Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет29/59
Дата28.04.2020
өлшемі0,95 Mb.
#64966
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   59
Байланысты:
Ауру атауларының семантика-лексикалық

Буынқұртбілдірмей жүріп, іштей жейтін жегі, буынды алатын құрт ауруы. Сөздің ішкі формасы атаудың мағынасын толық ашып тұр.

Буынның шығуы|| таюы. Құлау, тайып жығылу, биіктен секіру салдарынан буынның қалыпты орнынан қозғалып немесе мүлдем жылжып кетуі.

Бұғақ ауруы. Зат алмасуының бұзылуынан, йод алмасуының тепе-теңдігінің бұзылу салдарынан алқым безінің үлкейіп өсуі, тамақ ауруы. Кейде алқым ісу, жемсау деп те аталады.

Бүйрек қабыну. Бүйрек пен бүйрек түбегінің іріңдеп қабынуы.

Бітеу жара. Жүрек басына біткен бітеу жарадай. Жарақат алған жерге микробтар ену салдарынан уыты жайылып белгілі бір органда не тканьде тері астында, мида балқу реакциясы өршіп, іші іріңге толы қуыс, жан-жағы бітелген жара қалыптасады.

Делебе. Жұлынның сыртқы қабатының қабынуы.

Делбе. Көктем мен күзде қатты қозатын жүйке-сезім сырқаты, психоз түрі.

Делқұлы. Жүйке ауруының бір түрі. Көбіне тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болатын сезім ауытқушылығы.

Демігу. Сыртқы тыныс алу жетімсіздігінің жиі кездесетін тыныс алудағы қиналыс сезімі, ауру белгісі.

Демікпе. Бронхтардың әртүрлі тітіркендіргіштерге сезімталдығының күшеюімен жүретін, жалпылама ұстамалы тыныс жолдарының созылмалы қабыну ауруы. Кейде ентікпе деп те аталады.

Дерт. Адамға, жан-жануарларға қатысты ауру-сырқау, індет, кінәраттардың бір ауыр түрі. Дерт, әдетте, аурудың зардабынан, не басқа себептерге байланысты адамның көңіл-күйіне, қайғы-қасіретке байланысты әр түрде байқалатын жан азабы, жазылуы қиын індетке ұқсайтын ауру түрі. Өшпеген өртке, көшпеген дертке душар болма! 1. Кейбір ауру, дерт күшейе, асқына түссе, не оны емдеу барысында соған «жақын, жанасымды» екінші бір дертті қоздырып, ауруды көбейтіп алуы мүмкін; 2. Адам бойында ауруға ұқсас жаман әдеттер болуы мүмкін. Егер ол «дерттің» себебін, айықтыру «емін» өз кезінде дәл тауып емдемесе, ол асқынып, одан басқа жаман әдеттердің пайда болуына соқтыруы да мүмкін. Отыз екі дерт. Халық арасында «ел бойында отыз екі дерт бар» деп санайтын себебі: дерттерге тек шынайы дерттің өзі ғана емес, сонымен қатар өсек-аяң, күндестік, көреалмаушылық, көңілдің тарлығы, тоғышарлық тәрізді дертке балауға болатындай зиянды да зақымды көптеген жаман әдеттер бар.

Діңгене. Зат алмасуының бұзылуынан тістің қызыл иек еттерінің қанап ауыратын ауруы, қырқұлақ. Діңгене ауруынан көп адам қаза тапты (Т.Д).

Есалаң. Есі ауысқан, есуас, есерсоқ.

Есекжем. Қышытып, бөртіп шығатын тері ауруының бір түрі. Халық наным-сенімі бойынша, есекжем шыққан адам көйлегінің етегімен есекке жем берсе, денесіндегі қышымасы тез кетеді деген түсінік бар. Бұл аурудың атауы да осы есек сөзіне байланысты шыққан болса керек.

Есерсоқ. Есалаң, нақұрыс, жындану.

Есерсоқтық. Алаңғасарлық, ақымақтық.

Елі. диал. Көз ауру.

Елірме. Сезім жүйке ауруы тұқым қуалайтын сырқат түрі. Шизофренияның бір түрі.

Емшек ісу. Халықтық атауы – дәмету.

Ентікпе. Демікпе өкпедегі оттегі алмасуының жетіспеушілігі, керісінше, көміртегінің артуынан, ауаның жетіспеушілігінен болатын аурудың сипаты.

Еркек бедеулігі. Ет безінің қауіпті асқынулары аталық без семуіне әкеледі, еркектердегі бедеуліктің себебі болуы мүмкін. Басқаша еркектің ұрықсыздығы деп те атауға болады.

Ерін жалағы. Ерін қызыл жиегінің шырышты қабығы мен терісінің қабынуы.

Есекжем. Теріге қаптап қызыл дақ, түйіншек, күлдіреуік шығу.

Есалаң. Ақылынан адасқан, есі ауысқан, делқұлы.

Есуас. Кеще ауруының жеңіл түрі. Ақыл кемістігімен білінетін сезім-жүйке қызметінің қалыптан төмен қызметімен білінетін ауру.

Есірік. Көңіл-күйдің көтеріліп, жақсы сезіне қалуы, өзін шыдамды, күшті деп есептейтін сезім-жүйке қызметінің қалыптан тыс сипатымен білінетін ауру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет