Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет30/59
Дата28.04.2020
өлшемі0,95 Mb.
#64966
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   59
Байланысты:
Ауру атауларының семантика-лексикалық

Жабығу. Жабырқау мен зарығу көңіл-күйлері арқылы білінетін көбіне бүркемелеу түрде өтетін жүйке-сезім сырқаты.

Жалақ. Ерін терісінің ауыртпалық шегуі, ісінуі, жарылуы.

Жалқақ. Көлкілдеп тұратын сұйқылтым жалқылдаған нәрсе, жалқаяқ.

Жаңғалақ. Медицина ғалымдарының тілінде – амнезия. Еске түсіру және есте сақтау қабілетінің жоғалу нәтижесінде адам жадының нашарлауы немесе жойылуы.

Жара. Іштегі дерт дүмпуінен, сыртқы зиянды әсерден адам денесіне бөртіп, ісініп, қызарып, іріңдеп, қабынып, сыздап, қақсап, қышытып шығатын тері аурулары. Жараның аузы бітеу болса, жағу қиын. 1. Аузы жоқ бітеу жара, өршіп, аузы шығып, жазылып кетуі ұзаққа созылады. 2. Бітеу жара адам. Сырын сыртқа шығармайтын адам. Сыздауық, көтібос жара, шиқан, қотыр жара, жаман қара, жел жара, бітеу жара – организм клеткаларының бұзылуынан болатын жара түрлері.

Жарақат. Адам не хайуан денесіндегі бұзылған клеткалар, жара түскен жер. Сырттағы заттардың қатты тию, ұрылу, соғу, кесу әсерлерінен адам денесінің жараланып, сыртқы терісінің тұтастығы бұзылып, зақымданған күйі.

Жауырынтақ. Жауырынның қалақ басындағы шеміршектің өсіп кетуінен пайда болатын ауру.

Жәншау. Балалар ауыратын жедел ауру. Ауа-тамшы жолымен таралады, жалпы интоксикация белгілерімен, баспамен, ұсақ нүктелі бөртпемен сипатталады.

Желдену. Ыстық, суық шығу деп те атайды.

Жел соқырішек. Ол ішкірне деп те аталады. Бұл ауру көбірек суықтан немесе аш-тоқтықтан пайда болады.

Жемсау. Бұғақ ауруы.

Жерік. Екі қабат әйелдің белгілі бір тағам түріне аңсары ауып құмарлануы. Ащы қуырдақ жеп жерігіңді бас, келін (Ақышев).

Жерік басу. Аяғы ауыр әйелдің белгілі бір тағамға тәбеті ашылу, оны жеп жерігін басады.

Жұлын дерті. Жұлын басының сұр қабатының қабынуы.

Жұтқыншақ қабыну. Жұтқыншақ кілегейлі қабығының қабынуы. Мұздай су ішуден, мұздаған зат жеуден, басқадай жұқпалы ауру салдарынан кейде қабынады.

Жүрек әлсіреу|| Жүрек баяулау. Жүрек соғысының әлсізденуі.

Жүрек қабыну. Жүрек етінің қабынуы. Жүрек серпінінің әлсіреуі, тыныс тарылу, ентігу, қан айналысы нашарлау, зат алмасуының бұзылуы, дененің әр жеріне ісік шығу т.б. сипатталатын дерт атауы.

Жүрек талмасы. Жүрек пен қан тамырлары қызметінің нашарлауы, қан айналысының бұзылуы сияқты белгілермен сипатталатын, жүрек ауруларын жиынтықтап белгілеу, жалпылап атау үшін қолданылатын термин.

Жылауық. Жылауық құртының адам мен мал ағзасына енуінен болатын ауру.

Жындану. Жын соғып ауыру, жынды боп кету.

Жырық. Ерін қызыл жиегінің шырышты қабығы мен терісінің кемістігі, мүкістігі.

Жотасындағы тікенді алу. Жаңа туған баланың жотасы ауырып, ұйықтамай алты айға дейін ауыртатын бала ауруы.

Зақым. Жара, жарақат.

Запыран. Өт сұйықтығының көбеюінен болатын ауру.

Зарығу. Көңіл-күйдің, жағдайының төмендеуімен, жігерсіздік пен тұрақсыздыққа тап болуымен білінетін сезім-жүйке ауруы. Себепсізден жылап, күлуден білінеді.

Зиянды ісік. Эпителий ұлпасының шала жетілген клеткасынан тұратын уытты ісік, өздігінен өсіп ұлғая береді. Кейде қатерлі ісік деп те айтылады.

Кекеш. Тұтығып сөйлейтін, жүйке-сезімнің ауруы.

Кекірік. Ауыз жолмен шығатын иісті ауа.

Кеңсірік ауруы. Бет сүйек қуысының қабынуы.

Кеңірдек кеңею, кернелу. Кеңірдек түтігінің кеңеюі. Ұзақ созылмалы өкпе ауруларынан болады.

Кеңірдек қабыну. Кеңірдектің кілегейлі қабығының қабынуы.

Кеңірдек - өкпе қабыну. Кеңірдекше мен өкпенің қабынуы.

Кеще. Туа пайда болатын, ақыл кемістігімен білінетін, сезім-жүйке қызметінің қалыптан төмен қызметімен білінетін ауру. О, кеще, су ми, неге атасың, есерсоқ (Жаркенов).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет