Кіріспе Микробиологияның даму тарихы



бет26/69
Дата18.12.2023
өлшемі177,17 Kb.
#197487
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция (копия)
zharaskyzy, ҚТЖ - 6 ДТ, накты талдау, Мат.анализ под редакцией Демидович, aza-tlnen-10-synypa-arnalan-orytyndy-test-tapsyrmalary, микробиология лекция, Латын, мейіргер ісі сөзжұмбақ
Антигендік құрылымы. Стафилококктерде алтын түсті стафилококке тән –протеинді антиген А және полисахаридті антигендер: А, В, С болады. Стафилококктар өзіне тән микроорганизмдерге қарсы бактериоциндер түзеді.
Классификация . Адамнан алынған стафилококктер 3-ке бөлінеді:

  1. St. aureus

  2. St. epidermidis

  3. St. Saprophyticus

Қоршаған орта факторына төзімділігі. Стафилококктар қоршаған ортада тұрақты, сондықтан олар ауада, топырақта, суда және тұрмыстық бұйымдарда кездеседі. 100 градус температурада бірден өледі, ал 70 градус температурада 10-15 минуттан кейін өледі, ал 70 градус температурада 10-15 минуттан кейін өледі. Төмен температураға төзімді, мұздатқанда өзінің тіршілігін бірнеше жылға дейін сақтайды. Кептіруге де тұрақты. Тікелей күн сәулесі оларды бірнеше сағаттан кейін өлтіреді. Дезинфекциялаушы ерітінділер оларды 15-20 минуттан кейін өлтіреді. Стафилококктар бриллиант жасылына сезімтал.
Жануарлардың қабылдаушылығы. Стафилококктерге ат, шошқа, тауықтар, қояндар, ақ тышқандар, мысықтар сезімтал.
Инфекция көзі. Ауру адам және бактериятасымалдаушы.
Таралу жолдары. Тұрмыстық жанасу, ауа түйіршіктері, ауа шаңдары, тамақ арқылы.
Адам аурулары. Пиодермия, фурункул, карбункул, панариций, абцесстер, әртүрлі мүшелер мен тіндердің қабынулары; ангина, цистит, остеомиелит, холецистит, мастит, сепсис, септикопиемия (қанға таралуы), тамақтан улану, т.б.
Патогенез. Стафилококктар тері және кілегей қабаттары арқылы енеді.
Стафилококкты ауруларда алтын түсті стафилококктың маңызы зор. Патогенез қоздырғыштың қасиеттеріне, ферменттеріне, экзотоксиндеріне және микроорганизмдердің иммунитетіне байланысты. Көбінесе тері және тері асты қабаты зақымданады; пиодермит, фурункул, панариций пайда болады. Кейде тұмауда пневмонияны қоздырады, жарақаттарда инфекция қоздырады, әсіресе акушерлік тәжірибеде маңызы зор, себебі жаңа туған нәресте стафилококке өте сезімтал.
Иммунитет. Адамның табиғи иммунитеті болады. Стафилококк енген жерде қабыну процессі болып, ол стафилококктың әрі қарай енуіне және көбеюіне кедергі болады, сонымен қатар стафилококк фагоцитозға ұшырайды. Ауру барысында пайда болған антитоксин де иммунитетте маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет