Кіріспе Микробиологияның даму тарихы


А - тобы эпидемиялық маңызы зор дерттің бүкіл денеге тарайтын түрін тудырады. В



бет33/69
Дата18.12.2023
өлшемі206,68 Kb.
#197486
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция

А - тобы эпидемиялық маңызы зор дерттің бүкіл денеге тарайтын түрін тудырады.
В және С – топтары қайталанып тұратын аурулар туғызады.
Қалған топтар аз зерттелген.
Қоршаған орта факторына төзімділігі. Менингококктар тұрақты емес, 70 градус температура оларды 2-3 минуттан кейін өлтіреді. Олар температураға сезімтал, басқа кокктарға қарағанда төменгі температураға төзімді. Дезинфекциялаушы ерітінділер оларды тез жояды.
Жануарлардың қабылдаушылығы. Табиғи жағдайда жануарлар менингококктерге сезімтал емес. Маймылдарға менингококктарды субдуральды енгізгенде ауру пайда болады. Қарын арқылы жұқтырғанда ақ тышқандар мен теңіз тышқандары эндотоксиннің әсерінен бірден өледі.
Инфекция көзі. Ауру адам және бактериятасымалдаушы.
Таралу жолдары. Негізгі жолы ауа түйіршіктері.
Адамдардағы ауру : 1. Назофарингит
2. Менингококкцемия
3. Эпидемиялық менингит
Патогенез. Менингококктар мұрын, жұтқыншақ кілегей қабатына еніп, тасымалдаушы немесе жедел назофарингит тудырады. Егер лимфа және қан тамырларына түсіп бүкіл денеге таралатын болса, эндотоксиннің әсерінен бүкіл паренхиматозды мүшелерді өзгеріске ұшыратады. Менингококцемия пайда болады. Менингококктар ми қабаттарына енгенде іріңді қабыну менингит тудырады. Менингококкты менингитте жұлын сұйықтығы лайлы, мөлдір емес, жұлын функциясында сұйықтық жоғары қысыммен ағады. Менингиттің белгісі бас ауру, құсу, т.б.
Менингитпен көбінесе балалар ауырады. Ересек адамдарда тасымалдаушы немесе назофарингит болады.
Иммунитет. Аурудан кейін иммунитет белсенді.
Алдын-алу шаралары. Тасымалдаушыларды уақытында анықтау, назофарингитпен ауырғандарды оқшаулау. Ауруларды емханада емдеу.
Арнайы алдын- алу шаралары. А және С топтарының химиялық жолмен алынған вакциналар, иммунноглобулиндер.
Емі: Антибиотиктер- пенициллин, левомицетин, ампициллин.
Микробиологиялық зерттеулер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет