім дәрежесі жетпегендіктен, бұл заттардан қазіргі кездегідей химиялық жолмен күшті дәрілер жасай алмаған. Осы сияқты емшілердің жұмысына молда, бақсы, балгерлер, ишандар үлкен зиян келтірді. Олар емшілікті білмесе де, өздерінше дем салу, үшкіру, аят оқу, ішірткі ішкізу, тұмар жазу, жаңа сойған қойдың өкпесімен қағу сияқты дөрекі әрекеттер жасады. Халық медицина өкілдерінің әр түрлі емдік тәсілдерін елеп-екшей отырып, олардың ең бағалы дәстүрлі жақтары пайдалануда жүрген дәрі-дәрмектердің үштен бірі, сол халық медицинасының қорынан келген.

Алмас. Ауру қоздырғыштарын өлтіру қуаты өте күшті және ауруды басуға көмектеседі. Алмас улы болады. Мерез жарасы. Алмасты майға немесе күкіртке өлтіріп, жараның бетіне жағады.

Күкірт. Тері ауруы, қышыма, тұмау, улы жәндіктер шағу.

Сандарас. Кендірден алынатын кристалл зат. Сандарас жер астында жұмсақ болғанымен, ауаға шыққанда қатты денеге айналады. Кен есебінде қазылып алынады. Жылан шағу, теміреткі.

Құрым киіз. Ескірген, ыс басқан тығыздалған киіз. Сыртқы жараның қанауына күйдіріп басады, өртеп күлін ыстықтай себеді.

Мүсәтір. Ақ түсті кристалл. Қазақ түсінігінде Жанартау маңында болады деген. Балық қылтаңы тамаққа тұрып қалу, қақырық түспеу, тамақ баспасы, шаштың түсуі.

Наркүміс. Су, спиртте еритін түссіз, мөлдір кристалл. Оны ғылыми тілде азот қышқыл күміс ерітіндісі деп атайды. Асқазан қышқылының көбеюі, көз дәнекер қабығының жедел қабынуы.

Сынап. Химиялық элементтердің бірі. Қолаңса, ешкіқотыр, мерез.

Сыр. Бас айналу, ұйқысыздық, жүректің тез соғуы.

Табиғи мыс. Сынық, жарақат.

Тотияйын. Мыс кендірінен қазып алынады. Баспа ауруы, денесі іріп кеткен адамды емдейді, көз ауруы, теміреткі.

Тазаланған сор. Әдеттегі малға беретін ащы суға қайнатып тұндырады. Ерітіндіні іші қатып, асқазан, ішек жолдарының ыстығы көтерілген адамға ішкізсе, ішті айдайды.

Ас тұзы. Азықтан улану, зақымдану, тіс ауруы, ісік, баланың іші кебу.

Ашудас. Кристалды зат. Жөтел, мұрыннан қан тоқтамау, сыртқы жараның қанауы, тіс ауруы, іріңді сарыбас қотыр.

Халық тіліндегі медицинаға байланысты атаулар- ерте уақыттағы түрлі қолжазбалар мен кейбірі ел аузынан жиналғандар. Жалпы халық тілі дамыған ауыз әдебиетімен тығыз байланысты, әсіресе сол кездегі Бұқар жырау, Ақтамберді, Тәттіқара, Махамбет, Шернияз, Дулат, Шортамбай шығармаларымен өте құнды болып келді. Бұлардың еңбектерінде аз да болса медицина лексикасы кездеседі.

Қазақ тіліндегі мыңдаған халық лексикалары қазақ тіліндегі медицина лексикасының толығуына тірек және сөздік қордың дамуына әсері зор, құрамында жүздеген сөздер мен сөз тіркестерін қамтыған байырғы халық лексикасы қазіргі қазақ медицина терминдік лексикасының қалыптасуына негіз болды.

Медицина ілімі басқа дүние жүзіндегі елдер сияқты қазақ елінде де сонау көне заманнан қалыптасып, дамып келе жатқан саланың бірі. Қазақ халқының алғашқы кездегі тұрмыс-тіршілігі өте ауыр болғаны бізге мәлім. Үнемі көшіп-қону машақатынан халық арасында ауру да көп болды. Қоғамның дамуына байланысты медициналық көмек түрлері де жетіле түсті. Сол кездегі пайдаланылып жүрген қазақтың емдеу тәсілдері қазір де халық медицинасында қолданылуда.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет