Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы


Cалт-дәстүрлердегі медицина ұғымдарына этнолингвистикалық сипаттама



бет38/59
Дата28.04.2020
өлшемі0,95 Mb.
#64966
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   59
Байланысты:
Ауру атауларының семантика-лексикалық

1.3. Cалт-дәстүрлердегі медицина ұғымдарына этнолингвистикалық сипаттама

Ішірткі. Ақ шыныаяққа ішірткі қып, мынаны жазып ішкізді (С.Торайғыров). Молдалардың науқас адамға жазып беретін дұғалық қағазы. Ауырған адам оны суға езіп ішуге немесе бойында сақтауға тиіс. Өйткені дұғаның қасиетімен адамдар басына түскен дерттен айығады деп ойлайды.

Атау-кере. Әл үстінде жатқан науқас адамның бой жасаған кезінде оған соңғы рет арнайы тамақ дайындалып беріледі. Оны атау-кере немесе атау деп атайды. Тіліміздегі «атау-кереңді ішкір», «атауыңды же» секілді қарғыс мәнді сөз орамдары осыған орай қалыптасқан.

Әйелді босандыру тәсілдері. Әйел толғатқанда арқанға керіп, бел тарту әдісін көбірек қолданған. Нәрестенің кіндігін кесіп болғаннан кейін, баланың жолдасы жоғалып кетпесін деп кіндікті әйелдің аяғына байлап тастайды. Толғағы жеңіл болсын деп отқа май құяды.

Жарысқазан – екіқабат әйелдің қиналмай босануы үшін жасалатын ырым [ҚТС, 215]. Жергілікті тілде: әйел босанардың алдында қасына жиналған абысын-ажындарының ырым қылып пісіріп жейтін тамағы. Осы мағынада Монғолияда түратын қазақтардың тілінде кездеседі. Бұл күні қазанға бидай қуырып:

Бала бұрын түсер ме екен?

Бидай бұрын пісер ме екен?– деп айтады .

Кей жерде жарысқазан деп толғата бастаған келіннің енесі қыстай сақтаған жылы-жұмсағын қазанға салып, “жарысқазан” асу қамына кіріскенін айтады. Бұл келін тез босансын деген ниеттен туған ырым [39;71].



Жерік болу – екіқабат әйелдердің белгілі бір тағам түріне аңсары ауып, құмарлануы, көбінесе ет тағамдарына [ҚТС, 234]. Мысалы: ‘Бүркіттің және тағы бүркіттің миына жеріген жас келіннен ұл туса, қырағы, алғыр болар ма? – деп дәмеленген Бікән. Біздің тұқымның еңсесі түскен туын болашақта сол көтерер ме?”.

Ал қырғыз халық ауыз әдебиетінен: “баатырдын энеси да жолборс этин укмуш бир әкешке талчак” деген сөйлемдерден әйелдің жолбарыс етіне жерік болғанын байқауға болады. Этнографиялық деректерде жерік болған әйелдің тілегі міндетті түрде орындалған деп көрсетілген. Мысалы, қазақтар шошқа етін жемеген, алайда жерік болса, әйелге берген [40;92].

Көркем шығармалардан мысал келтірейік:

Алғашында келіншек: “Мен бұл баламның тұсында аюдың етіне талғап ем. Ұл тусам, әкемнің сендердегі кегін қайтаратын осы болар деп, көзін ашпай тұрып қалмаққа сіңіріп жібермекші ем”, -депті. Ондай ұлдан арғын тіріде айрылсын ба! Дүзей жеңгесін алдына өңгеріп ауылға алып келіпті. Екінші жолы келіншек: “Бұл баламның тұсында аққарабас ісектің басына талғап ем, ұл тусам, сендерден әкемнің кегін қайтаратын осы бола ма деп төркініме апара жатыр едім”, -депті. Ондай ұлдан айырылып арғынның басына ат теуіп пе! Дүзей жеңгесін тағы да ауылға қайтарып әкепті. Үшінші жолы келіншек: “Бұл баламды ай мүйізді ор қошқардың олжа торсығына талғап ем. Өзі ғана емес, тұқым теберімен батыр, қол бастаған қошқар болады ғой деп ем. Ең болмаса, осынымды қазақтарға бұйыртпай, төркініме сіңірейін деп едім” -депті (Кекілбаев, Үркер 108).



Жеңсік ас - ерте кезде бұл атаумен сирек кездесетін тағамдарды не жемістерді де атаған. Мысалы, “Тегінде құм қазақтары дақыл тағамдарын жеңсік ас санаса, бау-бақша, түйнек атауларын көздің құрты дейді” (Домбаев, Жаман жәутік). Немесе: “Дастарханның салтанатында да қапы жоқ. Қырда күнде ұшыраса бермейтін таңсық тағамдардың түрі бар, жал-жал бауырсақ, ірімшік – құрт, шара-шара қуырдаққа көзін сүрінеді” (Кекілбаев, Бәсеке, 270) деген сөйлем жолдарын кездестіруге болады”.

Осы ретте ғалым Ә.Нұрмағамбетовтың: “... тіркестегі жеңсік сөзінің мағынасын түсіндіру үшін біз қазір қолданылып жүрген “дәмді”, “нәрлі” сөздерін алсақ та болады. Өйткені түркі тілдес халықтардың бірі – туваларда “жеңсік” – дәмді, нәрлі мағынасында қолданылады” деген пікірін қолдаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет