Кіріспе Микробиологияның даму тарихы


А тобы: Григорьев – Шига, Штутцер- Шмитц, Лардж- Сакс дизентериясы, типтік антигендері бар. В тобы



бет38/69
Дата18.12.2023
өлшемі206,68 Kb.
#197486
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция

А тобы: Григорьев – Шига, Штутцер- Шмитц, Лардж- Сакс дизентериясы, типтік антигендері бар.
В тобы: Флекснер дизентериясы топтық және типтік антигендері бар.
С тобы: Бойда дизентериясы - типтік антигені бар.
Д тобы: Зонне дизентериясы – түрлік антигені бар.
Қоршаған орта факторына төзімділігі. 100 градус температура шигеллаларды бірден өлтіреді. 60 градус температурада 20-30 минуттан кейін өледі. Төмен температураға төзімді. Суда 3 айға дейін, көкеністер мен жеміс - жидектерде 10-15 айға дейін сақталады. Күн сәулесі 2-3 сағаттан кейін өлтіреді.
Дезинфекциялаушы ерітінділер 20- 30 минуттан кейін өледі.
Жануарлардың қабылдаушылығы. Маймылдардан басқа жануарлар дезинтерияға сезімтал емес.
Инфекция көзі. Ауру адам және бактериятасымалдаушы.
Таралу жолдары. Тамақ арқылы - су, көкеністер, жеміс - жидектер, шыбындар арқылы.
Патогенез. Шигелла тамақпен тоқ ішекке түсіп, көбейеді, кейбіреулері өледі. Одан эндотоксин бөлініп, тоқ ішектің кілегей қабатын зықымдайды, қанды ісік пайда болып, жансызданады. Сонымен қатар ол орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Әсіресе шига қоздырғышы тудырған дизентерия ауыр түрде болады: интоксикация, қанды іш өту.
Иммунитет. Аурудан кейін иммунитет тұрақты емес, қайталануы мүмкін.
Алдын-алу шаралары. Жалпы санитарлы - эпидемиялық шаралар: дезинфекция, ауруды оқшаулау, ауруды уақытында анықтау.
Арнайы шаралар. Жанасуда болған адамдарға дизентерияға қарсы бактериофаг беріледі.
Емі.Антибиотиктер, сульфаниламидті препараттар, симптоматикалық препараттар.
Микробиологиялық зерттеу.
Зерттеу мақсаты. Диагноз қою үшін шигелланы анықтау және ажырату (идентификациялау), бактериятасымалдаушыны анықтау, азық – түліктен шигелланы анықтау.
Зерттеу материалдары: 1. Нәжіс
2. Азық – түліктер
3. Секциядан алынған материал (тоқ ішек)
Материалды алу әдістері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет