Қайталама сүзек. Кейде қайтарма кезік деп те аталады.
Қалтыртпа. Жүйке жүйесінің зақымдануының мүйізгектену үрдісінің бұзылуы. Бұл жағдайда клеткалардың ядросы сақталып, түйіршікті қабаты жойылады.
Қан азаюы. Белгілі бір қан өлшеміндегі қанның қызыл түйіршігі санының қалыптан тыс азаюы.
Қаназдық. Белгілі бір қан құрамындағы қызыл түйіршіктер мөлшерінің азаюына байланысты пайда болатын сырқат.
Қан ауруы. Қан қысымының ұзақ уақыт көтеріңкі болуы.
Қан кету. Қан тамыры үзілген кезде одан шапшып қан ағуы.
Қан өту. Іштен қан өту, қантышқақ; дизентерия жұқпалы ауру, бактерияның әсерінен тоқішектің дисталь бөлігін зақымдап, оның салдарынан адамды уландыратын ауру.
Қан сию. Бұлшық еттің азғындап өзгеруі, осыған орай несеппен бірге сыртқа миоглобин шығу салдарынан туған ауру.
Қан тасуы. Қан қысымының қалыптан тыс көтерілуі салдарына белгілі бір ұлпаның не органның кернелуі.
Қантышқақ. Жұқпалы ауру бактерияның әсерінен тоқішектің кейінгі бөлігінің зақымданып қанды ірің аралас іш жүргізетін жұқпалы ауру. Ауру атауының мағынасы түсінікті.
Қан іркілу. Басқаша қан тоқталып қалу, іркілу. Ұсақ тамырларда, негізінен капиллярларда қан жүрудің тоқтап қалуы.
Қатерлі ісік. Эпителий ұлпасының шала жетілген клеткасынан тұратын уытты ісік. Қатерсіз ісік баяу өседі.
Қатпа. Нәжістің ұзақ уақыт іштен шықпай, ішті кернеуі. «Іш жүрмеу, іштің қатуы» деп те айтады.
Қияли ауру. Сезім-жүйке жүйесінің сырқаты; шизофренияның параноидты түрі. Ешкімге сенбейтін, өзінен-өзі тарылып, бір ойдың жетегінде кетіп, екіншісіне ауыса алмай, кейіннен сандырақ ойларға шалдығатын ауру.
Қолаңса. Шап пен қолтық астындағы тері бүкпелерінде жасырын асқынудан терінің қызарып, дымқылданып, қабыршықтанып бүлінетін, жағымсыз иісі бар тері ауруы. Асқына келе дақтар пайда болады.
Қорасан. Топалаң індетінің ескідегі аты. Шешек қара, су шешек, көк шешек деген түрлері бар.
Қотыр. Қотыр кенелері тудыратын, теріні зақымдайтын, денесін дуылдататын ауру. Басқаша қышыма, қыршаңқы деп те атайды. Қотыр қолдан жұғалы, пәле тілден жұғады. Қотыр жанасудан жұғатын ауру.
Қояншық. Денені құрыстыратын, жүйкені бұзатын ұзаққа созылатын ауру. Естен танып, ауыздан көбік шашып қалу, қол-аяқты делбеңдетіп, басты жерге соғып ессіз-түссіз күйге түсіреді. Есін жиғанда не істегенін білмейді.
Құлақтың қабынуы. Кейбір аурулардың әсерінен, не суық тигеннен құлақтың қабынып қақсап, қолды-аяққа тұрғызбай ауыртатын жіті ауру. Халықтың діни нанымы бойынша, қояншықпен ауырған адам даладан тірі қоянды ұстатып алып, оны кеудесіне қысып отыруы тиіс. Ол өзінің халі жақсарғанын сезген кезде, қоянды босатып жіберу керек. Сонда ауру қоянға өтеді деген түсінік қалыптасқан. Осыдан барып «қоянға шық» деген тіркестен қояншық ауруы пайда болған деп топшылаймыз.
Құныс. Омыртқа бағанасының сыртқа жоғары қарай қисаюы.
Құрғақ теміреткі. Індет ауруын тарататын дала тышқаны, егеуқұйрықтың бір түрі. Бұл тышқаннан жұғатын ауруды да «құлғана» дейді.
Құрқұлақ. Организмде С витамині жетіспегендіктен болатын ауру.
Құтыру. Арнаулы вирус тудыратын мал мен адамға жұғатын миды зақымдап, ми клеткаларында қалыптасатын аса қауіпті індет.
Қызамық||Қарамық||Ұшпа. Денесіне қызарған бөрткен шығып ауыратын жұқпалы балалар ауруы. Қызамық ауамен таралатын ауру, суық мерзімде жиілейді.
Қыздырма. Ауру салдарынан дене қызуының көтерілу салдарынан органдар мен жүйелеріне өзгеріс тудыратын құбылыс.
Қызыл жара. Ауыз ішінің, еріннің шырышты қабығының қан кернеп, қызарып айналасы шамадан тыс қабыршақтанудан басталады.