Кіріспе Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындары



Дата29.03.2017
өлшемі183,44 Kb.
#12462
Қимыл қозғалыс ойындары


  1. Кіріспе


Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындары


  1. «Өз орыныңды тап»

  2. «Қаршыға мен үйректер»

  3. «Көтеріп кет»

  4. «Ботақан»

  5. «Қарақұс пен балапандар»

  6. «Алтын дән»

  7. «Қуғыншыдан құтқар»

  8. «Мысық пен тышқандар»

  9. «Жүгіріп өт»

  10. «Допты»Жолбарыс ұстайды»


Су ішінде ойналатын ойындар


  1. «Өткел» ойыны

  2. «Шортан» ойыны

  3. «Туннель» ойыны


Аз қимылдайтын ойындар мен көңілді жарыстар


  1. «Шатаспа» ойыны

  2. «Мұрын-құлақ-мұрын» ойыны

  3. «Ұстаппайтын жіп» ойыны

  4. «Үштен-екеу» ойыны


Үзіліс кезінде орындалатын қимыл-қозғалыстар


  1. «Асық үйіру» ойыны

  2. «Шертпек» ойыны

  3. «Кім тез» ойыны

  4. «Шапалақтау» ойыны

  5. «Шортан» ойыны

  6. «Бер де отыр» ойыны

  7. «Екі шеңбер» ойыны

  8. «Құйын» ойыны

  9. «Жүйрік пойыз» ойыны

  10. «Қақпан» ойыны

  11. «Сыныптар» ойыны

  12. «Допты жіберме» ойыны

  13. «Пошта барлық қалаға барады» ойыны

  14. «Кездесу» ойыны

  15. «Допты қуалау» ойыны

  16. «Көңілді жарыс» ойыны

  17. «Джонгли» ойыны

  18. «Аяқты жерге тигізбе» ойыны

  19. «Соқпа доп» ойыны


Кіріспе
Бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі сабағының мазмұны негізінен қозғалмалы ойындардан тұрады. Қозғалмалы ойындарды өткізу күрделі педагогикалық процесс екенін ескере отырып, олардың өту барысын мынадай үш кезеңге бөлуге болады: 1) ойынды өткізер алдындағы даярлық жұмысы, 2) ойынның басталуы мен ойналу барысы, 3) ойынның аяқталуы.


  1. Ойынды өткізер алдындағы даярлық жұмысы№

Қандай да болмасын дене тәрбиесі сабағын өткізу үшін сабақтың мақсатына қарай оның жоспары жасалып, ойындар іріктеліп алынады. Бұл іріктеліп алынған ойындардың қандайы да болмасын балаларды сабаққа ынталандыру қажеттігін ұмытпаған жөн. Ойынды өткізу алдында оған керекті жабдықтардың бар-жоғын, жеткіліктігін, сабақ өткізілетін орынның дайындығын білу керек.


  1. Ойынның басталуы мен ойналу барысы.

Мұғалім жасалған сабақ жоспарының негізінде ойынды қалай өткізу жолын таңдайды. Ойынды бастау алдында уақытты көп ктеірмес үшін оның ойналу тәртібін яғни ережесін ауызша баяндаудан гөрі балаларды дереу ойынды бастар қалыпқа тұрғызып, өзі көрсетіп, ойнатқаны тиімді. Сонда ол балаларға ұғынықты болып, ойнаған кезде ойын ережесі бұзылмайды. Жалпы, ойынның ойналу барысы оқшылардың дайындығына, ынта-жігеріне байланысты.


  1. Ойынның аяқталуы. Ойын сабақтың негізгі бөлімінен кейін өткені оқушылардың шаршау-шаршамауына байланысты қайталанады. Сабақта бірнеше ойын ойналатын болғандықтан, бір ойынды ең көп дегенде 2-3 рет қайталаған жөн. Әр ойын ойналып, оның қорытындысы шығарылып болғаннан кейін ғана келесі ойынды ойнау басталады.

Мысал ретінде «Бір орында тұрып екі аяқпен ұзындыққа секіру» дейтін тақырыпты 4-сыныпқа қалай өткізу қажеттігін қарастырайық. Ол үшін сабақ жоспарын жасағанда ең әуелі жалпы дамыту жаттығуларын іріктеп, жүйелеп алып, сабақтың мақсатына қарай міндетті түрде дайындық жаттығулары орындалады.

Сабақтың мақсаты бір орында тұрып екі аяқпен ұзындыққа секіру болғандықтан, 10-12м жерге дейін бір орында тұрып бір аяқпен секіру, екі оқушы екі жағынан ұстап тұрған жіптің үстінен секіру т.б. даярлық жаттығулары өткізілген соң, тікелей сабақтың мақсатын орындау жұмыстары басталады.


Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындары
Қимыл-қозғалыс ойындары ұлттық ойындардың негізінде пайда болып қалыптасқан. Олардың спорттық ойындар сияқты ережесі болады. Бірақ қимыл қозғалыс ойындарының ережесі спорттық ойындарға қарағанда қарапайым әрі жеңіл болады. Және спорт құрал-жабдықтарын көп қажет етпейді.

Төменде әрқандай ұлтардың қимыл-қозғалыс ойындарының үлгілері берілді.


«ӨЗ ОРЫНЫҢДЫ ТАП»
(Италиян халқының ойыны)
Ең алдымен санамақ арқылы ойын жүргізуші сайлап алынады. Ол шеңбер жасап тұрған ойыншылардың сыртында қолына орамал ұстап тұрады.

Ойын ойын жүргізушінің шеңберді айнала жүруінен бастайды. Ол жүгіріп келе жатып орамалды бір ойыншының иығына іле кетеді. Иығына орамал ілінген ойыншы орамалды ала салып, ойын жүргізушіге қарама-қарсы бағытта шеңберді айнала жүгіреді. Осы кезде шеңберде тұрған ойыншылар оның босаған орнына жылжып тұра қояды. Ал қарама-қарсы жүгіріп келе жатқан екі ойыншының қайысы әлгі жабылып қалған орынды дәл тауып тұра қойса, сол жеңіске жетеді.

Ойынды әрі қарай ұмтылған бала жалғастырады.
«ҚАРШЫҒА МЕН ҮЙРЕКТЕР»
(Саха халқының ойыны)
Алдымен санамақ арқылы қаршыға сайлап алынады. Қалған ойыншылар үйректер болып есептеліп, олар арақашықтығы 10-15 м болатын екі шеңбердің (көлдің) бірінің ортасында жүзіп жүреді.

Ойнауға белгі берілген кезде үйректер екінші көлге ұшып барып қонулары керек. Сол кезде оларды қаршыға бір-бірлеп қуып ұстауға тиіс. Ұсталған үйректер ойыннан шығып, ұсталмаған ойыншылар арасынан жаңа қаршыға сайланып, ойын әрі қарай жалғаса береді.

«КӨТЕРІП КЕТ»
(Қазақ халқының ойыны)
Ойыншылар екі-екіден арқаларын бір-біріне тақап жүрелеп отырып, қолдарын шынтақтан айқастырып ұстайды. Мұғалім: «1,2,3, ауылым менің жайлауға көш» дегенде, екеуі де алға қарай еңкейіп, бірін-бірі жерден көтеріп тұрып кетуге тырысады. Қарсыласын көтеріп кеткен ойыншы жеңген болып есетеледі.
«БОТАҚАН»
(Қазақ халқының ойыны)
Ойыншылар өз орталарынан атан түйе мен мыстан кемпір сайлап алады. Қалғандары, яғни ботақандар атан түйенің артынан бір-бірінің белінен ұстап тізіліп тұрады. Мыстан кемпір «ұшқыш сыпыртқысымен» атан түйенің алдына «ұшып келіп»: «Керуен, қайдан келе жатырсың, қайдакетіп барасың?» деп, артындағы ботақандарының біреуін беріп кетуін сұрайды. Бірақ оған атан түйе келіспейді. Сонда мыстан кемпір жүгіріп жүріп керуеннің соңындағы ботақанды күшпен тартып алуға әрекеттенеді. Ал атан түйе мыстан кемпірді ең соңғы ботақанға жібермеуге тырысады. Ботақанды ұстап алса, мыстан кемпір оны үйіне апарып қойып келіп, енді келесі соңғы ботақанды ұстап алуға әрекет етеді. Осылай 2-3-рет қайталанған соң, атан түйе мен мыстан кемпір басқадан сайланып, ойын әрі қарай жалғастырылады.

«ҚАРАҚҰС ПЕН БАЛАПАНДАР»


(Орыс халқының ойыны)
Ойыншылар арасынан қарақұс және тауық сайлап алынады. Қалғандары балапандар болып есептеледі. Ойын алаңының бір шетінен қарақұстың ұясы сызылады.

Мұғалім «Қарақұс!» деп дауыстап белгі берісімен қарақұс тауықтың артында бір-бірінің белінен ұстап тізіліп тұрған балапандардың ең соңғысын ұстап алуға ұмтылады. Ал тауық екі қанатын (екі қолын) екі жаққа соза балапандарын қорғаштайды. Балапандар да қарақұсқа алдырмауға тырысады. Олар тек тізбекті бұзбауға тиіс.

Ұсталған балапандарды қарақұс ұясына алып кетеді. Екі –үш балапан ұсталған соң ойын жүргізушілер қайта сайланып, ойын қайта басталады.

Бір тауықта 6-8 балапан болуға тиіс.

«АЛТЫН ДӘН»
(Беларус халқының ойыны)
Ойыншылар екі-екіден қол ұстасып шеңбер жасап тұрады. Ойын жүргізуші Бір жұпқа келіп, «Қайырлы күн!» -дейді. «Алтын дән», -деп жауап береді ойыншылар. «Оның бағасы қанша?»- дейді ойын жүргізуші. Ойыншылар «Тау-тау» қар мен көлдің суы» деген бетке екеуі қарама- қарсы бағыт ұстап шеңберді айнала жүгіреді. Ойын бастаушы сол босаған орында тұрып қалады. Бірінші болып қайтып оралған ойыншы ойын бастаушымен жұп құрып, екіншісі ойынды әрі қарай жалғастырады.

Жеңіл атлетикаға арналған ойындар
«ҚУҒЫНШЫДАН ҚҰТҚАР»
(Жүгіруге арналған ойын)
Арнаулы сызғышпен қоршалған ойын алаңында балалар жүгіріп ойнап жүреді. Мұғалім белгі берісімен санамақ арқылы сайланған ойын жүргізушісі: «Мен қуғыншымын!» -деп, қолын жоғары көтереді де өзіне ең жақын жүрген ойыншыны қуа жөнеледі. Қашып келе жатқан бала мен қуғыншының арасын басқа бір ойыншы кесіп өтіп кетсе, қуғыншы алдын кескен екінші баланы қуады. Егер қуып жетсе, екеуі орын ауыстырып, жаңа қуғыншы ойынды әрі қарай жалғастырады.
«МЫСЫҚ ПЕН ТЫШҚАНДАР»
(Секіруге арналған ойын)
Ойыншылар санамақ арқылы «мысық» сайлап алады. Қалғандары тышқан болып, үлкен етіп сызылған бір шеңбердің бойында дөңгелене тұрып, сызықтың іші мен сыртына кезекпен қос аяқтап секіре бастайды. Мысық шеңбердің ортасында жүгіріп жүріп, сызықтың ішіне секіріп кірген тышқандардың біріне қолын тигізсе, екеуі орын ауыстырып ойнайды.

«ЖҮГІРІП ӨТ»


(Лақтыруға арналған ойын)
Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Сонан соң алаңның екі шетінен қарсы бір-бірінен 20-30 метр болатын екі сызық сызылады. Бірінші топтың балалары бір сызықтың бойында бір қатар болып тізіліп тұрады. Екінші топтағылар қолдарына 1-2 –ден кішкене доп ұстап бір жақ қапталда қатар түзеп тұрады. Мұғалімнің «1,2,3-жүгір!» деп дауыстауынан кейін бірінші топтың балалары қарсыдағы екінші сызыққа қарай жүгіре жөнеледі. Қолында доптары бар ойыншылар оларды доппен көздеп тигізіп ойынан шығаруға тырысады.

Соңынан доп тиген ойыншылардың саны анықталып, топтар орындарын ауыстырып ойнайды. Қай топтың балалары допты көп тигізсе, сол топ жеңеді.

«ДОПТЫ «ЖОЛБАРЫС» ҰСТАЙДЫ»

(Лақтыруға арналған ойын)


Шеңбер құрып тұрған 5-6 ойыншы бір-біріне допты лақтырып беріп ойнап тұрады.Осы кезге ортадағы бір ойыншы, яғни «жолбарыс» лақтырылған допты қағып алуға тырысады.Ол кімнің лақтырған добын қағып алса, сонымен орын ауыстырып ойнайды.
Су ішінде ойналатын ойындар
Су ішінде ойналатын ойындар жүзу жаттығуларын тез меңгеруге көмегін тигізеді.

«ӨТКЕЛ» ОЙЫНЫ


Тереңдігі ойыншылардың белінен келетін өткелдегі су ішінде олар бір қатар болып арғы жағаға қарап тізіліп тұрады. Белгі берілісімен балалар екі қолымен кезек есу қимылын орындай отырып келесі жағаға тез жетуге әрекеттенеді. Өткелден өту кезінде балалар хормен мынадай тақпақ айтып бара жатады:
Қолмен суды есемін, есемін,

Жағаға тез жетемін, жетемін.


«ШОРТАН» ОЙЫНЫ
Бір ойыншы шортан деп белгіленіп,ол су ішінде теріс қарап тұрады.Ал қалған ойншылар судың ішінде өз беттерімен балық болып жүзіп жүреді. Шортан «Шортан!» деп өзін атын атай дауыстап белгі бергенде балалар судан бастарын ғана шығарып отыра қалады. Кім отырып үлгірмесе, сол шортан болып, ойынды әрі қарай жалғастырады.

«ТУННЕЛЬ» ОЙЫНЫ


Екі бала су ішінде қол ұстасып туннель жасап тұрады.Басқалар туннельдің астымен бір-бірлеп сүңгіп өтіп шығуға тиіс.Ойыншылар түгел өтіп шыққан соң басқа екі бала туннель жасап, ойын әрі қарай жалғастырады.

Аз қимылдайтын ойындар мен көңілді жарыстар
Аз қймылдайтын ойындарды сабақ үстінде сергіту сәтін өткізгенде пайдаланады.

«ШАТАСПА» ОЙЫНЫ


Мұғалім алдымен оқушыларға бірнеше қарапайым әрі жеңіл ойын жаттығуларды көрсетіп шығады. Сонан соң балалар оларды мұғалімге алданбай дұрыс орындап шығулары керек.

Мұғалім ойын-жаттығулардың шартын айтып береді: «Қолды тізіге қой, кеуденің алдында шапалақта,оң қолымен мұрныңды ұста, сол қолымен оң құлағынды ұста, содан кейін қол шапалақтап,сол қолыңмен мұрныңды ұста, оң қолымен сол құлағынды ұста»

Жаттығуларды орындауды бірте –бірте тездетіп, бірнеше қайталау керек. Тек оқушылар шатаспай орындауға тиіс.
«МҰРЫН–ҚҰЛАҚ–МҰРЫН»ОЙЫНЫ

Мұғалім сұқ саусағын мұрынына тигізіп, қатарынан үш рет «мұрын» дейді. Балалар оның істегені мен айтқанын қайталап отыруға тиіс.

Келесі жолы мұғалім: «Мұрын –мұрын-мұрын-құлақ», -деп, сұқ саусағын иегіне тигізеді. Ал балалар мұғалімнің істегенін емес, айқанын ғана орындаулары керек.

«ҰСТАТПАЙТЫН ЖІП» ОЙЫНЫ


Ара қашықтығы 3-5 м жердегі екі орындықтың үстінде екі бала теріс қарап отырады. Екі орындықтың астымен өтіп ұзын жіп жатады.

Ойынды бастау белгісі берілгенде ойыншылар тұра салып, орындықтарын үш рет айналып келіп қайта отыра қалып, еденде жатқан жіпті өзіне қарай тартып ала қоюға тырысады. Жіпті кім бұрын өзіне қарай тартып ала қойса, сол жеңген болып есептеледі.


«ҮШТЕН ЕКЕУ» ОЙЫНЫ
Үш кеглиді қатар қойып, екі жағында екі бала теріс қарап тұрады. Олар жай тұрмай, қолды атқа немесе желкеге қойып билеу, бір орында тұрып жүгіру, секіру, жүрелеп отырып жүру, т.б. қимылдар жасап тұрады. «Тоқта!» деген дауыс естілгенде әр бала екі кеглиді алып үлгеруге тырысады. Кім бірінші болып екі кегли алып үлгерсе, сол жеңеді.
Үзіліс кезінде орындалатын қимыл-қозғалыстар
Үзіліс кезінде орындалатын қимыл –қозалыстарға қажетті ойындар мен арнаулы жаттығулар партада отыру және жазу кездерінде шаршайтын бұлшықеттерді сергітіп, тынықтырады.

Жылдың қай мезгілі болмасын, үзіліс кезінде таза ауада ойнап, жаттығулар орындаса, бұлшық еттің құрыс-тырысы жазылып, оқушының оқу қабілеті арта түседі.

Үзіліс кезінде қимыл-қозғалыстар жасау мен ойындар ойнауға тас, шыбық, таяқ, қар сияқты табиғатта кездесетін заттармен бірге арнайы әзірлеген асық, жонылған таяқшалар, доп, шығыршық, секіртпе сияқты спорт құралдары да пайдаланылады.

Мұндай ойындар мен жаттығуларға тақпақ айту мен ән салуды қатыстыра жүргізсе, бала сергіп қана қоймай, қимыл жасау қабілеті артып, ақыл-ойы молая түседі.

Үзіліс кезінде орындалатын қимыл-қозғалыстарға қажетті ойындар мен жаттығуларды іріктеп, таңдап алуда мына жағдайлар есте болуы керек:

1) үзілістің ұзақтығын ескеру;

2) өткен және келесі сабақтардың ерекшелігін білу;

3) сыныптағы оқушылардың қимыл-қозғалыс қабілеттері мен ұйымшылдығын ескеру.

Үзіліс кезінде қимыл-қозғалыстар орындауға мына төмендегі ойындарды пайдаланған дұрыс.

«АСЫҚ ИІРУ»ОЙЫНЫ

Екі бала қарама-қарсы немесе бірнеше бала шеңбер жасап отырады. Әр ойыншы өз кезегі келгенде асығын ортаға иіріп тастайды. Кімнің асығы алшы түссе, сол бір ұпай алады. Ойын келісім бойынша жалғаса береді. Кім көп ұпай жинаса, сол жеңген болып есептеледі.
«ШЕРІТПЕК» ОЙЫНЫ
Ойыншылардың бар асығын қосып жерге шашып тастайды да, кезекпен бүк (немесе шік, алшы, тәйке) жатқан асықты сондай бүк жатқан асыққа шертіп тигізеді. Тигізсе, сол асықты өзі алады. Ал егер тигізе алмаса немесе басқаша жатқан асыққа тисе, шерту кезегі келесі ойыншыға беріледі.

Ойын асықтар таусылғанға дейін жалғасады.


«КІМ ТЕЗ?» ОЙЫНЫ
Ұзындығы 2-3 метр, дәл ортасына белгі салынған лентаның екі ұшын екі таяқшаға бекітеді. Сонан соң екі бала қарама-қарсы тұрып, саусақтарымен

Таяқшаны тез-тез айналдырып лентаны орай бастайды. Лентаның ортасындағы белгіге кім бұрын жетсе, сол жеңген болып есептеледі.


«ШАПАЛАҚТАУ» ОЙЫНЫ
Екі бала бір –біріне қарама-қарсы тұрып, қолдарын мынадай ретпен шаплақтайды:
1) өзінің екі алақанын бір-біріне шапалақтау;

2) екеуі алақандарын бір-біріне шапалақтау;

3) өзінің екі алақанын бір-біріне шапалақтау;

4) екеуі оң алқандарын бір-біріне шапалақтау;

5) өзінің екі алқанын бір-біріне шапалақтау;

6) екеуі сол алақандарын бір-біріне шапалақтау;

7) өзінің екі алақанын бір-біріне шапалақтау;

8) екеуі алқандарын бір-біріне шапалақтау;

Ойынды 4-6 рет қайталап ойнаған жөн.

«ШОРТАН» ОЙЫНЫ


Бір ойыншы «Шортан» деген ат алып, шеңбердің ортасында қозғалмай тұрады. Қалған ойыншылар екі-екіден қол ұстасып, шеңберді бойлай тақпақ айтып билеп жүреді:
-Ортамызда Шортан бар,

Қол тигізіп алмаңдар.

Жанап кетіп шортанға,

Ойынан шығып қалмаңдар!


Шеңберді айналып жүрген әрбір жұптағы ойыншылар бір-бірінің қолын не басқа денесін Шортанға тигізіп жіберуге тырысады. Егер кімде-кімнің қолы не басқа денесі Шортанға тиіп кетсе, сол ойыншы ойыннан шығады. «Шортан» ойыны 3-4 ойыншы қалғанша жалғаса береді.
«БЕР ДЕ ОТЫР» ОЙЫНЫ
Ойыншылар 5-6 баладан бөлініп, бірнеше тізбек болып қатар сап түзеп тұрады. Әр тізбектің алдында 5-6 м жерде қолына доп ұстаған сол тізбектің капитаны тұрады.

Белгі берілісімен капитан допты тізбектегі бірінші балаға лақтырып береді. Ал ол қағып алған бетте допты бірден капитанға лақтырады да, өзі жүрелеп отыра қалады. Осыдан кейін капитан допты екінші ойыншыға, содан соң үшінші ойыншыға, сөйтіп соңғы ойыншыға допты қайырып отыра қалғанға дейін лақтырады.

Капитан допты соңғы ойыншыдан алған бетте оны жоғары көтереді. Ойыншылар орындарынан тұрып, сапты түзейді. Қай команданың капитаны допты бірінші болып допты жоғары көтерсе, сол команда жеңімпаз атанады.

Ойынды бірнеше рет қайталап ойнауға болады.


«ЕКІ ШЕҢБЕР» ОЙЫНЫ
Ойыншылар сыртқы және ішкі деп аталатын екі шеңбер жасап тұрады. Ойын басталысымен екі шеңбер бойындағылар қарама-қарсы бағытта қол ұстапсып жүгіре бастайды. Тоқтауға белгі берген кезде сыртқы шеңбердің ойыншылары ішкі шеңбердегілер жүрелеп отырып үлгергенше оларға қол тигізулері керек. Ішкі шеңбердің қол тиген ойыншылары қашан таусылғанша сыртқы шеңберге келіп қосыла береді.

Ойынды бірнеше рет қайталап ойнауға болады.


«ҚҰЙЫН» ОЙЫНЫ
Ойыншылар 6-7 баладан бөлініп, бірнеше тізбек болып сап түзеп тұрады. Ойынды бастауға белгі берілген бетте тізбектегі бірінші тұрған бала тез артқа бұрылады. Ал екінші бала екі қолымен оны белінен қапсыра құшақтап бір айналған соң оларға үшінші бала қосылады. Онан соң төртінші бала, сөйтіп командадағы балалардың бәрі қосылып бір айналғанда ойын бітеді. Ойынды қай команда бірінші аяқтаса, сол жеңіске жетеді.

Ойынды қайталап ойнауға да болады.


«ЖҮЙРІК ПОЙЫЗ» ОЙЫНЫ
Ойыншылар 6-7 баладан бөлініп, бірнеше тізбек құрап сап түзеп тұрады. Олардың алдында 6-7 м жерге бір-бір жалауша шаншылады. «Марш» деген бұйрық белгісімен тізбектегі бірінші тұрған ойыншы қолымен паровоздың дөңгелегінің қимылын жасай тез жүріп (жүгіруге болмайды) жалаушаны айналып келгенде, оған екінші ойыншы ілеседі. Екеуі қайтып келгенде, оған екінші ойыншы, сөйтіп командадағы ойыншылар біткенше жүріс жалғаса береді. Әрбір ілескен ойыншы өзінің алдындағы ойыншының шынтағынан ұстап «тіркеледі».

Пойыздың толық құрамы бастапқы орнына қайтып оралғанда ұзақ «гудок» береді. Ойынды бірінші болып аяқтаған команда жеңіске жетіп, «жүйрік пойыз» атанады.


«ҚАҚПАН» ОЙЫНЫ
4 немесе 6 ойыншы шеңбер жасай қол ұстасып «қақпан» құрып тұрады. Басқа ойыншылар ойынды бастауға белгі берілісімен шеңбердің кез келген жерінен шығып жүре береді. Екінші белгі бергенде (ысқырық естілгенде) қақпан құрып тұрғандар тез жүрелей отырып, іштегілерді ұстап қалады, яғни олар қақпанға түскен болып есептеледі. «Қақпанға түскен» ойыншылар ойыннан шығарыла береді.

«СЫНЫПТАР» ОЙЫНЫ


Жерге үлкен төрт бұрыш сызып, оны бірнеше шаршыға (сыныпқа) бөледі. Соңғы сыныптан кейін жарты шеңбер тәрізді етіп «от» сызылады.

Бірінші кезектегі ойыншы жайпақ тасты бірінші сыныпқа бір аяғымен секіріп кіріп, тасты алады да, қалған сыныптарды бір аяғымен секіріп аралап шығады. Осыдан кейін тасты екінші сыныпқа, одан соң үшінші сыныпқа тастау арқылы ойынды жалғастыра береді.

Егер тас тиісті сыныпқа дәл түспесе немесе ойыншы сызықты басып кетсе, ойын кезегі келесі балаға беріледі. Ал егер тас «отқа» түссе, бұл ойыншының алдағы ойыны күйіп кеткен болып есептеліп, ойнауды бірінші сыныптан қайта бастайды.
«ДОПТЫ ЖІБЕРМЕ» ОЙЫНЫ
Ойыншылар қолдарын иықтарына қойып шеңбер жасап тұрады да, ойын жүргізуші футбол добын ұстап ортада тұрады. Берілген белгі бойынша ойын жүргізуші допты ойыншылардың аяқтарының арасынан теуіп сыртқа шығаруға тырысады. Ал ойыншылар қолдарын иықтан түсірместен, аяқтарымен допты сыртқа шығармауға әрекет етеді. Ойын бастауыш допты сыртқа теуіп шығарса, жаңадан ойын бастауыш сайланып, ол ойынды әрі қарай жалғастырады.
«ПОШТА БАРЛЫҚ ҚАЛАҒА БАРАДЫ» ОЙЫНЫ
Санамақ арқылы «пошташы» сайлап алынады. Ойыншылар шеңбер жасап тұрып, әрқайсы өз орынын айналдыра сызып белгілеп қояды. Ал пошташы шеңбердің ортасына орналасады. Әрбір ойыншыға бір-бір қаланың аты беріледі.

Мұғалім: «Біздің жүрдек пошта пойызы Алматыдан Астанаға келе жатыр», -дегенде бұл қалалардың атындағы ойыншылар орындарын тез ауыстыра қоюлар керек. Және осы кезде ортада тұрған пошташы сол екі орынын біреуіне тез тұра қоюға әрекеттенеді. Орынсыз қалған ойыншы пошташы болып, ойынды әрі қарай жалғастырады.

Егер пошташы көпке дейін орынға ие бола алмаса, онда мұғалім: «Пошта барлық қалаға бет алады»,-дейді. Осы кезде ойыншылар жапай орын ауыстырулары керек. Мұндай сәтте пошташының орын табуы жеңілдейді.
«КЕЗДЕСУ» ОЙЫНЫ
Ойыншылар екі баладан жұп құрап, қолдарына шар не доп ұстап 6-8 м жерде бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Мұғалім ойнауға белгі берілісімен әр жұп доптарын (шарларын) бір-біріне қарай домлатып тигізуге тырысады. Доптары тиген ойыншылар ұпай алады. Ойынның соңында қай жұптың ұпайы көп болса, сол жұп жеңіске жетеді.
«ДОП ҚУАЛАУ» ОЙЫНЫ
Шеңбер жасап тұрған ойыншылар «бірінші» «екінші» дейтін санау тәсілімен екі командаға бөлінеді. Әр командаға капитан сайланады және оларға бір-бірден доп беріледі. Мұғалім ойнауға белгі берісімен капитандар өз командасының әрбір ойыншысына допты тездете лақтырып беріп, қайта алып ойнайды. Қай команда ойынды бұрын аяқтаса, сол жеңіске жетеді.

Ойынды келісу бойынша бірнеше рет қайталап ойнауға болады.

«КӨҢІЛДІ ЖАРЫС» ОЙЫНЫ

Әрбір команда осы суреттегіше 5 м қашықтықты тез секіріп өтуі керек. Қай команда бірінші болып секіріп өтсе, сол команда жеңіске жетеді.


«ДЖОНГЛИ» ОЙЫНЫ
Бұл ойынды Индия, Азия елдерінің балалары қызығып ойнайды. Мұнда ойыншы пластмассадан жасалған кішкентай тәрелкені үшкір таяқшаның ұшымен неғұрым көбірек түсірмей айналдырып тұруға тұруға тиіс. Тәрелкені айналдыруды жақсы үйреніп алғанан кейін қосымша қимылдар (таяқшаны қолдан-қолға ауыстыру, отыру, жату, тұру) енгізіп, топ-топ болып жарыс ұйымдастырып ойнауға болады.
«АЯҚТЫ ЖЕРГЕ ТИГІЗБЕ» ОЙЫНЫ

Алдымен бір ұстаушы сайлап алынады. Қалған ойыншылар ағаштардың арасында немесе көгалда еркін ойнап жүреді. Мұғалімнің «Ұстаушыдан қаш!» деп дауыстағанан кейін «бір, екі, үш» деп асықпай сары жерге (топыраққа) тимейтіндей биікке шығып ала қояды.Біреуі ағашқа асылып алса, екіншісі ағаштың кесілген түбіріне, үшіншісі жатқан тастың үстіне шығып алады. Жерде тұрып қалғандар ұсталған болып есептеліп, ойынан шығады.

Ойын 3-4 рет қайталап ойнаған соң басқа ұстаушы сайланады.

«СОҚПА ДОП» ОЙЫНЫ


Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Бірінші команданың ойыншылары алаңның шетіндегі сөре сызығында қатар тізіліп тұрады да, екінші команданың ойыншылары алаңда еркінше шашырап жүреді. Ойын басталған сәтте бірініші команданың капитаны кішкене допты қолында қақпа таяғы бар бір жақ қапталда тұрған екінші команданың капитанына лақтырып береді. Ал ол допты қақпа таяқпен алаңдағы өз ойыншыларына қарай бағыттап ұрады.Осы кезде сөре сызығында тұрған бірінші команданың ойыншылары қарсы беттегі мәре сызығына қарай жүгіреді. Бұл сәтте екінші команданың ойыншылары ұшып келе жатқан допты қағып алып, оны жүгіріп бара жатқан бірінші команның ойыншыларына тигізуге тырысып лақтырады. Доп бір ойыншыға тисе, командалар орындарын ауыстырып ойнайды.


Пайдаланған әдебиеттер
1.Дене шынықтыру 3 сынып Алматы «Атамұра» баспасы 1999 жыл.
2. Қимыл-қозғалыс ойындары. Алматы «Атамұра» 1998ж.

Тұрыскельдина М.Т

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет