Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы


Халықтық медицина атауларының фразеологизмдердегі көрінісі



бет45/59
Дата28.04.2020
өлшемі0,95 Mb.
#64966
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   59
Байланысты:
Ауру атауларының семантика-лексикалық

2.4. Халықтық медицина атауларының фразеологизмдердегі көрінісі
Тіл мен мәдениеттің, рухани байлықтың қарым-қатынасы ғалымдардың назарынан ешқашан тыс қалмаған. Бұл жөнінде В.М.Мокиенко “... более двухсот лет пытаются раскрыть происхождение тех или иных пословиц и поговорок, увидеть за ними истоки русской национальной культуры или бытовых представлений, прочесть скрижали забытого прошлого”, - деп дәл көрсеткен [59].

“Өнер алды – қызыл тіл” деп, тілді ерекше дәріптеген халқымыздың тіл байлығына, әсем сөз кестелеріне қайран қалмасқа шарамыз жоқ. Бұл ретте тіліміздегі фразеологизмдер қорының молдығы назар аудартпай қоймайды.

Фразеологизмдер – ауызекі тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалған тұрақты сөз тіркестері. Олар тілде даяр тұрған единица ретінде, тұлғасын өзгертпей қолданысқа түседі. Фразеологизмдер мәнерлі сөйлеу, ойды әсерлі жеткізуде таптырмайтын тілдік әрі көркемдік құралдар.

Фразеологизмдердің құрамында өткен өмірді бейнелейтін сөздер мен сөз тіркестері көптеп кездеседі. Бірақ олардың көбі күнделікті қарым-қатынаста айтылса да, бәрі бірдей бүгінгі ұрпаққа түсінікті бола бермеуі де мүмкін. Олардың арасында қолданыс аясы тарылып, о бастағы мағынасының күңгірттеніп, не мүлдем ұмыт болғандары да аз емес. Бұлардың этнографиялық мазмұнын, дәстүрлік қолданысын зерттеу – этнолингвистиканың үлесіне тиген міндет.

Медицина атауларының бір ерекшелігі – олардың халық ауыз әдебиетінде, фразеологизмдерде мол қолданылуы. “... Устойчивые выражения, отражая историю народа, его традиции и обычаи, составляют образно-фоновую основу языка, без раскрытия которой невозможно объяснить появление самой фразеологической единицы. Очень часто подобные поиски ведут исследователей в область обычаев, нравов, социально-исторических явлений” – деп көрсетеді белгілі түркітанушы З.Г.Ураксин [60]. Осы ретте медицина атауларына қатысты тұрақты сөз тіркестері назар аудартады.

Тілдің бейнелілігі мен байлығын арттыра түсетін сөздің ауқымды бөлігін құрайтын тілдік бірліктер – тұрақты тіркестер.

Тұрақты тіркестер – халықтың тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, әдет-ғұрпы мен салт-санасының, өмір сүру ортасының көрінісі.

Фразеология – құрамы мен құрылымы тұрақты, сөйлеу кезінде конструкцияланбай, даяр қалпын сақтай отырып қолданылатын, мағына тұтастығы мен тіркес тиянақтылығы тән, бейнелі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы.

Академик Ә.Қайдардың «Этнос және оның тілін біртұтас, өзара тығыз байланысты құбылыс деп қарасақ, тіл қоғамда тек сол этностың қарым-қатынас құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар оның бүкіл рухани, мәдени

байлығының куәгері іспетті барлық болмысы мен өмір тіршілігін, дүниетанымы мен әдет-ғұрпын бойына сіңіріп, ата мұрасы асыл қазына ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын қызметі тағы бар» [61;69], - деген тұжырымы тілді зерттеудің этнолингвистикалық негізін белгілеген.

Сондықтан халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, ой-санасы, болмысы тілі арқылы көрінетіндіктен, біз бұл мақалада халық шаруашылығының бір арнасы болып табылатын халықтық медицина атауларының қазақ фразеологизмдеріндегі көрінісіне тоқталамыз.

Қазақ тілінің фразеологиялық сөздіктерінде халықтық медицина атауларына қатысты көптеген тұрақты тіркестерді кездестіруге болады. Мұндай фразеологиялық тіркестердің тілдік-танымдық мәнін ашу арқылы тіліміздің ұлттық мазмұнға бай көркемдік таным әлемін, философиялық түсінігін, рухани болмысын тани аламыз.

Тілімізде халықтық медицина атауларымен келетін көптеген тіркестер кездеседі. Мәселен, «жегі» - ауру атауы, бет терісінің туберкулезі; волчанка. Осыған байланысты «жегідей жеу», «жегідей кеміру» тіркестері ауыспалы мағынада қолданылады, білдіретін мағынасы – «қатты уайымға түсу». Мысалы: Сенің халің жанымды жегідей жейді.

Сондай-ақ, «жегі құрт» тіркесінің беретін мағыналары:

а) жай көзге көрінбейтін құрт, микроб;

ә) меңдеп алған іштегі қайғы, дерт.



«Оба»(чума) деген ауру атауымен «обадай опты» деген тіркес қолданылады, ол «түк қалдырмай, сыпырып жалмады » деген мағынада жұмсалынады. Бүгін бәріңді бірдей обадай обамын деп қаһарын төгіп отыр (Ғ.С)

Сонымен қатар, безгек масасы арқылы жұғып, тоңдырып, дірілдететін жұқпалы ауру атауымен байланысты «безгектен тұрғандай»(малярия) тіркесі қолданылады, білдіретін мағынасы – қан жоқ, сөл жоқ, әбден арыған.

Тілімізде «шемендей шер байлану» - қайғы-қасірет, уайым, шерге түсу деген мағынаны білдіретін тұрақты тіркес ұшырасады. Шемен – қол-аяғы жіңішкеріп, іш қуысына сары жалқаяң толып кететін ауру. Мысалы: Кеудеме шемендей шер байланып, мазасыз күйге түстім (Ж.А).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет