Кіріспе Микробиологияның даму тарихы



бет35/69
Дата18.12.2023
өлшемі206,68 Kb.
#197486
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция

Зерттеу мақсаты. Гонококке қарсы қарсыденелерді және гонококкті анықтау.
Зерттеу материалы.
1. Еркектерде зәр шығару түтігінің кілегейі.
2. Әйелдерде зәр шығару түтігінің және қынабтың кілегейі
3. Көзден іріңді кілегей
4. Қан
Негізгі зерттеу әдістері.
1. Микробиологиялық
2. Микроскопиялық
3. Серологиялық

Ішек инфекциялары.


Энтеробактерии тұқымдастарына көптеген морфологиялық, тинкториялдық және культуралдық қасиеті жағынан ұқсас микроорганизмдер жатады. Олар адамдардың және жануарлардың ішегін мекендейді, және сыртқы ортаға бөлінеді.


Барлық ішек инфекциялары 12 тұқымға бөлінеді, соның ішінде қаралатындары:
1. Escherichia
2. Shigella
3. Salmonella
4. Proteus
5. Klebsiella
6. Yersinia
Бұл тұқымдар түрлерге, биологиялық және серологиялық варианттарға бөлінеді.
Осы топтағы микроорганизмдердің ең бастамасы ішек таяқшалары деп саналады. Эволюция процессінде әртүрлі ішек таяқшалары паразиттік тіршілік етуге, патогенділік қасиетке және ауру қоздырғыштарға бейімделген.
Ішек бактерияларының патогенді тұқымына іш сүзегі, паратиф А және В, токсикоинфекция, дизентерия жатады. Көптеген ішек бактериялары ішекті мекендейді. Тіршілік ету жағдайы өзгергенде (мысалы: қожайынының организмі әлсірегенде) олар ауру қоздырғыштары болады. Бұларды шартты – патогенді бактериялар деп атайды.
Барлық ішек бактериялары Грам теріс. Олар факультативті анаэробтар. Жәй қоректік орталарда жақсы өседі. Энтеробактериялар ферментативті белсенді.

Эшерихиялар.


Бұл тұқымға E.coli жатады.


Сонымен қатар биологиялық қасиеттері әртүрлі басқа да ішек таяқшалары болады.
Ішек таяқшасын 1888 жылы адам нәжісінен Эшерих анықтаған және соның есімімен аталған.
E.coli мекендейтін жері- ішек.
Ішек таяқшасы – адамның қалыпты микрофлорасы.
Тіршілік барысында E.coli ас қорытуға қабілетті ферменттер өндіреді, кейбір витаминдерді синтездейді (витамин В). Сонымен қатар патогенді микрорганизмдерге, яғни дизентерия, іш сүзегі, токсикоинфекция қоздырғыштарына қарсы әсер етеді. Тоқ ішекте ішек таяқшасының болмауы дисбактериоз ауруын қоздырады, яғни ішектің қалыпты мекендеушілерінің құрамы өзгереді, коккалар, саңырауқұлақтар пайда болады.
Организмдердің қорғаныс тұрақтылығы өзгерген кезде эшерихиялар басқа мүшелерге еніп, ауыр патологиялық процесстер тудырады. Сондықтан оларды шартты – патогенді микроорганиздер деп есептеуге болады - қалыпты жағдайға олар сапрофиттер, ал өзгергенде ауру қоздырады.
Ішек таяқшалары нәжістермен сыртқы ортаға бөлінеді. Ішек таяқшаларының суда, топырақта басқа да объектілерде табылуы олардың нәжістермен ластанғанын, ал олардың ішек таяқшасының коли-титр, коли-индексінің анықталуы олардың санитарлық жағдайын көрсетеді.
Морфология. Ішек таяқшасы қысқа, шамамен 0,5- 3,0-0,5-0,8 мкм таяқшалар. Грам теріс. Көбінесе қозғалмалы перитрихтар. Ішек таяқшаларының кейбір варианттары қозғалмайды, көптеген штаммалары капсула түзеді. Спора болмайды.
Культивирлеу. Ішек таяқшасы - факультативті анаэроб. Жәй қоректік орталарда 37 градус температурада рН 7,2- 7,8 жақсы өседі. Адамның және жануарлардың ішінен алынған штаммалар 43-45 градус температурада өседі, ал салқынқандылардың ішек таяқшалары бұндай көбеймейді. Ішек таяқшаларының бұндай айырмашылығы объектілердің санитарлық жағдайын анықтағанда маңызды, себебі адамдар мен жануарлардың ішек таяқшаларының анықталуы санитарлық жағдайдың нашар екенін көрсетеді.
Эшерихияларды ажырату үшін дифференциалды - диагностикалық орталар қолданылады: эндо және эозинметилен көгімен олар (ЭМК) ішек таяқшасы. Эндо ортасында металдай жалтыр қызыл түсті колония құрады, ал ЭМК агарда қара – күлгін колония.
Ферментативті қасиеті. Ішек таяқшасы ферментативті белсенді. Ол лактозаны, глюкозаны, магнитті, мальтозаны, сахарозаны, басқа да көмірсулармен спиртті қышқыл мен газға дейін ыдыратады. Ақуыз ыдырату қасиеті: индол түзеді. Желатинді ерітпейді. Кейбір биоварлар лактоза мен сахарозаны ыдыратпайды.
Токсин түзуі. Эшерихиялар эндотоксин түзеді.
Антигендік құрылымы. Эшерихиялар микроб жасушасының антигендік құрылымына байланысты ажыратылады. Эшерихиялардың 3 типі бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет