Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы


II ХАЛЫҚТЫҚ МЕДИЦИНА ТЕРМИНДЕРІНІҢ МӘДЕНИ ТІЛ БІРЛІКТЕРІНДЕГІ КӨРІНІСІ



бет40/59
Дата28.04.2020
өлшемі0,95 Mb.
#64966
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   59
Байланысты:
Ауру атауларының семантика-лексикалық

II ХАЛЫҚТЫҚ МЕДИЦИНА ТЕРМИНДЕРІНІҢ МӘДЕНИ ТІЛ БІРЛІКТЕРІНДЕГІ КӨРІНІСІ
2.1. Халықтық медицина терминдерінің мақал-мәтелдердегі көрінісі

XXI ғасыр тіл білімінде мақал-мәтелдер паремиологияның зерттеу нысанына айналып, антропоцентристік бағытта қарастырылуда. Қазақ паремиологиясының антрополингвистикалық бағыттағы дербес пән ретінде қалыптасуының теориялық тұжырымдамасын негіздеу Ә.Қайдар есімімен тікелей байланысты. Ғалым өзінің «Халық даналығы» атты еңбегінде тілдің адамның ойлауы мен қабылдауы, танымы мен пайымдауы сияқты әрекеттерімен тығыз байланысына жүгіне отырып, тілде пайда болу, қалыптасу, даму үрдістерін анықтайды, атқаратын функционалды қызметіне, қолданылу, жұмсалу жағдаяттарына тоқталады, мақал-мәтелдерді топтастырудың ғылыми принциптерін айқындап, этномәдени және этнофилософиялық астарын, адам табиғатын тануға бағытталған ішкі мазмұнын ашудың жолдарын, әдіс-тәсілдерін ұсынады. Ә.Қайдардың бұл еңбегі қазақ паремиологиясының фразеологиядан бөлініп шығып, антрополингвистикалық бағыттағы дербес ғылым саласы болып қалыптасуына қажет алғы шарттарды нақтылап, паремиологиялық зерттеудің ғылыми принциптерін, мақсат-мүддесін, көтерілер проблемаларын, зерттелер қырларын айқындап бергендігімен құнды.

Ә.Қайдар қазақ мақал-мәтелдерінің шешімін толық таба алмай жатқан проблемалары қатарына теориялық жағынан мақал-мәтелдердің гомоцентристік принципін, мақал-мәтелдердің абстракциялану мотивтері мен логика-семантикалық жіктеу принциптерін, фразеологизмдерден өрбуі, ал практикалық жағынан қазақ мақал-мәтелдерінің түсіндірме сөздігін жасау тәжірибесін жатқызады [47;50].

Ә.Қайдардың жетекшілігімен бұл проблемалар әр қырынан зерттеле бастады. Мәселен, қазақ мақал-мәтелдерінің танымдық-прагматикалық аспектісіне арналған Д.Бегалықызының кандидаттық диссертациялық жұмысы [48]талдаудың лингвистикалық және логика-пәлсафалық түрлерін тоғыстыра отырып, мақал-мәтелдерді «тіл және таным сабақтастығы» призмасында қарастырған алғашқы ғылыми ізденістердің бірі.

Ш.П.Қарсыбекова қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің мағыналық жіктелу принциптері мен логика-семантикалық және заттық-тақырыптық топтастыру принциптері жан-жақты сөз болады [49].

С.Қанапина Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов прозасындағы мақал-мәтелдерді, афоризмдерді жинақтап, топтастырады [50].

Паремиялар тіл иесінің дүние бейнесін танытатын құрал және оны қалыптастыруға қатысатын тілдік модельдер болғандықтан, оларды «тіл және ұлт мәдениеті» контексінде қарастырып, лингвомәдениеттанымдық тұрғыдан талдаудың маңызы зор.

Ұлттық менталитетіміздің тілдегі ерекше жарқын, мәнді де маңызды өрнегі болып саналатын ММ-дер – қазақ этносына тән дүниетаным мен сананың айқын айғағы, халық даналығы мен философиялық толғанысының, эстетикалық танымы мен тағлым-тәлімінің, өркениеті мен мәдениетінің – барша болмысының қайнар бұлағы.

ММ-дер – халық даналығының қазына байлығы, ол – ғасырлар бойы қалыптасып, сол халықпен мәңгі-бақи бірге жасап, біте қайнасып, етене сіңісіп кеткен дүние. Тіл мүмкіндігі шектеліп, сөз байлығы мен көркемдігі, оралымдылығы жетіспей жатса, даналық ой-пікір де шарықтап дамымауы мүмкін. Атам қазақтың «Халық даналығы - тілінде» деп ескертуі де осыған байланысты болса керек.

«Тазалық – денсаулық кепілі» дейді қазақ. Сондықтан тазалыққа ерекше мән беру керек, әсіресе, ауызсу, азық-түлік, ыдыс-аяқ тазалығына мән беру керек.

Қазақта «Меңдуана - еміңіз,ешкінің майы - жеміңіз» деген мәтел бар. Бұл мәтелге қарағанда, меңдуанада шипалық қасиет барын қазақтар ертеде-ақ білген сияқты.



Жуа – жеті дертке дауа. Халықта шөппен емдеу әдісі кең өріс алған, әсіресе жуаның емдік қасиеті ерекше деп саналады. Оны құрт ауруына, суық тигенде қолданатын болған. Сонымен бірге қазақ халқы басқа да дәрілік шөптермен емделу арқылы айығып отырған.

Ауруда алғау жаман, адамда жалқау жаман. Сондағы алғау – уайым-қайғы. Егер сен науқасқа тап болған соң уайым-қайғыны қоса көтеріп алсаң, онда ол жығылған үстіне жұдырық болып тиеді, сондықтан ауру адамда көтеріңкілік, сергектік болу, аурумен айқасқа түсе алатын қайрат-жігер болу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет