Көгала. 1. Адам денесіне көк таңдақ боп шығатын ауру. 2. Көгала ауруы келсін деп қарғау.
Көгеру. Қанның бір жерде азаюы және жеке бір органда қаназдық, ұлпаның белгілі бір бөлігінде артерия арқылы келетін қанның бояулауы немесе тоқталуы салдарынан онда қан толуының азаюын айтады.
Көкжөтел. Үсті-үстіне жөтелдіретін балалардың жұқпалы ауруы.
Көзді ақшел қаптау|| Көзді ақшел басу. Көз бұршағының зақымдану, қартаю салдарынан табиғи түсін жойып көрмей қалу.
Көздің қабатының қабынуы. Көз ағару, көз қарашығына ақ түсу, көзі көр болу, соқыр болу, жарық сәулесін сезбеу.
Көз сүйел. Көптеген аурулардың химиялық заттардың, сәуле тітіркенішінің әсер етуінен болатын дерт.
Көз тию. Бір тойда диуананың көзі тиіп, кезінде құлыншақтай ол да өлді. (И.Байзақов) Қазақтардың дәстүрлі наным-сенімдері бойынша жақсы адамға, жас нәрестеге, жүйрік жылқыға, әдемі қызға көз тиюі мүмкін. Жас балаға тіл-көз тимесін деп молдаға дұға жаздырып, бойтұмар жасап береді. «Тіл-көзің тасқа» деген қарғыс осыған байланысты. Жас баланы көз тиюден емдік «түкірумен» емдейтін қарт жастағы адамдар «түкіршілер» деп аталған. Әдетте көз тиген соң, адам бірден ауруға шалдығатыны ақиқат.
Егер де адамға немесе малға көз тисе, мұндай жағдайда «тіл кестіру» арқылы емдейді. Ауруға шалдыққан адамды бірнеше айларға жеке жатқызып, бақсылар емдейді. Емдеуден кейін құдайы ас беріледі. Көз тиген адамды Еуропаның дәстүрлі медицинасының дәрі-дәрмегімен емдеу көмектеспейді. Диабет ауруымен ауыратындардың көпшілігі шығыс емшілерінің топшылауынша сол көз тиюдің әсерінен болады екен.
Көнек – ісіп кететін ауру. Маңайдағы ел аштықтан ісіп, көнек ауруына шалдығып, жаппай қирап жатқанда, бұлар тала қоймаған (Қ.Ж). Көнек сөзі екі түрлі мағынада қолданылады: 1. «Бітеу жара » - тура мағынасы. 2. «Асқынып тұйыққа тірелген мәселе» - ауыспалы мағынасы. Тағы бір мысал: Ботагөздің бет-аузы көнектей ісік және сағалданған қанның жолақ-жолақ ізі (С.М). Көнек сөзі түрікмен тілінде қолданылады: онда көнек деп тұз салатын тері қапты айтады. Бұл сөз, көбінесе, мөлшерден тыс үлкен, қампиған, көлемді деген мағынада қолданылады. Сол себепті де көнектей сөзі ісік зат есімімен жиі тіркеседі.
Көкжөтел. Ауа, тамшы арқылы жұғатын, циклды ағымымен өзінше ұстамалы жөтелмен өтетін жедел жұқпалы ауру.
Көкпек. Арық баланың көгеріп, ісініп, тамыры адырайып, тарғыл болып кететін ауру түрі.
Көмейдің қабынуы. Көмей кілегейлі қабығының қабынуы.
Көршиқан. Май бездері мен түк баданасының қабынуы.
Күйез. Бойкүйез зақымдану, салқын тию, ауру салдарынан бұлшық еттің ісініп қатаюы салдарынан бас, мойын бұлшық еттерінің қозғалысының шектелуі.
Күйдіргі. Денені қатты күйдіріп, жандырып шығатын, адамға ауру малдан жұғатын іріңді жара. Халық арасында бұл ауруды халық емшілері темірді қыздырып, жараның бетін күйдіру арқылы емдеген. Бұл аурудың аталу себебі де осы күйдіру сөзімен байланысты шыққан болса керек.
Күйік. Адам денесінің отқа, ыстық суға күйген жері. Қазақ емшілері адам денесіндегі күйікті емдеу үшін әртүрлі халықтық дәрі-дәрмектерді қолданады. Алтай рауғашының тұндырмасы. Оның қайнатпасын, ұнтағын күйікке жағып емдеуге болады. Жұмыртқа уызы, сиырдың жас жапасы. Күйік қалған кезде жағылады. Тұз\\қара тікен тұз. Күйген жерге қара тікен тұзды майдалап сепсе, күйік тез қайтады. Ұлар еті, қаздың майы. Денеде күйіктің орны қалмас үшін жағылады.
Күл||Қырылдауық. Жалпы улану белгілерімен және қабыршақ тәрізді жабындылармен көрінетін ауыз жұтқыншақта жергілікті қабыну үрдісімен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.
Кісі өлімі. Тырысқақ ауруының тағы бір эвфемистік баламасы.
Қағынды. 1. Халық түсінігі бойынша ем қонуы қиын, асқынған, ұшынған ауру. 2. Қағынып, ұшынып қалған адам, құдай атқан, оңбаған. 3. Қағынды келгір! Бұл ауру атауы халық наным-сенімінде жын шайтанның соғуынан немесе қағуынан болады. «Қағынды» ауру атауының аталу себебі «қағу» сөзіне байланысты шықса керек [32;22]. Баласы екеуі де қағындыға шалдығыпты деген өсек дүр ете қалды (С.Жүнісов).
Қадақ. Қалыпты жағдайда көкіректен бөлінетін сұйықтықпен ылғалданып тұрады. Көкіректің жарақаттануы, қабырға араларының түйреп ауыруы. Асқынса іріңді қабыну түріне шабады.
Достарыңызбен бөлісу: |