Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы


Емшілік және оған қатысты атаулар



бет19/59
Дата28.04.2020
өлшемі0,95 Mb.
#64966
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   59
Байланысты:
Ауру атауларының семантика-лексикалық

1.2.3. Емшілік және оған қатысты атаулар

Емшілік – діни сенімдердің негізінде сан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы адамның денсаулығына септігін тигізетін дәстүрлі кәсіптің бірі. Емшілік, шипагерлік кәсіпті әрбір этнос өзінің ру, тайпа, ұлыс, халық, ұлт болып даму кезеңдерінде өзінше қалыптастырып, өзінше дамытып келгендігі тарихтан белгілі. Қазақтың емшілік дәстүрі де діни сеніммен тығыз байланыста болып, ұзақ даму жолдарынан өтті. Емші – түрлі ауру-сырқауды емдеуді халықтық тәжірибе, халықтық білім бойынша меңгерген адам. Халық емшілері науқастың ауруын көңіл-күйіне, дем алысына, тамыр соғуына қарап анықтаған. Қазақ емшілері меңгерген тәсілдеріне қарай тәуіп, оташы, тамыршы, абыз, зікірші, балгер, жауырыншы, үшкіруші, сынықшы, бақсы, елті деп бөлінген.



Абыз. Көп білетін көріпкел, болашақты болжай алатын кемеңгер адам. Ол ауруға да дауа айтады. Мысалы: Абызы бар ғаламның болды Ұлықпан (Тұрманжанов).

Жоралғылық-мифологиялық сипаттағы магиялық сөздер мен киелі мәтіндерді қазақтар халық медицинасында емшілікке қолданды. Осының нәтижесінде Х.Досмұхамедұлы қазақ фольклорында емшілік халық әдебиетін бөліп қарастырады. Ол былай жазады: «Емшілік халық әдебиеті (лечебная народная литература) де өте бай және алуан түрлі.



Емшілердің басты өкілі қолына домбыра не қобыз ұстаған қазақ бақсысы. Емшілік әдебиетке мынадай өлең-жырлар жатады: арбау, дуалау, үшкіру, бақсылық, аспапта ойнау үстінде жын шақыру, отқа қақталған темірді жалау, билеу және аластау, көшіру, қағу секілді ауруға және өзіне жасалатын арбау әрекеттері» [27; 25].

Бақсы. Қобызда ойнау, отпен аластау, жын шақыру сияқты әртүрлі тәсілмен ауру адамды емдеуші. Енжарлық күйге түскен адамның психикалық күй-жайын білдіретін «жынын алдырған бақсыдай» тіркесіндегі «бақсы» - әр түрлі тәсілдермен (тамыр ұстау, дем салу, ойнау) ауруларға ем-дом жасаушы, тәуіп. Бұл тіркес ерте заманда шамандық рухымен ауруға ем беріп, зікір салған, рухы қозған бақсы-балгерлердің лезде құтыра соққан күшінен айырылып, бойын парықсыздық билеп, өңі кетіп, замырсыз тірі жанға айналған күйін көрсету негізінде қалыптасқан. Көшпелі халықтар ерте заманнан Тәңірге сиынды. Ал бақсылар Тәңірді аспанда деп түсінгендіктен, жындарын көкке қарап шақыратын болған. Бақсылар жын шақырып ойнайды. Мұны «бақсы ойыны» деп атайды. Осыдан кейін бақсылар шаршап құр сүлдері қалады. Соған қарап «жынын алдырған бақсыдай» деген тіркес қалыптасса, ал жын шақыру кезіндегі жыны жиналғанда бақсылардың тағатсыз, ашуланғанына қарап, жыны ұстау, жынын шақыру сияқты бақсылық өнерінен қалған тіркестер айтыла келе тұрақтанып, фразеологизмдерге айналған [28; 177]

Балгер. Ауру адамды бал ашып емдеуші.

Бұрқы. Бақсы, диуана.

Елті. Бақсы әйел.

Емші. Халықтық медицинамен айналысатын тәуіп. Емші Ахмет десең Зайсан жұрты түгел таниды (К.Сегізбаев).

Жауырыншы. Ет пен шеміршектен аршылып, пышақ жүзі тиіп жарақатталмаған таза қой жауырынына қарап бал ашушы, болжаушы. Жауырыншылар бұл күнде де ара-тұра кездесіп қалады (Ақназаров).

Зікірші. Ауру адамды діни сарында зікір салып емдейтін адам. Аса таяғын ұстап ойнақ салған зікірші де безек қағып жүр (С.Жүнісов).

Қалендар. Бал ашып, көріпкелдік жасап жүретін арқалы адам.

Құшнаш. Ем-дом жасайтын тәуіп.

Оташы. Пышақпен қан алу, кесу, сылу жолымен емдейтін адамды қазақ оташы дейді. Оташы шал епті екен. Шытынап кеткен сүйекті сыртынан сипап бір-бірлеп салды («Жүздесу»).

Сәуегей. Адам тағдырын, табиғат құбылыстарын, төтенше оқиғаларды күнібұрын аңғарып болжаушы. Ақтоқты сәуегей әкеге де сенбейді (С.Жүнісов).

Сүндетші. Жас баланы мұсылмандық рәсіммен сүндеттейтін адам.

Сынықшы. Адамның, малдың мертігуден сынған не буынынан шыққан сүйектерін орнына салушы, оташы.

Тамыршы. Тамыр ұстау арқылы адам сырқатын анықтап, ем-дом жасаушы. Менің әкем – тамыршы (Бегалин).

Ұшықтаушы. Сырқат адамды аластау, ұшықтау, үшкіру арқылы емдеуші.

Үшкіруші. Дұға оқып дем салып емдеуші.

Дарымшы (қан алушы) - адам денесіндегі арам қан мен сары суды сыртқа шығаруға әрекет жасаушы. Баяуға Құлжаман деген дарымшы дем салып отыр (Жансүгіров).

Тәуіп. Ұйғырлар біздің дәрігер атауымызды «табиб» деп атайды. Мұқият үңіліп, тереңірек көз жіберсек табиб – табу, яғни аурудың түрін ажырату, қандай ауру екенін белгілеу мәнінде екендігін аңғару қиын емес. Демек, табиб – диагноз қоюшы, табибия – диагностика мәнін береді деуге болады. Ал тәуіп – табиб сөзінің қазақшалағанда нұсқамасы емес пе? Өйткені түркілік тіл жүйесінде в, б, п, у дыбыстары алмаса қолданыла алады [29].

Кіндік шеше. Аяғы ауыр әйел босанатын күні нәрестені дүниеге әкелуге көмектесетін әйел. Ол тәжірибесі бар, егделеу әйелдерден шыққан. Баланың кіндігін кесіп, алғашқы суға шомылдыру ырымын жасап, анасына орап беріп, сол баланың кіндік шешесі атанады. [30;63]

Жарақшы. Ет жарақатын емдеуші. [31;84б]




      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет