Кіріспе «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



бет43/47
Дата06.02.2022
өлшемі161,92 Kb.
#76371
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Жеткіліктілік
Тиісті деңгейлерде оқу мақсаттарын толық қамтуға кепіл болу үшін біз келесілерді қолдана аламыз:

  • іс-шараны тұрақты негізде үнемі тексеру, алайда, бұл тек бақылау мен тексерістерге әкеліп соғатынын есте сақтау керек;

  • тәжірибені бақылау және рефлексиялық есептерді жазу сияқты бағалау әдістерінің жиынтығы;

Бағалауды жоспарлай отырып, оларды жүзеге асырумен байланысты тәжірибелік мәселелерді жою бойынша барлық шешімдерді алдын ала ойлау қажет.


Қаралатын мәселелер келесідей болады:

  • шынында бағалау рәсімдерін басқару оңай ма?

  • оларды орындау расында да экономикалық жағынан пайдалы ма?

  • оларды орындау оңай ма және олар тиісті критерийлермен қамтамасыз етілген бе?

Оқудың барлық мақсаттарын және нәтижелерін, сондай-ақ, тәжірибелік қызметтің аспектілерін тестілейтін бағалау жүйесін құру іс жүзінде мүмкін емес. Анықтық, сенімділік және тиімділік арасында теңгере отырып, бағалауды үнемдеу мақсатында шешім қабылдау қажет.




Түпнұсқалық
Бағалау түпнұсқалығының екі негізгі мағынасы бар:



    1. Түпнұсқалық: үміткердің жеке жұмысы

Қатаң бақылау сараптамасының жағдайындағы баға әдетте аса проблемалы емес, себебі бағаланып жатқан жұмысты әрбір оқушы жасағанына және шынайы (дәлірек айтқанда түпнұсқасы) болатынына кепілдік берілген.

Сабақ бойынша рефлексиялық есептің дәлелдемелерін сапалы бағалау үдерісінің кепілдігі үшін келесі қадамдарды қабылдау қажет. Бағалау барысында қолданылатын барлық дәлелдер плагиаттан және бөгде араласудан тұрмауы қажет. Мұғалімге қолдау көрсететін тәлімгердің қызметі нақты белгіленуі және шектелуі тиіс.


Кәсіби ынтымақтастықтан тыс келісімнің болуын анықтау мақсатымен үміткерлердің дәлелдерін жүйелі тексеріп отыру қажет, бірақ тәжірибе бойынша қауымдастықта идеялармен алмасуға жол беріледі.



    1. Түпнұсқалылық: тәжірибеде шынайы бар болу

Түпнұсқалы бағалау дегеніміз мұғалімдердің кәсіби құзырлылықтары мен дағдыларын тәжірибеде қолдана алатын бағалау.

Үміткерлердің кәсіби даму мақсатына жетуі мен кәсіби деңгейі туралы тиісті ақпаратты жинаған сайын анықтық әрбір кезден мықтырақ болады.


Осылайша бағалау үдерісі анықтық, сенімділік, жеткіліктілік және түпнұсқалықты ескере отырып, мүмкіндігінше осы үдерісті барынша әділетті және түсінікті етеді.


Осы үдеріс оған қатысушы барлық адамдардың игілігіне жұмыс істегені қажет. Мұны келесі аспектілерде көруге болады:



Бағалау үдерісі мұғалімдер үшін өте үлкен мағынаға ие болуы және олардың қызметімен өлшенуі тиіс. Бағалаудың дәлелдерін қамтамасыз ететін осы әрекеттер мұғалімдердің кәсіби дамуының ажырамас бөлігі болып табылады.


Мұғалімдерді бағалаудың маңызды қағидасы критериалды бағалау болып табылады. Бұл тиісті стандарттарға қол жеткізу үшін негізгі критерийлер бойынша дәлелдерді қолдануын көрсетуі тиіс.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет