Кіріспе Микробиологияның даму тарихы



бет34/69
Дата18.12.2023
өлшемі206,68 Kb.
#197486
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция

Зерттеу мақсаты: Менингококкты табу және оның серологиялық тобын анықтау.
Зерттеу материалдары:
1. Жұлын сұйықтығы
2. Мұрын – жұтқыншақ кілегейі
3. Қан
Материалды алу әдістері.
1. Жұлын сұйықтығы – жұлын каналынан асептиканы сақтап, стерильді инемен 2-5 мл сұйықтық алады, оны тез лабораторияға жеткізу керек.
2. Мұрын- жұтқыншақ кілегейі – стерильді мақта тампонымен жұтқыншақтан алады.
3. Қан- тамырдан 5-10 мл қанды алып 0,1 % глюкозасы бар сорпа флаконына құяды.
Негізгі зерттеу әдістері .
1. Микроскопиялық
2. Микробиологиялық
3. Серологиялық .


Гонококктар.

Гонококктар 1879 жылы Нейссер анықтаған, соның есімімен аталған.


Морфология. Гонококктар бұл диплококктар, көлемі 1,2 – 1,3 * 0,7 – 0,8 мкм. Олар полиморфты, ұсақ, ірі, дұрыс емес L – формалы бактериялар. Гонококктар қозғалмайды, спора түзбейді. Грам теріс (-). Дәрілердің немесе басқа заттардың әсерінен тез өзгереді: грам оң түрлері пайда болады.
Культивирлеу. Гонококктар анаэробтар. Қоректік орталарды талғайды. 37 градус температурада рН – 7,2 – 7,4 қан, қансарысу орталарында өседі. Орталар ылғалды және жаңа дайындалған бояу керек. Меатериал алғаннан кейін өсімді бірден қою керек. Қансарысу ортасында гонококктер ұсақ 1-2 мм, мөлдір, жалтыр тегіс қырлы колониялар құрады. Қанды ортада гемолиз болмайды. Қансарысу сорпада пробиркі түбінде тұнба, мөлдір емес қабыршақ түрінде болады. Егер 24 сағаттан кейін өсім аз болатын болса, термостатта оны -ші суткіге қалдырады.
Ферментативті қасиеті. Қант ыдырату қасиеті аз дамыған, тек қана глюкозаны қышқылға дейін ыдыратады. Ақуыз ыдырату қасиеті жоқ.
Токсин түзуі. Гонококктың жасуша қабырғасында токсигенді зат - липополисахарид болады.
Антигендік құрылымы. Антигендік құрылымы тұрақты емес, қоршаған орта факторларының әсерінен тез өзгереді. Гонококктар сероварларға және серотиптерге бөлінбейді.
Қоршаған орта факторына төзімділігі. Гонококктар қоршаған ортада тұрақты емес, 56-60 градус температурада өледі, 40 градус температурада тіршілігі төмендейді, салқын температура мен кептіру оларды тез жояды. Іріңде 24 сағатқа дейін сақталады. Дезинфекциялаушы ерітінділер- 1% фенол, бірнеше минуттан кейін жояды.
Жануарлардың қабылдаушылығы. Жануар гонококке сезімтал емес. Бірақ ақ тышқандарға гонококтің токсинін енгізгенде олар бірден өледі.
Инфекция көзі. Гонореямен ауыратын адам.
Таралу жолдары. Тікелей жанасу(жыныстық) және тұрмыстық жанасу, кейде заттар арқылы (сүлгі, губкі, т.б.).
Адамдардағы ауру: гонорея және бленнорея.
Патогенез. Гонококктердің табиғи қожайыны ауру адам. Гонококк зәр шығаратын түтіктің (уретра) кілегей қабаты арқылы енеді.
Гонореяда зәр шығаратын кезде ауырады, зәр шығаратын түтігінен және қынабтан ірің бөлінеді. Ауру жедел және созылмалы түрде болады. Гонококк гонореялық конъюктивит, жаңа туған нәрестелерде бленнорея қоздырады.
Гонококктер зәр шығару түтігінен басқа мүшелерге енбейді, бірақ кейде артритердің, эндокардиттердің себебі болуы мүмкін.
Иммунитет. Гонококке қарсы табиғи тұрақтылық жоқ, аурудан кейін де иммунитет болмайды.
Алдын- алу шаралары. Санитарлық, гигиеналық, мәдени ағартулар.
Арнайы шаралары жоқ. Нәрестелерге бленнореяға қарсы туғаннан кейін көзіне 1-2 тамшы 30 % альбуцид тамызады.
Емі. Антибиотиктер – пенициллин, бициллин, стрептомицин, сульфаниламидті препараттар.
Созылмалы түрінде гонококке қарсы вакцина қолданылады.
Микробиологиялық зерттеулер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет