Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет11/59
Дата28.04.2020
өлшемі0,95 Mb.
#64966
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   59
Байланысты:
Ауру атауларының семантика-лексикалық

Арпа жапырағы. Арпаның дәнін дәріге пайдаланады. Бауыр қабынуда ыстық суға салып, сұйықты сүзіп ішеді.

Арша. Асқазан ауруы, керең, тамақ ауруы, шемен ауруы, ішек құртын айдап шығуға арша ұрығын пайдаланады.

Аскөк||Жұпаршөп||Көжесай. Көкөніске жатады. Жылан шағу, қызылша сыртқа шықпағанда қолданады.

Асқабақ. Балалардың жұтқыншағы қабыну, жүрек әлсіздігі, көкжөтел, омырау сүтінің азаюы, ішті таспақұрт жайлау.

Атыз қырықбуын. Жарақат, несеп жолы қабыну.

Ашытқы шырмауық||Жалаңаш шырмауық. Жынды, есалаң аурулар, сіңір тартылуда қайнатып ішеді.

Ащы ермен. Буын қабыну, құлақ ауруы, тамақ ауруы.

Ащы өрік. Бұл жемістің аздап уы бар. Дәріге дәнін қолданады. Іш қатуға, бауыр қабынуына, жөтелге.

Ащы жабайы зығыр|| Ащы итжұмыршақ. Бүйрек қабыну, ішке су жиналу.

Ащы қарбыз. Өрмелегіш көпжылдық өсімдік, жемісі, тұқымы, қабығы бәрі дәрі болады. Жүрек шаншу, қақырық түспеу, омырау сүті шықпау, үн қарлығу, іш қату.

Ащы мия||Ақмия. Қышыма, бөрткен, іріңді шиқан.

Аюбалдырған. Шөп тектес өсімдік. Бел ауруы, артерияның қабынуы, қаназдық, сыздауық, шаш түсу.

Аюбас тікен||Үлкен ақтікен. Қан тасу, қан түкіру, күйік, сарыбас қотыр.

Әлбұршақ. Біржылдық шөптектес өсімдік. Тұқымын піскенде кептіріп алып, дәріге пайдаланады. Іш өту, дене әлсіздігі, шыжың.

Бадам дәні. Жоғарғы жағы жайыла өскен ағаш. Құлақ ауырғанда бадам майын тамызады.

Бақажапырақ. Есекжем бөртпесі, қызылшаның сыртқа шықпауы, несептің дұрыс келмеуі.

Бақбақ||Тозғанақ||Сарғалдақ. Асқазан жарасы, омырау безінің қабынуы, тамақ баспасы.

Балдыркөк. Демікпе, қан қысымының көтерілуі, сүйел, улану.

Балқарағай дәні. Жөтел, өт, несеп айдайды.

Балшық иірі. В.А.Меркулов еңбегінде бұл өсімдік Индиядан Португалияға XV ғ. әкелінген, сосын барып Европаға таратылған дейді. Дегенмен, осы өсімдіктің Европа мен батыс Азияға таралуы туралы тарихта бір аңыз бар. Бұрынғы жаугершілік заманда сарбаздар өзен-көлдерден айыр өсімдігінің өсіп тұрғанын байқаған. Сол сулардығы айыр тамырларын жинап алып, жол бойындағы кездескен суларға тастап отырған. Міне, осындай жолмен татарлар Европа жеріне осы айыр өсімдігін таратқан. Иір ауырған жерді тыныштандыратын, қақырық түсіретін, жел шығаратын дәрі ретінде көптен белгілі. Оған дәлел ретінде М.Қашқари сөздігінде әр нәрсенің алдын алу керек дегенді үндейтін «иірі болса, ер өлмес» тұрақты тіркесі бар.

Баяныш||Баялыш. Шөбі дәрі болады. Баспа, соқырішек, улы жәндіктер шағу, ыстықтан іш өту.

Беже. Бұта тектес кішілеу өсімдік. Жемісінен дәрі жасайды. Асқорытудың бұзылуы, балтыр еттің тартылуы.

Бидай. Көздегі ақты емдеу, омырау сүті шықпау.

Бозарша||Екпе арша. Қайызғақты кетіруде, ұйқы қашқанда, жүрек шаншығанда.

Бозермен. Жөтел, тұмау. Суға қайнатып ішеді.

Борпылдақ саңырауқұлақ||Тозғақ. Жарадан қан ағу, үн шықпау, тікішектен қан келу.

Бұйдакендір. Сабағы тік өсетін көпжылдық шөп тектес өсімдік, тұқымы, жапырағы, тамырынан дәрі жасайды. Қанды несеп келу, суға күю, сусамыр, тамақ ауруы, тершеңдік, улы жәндіктер шағу, іш қатуға дәрі есебінде қолданады.

Бірсала||Кемек||Боташақ. Тамырын дәріге пайдаланады. Есекжем, тұмаудан бас ауыру.

Гүлбуын. Босанғаннан кейін іштің ауыруы, көзге ақ түсу.

Дала жалбызы. Бауырдың алғашқы қатаюы, қан тамырлары бітелу.

Дала қараандызы. Асқазан қабынуы, тұмау.

Долана. Дәрілік мақсатта гүлі мен жемісін пайдаланады. Асқазан ауруы, жүрек ауырғанда долана гүлін ыстық суға салып, бықтырып ішеді.

Дермене. Шымкент облысының Шаян, Арыс, Шәуілдір аудандарында өседі. Бұрын халық медицинасы ішекте болатын құрт ауруларының бәріне қарсы осы дермене шөбін пайдаланып келген. Арабтар оны «киелі шөп» деп атапты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет