Кіріспе Микробиологияның даму тарихы


Аллергия – ағзаның әртүрлі агенттерге арнайы жоғары сезімталдығы. Ағзада жоғары сезімталдық тудыратын заттар аллергендер



бет23/69
Дата18.12.2023
өлшемі177,17 Kb.
#197487
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция (копия)
zharaskyzy, ҚТЖ - 6 ДТ, накты талдау, Мат.анализ под редакцией Демидович, aza-tlnen-10-synypa-arnalan-orytyndy-test-tapsyrmalary, микробиология лекция, Латын, мейіргер ісі сөзжұмбақ
Аллергияағзаның әртүрлі агенттерге арнайы жоғары сезімталдығы. Ағзада жоғары сезімталдық тудыратын заттар аллергендер деп аталады. Бұлар микроорганизмдер: бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар; микроб жасушасының ыдырау өнімдері; ақуыздар (жұмыртқа, сүт, т.б.), саңырауқұлақтар. Бұлардың бәрі сапалы антиген деп аталады. Сонымен қатар гаптендер де аллерген болады - бұлар ағзада ақуыздармен қосылысқа түскеннен кейін пайда болған аллергендер.

  1. Өндірістік аллергендер (бояулар, лактар, т.б)

  2. Тұрмыстық аллергендер (шаң, иттер мен мысықтардың жүндері, көпшіктің шаңы, жүні т.б)

  3. Өсімдіктер аллергені (өсімдіктер гүлденуі, шаңдары)

  4. Дәрі - дәрмектер (антибиотиктер, аспирин т.б)

Аллергия негізінде қарсыдене - қарсытек реакциясы жатыр. Ағзаға бірінші рет енгенде кейбір аллерген қарсыдене түзеді, ал кейбіреуі Т- лимфоцитті сезімталдандырады. Бұл аллергендер ағзаға қайта енгенде ағзаның сезімталдығы жоғарылайды.
Барлық аллергиялық реакциялық 2-ге бөлінеді:

  1. Жедел дамитын жоғары сезімталдық реакциясы

  2. Баяу дамитын жоғары сезімталдық реакциясы



Жоғары сезімталдық реакциялары
Жедел дамитын түрі :

  1. Анафилаксия

  2. Артюс-Сахаров феномені

  3. Қансарысу ауруы

  4. Атопиялары (поллиноз, бронхиялды астма, крапивница)

Баяу дамитын түрі:

  1. Инфекциялық аллергия

  2. Жанасу дерматиттері

  3. Дәрілерден пайда болған аллергия

Анафилаксия- бұл ағзаға бөтен аллерген қайтадан енгенде шок (естен тану) түрінде болатын жоғары сезімталдық. Анафилаксияны тудыратын заттар – анафилактогендер деп аталады. Бұларға: бөтен ақуыздар, бактерия токсиндері, микроб жасушасының полисахаридтері, әртүрлі дәрілер, яғни сапалы антигендер мен гаптендер жатады. Анафилактикалық шок адамдарда антибиотиктерді, қансарысуларды енгізгенде пайда болады.
Клиникалық түрі: бұлшық еттердің жиырылуы, жүрек- қантамырларының әлсіреуі, қызуы төмендейді, пульс жиілейді, қан қысымы төмендейді, тырысу, буындардың ауруы, ентігу. Сондықтан қансарысу препараттарын енгізуге сақтықпен Безредко әдісімен қолдану керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет