Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет34/59
Дата28.04.2020
өлшемі0,95 Mb.
#64966
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   59
Байланысты:
Ауру атауларының семантика-лексикалық

Өлі еттену. Ұлпалардың өлі етке айналуы, қалыбын мүлде бұзуы.

Өңештің қабынуы. Өңешке түрлі себептердің әсер етуінен туған зақымға қарсы бағытталған бейімделу реакциясы.

Сал ауруы. Жұлынның сұр затының қабынуымен өтетін жұқпалы ауру.

Самал. Мұрын сүйегін үңірейтіп жеп қоятын жұқпалы ауру.

Сарсу. Буын кілегейлі қалташық ішіне, тарамыс қынабына сулы жалтаяқтың не кілегейдің көп болып жиналуы.

Сары ауру. Р.Сыздықова өз еңбегінде «сары» сөзінің түр-түске қатыссыз үш түрлі мағынасын ашып көрсетеді. Мәселен, «сары алтын» дегендегі «сары» - парсыша «сары» сөзі, ол – «таза, қоспасыз, пробасы жоғары (алтын, күміс жөнінде)» деген мағынаны береді. Екіншіден, «сары уайым» тіркесін уайым-уайым болып, бір мағынаны екі сөздің қабаттаса айтылуынан пайда болған плеонастық тіркес деп көрсетеді, үшіншіден – түске қатыссыз сары бел, сары тау, сары жел, сары дала, сары тау сөз тіркестеріндегі сары сөзін «кең», «негізгі» және «айқын» деген мағынада жұмсалатындығын айтып өтеді [34;136].

Сары ауру бауыр және өт жолы ауруларының белгісі. Өт жолы ауырғанда өт ұлтабарға өте алмай, қанмен денеге жайылып, алдымен көзді, содан бүкіл денені сарғайтады [35;195]. Біздің топшылауымызша, «сары ауру» атауындағы «сары» сөзі түр-түске қатысты айтылған. Өйткені адам бұл ауруға шалдыққанда, денесі, көзі сарғайып, өзгеріске ұшырайды.



Сары безгек. Лептоспира деп аталатын қауіпті қоздырғыштар тудырады.

Сарыбуын. Қан құрамында зәр қышқылының көбеюінен оның натрийлік тұзының тіндерде жиналуынан дамитын созылмалы ауру.

Сарық\\ Сармас\\ Сарыауру\\ Сарылама. Бауырдың, өт қабы мен өт түтіктерінің зақымдануы, мұның салдарынан қан құрамында билирубин шектен тыс көбейіп, ұлпаларға шөгуі нәтижесінде денедегі органдардың сары түске боялуы.

Сарып. Адам мен малдарда кездесетін жедел немесе созылмалы түрде өтетін жұқпалы ауру.

Соз. Адамның жыныс органдарын мекендейтін жалғыз клеткалы қоздырғыштар тудыратын аса қауіпті жұқпалы ауру. «Жіңішке ауру» деп те аталады.

Соқыр. Көзі көрмеу, көзі ағып кету , көзді шел басу, көзі жақыннан көрмеу, көзі алыстан көрмеу.

Соқырішек. Тоқішектің баяу жиырылуынан, қабынуынан, іш қатудан, бүйеннің өсіндісінде өршитін сырқат.

Сом. Май бездерінің, терінің іріңдеп жедел қабынуы.

Суқараңғы. Көз бұршағының көгеріп бұлдырауынан көз қысымының әдеттегіден жоғары болуы.

Сусамыр. Организмде қант алмасуының бұзылуы, қанда инсулиннің жетіспегендігінен, қанттың көбеюінен болатын созылмалы ауру.

Сүйек маю. Организмде әк тұзының азаюынан ересек сүйегінің жұмсаруы.

Сүйек омалуы. Сүйек ұлпаларының сиреуі, созылмалы ауру.

Сүйек сырқырау. Сарып ауруының өте асқынған кезінде немесе сынық майып болған аурудың ауа райының қолайсыз кезінде, ылғал мен суықтан қатты қинап ауыртуы.

Сүйел. Көбіне саусақ, табан сырты, алақан, ерін жиегінде шығатын тегіс емес, сары, сұр түсті тері түйіншектер.

Сүт шықпау. Омырауда сүт түзілу қасиетінің жойылуы немесе мүлде тоқтауы.

Сынық. Сүйектердің әртүрлі себептермен шорт кетіп, жарылып сынуы, зақымдануы. Сынықтан өзгенің бәрі жұғады. 1. Сынық ауруында жұқпалы қасиет жоқ, ауру ретінде басқа адамға жұқпайтынын аңғартып тұр. 2. Жаман әдет, жағымсыз қасиет сынықтай емес, адамдардың барлығына жұға береді, одан сақ болу керек дегенді аңғартып тұр.

Сырқау. Аурудың жеңілдеу түрі, денесінің әр жері шаншып, сүйек-сүйегінің сырқырап ауыруы.

Сіреспе. Жедел өтетін жұқпалы ауру. Аурудан жүйке жүйесі қатты зақымданады.

Таз. Саңырауқұлақ деп аталатын ауру қоздырғыштар тудыратын, бастың терісі мен оның қабаттарын бүлдіретін жұқпалы ауру.

Талмаға ұшырау. қан келудің тоқтауы салдарынан ұлпа учаскесінің өлі еттенуі. Жүрек инфарктісі – қазақша жүрек талмасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет