Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы


Халықтық медицина атауларына байланысты қалыптасқан дисфемизмдер



бет44/59
Дата28.04.2020
өлшемі0,95 Mb.
#64966
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   59
Байланысты:
Ауру атауларының семантика-лексикалық

2.3. Халықтық медицина атауларына байланысты қалыптасқан дисфемизмдер

Қазақ тілінде басқа дисфемизмдік атаулар сияқты, дене мүшелері мен ағзаларына, ауру-сырқауларға байланысты пайда болған дисфемизмдер де жиі қолданылады.

Мұндай дисфемизмдер жағымсыз эмоционалды-экспрессивтік мағына үстеп, ауру, дімкәс адамды кемсіту, менсінбеушілік реңкін беріп тұрады. Мысалы: - Манағы таскерең, үндемес төр алдында ұзынынан ұйықтап жатыр (Д.Досжанов). Таскерең. Бұл сөз құрылысы жағынан күрделі: Тас+керең. Тас сөзі керең сөзіне күшейтпелі реңк беріп тұр. Құлағының мүкісі бар, саңырау деген мағына береді. Аталған сөздің құрамындағы сыңарлары екі түрлі сөз табынан болғанынан қарамастан, біртұтас лексикалық мағынаны білдіреді.

Дене кемістігін білдіретін дисфемизмнің бірі – шойнақ. Бұл сөз тілімізде аяғының сылтымасы бар деген мағынада жұмсалады. Шойнақ сын. – бір аяғы бір аяғынан қысқа, ақсақ. Шойнақ деуші еді оны, енді екі теңеліп кетуге жақын (Ғ.Мүсірепов). Бұл сөз адамның дене мүшесінің кемістігін әсерлей көрсетіп, жағымсыз мағына тудырады.

Оған ұқсас тіліміздегі шолақ сөзі де дене мүшенің кемтарлығын көрсетеді. Мысалы:

Алыс жерден келіп ем,

Белі талды шолақтың,

Дәм бұйыртса бүгінше

Сіздің үйде болмақпын (Өлген қазан).

Шолақ сын. Қол не аяқтың кемтарлығы, мүгедек. Біздің пәтерімізге кіріп алған шолақ қол комиссар барлық үй сайманымызды алып қойды (М.Әуезов). Бұл сөз негізінен халықтың күнделікті ауызекі тілінде жұмсалады. Көркем әдебиетте кейіпкерлердің тілінде ғана беріледі. Мысалы: Қап мына қаңғыбас шолақтың көрсеткенін-ай маған (М.Қаназов).

Шұнақ дисфемизмі көркем әдебиетте «құлағы кесілген» деген мағынада қолданылады: - Құлағы жоқ шұнақ би, құйрығы жоқ шолақ би, екі рулы елді араздастыруға келдің бе? – дейді [58; 56]

Адам денесіндегі кем-кетікті білдіретін сөздердің бірі – мықыр. Мықыр сын. Бойы қысқа, аласа, қортиған. – Дөңгеленген жирен мұрты бар мықыр шалдан бір қарыстай ұзын Ғайни кетіп барады (О.Бөкеев). Көбіне-көп кейіпкерлерді суреттеу үшін пайдаланады. – Емугановты төменгі шендер «мықыр» деп атап кеткен (Х.Есенжанов).

Әйел адамның физиологиялық өзгерісіне байланысты айтылатын дисфемизмнің бірі – буаз сын есімі. Түсіндірме сөздікте мынадай анықтама берілген: Буаз сын. 1. Құрсағында төлі, баласы бар; туатын (мал, хайуан). 2. Екі қабат, аяғы ауыр. Сөйтіп Бозмұнай балаға зар болып жылап жүргенде, қатыны буаз болып, бір ұл табады (С.Сейфуллин).

Ындыны кебу. – Талап алсын ындыны кепкен сорлыларың (М.Қанаев). «Ындыны кебу» біздің түсінігіміздегі «таңдайы кебуді» білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет