Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы


Халықтық медицина атаулары мен эвфемизмдер



бет42/59
Дата28.04.2020
өлшемі0,95 Mb.
#64966
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   59
Байланысты:
Ауру атауларының семантика-лексикалық

2.2. Халықтық медицина атаулары мен эвфемизмдер
Ерте замандағы адамдар өздері себебін түсінбеген табиғаттың дүлей күштеріне, ауру індеттеріне үрейлене қараған. Олар дүниедегі барлық құбылыстар табиғаттан тыс күштер арқылы болады деп ұғынған. Әр аурудың, табиғи құбылыстардың иелері болады, олар адамдарға қасарланған кездерінде індет, ауру жібереді деп ұғынған. Сондықтан да олардың аттарын атамай, бұрмалап, өзге атаулар берген. Мұндай құбылыс тіл білімінде эвфемизм деп аталынады.

«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» еңбекте эвфемизм тәсілімен сөз алмастырудың бірнеше жолдарын көрсетілген [55; 123]. Біз сол жолдардың медицина атауларына қатыстысын ғана алып, жіктейміз:



1. Ауру аттары алмастырылады.

Қазақ халқының тарихынан оба, шешек сияқты аурулардың эпидемиясынан жаппай қырғынға ұшырағанын білеміз. Ауыр дерт жайлаған ауылдарға сырттан адам келтірмеу үшін ауыл сыртына қара ту іліп қоятын болған. Бұл сырттан келетін адамдарды аурудан сақтандыру үшін қолданылған. Адамдар қасарланады деп ұғынып, обаны (чума) – «апат», «қырғын», «бықпырт» және «тырыспай» деп табумен атаған. Дерттің балама атаулары оның өзгешелік сипатын көрсететінін, адамдардың жаппай қырылуына негізделінгенін көреміз.

Сол сияқты «шешек» ауруын да қазақ тура өз атымен атамаған. Ауру адамның өміріне қатер төндіріп қана қоймай, өзінің ізін де қалдырып кетіп отырған. Бұл жөнінде жазылған әдеби шығармалар да өте көп. Кесел жас-кәрі, бала демейді. Сондықтан да адамдар кеселдің атын атасақ, өзімізге жұғады деп қорқып, оны «әулие», «қорасан», «мейман», «қонақ» деп тұспалдап жеткізген. Мұнда аурудың ауыспалы атаулары эвфемизмдер екендігін көреміз.

Сол сияқты балалардағы «қызылша» ауруы да табу болып саналған. Бұл аурудан кейде бала өліп кетіп те отырғандықтан, адамдар үрейленіп, оны бұрмалап «қызыл көйлек» деп атаған. Адамдар ауру, дерт, кеселдерге ауыстырмалы атау берген кезде аурудың белгілерін, олардың өту харекеттеріне негіздей отырып, жаңа балама бергенін осы мысалдардан көруге болады. Өйткені бұл кеселмен сырқаттанған баланың денесі күйіп жанып, қызыл бөріткенге толып кетеді. Осыған орай бұл ауруды «қызыл көйлек» деп атаған.



Алапес (проказа) ауруы жұққыштығынан науқас адам тұрмақ, сау адамның құлағына жайсыз естіледі. Аурудың жұқпалылығына қарай атын тура атауға қорқып, бұрмалап айтқан. Қотыр, желдену, мақау, құлғана, жаман ауру деген табумен атаған. Ертеде бұл аурумен ауырған адамдарды қоғамнан аластап, шеттетіп отырған.

Эвфемизмдер ауру атауларын білдіретін сөздердің синонимдері ретінде сөздіктерге еніп отырғанмен, ауру атауларының бұрмалануына байланысты бұл лексикаларды эвфемизмдерге жатқызамыз.



Рак ауруының эвфемизмі адам мүшесінде кездескен жеріне қарай аталады. Мысалы, өңеште болатын рак қылтамақ, қызыл сүйек деп аталса, дене мүшесіндегі басқа «рак» «жаман ісік», «қатерлі ісік», «зиянды ісік» деген эвфемизммен аталып жүр.

Бұлардың кейбірі халық арасында тараған лексикалар болса, қалғандары дәрігерлік этикаға байланысты пайда болған.

Бұл мысалдардан эвфемизмдердің аурудың сипатын, белгісін білдіретіндігін көреміз. Адамдар ауру атауларын бұрмалап көрсеткенде, көбінесе осы ерекшеліктерді назарға алатынын байқадық. Мұндай эвфемизмдерге тағы да мысал келтірейік.

Аурудың сыртқы сипатына, жалпы белгілеріне қатысты туған эвфемизмдерге «қызамық» (краснуха) ауруының жанама атауларын алайық. Оларға қарамық, ұшпа лексикаларын жатқызамыз. Бұл эвфемизмдер аурудың сипатын білдіріп тұр.

Сол сияқты, сөздікте аударылмаған дизентерия ауруының халық арасында айтылатын бірнеше эвфемизмі бар. Ертеде бұл аурудың ауыр түрінен науқас адам өліп кетіп отырған. Адамдар бұл аурудың өз атын тура атауға қорқып, әртүрлі атаған. Күнделікті қолданыста «қантышқақ», «іріңді жалқық», «қанды іш өту», «іш өту» сияқты эвфемизмдері бар. Бұлар тек ауызекі тілде ғана емес, сонымен бірге дәрігерлік, медициналық еңбектерде, зерттеулерде терминдік лексика ретінде қолданылып, сіңісіп кеткенін көруге болады. Сонымен, медицина лексикасындағы эвфемизмдер медик ғалымдар мен дәрігерлердің науқас адамның және оның туған-туыстарының көңілдеріне тимеу үшін және сөздің жалпы жағымсыз әсер қалдыратынына байланысты ауру атауларын бұрмалап, өзге сөздермен айтуынан немесе дерттің атын білдіретін басқа сөздерді пайдалануынан келіп шыққан. Эвфемизмдер сыртқы тұлғасы жағынан ауыспалы мағыналы сөздерге ұқсас келеді. Олар кейде ұқсату арқылы жасалынса, кейде іргелес, шектес белгілерге байланысты жасалынады. Мысалы, «безгек» - “малярия” (лихорадка) ауруының жалпы белгісіне қарай бірнеше эвфемизмдер жасалынған. Олар: қыздырма, қызба, қалтырама. Бұлар, бір жағынан, «безгек» сөзінің синонимдері болса, екінші жағынан, эвфемизмдер болып табылады. Яғни эвфемизмдер медицина лексикасында ауру атын білдіретін сөздердің мағыналас лексикалары бола алады.

Ертеде адамның сүйек-сүйегінің сырқырап ауыруы, буындардың қақсауы ескі жұртты басқаннан немесе көне молалардың үстінен жүргенінен болады деп сенген. Сондықтан буын ауруын бірнеше атаулармен жанамалап атаған. Бұл ауру сөздіктерде аударылмай, латын тіліндегі «ревматизм» деп берілгенмен, ауызекі тілде аруақ , буын қабыну, омал деп эвфемизм түрінде айтылуда.

Халқымыз денеге шыққан сыздауықты тікелей атауға тыйым салған, атын атамаған, себебі атын атаса, сыздап ауырады деген түсінік басым болған. Ауру атауы шиқан деп жұмсартылып аталған. Туберкулез ауруын жұмсартып, өкпенің қабынуы, сары ауруды бауыр ауруы деп атау орын алған. Күнделікті өмірден жиі байқап жүргеніміздей, ем қонбайтын, беті бері қарамайтын дерттердің тура атаулары, әсіресе науқастанып жатқан адамның көзінше аталмайды. Бұлай ету науқас адамның көңіл-күйін құлдыратып жібермеу үшін де, оның айығып кетуіне сенімін арттыру үшін де өте қажет екені кімге болса да түсінікті. Ал шындап келгенде, кейбір аурулардың тура атаулары, науқас адам түгіл сау адамның да төбе шашын тік тұрғызып, денесін түршіктіреді. Мәселен, қылтамақ, құрт ауруы, мерез немесе құлғана деген сөздердің өздері тұрмақ, олардың ғылыми тілден берік орын алған рак, туберкулез, сифилис сияқты баламалары да бұл күнде құлаққа жылы тие қоймайды.

Алайда тілімізге енген халықаралық медициналық терминдердің ішінде эвфемистік қызмет атқаратындары да жоқ емес. Мысалы, қояншық, мешел, шыжың сияқты құлаққа оғаш естілетін сөздердің орнына эпилепсия, рахит, диабет деген терминдерді қолдану анағұрлым ұтымдырақ, өйткені ол терминдер науқас адамдардың да, сау адамдардың да құлағына жұмсақтау тиетіні сөзсіз.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет